чех елінің белгілі ойшылы, педагог. Схоластикалық оқу жүйесіне қарсы шықты. Коменский — неміс феодалдары мен католиктік шіркеуге қарсы антифеодалдық қозғалыс, ұлттық күрес барысында қалыптасқан діни протестанттық секта - "Моравиялық бауырлар" топтарының бірінің басшысы.
Дүниетаным мәселелерінде пантеизмге жақындады. Оның сенсуалистік таным теориясы мен дидактикасында едәуір материалистік тенденциялар бар. Коменский бойынша, таным — ақыл-парасаттың оқып-үйренумен тығыз байланыста болатын белсенді процесі. "Танып-білуге, білім алуға, - деді ол, барлық адамдар қабілетті, сондықтан қарапайым халық білімге тартылуы керек".
Педагогика тарихында
Педагогика тарихында Коменский тұңғыш рет ерекше ғылым ретінде дидактика жүйесін жасады. Оның дидактикалық припциптері (көрнекілік, дәйектілік, еліктеу, жаттығу) табиғат заңдарын ой елегінен өткізуді, таным мен білімді ұғымды түрде ұштастырып, баянды етуді көздеді. Коменскийдің салиқалы көзқарастары педагогиканың кейінгі дамуына игі ықпал жасады.
«Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі», «Ұлы дидактика», «Адамзат істерін түзету туралы жалпы кеңес», «Суреттердегі сезіммен қабылданатын заттардың әлемі», «Аналық мектеп», «Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары».
Алғашқы болып ана тілінде оқыту идеясын калыптастырды, балаларды сословиялық, жыныстық, т.б. белгілеріне бөлмей, барлығын бірдей қабылдайтын мектеп құру қажеттілігін біркелкі мектеп құру қажеттігін айтты.
Дидактика
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты.
Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді.
Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.