Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет99/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   125
Қызыл жебе
болмаса Түлкібастан айырмасы аз. Аспан сол аспан, таулар сол 
таулар. Шөбі де сол, суы да сол, тек келе жатқан күз сүмбіле лебі 
ерте  білінеді.
–  О, жарықтық Жуалы! – деді Ахат.
–  Түгін  тартсаң  топырағынан  май  шығады.  Әсіл  топырақ. 
Нағыз егіншінің қолы ғой, жарықтық Асан қайғы айтыпты дейді: 
«Әттең, атымның сауырына сыймайсың, Жуалы, әйтпесе артып 
әкетер едім», – деп. 
–  Ой, әулие-ай, а, – деді бір шал есегін тебініп қойып Ахатпен 
қатарласа беріп. – Бұл жерге де келген екен ғой әулие.
–  Е, келгенде қандай. Ол кісі жүрмеген, көрмеген жер бар ма. 
Ел қамын жеген адам да. Шөбі шүйгін, суы бал, өрісі мол жер 
іздепті ғой мал баққан қазаққа.
Балапан  ұшырған  қарлығаштар  алсайлардың  көшіне  ілесіп 
біраз  жерге  дейін  ұшып  барады  да  аң-таң  қалып,  аңтарылып, 
қалып  қояды.  Адамдардың  құс  құсап  күзде  оңтүстікке  қарай 
көшпей,  тура  шығысқа  тартқанына  таң  қалатын  сияқты.  Бұл 
қарлығаштар да бүгін-ертең көтеріліп ұшып, туған жерін қиып 
тастап оңтүстік асып кетеді. Туған жерін қимасына амалы жоқ, 
қаһарлы  қыс  қылышын  сүйретіп  әлі-ақ  келеді.
Дауылбайдың қаһары қыстан жаман. Қыс өтер, көктем шығар, 
құстар  қайтып  оралар.  Ал  Дауылбай  ше?  Ол  өткінші  ме?  Бұл 
дүниенің  жүзінде  өткінші  емес  кім  бар  дейсің?!  Бәрі  өтеді, 
Дауылбай да өтеді. Қара жер қараны да, төрені де, жарлыны да, 
байды да бірдей етеді. Бір өлмесе Ескендір Зұлқарнайын өлмес 
еді. О да кетті. Топырақ болды. Кім біледі, сол топырақтан бір 
байғұс  балшық  илеп,  қыш  құйған  шығар...  Ал  Дауылбай  кім 
Ескендірдің қасында. Иә, Дауылбай кетсе болыстыққа таласып 
жалаңдап  отырған  балалары  бар  емес  пе?  Алсай  білетін 
Дауылбай  балалары  қазіргі  болыстан  қаһарлырақ  болмаса,  кем 
емес.  Дауылбайдан  бұрын  оның  әкесі  Тәйтелі  өткен.  Қоқан 
ханының датқасы еді. Тәйтелінің әкесі Оңғар о да датқа болған. 
Әлде Алла тағаланың адамның пешенесіне жазу жазып қоятыны 
рас болды ма екен? Дауылбай тұқымына құдай бай болуды, әкім 
болуды, Алсай тұқымына кедей болуды, құл болуды жазып қойды 
ма  екен?!  Атадан  балаға,  ұрпақтан-ұрпаққа  ұрық  қуалай  келе 


200
Қызыл жебе 
жатқан  пешене  болса,  құдайдың  құдіреті  рас  та  шығар.  Алсай 
ауылы қыс қызылға, жаз қымызға жарымайды. Тары көженің өзі 
табылса  тақыл-тұқыл  тарта  ішеді.  Ал  Дауылбай  итінің  басына 
іркіт  төгіліп  жатады.
Рысқұл басын көтеріп аспанға қарады. Әлгі бір түпсіз ойдың 
тұңғиығынан  шыға  алмас  еді,  сол  ойын  аспандағы  шаңқ  ете 
қалған бір дауыс бөліп кетті. Тау бүркітінің сол шаңқылын бұл 
көште  Рысқұлдан  басқа  ешкім  елеп  естіген  де  жоқ.  Тым  зау 
биікте  жалғыз  ноқат  ағып  бара  жатыр  екен.  Беталысы  –  Ақсу-
Жабағылы.  Рысқұлдың  жүрегі  сарт-сарт  ете  қалып,  артынша 
ақырын сыздап барып басылды. Әлгі қыран мұны асқар тауларға, 
жасыл-ала  орман,  сарқырама  суларға  шақырып  кеткендей  еді. 
Дауылбай  жоқ,  приставы  жоқ,  оязы  жоқ.  Сақан  қарақшысы 
жоқ,  тары  екпейтін,  суға  таласпайтын  еркін  дүниеге  шақырып 
кетті.  Аршалар  арасынан  пар-пар  етіп  ұлар  ұшқан,  құздың 
құлар басында қарауыл қарап таутеке тұрған, шаңқ еткен қыран 
дауысынан  тау  жаңғырыққан  қайран  да  қайран  дүние!
XI
Темір  есіктің  құлпы  салдырлады.  Рысқұл  елең  етіп  басын 
жерден  көтеріп  алды.  Қарауыл  ішке  Тұрарды  кіргізіп  жіберіп, 
есікті  қайта  жапты.
Күнде  осылай.  Бала  жұмыстан  қалжырап  қайтады.  Оның 
келуін әкесі тықыршып күтіп жатады. Әлденеге ұшырап кете ме 
деп  қауіптенеді.  Баласы  аман-есен  оралған  сайын,  ол  бір  алыс 
сапардан,  қиын-қыстау,  қырғыннан  аман  қайтқандай,  Рысқұл 
қуанып,  қабағы  ашылып  қалады.
–  А,  Тұрарка,  кел,  кел,  –  дейді  Бронников  те  көңілденіп.  – 
Кәне, жарық дүниеден келдің ғой. Не болып жатыр жер бетінде?
Тұрар көрген, білгенін айтады. Баланың сараң хабарынан соң 
Рысқұл көршісіне бұрылып:
–  Ей, Ескендір, осы сенің Петербордан екенің рас болса, сен 
Метрейді білесің бе? – деп сұрады.
–  Қай Метрей?
–  Дмитрий дегені, – деп Тұрар түсіндіреді.
–  Петербургте кім көп, Дмитрий көп, қайсысы керек?


201


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет