«Шетел тілі: екі шетел тілі» ббб педагогикалық циклды пәндер бөлімі ешт ббб 2 курс студенті Нурланқызы Санияның өздік жұмысы Тақырыбы: Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



Дата04.03.2022
өлшемі17,34 Kb.
#27040

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Филология және көптілді білім беру институты

«Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ

Педагогикалық циклды пәндер бөлімі



ЕШТ БББ 2 курс студенті

Нурланқызы Санияның өздік жұмысы

Тақырыбы: Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі

№ 1 дәріске СӨЖ тақырыбы



    1. Қосымша әдебиеттерді зерделеп, «тәрбиелік жүйе», «тәрбиелік үдеріс» және «тәрбие жұмысы» ұғымдарына берілген барлық анықтамаларды көшіріп жазу, өз анықтамаңызды беруге талаптаныңыз.

Тәрбие жүйесі - тәрбиенің негізгі компоненттерінің ( мақсат, субьектілер, олардың іс- әрекеті, қарым- қатынас, материалдық база) өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті қасиеттерді меңгерген тұтас, әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі - тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік- педагогикалық , психологиялық -педагогикалық ашық жүйе тұрғысынан іске асады.

Тәрбие жүйесін құруда сынып жетекшісінің ескеретін жағдайлары оқушылардың қызығушылығы, қабілеті, қажеттілігі, мектептегі педагогикалық үдерістің мүмкіндігі, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеті, сонымен қатар, ата - ананың құзіреттілігі, олардың тұлғаны, әлеуметтік ортаны қалыптастыруға ықпалы да негізге алынады.

Мектептегі тәрбие жүйесі - тұлғаның әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыратын, оқушыны тәрбиелеуге байланысты педагогикалық мақсат пен міндеттерді реттейтін әлеуметтік педагогикалық нысан болып табылады.

Тәрбие жүйесі - адамның сағат сайынғы дамуына жағдай жасайтын қарым – қатынастар мен әрекеттердің жиынтығы, мектеп ұжымының жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды меңгертіп дамытады. Қазақстандық патриотизмді қалыптастырады.



Тәрбие жұмысының құрылымы күрделі, оған өзара бір бірімен байланысты тәрбие жүйесі (қызықты іс шаралар , акциялар) барабар қойылған мақсат, сол арқылы білім саласындағы дидактикалық жүйені, білім мазмұнын, оқу үрдісі, оны ұйымдастырудың әдіс тәсілдері кіреді.

Тәрбие жүйесі — жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс. Тәрбие жүйесі — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінде тәрбиелеу кешені. Сонымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын қатынастарды игеріп басқарынатын іс-әрекет, яғни тәрбиелік жүйенің өмір тіршілігіне қабілеттіліктерін қамтамасыздандырады. Педагогикалық мақсатты және оқушының дамуын қамту үшін жасалады. Тәрбие заңы (қоғамдағы құбылыс ретінде) — жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Тәрбие заңы оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ жалғастығын, қоғам тіршілігін қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай туғызады.

Тәрбие үдерісінің теориясы – тәрбиенің негізгі заңдылықтары, принциптері, ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды. Методика яғни әдістеме соған негізделіп оқытылады. «Әдістеме» - ол белгілі бір мақсатқа жетудің немесе жету үшін қолданылатын түрлі амал-тәсілдердің жиынтығы. Педагогика ғылымында методиканың немесе әдістеменің екі түрі бар. Олар оқыту методикасы және тәрбие методикасы болып бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет