Шешендік өнердің тарихы



бет1/2
Дата30.01.2022
өлшемі1,56 Mb.
#24557
  1   2
  • ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ
  • Өркениет туын көтерген елдердің бәрінде көркем сөз өнері ежелден бағаланғанына дау жоқ. Ал ежелгі гректер бұл өнерді аса жоғары бағалап, шешендік өнерге баулитын ойлы ортасы мен білім ордалары болғанымен тарихтан таныспыз. Халық көп жиылған ортада әсерлі сөз сөйлеуді қайраткерге тән құндылық ретінде таныған гректер сөз салмағының бағасын білумен қатар, шешендіктану ғылымын білім беру көзіне айналдырып, жүйелі теориясын жасап шығарған ел ретінде танылды.
  • Эллада ғалымдары мен философтары еңбектерінде тәрбие және оқыту мәселелеріне ерекше мән берді. Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және басқалары шешендік өнер тарихының қалыптасуында ерекше орын алады.
  • Ертедегі Үндістан мен Вавилон, Ассирия мен Египетте мәнерлі де шешен сөйлеу үлгілері дәріптелген болса, басқа да алғашқы адамзат өркениеттері сияқты ежелгі Қытайда шешендік ой-пікірлердің дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті. Азиядағы «Кабуснама» да шешендік шеберлікті меңгеру кітабы ретінде танылды.
  • Жалпыадамзаттың тұрғыдан келгенде, сөз мәдениеті үғымы өзінің тамырын көне замандардағы этикалық ілімдерден алады. Мәселен, қытай философы Конфуций өз ілімінің түп қазығы етіп «адамсүйгіштік» (жэнь) проблемасын алады. Оның пайымдауынша, тек адамсүйгіштік қасиет қана адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесіп өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды, ілтипатты, достыққа берік, сөзге ұстамды, көмекке дайын етіп қалыптастыра алады.
  • Осы ой Платонның «мінсіз мемлекет жасаудың жолы -терең білім, ал тәрбие ісінің басты міндеті - адамдарды ізгі ниетті, ержүрек, таза, өнерлі азаматқа айналдыру» деген тұжырымында жалғасады. Аристотельдің пікірінше, «ең жақсы адам - ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам. Қайырымды, аң пейілді кісінің жүрісі жайлы, даусы төмен, сөзі мазмұнды болуға тиіс». Осы талаптар адамның ішкі мәдениетіне, адамгершілік сапасына, сөз әдебіне тікелей қатысты.
  • Шешендік сөздердің қазақ халқы тарихымен байланысты тарихы тіпті терең. Ол ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, бүгінгі күнге дейін ұлтымыздың ұлы құндылығы ретінде дәріптелуде. Қазақ даласында дүниеге келіп, ғұмыр кешкен дала даналары да бұл өнердің болмысына, ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталған.
  • Шешенге қажет қасиеттер туралы жалпыадамзат игілігіне айналған ой-тұжырымдармен таныс болыңдар.
  • М.В.Ломоносов
  • «Шешенге деген сенім туғызатын үш нәрсе - парасат, ізгілік, сыйластық» деп жинақтаған
  • Аристотель
  • Квинтилиан
  • Цицерон
  • Шешен бойынан айтылатын ойын қатаң тәртіппен, байыпты талдаумен, «салқынқандылықпен »
  • ұсыну, тыңдаушылар сезіміне өсер етіп, белгілі бір ассоциациялар тудыратын көркемдеуіш-бейнелеуіш элементтерді пайдалана білуі жөнінде айтып өткен
  • Біліммен кемелденген тіл ешқашан мүдірмейді.
  • (Менандр)
  • Шындықты қаласаң, тілді тыйма.
  • (Публий)
  • Сөз қалай айтылса, жауабы да соған сай болар.
  • (Гомер)
  • Сөздің мағынасын ұқпаған жан, адамды тани алмайды.
  • (Конфуций)
  • Әлі айтылмаған көп сөздің салмағы айтыла-айтыла жауыр болған сөзден де ауыр болар.
  • (Плутарх)
  • Сөздердің мәнділігі - мәңгілігі.
  • (Конфуций)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет