Шикізат бұл алғашқы өндіріс немесе тауар өндіруде қолданылатын материалдар немесе заттар



бет1/15
Дата06.03.2023
өлшемі483,62 Kb.
#71805
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




  1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар.

• Химиялық технология — табиғи шикізаттарды (көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық жолдар арқылы тұтыну мүліктеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым.
• Шикізат – бұл алғашқы өндіріс немесе тауар өндіруде қолданылатын материалдар немесе заттар.  Шикізат — бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады; табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат — табиғи ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі.
• реагент (ре… және лат. agentіs — әсер етуші) — химиялық реакциялардағы бастапқы заттарды анықтайтын техникалық термин. Сондай-ақ қандай да бір мақсатқа қолданылатын құрамы күрделі ерітінділерді де Реактив деп атайды. Тазалығына және қолданылатын ғыл. немесе анализдік қажеттіліктеріне байланысты Реактивтер: өте таза, анализ үшін таза және таза деп бөлінеді. Қолдану салаларына байланысты Реактивтердің тазалығына әр түрлі талаптар қойылады
• өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім.
• Жанама өнім (ағылш. by-product) - басқа өнімдермен бір мезгілде өндірілетін және іске асыру құны төмен өнім. Негізгі өнімді өндіру кезінде сөзсіз пайда болады.
Қалдықтар-өндіріс, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету процесінде немесе тұтыну процесінде пайда болған, қайта өңделетін, кәдеге жаратылатын немесе көмілетін заттар.



  1. Химиялық – технологиялық үдеріс кинетикасы: реакция тәртібі мен молекулярлығы. Химиялық айналулар стехиометриясы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет