Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі заманның қажеттілігі



бет1/5
Дата27.05.2022
өлшемі164,5 Kb.
#35780
  1   2   3   4   5

Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі – қазіргі заманның қажеттілігі.


Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі-шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып-тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі рольді білім беру жүйесі алып отыр.


Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда.


Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат — шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру.

Шет тілі — қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.


XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.


Ағылшын тілі ана тілімен қоса баланың сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды,оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Баланың шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа балалармен қарым – қатынас барысында бала барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін балаларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым–қатынас жасауға мүмкіндік туады.


Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім балалардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді.


Балалардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы балалар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.


Шетел тілінде балалар дұрыс қарым – қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс.

Мектеп жасындағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.


Ағылшын тілі сабағында сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.


Балалардың тілін дамытудағы мақсаттар:


• Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.


• Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.


• Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету


Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:


• Бала тілін дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу


• Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру
• Сөздік қорын молайту
• Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру
• Балалардың ақыл - ойын дамытып, тіл байлығын арттыру

Тілді дамытудың маңызы:


• Тілдің дыбысталу мәдениеті
• Сөздік жұмысы
• Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру
• Байланыстырып сөйлеу
• Шығармашылық сөйлеу әрекеті

Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру.


1. Сөздерді септік, көпше, жекеше түрлерін дұрыс үйлестіре білуге үйретуді жалғастыру
2. Сөздердің кейбір күрделі түрлерінің жасалуын үйрету. Мыс: ілік септігіндегі зат есімнің көпше түрі (ойыншықтардың, адамдардың, боталардың), етістіктің түрлері (жату, жүру, жүгіру)
3. жан - жануарларды, олардың төлдерін зат есімнің жекеше, көпше түрінде айту біліктілігін дамыту
4. Салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдануға мүмкіндік туғызу және жай сөйлемнің құрылымын жетілдіру.
5. Сан есімдер

Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы – баланың лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптасады.


Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын білу аса қажет. Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдық – тақырыптық негізінде сөз іріктеледі. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты – баланың лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, оны сөйлеу тілінде түрлі тұлғада қолдана білуі, яғни бала ол сөзді кез келген грамматикалық формада қолдана алуы қажет. Мысалы: оқы, оқып отыр, оқыған, оқиды т. б. мысалда олар әртүрлі грамматикалық формада беріліп тұр.


Әрине, сөздік жұмысы арнайы сабақ болып өтілмейді. Ол біздің әрбір сабағымыздан орын алады. Сондай – ақ, сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздермен ұғымдарды түсіндірумен ғана шектелмейді.


Баланың сөздік қорын қалыптастыруға байланысты мынадай мақсаттар қойылады:


1. Әр сабақта белгілі мөлшерде балаға жаңа сөз үйретіп отыру, яғни баланың сөздік қорын дамыту.


2. Баланы сөзді тыңдауға жаттықтыру.


3. Бала меңгерген сөздерімен сөз тіркесін, екі – үш сөзден тұратын сөйлем құрай алатын болуға тиісті. Бұл сөйлеуге, сөйлесуге үйрету үшін қажет.


4. Ағылшынша сөздерді дұрыс айта білуге дағдыландыру керек.


5. Балаларға қысқа өлең, тақпақ, мақал – мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жаттап үйрету керек. Оның ағылшын тіліндегі дыбыстардың дыбысталу ерекшеліктеріне тілдерін жаттықтыруда үлкен пайдасы бар.


Мысалы,
1. Many hands make light wok.


Көп түкірсе, көл болады.
2. Too many cooks spoil the broth.
Қойшы көп болса, қой арам өледі.
3. Make hay while the sun shines.
Қыстың қамын жаз ойла.

Баланың тілін дамыту дегеніміз – баланың жалпы ойын дамыту деген сөз. Ал, балалардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту бүгінгі таңда біздің міндетіміз.


Қоршаған ортамен, табиғатты бақылап түсіндіріп, әрдайым жаңа сөздермен сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыдағы айтылған мүмкіндітерге сай балалардың сөйлеу қабілетін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт - бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет