Шетел арнайы педагогикасында инклюзивті білім беру мен интеграция мәселесі



бет5/6
Дата26.04.2022
өлшемі1.17 Mb.
#32262
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Швеция.Швеция инклюзивті білім беру идеясының дамуы табысты жүргізілетін елдердің бірі болып саналады. Интеграцияға бағыт алу бұл елде 1969 жылы басталды, бұл кезде Швецияда соған сәйкес үкіметтік құжат пайда болды. 60-70-жылдары Швецияда, содан кейін көптеген дамушы елдерде, дамуы артта қалған адамдарға арналған ірі интернататтар және психиатриялық ауруханалар жабылды. 1980 жылы Швеция дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы тұғырлардың өзгерісін тіркеген оқу жоспарын қабылдады. 1989 жылы орта білім туралы жаңа Заң қабылданды, ал 1990 жылдан бастап – коррекциялық педагогтарды оқытудың арнайы бағдарламасы қайта қарастырылды. 1995 жылы мұғалімдердің, тәрбиешілер мен директорлардың рөлін анықтайтын жаңа білім беру стандарты бекітілді. Стандарт 5 және 9 сыныптарды аяқтауда қол жеткізілетін білімнің міндетті деңгейін ғана береді. Білім министрлігі мұғалімдердің оқытудың қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін, оқытудың әдістерін өздерін анықтайтынын қарастырады. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы жалпы жауапкершілік мектеп директорына жүктеледі. Соған сәйкес, арнайы сыныптардағы оқушылардың саны күрт қысқарды, оларды жалпы білім беретін мектепке ауыстыра бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет