Шынайы бақытқа жеткізетін істерде тұрғындары өзара көмектесу мақсатын алға қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата23.02.2017
өлшемі1,38 Mb.
#4716
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Оглавление
І – ТАРАУ
2 - ТАРАУ.
3 - ТАРАУ
2

Шынайы бақытқа жеткізетін істерде тұрғындары өзара көмектесу
мақсатын алға қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал
азаматтары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп
отыратын қоғам - қайырымды қоғам.
Əбу Насыр əл-Фараби
Тарихшылар əлі күнге дейін жер бетінде алғашқы қала қайда, қашан пайда
болды деп таласады, Сірə, бұл маңызды емес шығар.
Ең бастысы, қалалар адам, халық жəне өркениет тарихының ең шиеленісті,
шаттықты жəне опықты оқиғалары өткен жерлерде пайда болды жəне бола
береді.  Алайда  өткеннің,  бүгіннің  жəне  болашақтың  “түйін"  түйген
жерлерінде айрықша оқшауланып астаналар тұр.
Оларға  əр  халықтың  кеңістік  пен  уақыт  арқылы  өзінің  даму  жолында
жасаған ең басты жетістіктерін əйгілеп көрсету абыройы бұйырды.
Дəуірдің табы мен мəнері екі-үш айшықты сызбамен бейнелене береді.
Эйфель мұнарасы, Вестминстер, Кремль...
Бұл астаналық нышандар - əлем картасының ең үздік жолбасшылары. Олар
бұл күнде солай жаратылған сияқты қабылданады.
Алайда олар белгілі бір адамдардың дарынымен жəне еңбегімен жасалған.
Астананы  көру  -  ұлттық  тарихтың  жаңа  мəтінін  жазу.  Мұндай  мəртебе  əр
ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі мыңжылдықтың тоғысында біз
шешім қабылдап, Еуразияның жүрегінде іс жүзінде жаңа астана құрдық.
Қас қағымдай болып сегіз жыл өте шықты.
Күнделікті  қауырт  тіршіліктен  қолым  қалт  еткенде,  мен  осы  кітапта
күнделік жазбаларымның шашыраңқы беттерін біріктіруді ұйғардым.
Күрделі  шешімдер,  қанаттастардың  көмегі,  сəулет  саласындағы  ізденістер,
қаланың  болашағы  туралы  ойлар,  өлкенің  аңыздары  мен  жер-су  атаулары,
тұрмыстың  түйткілдері,  тарихи  салыстырмалар,  Астананың  бедері  мен
əсемдігі,  бір  сөзбен  айтқанда  жаңа  елордаға  арналған  менің  ойларым  мен
істерім - бəрі-бəрі осында.
3

І – ТАРАУ
АСТАНА АҢСАРЫ
Бұл дүниеде ұмытуға болмайтын бір нəрсе бар.
Егер сен басқаның бəрін ұмытып, бірақ осыны
ұмытпасаң, алаңдауға себеп те болмас еді.
Алайда өзге істің бəрін жадыңда ұстап əрі
жүзеге асырған болсаң, бірақ ең бастысын
ұмытып кетсең, бұл түк бітірмегенмен
барабар.
Сен бұл өмірге мақсатты тірліктерді
тындыруға келдің жəне алдағы міндетің де сол.
Егер осыны орындамасаң, онда ештеңе
істемегенің.
Жалал ад-дин Руми
МАҚСАТТЫ АЙҚЫНДАУ
Бұл өзі төрт аяғы шып-шымыр, өзі тапал, жоны жазық, шоқтығы мен
жалы  төгілген,  кəдімгі  қазақы  боз  айғыр  еді.  Қап-қара  жалы  жон
арқасының  жалғасы  іспетті  ...  сызып  қойғандай  теп-тегіс  боп  тұратын.
Оның  қандай  тұқымға  жататыны  есімде  жоқ.  Бірақ  сырт  кейпі  сүреңсіз
көрінгенімен, жауынгер көшпелілердің бір жортқанда 200-300 шақырымды
еңсеріп, Еуразия кеңістігін талай шиырлаған дала жылқысынан екені анық.
Шұбарат  деп  атайтын  бұл  жылқы  біздің  өңірге  əйгілі  еді.  Алатаудың
Шамалған  тұсындағы  бөктерінде  бір  кездері  жиі-жиі  аламан  бəйгелер
болып  тұратын  да,  сонда  əлгі  Шұбарат  шашасына  шаң  жұқтырмай,
əрдайым  озып  келетін.  Оның  иесі  -  осы  өңірдің  шопаны-ды,  өзінің  бəйге
бермес  сəйгүлігін  айрықша  мақтан  тұтатын.  “Ат  -  ер  қанаты”  деп  халық
тегін айтпаған ғой.
Алайда  бірде...  Иə,  бірде  аламан  бəйге  кезінде  Шұбарат  тау
4

аңғарының  айрығына  дейін  бірінші  келді  де,  соншалықты  өлермен
шабыспен  тым  үлкен  қашықтықтан  зорығып  құлап  түсті.  Содан  бері
Шамалғаннан  басталып,  бергі  тауды  өзінің  сүйір  түмсығымен  қақ  жарып
тұрған əлгі сайды Шұбарат аңғары деп атайды.
Қазір  де  осы  тау  бейне  бір  алып  семсермен  қақырата  жарылғандай
қос  шатқалға  бөлініп  тұр.  Көнекөз  қариялар  осы  таулардың  жоталы
бөлігінің  бір  биігінде  тастан  қаланған  діңгек  бар  еді  деседі.  Сол  діңгекке
1916 жылы осы өңірде көтеріліс бастап, кейіннен ол көтеріліс жаншылып,
ақыры қолға түсіп атылған атақты Бекболат батыр өзінің туын тіккен екен.
Менің  үйім  тұрған  Подгорная  көшесі,  өзінің  атына  сай,  тауға  таяу
бөктерде  созылып  жататын.  Күн  сайын  таңертең  оянған  бойда  көзім  осы
тау  бөктеріне,  одан  əрі  ақ  басты  асқақ  Алатаудың  қарлы  шыңдарына
түсетін.  Ағарған  осы  қарлы  шыңдар  көк  тəңірінің  мекені  іспетті,  қол
созымдай жерде тұрса да ешқашан жеткізбестей, кереметтей алыс көрінетін.
Жарқырап жаз шықса болды біздің көшенің балалары ертемен тұрып алып
тау-қияны  кезіп  кететін.  Тау  алқымынан  күні  бойы  жидек  теріп,  соңынан
оларды  жергілікті  шарап  зауытына  өткізетін.  Өткізген  жидегінің  ақысына
шамалы  тиын-тебен  алған  балалар,  кешке  қарай  үйлеріне  мəз-мейрам  боп
оралатын.  Əлгі  тапқан-таянғандарын  санап  отырып  шешелеріне  өткізетін
де, бірер бақырды киноға деп алып қалысатын.
Бір қызығы - сол кезде менде бір құпия арман болды. Мұнар басқан
көгілдір  көп  таулардың  тым  болмаса  ең  берісінің  шыңына  бір  шықсам
шіркін  деп  көксейтінмін.  Бұл  “асқақ”  арманның  қай  кезде  кеудемде  пайда
болғаны есімде жоқ. Бесте ме екем, əлде жеті жастамын ба...
Бірақ  көз  арбаған  əлгі  шыңға  он  төрт  жасымда  табан  тірегенім
жадымда.
Қазір  өмірімнің  үштен  біріне  жуығы  бітпейтін  ресми  сапарларда,
дəлірек  айтсам,  республика  ішінде  немесе  əлемнің  түрлі  елдеріне  ұшу
сапарларымен  өтіп  жатқан  шақта,  нағыз  самғау  сезімін  алғаш  үшаққа
отырған кезде емес, əлгі көгілдір таудың шыңында тұрып төменге - маған
бейне алып география картасы сияқты көрінген жазық далаға қараған сəтте
сезінгенімді  түсінемін.  Мидай  жазық  дала  солтүстікке  қарай,  көз  жетпес
көкжиекке дейін жазылып жатты, ал мен тұрған биіктің етегі шапшыма тік
болатын.  Бейне  зəулім  үйдің  алып  терезесінен  қарап  тұрғандай  бойымды
өзгеше толқыныс пен шаттық сезімі билегені бар.
Сол  жерде  тұрып  мен  бəрін  көрдім...  Жер  тəнінде  сала-сала  болып
жатқан  алып  күре  тамырлар  сияқты  жыралар  мен  сайлар;  біздің  ауыл  мен
көрші  ауылдардың  түймедей  боп  ағараңдаған  үйлері;  бұраң  қаққан  сан-
5

тарап  жолдар;  шоқ-шоқ  қызғалдаққа  бөккен  көк  майса  белдер;  күрең
даланың бетіндегі жамау сияқты жүгері алқабының төртбұрыш сап-сарғыш
танаптары... бəр-бəрі көз алдымда, етек тұста жайыла көсіліп жатты.
Ал  одан  əрі...  Одан  əрі  көк  мұнар.  Күннің  ашық  кездерінде  осы
таудың  басынан  əулие  Балқашты  көруге  болады  дейтін  үлкендер.  Балқаш
көлінің қай жақта жатқанынан хабарым да жоқ, сөйтсе де қариялардың сөзі
есіме түсіп, көзім талғанша көкжиекке тесілдім, күнге шағылысқан шалқар
судың жалтылын көруге тырыстым. Бірақ ештеңе көре алмадым. Əлде күн
соншалықты  ашық  болмады  ма,  əлде  көлді  көру  тіпті  мүмкін  емес  жай
əңгіме ме, қайдан білейін.
Малды алысқа, солтүстікке қарай жайып кететін шопандарымыздың
дала  туралы  тамсана  айтатын  əңгімелеріндегі  көз  жетпейтін  жазираны
барлай алмадым. Олар əр жазда ауылдан кеңшардың малын Іле жаққа, тіпті
Балқашқа дейін айдап əкететін де, күзге салым қайта оралғанда дала туралы
қиял-ғажайып  аңыздарды  жырдай  қып  айта  келетін.  Біз  болсақ  малды
барлық  уақытта  тау  жайлауына  бағатынбыз.  Сосын  да,  мен  кейбір
малшылардың  тауы  жоқ,  көкжиегі  көрінбейтін  шетсіз-шексіз  маң  далаға,
қияндағы солтүстікке кететініне қызығатынмын.
Бұл бір ғажап қиялдай, түс тəрізді кереметтей көрінетін.
Далалық  малшыларды  түсінуге  болады  -  жалпақ  даланың  көз
арбаған сұлулығы мен жазира сəнін тек сол даланы оңды-солды кезіп қана
сезінуге болар... Тіпті ең заңғар деген тау шыңынан да Даланың ұлылығын
еш пайымдай алмайды екенсің.
Биік  тауға  шықсам  деген  арманымды  жүзеге  асырған  сол  сəттен
бастап  көкірегімді  дала  табиғатының  жанын  ұқсам  деген  келесі  бір  арман
жайлап жүре береді.
Өйткені  заңғар  болса  да  аяқ  басар  жері  тар,  еркіндігі  шектеулі  сол
шыңның  басында  тұрып  мен  көңілге  қанат  байлар  нағыз  еркіндік,
қиялыңды ұштар шабыт ештеңемен шектелмеген, айналасында көз сүрінер
қара жоқ далада ғана болатынын ұқтым.
Кейін  сахараның  нағызы  -  Сарыарқаға  алғаш  аяқ  басқанымда
даланың адам бойына құятын ғаламат қуатына қайран қалдым əрі оны жан-
тəніммен  сезіндім.  Кереметтей  мөлдір  де  зеңгір  аспанды  түңғыш  рет  осы
далада  көрдім.  Жартысын  таулар  көлегейлеген  аспан  емес,  көк  жүзін
көзбен  шарлағанда  ылғи  да  жанарың  көктің  жарымын  жапқан  тау
қабырғасына  тірелетін  əдеткі  көрініс  емес.Тіпті  тау  шыңынан  қарағанда
одан  да  еңселірек  өзге  таулармен  көлегейленген  жартыкеш  аспанға  да
ұқсамайды.
6

Мидай  жазық  даланы  бейне  бір  жарқыраған  алып  шыны  қазан  тəрізді
жауып  тұрған,  көкжиектің  бойымен  қаусырыла  көмкерілген  зеңгір  көк
аспанның  өзі.  Тек  ұшы-қиырсыз  сары  жон  ғана  ештеңемен  шектелмеген
шексіз де шетсіз көгілдір аспанның ұлылығы мен сұлулығын түсінудің кілті
дерсің.
Мен  тау  сұлулығына  əбден  тұшынған  жан  едім,  енді  даланың
кереметіне  қанғым  келді.  Орыс  халқында  «Лучше  гор  могут  быть  только
горы»  деген  қанатты  сөз  бар...  Мен  таудың  нағыз  сұлулығын  1995  жылы
Абай шыңына шыққанда тағы да айрықша сезіндім.
Көк  аспанның  шексіздігін,  табиғаттың  ұлылық  парқын  бағамдап,
таңданып та, ойланып та ұзақ тұрдым.
Бірақ  бəрібір  дала  аспанының  түңғиық  шексіздігін,  боз  селеудің
теңіздей  толқыған  өміршең  қуатын,  көшпелінің  қарапайым  даналығын
ұғынып  қана,  сосын  тау  мəртебесін  аласартпай  қадірлей  отырып  қана
“Даладан артық... тек даланың өзі екен" деп айтқың келгендейсің.
Бала  санасына  сіңген  ұғымдардың  көпшілігі  кейін,  уақыт  өте  келе
ересек адамның əрекеттеріне ұласады деген сөз бар.
Бұл, əрине, балалық əсер бүкіл ересек өмірді түзеді дегенді білдірмес.
Бірақ  өмірде  болып  жатқан  кейбір  дүниелер  əлдекімнің  арманының
көшірмесі болғандықтан ғана іске асқан жайлар жиі кездеседі... Ал арман -
бұл  ересек  өмірдің  күнделікті  күйбеңінен,  беймаза  тірліктен  ада,  еміс-еміс
алыста қалған балалық сезімнің шарқ ұруы.
Қай  уақытта  болмасын,  қандай  істе  болмасын  бір  қарағанда  тосын
көрінетін шешімдер мен əрекеттер бар. Ал шын мəнінде ол ешқандай тосын
емес, ең ұтымды нұсқаны саралап сан ойланған, тоқсан толғанған толғақты
ойдың  түйіні.  Əлдеқайда  өзекті  өзге  мəселелер  ентелеп  тұрғанда,
көкейкесті  жайттармен  тіптен  байланысы  жоқ  басқа  бір  тірліктер  əуелгіде
тек таңырқататыны, кей ретте айыпталатыны да содан шығар.
Көп  нəрсе  өз  жөнімен,  немесе,  біз  айтып  жүргендей,  жұмыс
барысында  атқарылып  жатады.  Бірақ  күнделікті  сол  шаруаларға
бойымыздың  үйреніп  кететіні  соншалық,  біз  оларға  оншалықты  мəн  беріп
жатпаймыз,  оларды  бағалауға  немесе  себеп-салдарын  іздеуге  əсте
тырыспаймыз.
Бірақ  егер  оқиға  тосындау,  əдеттегіден  ерекше  сипатта  болса,  онда
оған  деген  жалпы  жұрт  назарының  тоғысу  күшінің  зорлығы  соншалық,
болған  оқиғаға  пайымды  əрі  жеріне  жеткізе  нақты  түсінік  бермейінше,  ол
тек  таңданыс  туғызуы,  кейде  тіпті  естен  тандыра  қайран  қалдыруы  да
мүмкін.
7

Əрине,  біздің  əрекетіміз,  əсіресе,  мемлекеттік  саясат  сияқты  күрделі
де  болжап  болмас  салада  емін-еркін  сезім  жетегінде  кетумен,  оның  үстіне
балалық  əсерлерді  пернелеумен  уəжделе  алмайды.  Сөйте  тұра,  мен
астананы ауыстыру идеясын тек байыбын бағалай қоймаған көрегендік пен
əлдебір күні бұрынғы тарихи шешімнің үйлесуі деп қана білемін.
Астананы  ауыстыру  -  сөзсіз  тосын  да  сирек  оқиға.  Əрине  бір
адамның  ұғымының  шеңберінде.  Мемлекет  ауқымында  бұл  əдеттен  тыс
болса да, соншалықты бас шайқап таңғалғандай құбылыс емес.
Қоныс  аудару  да  адам  өміріндегі  айрықша  оқиға  саналады.  Кейбір
адамдарда еш уақытта көшуге деген қажеттілік тумайды, енді біреулер жиі
көшіп-қонуға мəжбүр.
Мемлекеттер де өздерінің бас қалаларын ауыстырып жатады, əдетте
мұндай ауыстырудың барша фактілері дəлелді əрі уəжді болып келеді.
Жəне  осындай  ауыстырудың  қажеттілігі  ел  тұрғындарының
қалауына қарағанда, мемлекеттің пайдасынан жиірек туындайды.
Бірақ  бұл  жерде,  ең  бастысы  -  астананы  көшіруге  мəжбүрлеуші,
аңғарыла да, түсінікті бола да бермейтін кейбір себептер сілемін сезіне білу
шарт.
Адам  өмірбаяны  сияқты  мемлекет  тарихында  да  қоғамның,
мемлекеттің  мекендік  -  саяси  орны,  соған  сəйкес  астананың  орналасқан
жері  туралы  пайымын  өзгертуге  итермелейтін  беймаза  кезеңдер  болады.
Осындай  тарихи  уақыт  белесінде  астананы  ауық-  ауық  ауыстырудың
салдарынан сырт көзге абыр-сабыр оқиғалар өтіп жатқандай көрінеді. Бірақ
олар  елдің  ұзақ  ғұмыры  мен  кемел  келешегі  үшін,  тұрақты  дамуы  үшін
қажет құбылыстар болмақ.
Бұл  тұрғыда  əсіресе  Ресейдің  мысалы  ауызға  аларлық.  Ресей
мемлекетінің тарихында астананы ауыстырудың талай əрекеті мəлім.
Мысалы,  аумалы-төкпелі  замандарда,  қилы-қилы  кезеңдерде  олар
астананы  Новгородтан  Киевке,  Киевтен  Владимирге,  Владимирден
Мəскеуге,  Мəскеуден  Санкт-Петербургке,  Санкт-Петербургтен  қайтадан
Мəскеуге  көшіріп  отырды.  Бұл  ұлы  көштердің  бəрінің  де  себеп-салдары
болды.
Ресей  астаналарының  ауысу  жайттарын,  əсіресе  Ертедегі  Русь
кезеңіне  қатыстысын  белгілі  орыс  тарихшысы  Сергей  Соловьев  “Петр
оқуларында”  былай  деп  талдайды: "...  аса  ауқымды  елдің  үкіметі  өзінің
орналасқан  жерін  қажеттілікке  қарай,  халық  күшінің  əлдебір  елге
қосылуына  жəне  кемуіне  қарай,  халық  мүддесінің,  халық  назарының  осы
жерге  немесе  келесі  бір  жерге  шоғырлануына  қарай  елдің  бір  бөлігінен
8

екінші бөлігіне ауыстырып отыруға мəжбүр; демек, үкіметтің орналасқан
жерінің  бұлайша  ауысуын  тарихтың  əлдебір  өз  бетінше  еркіндігі  деуге
болмайды".
Егер осылай пайымдар болсақ, менің түсінігімде, біздің Қазақстанда,
жер  ауқымының  аса  байтақтығы  жағдайында  дəл  осы  “халық  мүддесі  мен
халық назары” тарихи тұрғыдан “үкіметтің орналасқан жерін ауыстыруды’’
алдын ала айқындап қойған тəрізді.
Бұл жердегі əңгіме қайдан ойға келгені белгісіз оқыс шешім сияқты
көрінген,  түйеден  түскендей  етіп,  астананы  аяқ  астынан  Алматыдан
Ақмолаға көшіру туралы болып отыр.
Жалпы, астананы көшіру процесі - айрықша назар аударуға əрі жан-
жақты көсіле баяндауға тұрарлық тұтас бір эпопея.
Ғылыми  ақиқатты  іздеуде  табиғат  құбылыстарын  зерттеушілерде
өзіндік бір ізашар бағдаржол қалыптасты. Бұл бағдаржолдың мəнісі мынада:
күтпеген  шешім  сырттай  өңдеу  мен  қатынас  кезеңінде  келеді.  Алдымен
келетін  ой  – Бұл  мүмкін  емес!".  Сонан  соң  -  “Мұнда  бірдеңе  бар...".  Жəне
ақырында, - “Мұны кім білмейді!".
Біз,  əрине,  “астананы  көшіру”  үрдісіндегі  ізашар  атағынан  үмітті
емеспіз.  Адамзат  тарихында  астананы  ауыстыру  мысалы  аса  көп,  олардың
бəрін тізіп шығу да мүмкін емес.
Бірақ  астананы  көшіру  шаруасы  мен  ғылыми  жаңалық  ашудағы
жағдай аса ұқсас па дедім. Оған дəлел - Астана туралы шешім алғаш пісіп
жатқан  кешегі  күн  мен  бүгінгі  күн,  соншалықты  түкпір  демесек  те,  едəуір
шалғайдағы  қарапайым  Целиноградтың  тамаша  ғимараттар  мен  сəулет
кешендерімен  еңсесін  түзеген  Қазақстан  Республикасының  ерке  Есіл
бойындағы көркем елордасы - Астана қаласына айналған “өмір жолы”.
Бір  атақты  физик-ғалымның:  “Сондай  жап-жас  жəне  сондай
беймəлім!” деп айтқаны бар екен.
Осы  бір  қайшылықты  тіркесте  тарихты  жастар  жасауы  тиіс  деген
біздің заманның өршіл талабы жатыр...
Сол сияқты мемлекетіміздің тарихы да еліміздің ең жас астанасында
жасалуда. Пайда болғанына не бары жеті-ақ жыл болған, сөйте тұра жалпақ
жалғанға мəшһүр болған астана.
Сондай-ақ  бүгінгі  күні  жас  Астана  елдің  жай  ғана  əкімшілік
орталығы  ретінде,  өкіметтің  орталық  органдары  орналасқан,  ел  үшін
тағдырлық мəні бар шешімдер қабылданатын жер ретінде ғана қаралмайды.
Не  бары  жеті  жыл  ішінде  бұл  қала  біздің  миллиондаған
азаматтарымыз үшін Отанымыздың нағыз жүрегіне айналды.
9

Кез  келген  жүрек  сияқты  жаңа  астана  да  Қазақстанның  барлық
өңіріне нəр берумен қатар, ұлттық рух пен сананы көтеруде.
Күн санап жаңа астананың ажарын ашып, көркейте түскен зəулім де
сəулетті  жаңа  құрылыстары,  абаттандырылып  жатқан  алаңдары  мен
гүлзарлары,  саябақтары  қала  қонақтарын  қайран  қалдыруда.  Мейлі,  ол
баяғы Целиноградпен жəне Ақмоламен бұрыннан таныс жан болсын, мейлі
бізге алғаш келген мейман болсын, шын ризашылықтарын айтуда.
Астана  -  Қазақстанның  жаңаруының  нышаны,  оның  көп  ұлтты
халқының жасампаз күш-қуатының куəсі. Бұл - соншалықты жеңіл тимеген
заманның  өзінде  жаңа  астанасын  тұрғызуға  бел  шешіп  кіріскен  халықтың
өзінің  күш-жігеріне  деген  сенімінің  белгісі.  Бұл  -  азаттық  алған  ұлттың
өзінің гүлденген болашағына, ұрпағының келешегіне зор үмітінің көрінісі.
Қазақстанның  жаңа  астаналы  болуы  -  ойланатын  əрі  зерттеу
ізденістеріне  мол  азық  болатын  өзінше  бір  айрықша,  көп  астарлы  ұзақ
тарих.
Мұны  тек  сөзбен  ғана  айту  аздық  ететін  шығар,  мұндайда  нөпір
сезімге де бой алдырмай тұра алмасың сөзсіз...
Күн  артынан  күн  өткен  сайын  астана  өмірінің  һəм  қалыптасуының
барлық  қыры  мен  сыры  туралы  алып  жинақ,  мəліметтер  мен  деректер
тізбелігі
байып,
жаңа
егжей-тегжейлермен,
өзгерістермен,
толықтырулармен молайып келеді.
Толық тарихты жазып шығу мүмкін емес жəне оның өзі мəнсіз əлек.
Енді  жазып  болдым-ау  деген  кезде  оның  өзі  ескіріп  қала  береді.  Иə,
Қазақстан  өмірінің  бүкіл  серпіні  жəне  оқиғалардың  нөпірі  жағдайында
қытай  жылнамашыларының: «Күзгі  суық  жел  үзген  жапырақ  су  бетіне
құлап түсті» деп жазған ғаламат дəлдігіне еліктеу қиын.
Бірақ
қашанда
уақытқа,
түсіндірулерге
жəне
баяндауларға
бағынбайтын  немесе  бағынбайтын  дерлік  ең  маңызды  жайттарды  бөліп
алуға болады.
Ең дұрыс шешімдерге жол сала отырып, мынаны айта аламын.
Мен математик емеспін. Білуімше осы нақты ғылымда шешу қажет,
бірақ  дəл  шешу  мүмкін  емес  есептер  бар  деседі.  Сондықтан  мұндай  “көп
шешімді" есептердің шешуі ең жуық мəнде ғана алынады екен.
Астананы  көшіру  де  осылай  боп  шықты.  Астананы  ауыстыру
қажеттілігіне итермелеген бірқатар жағдайлар болды.
Өйткені көбіне дағдылы да күтілген шешім емес, қайшылау келетін
шешім мейлінше дұрыс болып жатады.
Алдымен  Қазақстан  астанасын  Алматыдан  елдің  басқа  бір  өңіріне
10

көшіру  міндеті  қойылды.  Ал  Астананың  нақ  Ақмолаға  ауыстырылғаны
оны қайда көшіру керек еді деген сұраққа мейлінше жақын жауап болды.
Расында  да,  ақбас  шыңды  Алатаудың  бауырын  бойлай  ондаған
шақырымға  созылған  Алматы  қаласын  табиғаттың  өзі  астана  етуге
лайықтағандай-ақ  емес  пе  еді!  Жұмсақ  климат,  мұнартқан  таулар,
сарқыраған  өзендер,  баяғыдан  қалыптасқан  қосалқы  құрылымдар,  қызмет
көрсетудің дамыған желісі.
Оның үстіне Алматының өзі бос жатқан жерде өркендеген жоқ жəне
оңтүстік  астананың  “отарлық"  шығу  тегі  туралы  орныққан  əрі  жұртқа
сіңген көзқарастармен көп ретте сəйкеспейтін өзіндік ескі тарихы бар-ды.
Мысалы,  Алматы  аумағы  XIX  ғасырдың  ортасында  майор
Перемышльскийдің отряды келгенге дейін де емін-еркін қазақтар жайлаған
Жетісудың шұрайлы да шырайлы пұшпағы болатын.
Ұлы Моғолстанның негізін қалаған құдіреті күшті Бабырдың естелік
жазбаларында  монғол  шапқыншылығынан  қираған  көркем  қала  Алматы
(Алмалық)  туралы  мəлімет  бар.  Бабырдың  замандасы,  орта  ғасырдың  аса
көрнекті оқымыстысы Мұхаммед Хайдар Дулати да өзінің əйгілі “Тарихи-
Рашиди"  еңбегінде  Алатаудың  əсем  бөктеріндегі  Алмалық  қаласы  туралы
баяндайды.  Көп  жылғы  зерттеулердің  нəтижесінде  қазақтың  белгілі
археолог-ғалымы  К.М.Байпақов  Алматы  қаласы  Х-ХІ  ғасырларда
қалыптасқанын дəлелдеп шықты. Бұл қала бойында қалаға тəн белгілердің
бəрі бар, ортағасырлық Қазақстанның ірі саяси, экономикалық жəне мəдени
орталығы болған.
Орынбор  мен  Қызылордадан  кейін,  1929  жылы  республиканың
астанасы  боп  жарияланған  Алматы  қауырт  өркендеді.  Алматылықтардың
талай  ұрпағы  өз  қалаларын  ең  бір  əсем  де  қайталанбас  астаналардың  бірі
ету жолында қайрат-күштерін аянбай-ақ жұмсасты.
Оның  келісті  бақтары  мен  гүлзарлары,  көшелері  мен  алаңдары
ақындар  мен  жазушыларға,  сəулетшілер  мен  суретшілерге,  ғылым  мен
мəдениет қайраткерлеріне өздерінің ең үздік шығармаларын өмірге əкелуде
əрдайым  шабыт  беріп  отырды,  əлі  де  солай.  Бұл  қалада  жалғыз  рет  қана
болған  жанның  жадында  естен  кетпес  шуақты  əсерлер  мен  тамаша
естеліктер қалары сөзсіз.
Қазақстанның  мəдениеті  мен  ғылымының,  саясатының  басты
орталығы  Алматыға  қашанда  шығармашылық  пен  еркін  ой  ахуалы  тəн
болатын.
Тоталитаризмге  қарсы  ашық  наразылықтың  алғашқысы  -  1986
жылғы желтоқсан оқиғасының нақ осы қалада болуы кездейсоқтық емес.
11

Алматы  тек  біздің  республиканың  демократиялық  жұртшылығына
ғана  емес,  бұрынғы  Одақ  көлеміне  -халық  бұқарасының  озбырлықтың
бұғауына  қарсы  тұруының  символына,  қазақ  халқының  намысына,  қайта
өрлеген ұлттық сана-сезімінің белгісіне айналды.
Осы  қалада  Қазақстанның  егемендігі  мен  тəуелсіздігі  жарияланды.
Осы оқиғаның құрметіне Алматыда Республика алаңында алып Тəуелсіздік
монументі айбындана көкке шаншылып тұр.
Менің  де  талай  жылым  Алматымен  байланысты.  Осында  алғашқы
немерелерім дүниеге келді. Бұл қала менің өзіме де, отбасыма да жанымдай
жақын.
Бірақ замана ақиқаты мен бірқатар геостратегиялық жағдайлар бізді
өзіміздің  геосаяси  кеңістігімізді  қалыптастыру  үрдісіне  жаңаша  қырынан
келуге мəжбүр етті.
Жаңа астананы таңдауда басшылыққа алынған барлық өлшемдердің
негізінде  тəуелсіз  Қазақстанның  əкімшілік  жəне  саяси  орталығын  Ақмола
қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше ұтымды шықты.
Сөйтіп
1994
жылғы
шілдеде
астананы
солтүстікке
1000
шақырымнан  астам  жерде  жатқан  далалық  Ақмолаға  көшіруге  шешім
қабылданды...
Ақмола  Қазақстанның  географиялық  орталығы  деуге  болатын,
Қазақстан экономикасының өрлеуінде жетекші де өскелең нүктелері болып
отырған  маңызды  шаруашылық  өңірлерге  жақын  орналасқан.  Қала  ірі
көліктік  арналардың  қиылысында,  тоғыз  жолдың  торабында  тұр.  Бұдан
басқа,  қала  Қазақстан  үшін  көптеген  шет  елге  шығудың  мейлінше  төте
жолы - трансеуроазия арналарына таяу қоныстанған.
Астана  халқының  саны  қоныс  аудару  туралы  шешім  қабылданған
кезде 290 мыңдай адам еді.
Дегенмен қаланың келешекте өз халқын өсіруге үлкен мүмкіндіктері
бар-ды.  Сəулетшілер  қала  аумағының  орталық  бөлігінде  жаңа  ғимараттар
мен  шағын  аудандар  салуға  болатын  30  гектардай  бос  алқап  барын
белгіледі.  Оның  үстіне  қала  салу  үшін  пəлендей  бөтен  кедергілер  де  жоқ
болатын.
Қаланың  тіршілікті  қамтамасыз  ету  жүйелерінің  жай-күйі  де
соншалықты  сұрақ  туғызбады.  Көліктік  қосалқы  құрылымды  шамалы
жаңғыртып,  аздаған  шығын  шығарған  ретте  астананың  барша  мұқтажын
өтеуге болатын. Бəрінен бұрын Ақмоланың экологиялық ахуалы қалыпты,
əрі бұл ахуал келешекте де ойдағыдай сақталып қала алатын.
Астананы  көшіру  Қазақстанды  жаңа  тəуелсіз  мемлекет  ретінде
12

орнықтыруда зор рөл атқаратынына мен сенімді болдым.
Біріншіден,  астананы  көшіруді  біз  əуел  бастан  геосаяси  тұрғыда
Қазақстанды  нығайтуға  бағытталған  қадам  ретінде  қарағанбыз.  Сөйтіп  біз
өзіміздің  бейбітшіл  сыртқы  саясатымыздың  сан-салалы  бағыттылығын
қуаттадық.
Осы  əрекетімен  Қазақстан  Солтүстікпен  жəне  Оңтүстікпен,
Шығыспен  жəне  Батыспен  тең  құқықты  ынтымақтастыққа  ашықтығын
паш етті.
Бұл  еліміздің  Еуропа  мен  Азия  арасындағы  орта  тұс  жағдайының
артықшылығын барынша нығайтуға мүмкіндік берді.
Екіншіден,  біздің  таңдауымызда  қауіпсіздік  мəселесі  маңызды  орын
алды.  Бұл  тұрғыда  тəуелсіз  мемлекеттің  астанасы  сыртқы  шекаралардан
алыстау жерде, мүмкіндігінше елдің ортасына таман тұруы тиіс-ті.
Оның  үстіне  бірқатар  сарапшылардың  сол  кездің  өзінде-ақ  болжап
айтқан,  Орталық  Азия  өңірінде  шиеленіс  күшейе  түсуі  мүмкіндігін  де
назарға алуға тиіс болдық.
Сондықтан  мемлекеттік  жоғарғы  басқару  органдары  қызметінің
қауіпсіздігін,  аймақтағы  ахуалдың  шиеленісуі  мүмкін  болған  жағдайда
олардың  жұмысының  тиімділігін  де  қамтамасыз  ету  маңызды  еді.  Бұл
қаупіміздің  негізсіз  еместігін  кейбір  өңірдегі  кейінгі  оқиғалар  көрсетіп
берді.
Үшіншіден,  астананы  ауыстыру  Қазақстанның  экономикасын  одан
əрі дамыту тұрғысынан да тиімді еді.
Осының  арқасында  халық  пен  өндіргіш  күштердің  республика
аумағы  бойынша  біржақты  орналасуын  біртіндеп  түзеу,  солтүстік  жəне
орталық  өңірлерде  шетелдік  тың  жаңалықтарды,  ғылымдандырылған
өндірістерді, озық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды, əрі өңдеуші
ауыл өнеркəсібінің кең желісін қауырт өркендету іс жүзінде мүмкін болады.
Өз  кезегінде  бұл  Қазақстанның  өнеркəсіптік  даму  деңгейін  арттырмақ,
еңбек  ресурстарын  тиімді  пайдалануға  жəне  жұмыспен  мейлінше
толығырақ қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек-ті.
Төртіншіден,  бұл  шешім  елде  тұрақтылық  пен  ұлтаралық  келісімді
нығайту  тұрғысынан  даусыз  артықшылықтар  əкелген  қадам  болды.
Астананы  өз  халқының  құрамы  жөнінен  көп  ұлтты  өңірге  көшіру  көп
этникалық  мемлекет  құруға,  Қазақстанда  тұратын  барлық  этникалық  топ
арасында  достық  пен  ынтымақты  сақтау  мен  еселеуге  деген  бағыттың
өзгермейтіндігін айқын көрсетпек-ті.
Мен  парламент  мінбесінен  депутаттарды  Қазақстан  жаңа  астана
13

кейпінде жаңа қоғамдық-саяси ғана емес, уақыт өте келе Қазақстанның ірі
ғылыми,  мəдени  жəне  іскерлік  орталығына  да  қол  жеткізе  алатындығына
сендірдім.
Астананы  ауыстыру  Алматының  өзіне  де  тиімді  болды.  Бұл  өзгеріс
оңтүстік  астананы  дамытуға  жаңаша  серпін  беретіні  даусыз-ды.  Осы
қадаммен біз қалаға дүниеге қайта келу мүмкіндігін жасағандай едік.
Өнеркəсіпті,
туризмді,
демалыс
пен
спортты,
яғни
қала
шаруашылығының  мейлінше  кірісті  салаларын  дамыту  мақсатында
босайтын алаптарды пайдалануға жағдай туады. Қала мойнынан көптеген
жүк түсіп, оның экологиясы жақсаратын болады.
Солай  бола  тұра,  Алматы  əрдайым  Қазақстанның,  Орталық
Азияның  күллі  экономикалық  жəне  қоғамдық-саяси  өміріне  ықпалын
тигізетін ең ірі іскерлік, қаржылық, ғылыми жəне мəдени орталығы болып
қала береді.
Өйткені  Алматы  -  көптеген  республикалық  жəне  еларалық
тораптардың түйіскен орталығы.
Менің  баяндамам  бойынша  пікірталас  қызу  жүрді,  күн  ұзаққа
созылды.
Дегенмен
республиканың
Жоғарғы
Кеңесі
менің
қарсыластарымның  қасарысқанына  қарамастан,  көпшілік  дауыспен  шешім
қабылдады:  Қазақстанның  астанасы  Ақмолаға  көшірілетін  болды.  Осы
шешімнің  қабылдануы  үш  жылдан  астам  уақытқа  созылған  астананы
көшіру процесіндегі ұлы аттаныстың басы еді.
XX  ғасырдың  аяғында  өз  тарихымызда  түңғыш  рет  елдің  ұлттық
мүдделерін  басшылыққа  ала  отырып,  тəуелсіз  Қазақстанның  астанасы  қай
жерде  орналасатыны  туралы  шешім  қабылдауымыздың  зор  саяси  жəне
имандылық мəні болды жəне бола береді. Бұл азаттық пен тəуелсіздік алған
егемен халықтың еркінің көрінісі-тін.
Астананың,  расында  да,  əлемдік  өркениеттің  төрінен  қала
мəдениетін  дамытуда  өзінің  лайықты  орнын  иеленуіне  мүмкіндігі  жан-
жақты.
Бірақ  Астананың  келешек  халықаралық  ізгілікті  жəне  мəдени
алмасулар  тоғысар  жер  ретіндегі  тартымдылығының  басты  шарты  -
дамыған  инфрақұрылымының  болуынан  басқа,  Қазақстан  астанасы
идеялық еркіндік пен шабыттың «табиғи» қайнарына айналады.
Қалалардың  да  адамдар  сияқты  өз  тағдыры  болады.  Олардың
əрқайсысының  өз  аты,  қайталанбас  өмірбаяны,  дүниеде  ешбір  жерге
ұқсамайтын  өзіндік  айрықша  мінезі  мен  белгілері  бар.  Тарихта  олардың
қаншасы  болды  жəне  əлі  қаншасы  пайда  болмақ.  Елдер  мен  формациялар
14

бойынша  алғашқы  қауымдастықтың  көсем-пірлерінің  ордаларынан  ірі
мегаполистерге  дейін,  базарлар  мен  əміршілер  рабаттарынан  бастап
өнеркəсіпті  жəне  өнеркəсіптен  кейінгі  қоғамдардың  шоғыр  қалаларына
дейін, осы заманғы қайнаған орталықтардан, ең ақыры ғарыш ғасырының
келешек қалаларына дейін толып жатыр.
Адамдар сияқты олар да өз тағдырларымен дараланады. Біреулеріне
«мəңгі қала» немесе «əлем астанасы» бақыты бұйырса, енді бір қалалардың
маңдайына  өркениеттен  тысқары  жетімдік  күн  кешу,  енді  біріне  жер
бетінен  құрып  кету  жазылған.  Осылайша  қалалар  да  кітаптар  сияқты,
адамдардың өздерін күтіп-баптауына байланысты тағдыр кешеді.
Тек  адамзат  баласына  ғана  өз  тағдырының  əрі  өз  парасат-
пайымының  қожайыны  болу,  ерік-жігерімен,  шабытты  еңбегімен  көктегі
жазмыш белгілегеннен де асыра игіліктер жасау құқығы берілген.
Біздің  ұзақты  күндер  мен  ұйқысыз  түндердегі  ойларымыз  бен
толғанысымыздың,  кешкі  қиналысымыз  бен  таң  алдындағы  арман-
мұратымыздың мəні, мінеки, осы Астана болды.
Бүгінгі  Астана  мен  келешек  Астана  -  бұл  біздің  стратегиялық
ойларымыз бен ұмтылыстарымыздың ең басты жемісі.
Егер  Астана  елтаңбасына  зер  салар  болсақ,  онда  бір  ғана  қаланың
осынау  елтаңбасы,  ондағы  бейнеленген  таңба  суреттер  -  тəуелсіздік  алған
əрі  əлемдік  саяси,  қоғамдық,  əлеуметтік  жəне  экономикалық  даналық
қазынасына қосылған Қазақстанның, біздің мемлекетіміздің бүкіл рухы мен
ділін нышанды көрсеткенін аңғарасыз.
Енді осы Астана елтаңбасына мұқият зер салып көрейікші...
Шаңыраққа  қарасаңыз,  бұл  Қазақстанның  кең  даласының  шексіз
аспаны  астында  халықтардың  жəне  мəдениеттердің  қауымдасуы  мен
бірлесуін кейіптеу іспетті;
Алтын  масаққа  қарасаңыз,  барша  тұрғындар  мен  еңбекші  халыққа
нəр  беріп  жатқан  Қазақстан  жерінің  байлығы  мен  жомарттығын  кейіптеу
іспетті;
Барыстың  сұлбасына  қарасаңыз,  бəрімізге  белгілі,  бүгінгі  күні  бұл
барыс  -  өнеркəсіптік  жəне  технологиялық  даму  үрдісімен,  қоғамдық  өрлеу
мен  демократиялық  ұмтылыстардың  сара  жолымен  шеру  тартқан
Қазақстанның символына айналды;
Тас  қорғанның  нобайына  қарасаңыз,  Қазақстан  жерін  жайлаған
бейбітшілік  пен  қауіпсіздік  ахуалын  қорғау,  көп  ұлтты  Отанымыздың
барлық  ұлтының  құқықтары  мен  алаңсыз  өмірін,  дінін  жəне  мəдениетін
сақтау жолындағы біздің күш-жігеріміздің нышаны.
15

Нақ  осы  Астана  елтаңбасында  Қазақстанның  барлық  азаматының
ақыл-парасаты  мен  ой-сезімі  бейнеленген.  Осынау  көне  де  қасиетті  жерде
өмір сүруші жұртшылықтың сезімі мен парасаты...
ЗАМАНА ЗЫМЫРАТҚАН ЖҰЛДЫЗДАР...
Мен  Лев  Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық  университеті  оқу-
зертхана  корпусының  жаңа  ғимаратына  енді-енді  ғана  жайласқан
студенттердің  балауса  жүздеріне,  ғылыми  дəрежелі  маңғаз  оқытушыларға
көңілім  толып,  қызыға  қарап  қалдым.  Осы  заманғы  сəулеттік  кең
дəрісханалары  мен  зертханалары  бар  əдемі  ғимарат  университеттің  еңселі
пішінін  ғана  емес,  қаулап  салынып  жатқан  астананың  осы  аймағының  да
ажарын ашып тұрды. Университет жаңа корпусының тұсаукесерін өткізген
2003  жылғы  сəуір  айынан  бастап  кадрлар  даярлаудың  жаңа  стандарттары
мен  көзқарастары  енгізіліп,  Астананың  жоғары  білім  жүйесінде  тағы  бір
маңызды  қадам  жасалды.  Қазіргі  дүниеде  қажетті  білімді  меңгеріп  қана
қоймай,  сол  біліммен  жеңіп  шығуға  да  болатынын  біз  түсінбегенде  кім
түсінбек. Білім ғана дүниенің қозғаушы күші бола алмақ.
Бұл  дүниені  біз  күн  сайын  көріп  жүрміз.  Біреулер  оған  жай  ғана
қарайды, біреулер оған бақылай қарайды. Білімдар адамдар ғана бізге дүние
қандай болса, сол қалпында емес, біз оны қалай көргіміз келетін қалпында
көріп, қабылдауға итермелейді. Көкірек көзі ашық, білімді де білгір адамдар
ғана, мəселен, қозғалыс пен өмір болмайтын, тіпті оның болуы мүмкін емес
жерден қозғалыс пен өмірді көре білуімізге мүмкіндік жасайды.
Жұлдыздардың мызғымайтын тұңғиық кеңістігі түнгі аспанда біздің
төбемізден  төніп  тұрады.  Бүгінгі  күні  астрономдар  бұл  кеңістіктің  біз
ойлағандай  соншалықты  қимылсыз  емес  екендігін  айтпағанда,  Ғаламның
салыстырмалы кіндігінен сыртқы кеңістікке қарай жұлдыздар қаншалықты
жылдамдықпен зымырайтынын да жақсы біледі.
Жұлдыздар  əлемімен  арадағы  шексіз  қашықтық  бізге  жүлдыздарды
жылжымайтындай  етіп,  ал  жұлдызды  аспанда  тапжылмай  тұрған  секілді
көрсетеді.
Өмірде де көбіне осылай болып жатады. Астанамызды ауыстырумен
байланысты  оқиғаға  дейін  маған  да  жұлдыз-астаналар  көптеген  елдер  мен
қалалардың арасында мызғымай тұрып қалғандай көрінетін. Енді байқасақ,
олай  емес  екен,  тіпті  айтарлықтай  қысқа  тарихи  кезеңнің  өзінде  көптеген
астаналар  əлемнің  саяси  картасын  өзгертіп,  талай  рет  орын  ауыстырыпты.
Бұл жөнінен олар аспан əлеміндегі жарқын планеталарды еске салады.
Жұлдыздардың  неге  ағатыны  жəне  көк  жүзіндегі  планеталардың
16

неліктен  ұдайы  жылжып  отыратыны  əрбір  мектеп  оқушысына  мəлім.
Астрофизиканың  əрбір  профессоры  мұны  жақсы  біледі.  Біздің  Күн  жүйесі
планеталарының  жылжу  өзгерістерін  жұлдыздар  картасынан  көру  де
қиынға соқпайды.
Ал  астананы  ауыстыру  қандай  саяси  немесе  геосаяси  өзгерістерге
алып  келеді?  Жаңа  астана  жұлдызы  бір  жерде  сөніп,  ал  екінші  жерде
жанғанда  елдің  ішкі  саяси  картасында  не  болады?  Бұл  сұрақтар  тым
күрделі, соған сəйкес оған қайтарылатын жауаптар да айтарлықтай күрделі
болмақ, əрі олар бір мəнді болып шықпайды.
Егер  уақытым  болса,  мен  əлдебір  мемлекеттің  астанасы  бір  жерде
жойылып,  басқа  жерде  пайда  болуына  алып  келетін  себептер  тізбесінің
тұтас  томын  құрастыра  алар  едім.  Кейде  бұл  себептер  көзге  ұрып  тұрады.
Кейде мүлде байқатпайды, оны түйсік көзімен ғана аңдай аласың.
Бірақ  неден  бастау  керек?  Көшіру  қажеттігінің  тууына  не  себепші
болады  жəне  қандай  дəлелді  негізді  алға  тарта  аламыз?  Таңдау  жасау  əсте
қиын, бірақ қажет...
Айтқалы  тұрған  сөздерім  кейбіреулерге  оғаш  көрінетін  де  шығар,
сонда  да  астананы  көшіру  себептері  туралы  əңгімені...  “шенеунік’’  деген
атау алған əлеуметтік топтан бастауға тура келеді.
Иə,  қалаларды  астанаға  айналдыратын,  мемлекеттің  мүддесі  мен  келешегі
үшін  астаналық  өзгерістер  жасай  алатын  бір  күш  -  тап  осы  шенеуніктер.
Жас  астананың  жаңа  əкімшілік  келбетін  қалыптастырудағы  алғашқы
қадамдардың
бірі
ретінде
мемлекеттік
аппараттар
үшін
сауатты
қызметкерлер мен кəсіби басқарушыларды даярлауға айрықша көңіл бөліп,
сол мақсатта Мемлекеттік қызмет академиясын құрғанымыз да сондықтан.
Адамзат тарихындағы ең алғашқы астананың өзі ол жерде біз бүгін
шенеуніктік  деп  атайтын  топ  пайда  болғаннан  кейін  ғана  нағыз  астанаға
айналды десем, жаңалық бола қоймас.
Тарихқа  сенсек,  алғашқы  шенеуніктер  ежелгі  Қытайда  пайда
болыпты. Олай болса, əлемдегі алғашқы астана да Қытайда пайда болғаны
даусыз.  Бұл  адамзат  өмірін  байытқан  техникалық  тұрғыдағы  тұңғыш
жаңалықтарымен  ғана  емес,  соғыстар  мен  күйзелістердің  талай  сұрапыл
ғасыры  өтінде  өз  мемлекеттігін  сақтап  қалған,  елінің  қуат-күшін  еселей
алған  шенеуніктік  басқарудың  дамыған  жүйесімен  де  даңқы  жайылған
Қытай.
Нақ  осы  астаналық  шенеуніктік  қана  мемлекеттің  саясатында  бетке
ұстар  билік  жүргізушілер  болып  табылады.  Мемлекеттік  басқару  мен
құрылыстың  мол  тəжірибесін  жинақтаған  ғұмырымда  мен  астаналық
17

шенеуніктіктің  тұлғасына,  солардың  іскерлігіне  мемлекеттің  тағдыры
түгелімен тəуелді екендігіне көз жеткіздім.
Көптеген  мысалдар  көрсетіп  отырғандай,  астананы  көшіру  ғана  іс
жүзінде шенеуніктіктің белгілі консерватизмін еңсеруге жəрдемдесіп, жаңа
астанадағы  жұртшылықтың  озық  ой  ауанын  кейіптеп,  бейнелей  алатын
шенеуніктердің жаңа шоғырының көмегімен бұдан кейінгі өзгерістерге жол
ашуға мүмкіндік берді.
Астананы  көшіру  жаңа  төрешілдікті  қоса  қалыптастырды.  Алайда
бұл  мəні  мен  рухы  жағынан  сол  баяғы  төрешілдік  болып  қалғанымен,
астанада мұрагерлікпен өтіп отыратын, дəстүрлі шарттылықпен жəне қасаң
тəжірибемен аз шырмалған төрешілдік еді.
Өзгеріс локомотиві өз сапарын басқа станция - астанадан бастайтын
жағдайларда,  əдетте  жаңа  құрам  қоғамның  тың  негіздеріне  басы  артық
аппараттық  ауыртпалықсыз  жəне  тамырласқан  тежеуіштерсіз  көшуді
қамтамасыз етеді.
Өзін  номенклатура  ғана  емес,  толық  мағынасындағы  шенеуніктік
деп  сезінетін  мұндай  билеуші  элита  уақыт  талабымен  жəне  прогресс
пəрменімен  ашылған  жаңа  астанада  мемлекеттік  аппараттың  негізін
құрайды.  Жəне  оның  өзін  де  осы  жаңа  астана  қалыптастырады.  Өйткені
өткен заман жүгінің ауырлығы сондай, мемлекет жүрегі - астана мен оның
орналасқан  жері  тыңғылықты  түрде  ішкі  саяси  сілкілеуден  өтпесе,  бұл
мемлекеттің бүгініне ғана емес, келешегіне де салмақ салуы мүмкін.
Егер  саяси  өзгерістер  кезі  мен  астананы  ауыстыру  кезі  əдейі,  əлде
кездейсоқ  дөп  келіп  қалса,  онда  осы  екі  фактор  бірін-бірі  өзара  күшейте
түседі  жəне  батыл  саяси  ерік-  жігер  болғанда  елдегі  істің  жай-күйіне
жауапты  əрі  оның  дамуына  игі  ықпал  ете  алатын  тиімді  шенеуніктіктің
қалыптасуына əкелуге тиіс. Өзіміздің тəуелсіз Қазақстанымызда біз жүзеге
асыра  алған  сценарийге  сəйкес  саяси  өзгерістер  дəуірі  астананы
республиканың  геосаяси  орталығына  көшіру  ауыртпалығымен  тығыз
байланыстыра  отырып,  күшті  президенттік  биліктің  қүдіретімен  жүзеге
асқанын атап көрсеткім келеді.
Сондықтан  астана  озық  ойлы  шенеуніктік  үшін  қозғаушы  фактор
қызметін атқара алғанына жəне атқара беруге тиіс екендігіне еш таңғалуға
болмайды.
Сол  себепті  мемлекеттің  одан  əрі  өмір  сүруі  немесе,  дəлірек
айтқанда,  оның  табысты  дамуы  туралы  сөз  болатын  тарихтың  осындай
сəттерінде  мемлекеттегі  астананың  рөлі  мен  орналасқан  жері  сияқты
факторларды ескермеу мүмкін емес.
18

Қазақстандық  астананы  көшірудің  үлгісі  өзінің  жылнамалық
бастауын  1985  жылғы  оқиғалардан  алады  десем,  сірə  да,  жаңылыса
қоймаспын.
Нақ сол жылы Михаил Горбачев мəңгі мызғымастай көрінетін Кеңес
Одағының тағдырына шешуші ықпал еткен бағдарламаны өзі бастап қолға
алғаны белгілі.
Кеңес  Одағының  қуатты  əлеуетіне  кəміл  сенетіндіктен,  КОКП
Орталық Комитетінің сəуір пленумын, сол пленумдағы Михаил Сергеевич
Горбачевтің  кеңес  қоғамын  ауқымды  тұрғыда  жаппай  қайта  өзгерту
қажеттігі туралы тосын идеясын, “қайта құру" деп қарапайым ғана аталып,
жалпақ  жұртқа  жария  етілген  əйгілі  баяндамасын  мен  жан-тəніммен
қабылдадым.
Мен ол кезде Қазақ КСР Үкіметінің Төрағасы едім жəне Горбачевтің
маған айтарлықтай іш тарта қарайтынын, əрі менің ішкі толғаныстарымды
түсінетінін  сезуші  едім.  Оның  өзі  де  қоғамға  үлкен  өзгерістер  қажет
екендігін ұғынып, терең толғаныс үстінде жүретін. Сондықтан бұл пленум
талайларды серпілтіп жіберді. Брежневті, Андроповты, Черненконы жерлеу
кезінде  өз  өкілдерін  бірінен  кейін  бірін  соңғы  сапарға  аттандырып  жатқан
Кеңес  Одағының  кəрі  көкжалдарынан  қайыр  жоқтығын  сезініп,  еңсені
басқан торығу мен тығырықтан қиналған күндер əлі жадымда.
Ескі  заманның  дəурені  ықылассыз,  баяу  өтіп  бара  жатқанын,  оның
алып  мемлекеттің  тағдырын  басқару  құқығынан  қынжыла  айырылып
жатқанын,  билікке  сондай  өлермен  табандылықпен  жармасып  тұрғанын
бақылау естен кетпес көрініс еді.
Осының  бəрі  тек  шетелдіктерге  ғана  емес,  көп  ұлтты  мемлекеттің
жас басшылары - бізге де жайсыз əсер етті. Бүкіл қоғамды дүр сілкіндіретін
жəне  оны  азаматтық  мең-зең  күйден,  сенімсіздік  жағдайынан  шығуға
мəжбүр ететін бір батыл қадам керек болды.
Горбачевтің  алғашқы  мəлімдемелері  мен  іс-əрекеттерінен  кейін  орын
алған оқиғалар стихиялы əрі бой бермейтін сипат алғаны соншалық, мұны
аяусыз күрес дегеннен басқаша атай алмайсың.
Мен  де  тағдырдың  жазуымен  осы  қатыгез,  тіпті  кей  жағдайларда
“жан алып, жан беріскен” айқастың қалың ортасында қалдым.
Мүмкін  бұл  тым  əсірелеп  айтқандық  шығар,  десек  те,  қайта  құру
дəуірі басынан аяғына дейін нағыз азамат соғысы болды. 1988 жылы Таулы
Карабахта  қарулы  қақтығыс  басталды.  1989  жылы  Абхазия  мен  Оңтүстік
Осетияда  қарулы  жанжалдар  шықты.  Бұдан  басқа  да  əр  тұстан  бір  бұрқ
еткен  қарулы  қақтығыстар  мен  ұлтаралық  жанжалдар  бір  кездеп  КСРО-
19

ның мамыражай бейбіт тіршілігін дүр сілкіндірді.
Əрине,  біз  үлкен  соғыстардан  көріп  жүргендей  жағдай  болған  жоқ.
Немесе, былайша айтқанда, жаппай қан төгіс болған жоқ. Қалай дегенде де,
арадағы  қарым-қатынас  біршама  өркениетті  болғаны  аян,  бірақ  бұдан  дау-
жанжалдар қатыгездігі бəсеңдемеді.
Біздің  Қазақстанда  да  күрес  іштей  өткір  сипат  алды.  Шаруашылық
жүргізудің  ескі  əдістері  өзін  сарқып  бітті.  Олар  белгілі  бір  дəрежеде  өз
нəтижелерін  беріп  те  жатты,  бірақ  нақ  осы  таптаурын  əрі  үйреншікті
əдістер  салдарынан  біз  барған  сайын  даму  жағынан  барша  əлемнен  қала
бастадық. Ескі басшылықтың осыны түсінгісі келмеді. Егер біз бұрынғыша
бесжылдық  жоспарларды,  басқа  да  жоспарлы  көрсеткіштерді  асыра
орындап жатсақ, басқа əлемде шаруамыз қанша?
Бұл  тұрғыда  бұрынғы  басшылық  өздеріне  түсініксіз  көрінген
М.С.Горбачев  келген  кезде  ашықтан-ашық  байқамағансыған  монтаны
саясатты  ұстанды.  Бұның  бəрі  уақытша  құбылыс,  түбінде  бəрі  өзінің
үйреншікті қалпына келеді деген толық сенім бар еді.
Ескі  басшылар  ерте  ме,  кеш  пе  Горбачевтің  əйтеуір  бір  сабасына
түсетініне,  тіпті  болмай  бара  жатса,  оны  ептеп  жөнге  келтіріп
жіберетіндеріне бұрынғыша сенімді болатын. Сөйтіп баяғыша жоспарларды
сүйрелеу, бесжылдықты іс жүзінде заңсыз орындау немесе асыра орындау,
дағдылы  қосып  жазушылық,  жалпы  ұлттық  өнімді  қайта-қайта  есептеу
“күресі” қайтадан жалғаспақ.
Сөйтіп  тағы  да  ордендер  мен  медальдар  кеуделерге  қадалып,
ауыспалы жалаушалар мен қызыл тулар желбірейтін болады.
Шынын  айтқанда,  маған  қайта  құру  идеясы  барынша  жақын  еді.
Өйткені  шаруашылық  жүргізудің  “кеңестік"  жүйесімен  байланысты
нəрсенің  бəрі  əбден  ығыр  қылған.  Асыра  орындау  туралы  алдау
жалықтырды,  экономикалық  бюджетті  қайта  есептеу  мен  “созғылау”,
қосып  жазуға  “шығармашылық  тұрғыдан  келу”  қажытты.  Тіпті  жұрттың
бəрінің осылай істейтіндігінің өзі көңілімді орнықтырмады. Бұдан əрі бұлай
жұмыс істеу ұят қана емес, мүлдем арсыздық еді. Мен əлдебір өзгерістерді
тағатсыз  күттім.  Жасырып  керегі  не,  ол  кезде  мен  біздің  осынау
өзгерістеріміздің  түпкі  мақсаты  нарықтық  экономика  мен  демократия
болады деп ойлағам жоқ.
Мен  бұл  өзгерістер  -  шаруашылық  қатынастар  жүйесінің  мəнін
өзгертпей-ақ,  оған  зор  объективтілік,  шыншылдық  пен  адалдық  беру  үшін
реформалар  жасау  қажеттілігінен  туған  болар  деп  ойласам  керек.  Қайта
құрудың  өзі  бастапқы  кезеңінде,  біз  қазір  айтып  жүргендей,  жүйені
20

“косметикалық”  жөндеуге  ғана  қатысты  болды.  Соған  қарамастан  мен
батыстық  экономистер  мен  саясаттанушыларды  оқи  бастадым.  Бірте-бірте
нарықтық
экономиканың
негіздеріне
ене
бастадым,
əлемдік
қоғамдастықтың дамыған елдерінің қаржы жүйесінің негіздерін зерттедім.
Əлемдік экономиканың тұғырлық негіздерін сараптап зерттеумен іс
жүзінде  85  пен  86-жылдар  өтті.  Оның  үстіне  бұл  кез  Қазақстан  жерінде
Геннадий  Колбиннің  кертартпа  тəртібінің  біржола  мықтап  орнаған  уағы
болатын.  Ескі  элита  кеңестік  номенклатураның  бəрі  де  ерте  ме,  кеш  пе  өз
арнасына қайта келеді деген үміті ақтала бастағандай-ды. Қосып жазу мен
жалған есеп беру қайтадан дағдыға айналды.
1985  жылдан  1989  жылға  дейінгі  кезең  айрықша  табанды,  ұстасқан
жəне, мен айтар едім, ескі мен жаңаның “аңдысқан" қырқысы жағдайында
өтті.
1989  жылғы  маусымда  мені  Орталық  Комитеттің  бірінші  хатшысы
етіп сайлады.
Біз
ескі
əдістер
мен
ескі
басшылықтан
арылдық,
бірақ
проблемалардан  арыла  алмадық.  1989  жылдың  өзінде-ақ  Кеңес  Одағының
экономикасы  бой  берместен  құрдымға  құлдырап  бара  жатты.  Дүкен
сөрелерінен  май,  шұжық,  қант,  темекі  жəне  басқа  да  көптеген  тауарлар
жоғалды.  Кейде  нанның  өзі  жетпей  қалып  жатты.  Кеңес  Одағы  өмір
сүруден гөрі, күнін санауға көшкен еді.
Көп уақыт өтпей, 1991 жылғы желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда
Қазақстан халқының толық əрі күмəнсіз қолдауымен мен жаңа мемлекеттің
Президенті болып сайландым.
Бұл  біздің  кең-байтақ  республикамызды  аралап,  менің  бір
“сабылған”  шағым  болды.  Халықтың  абдыраған  алаң  көңілін  сездім.  Бір
сəтте  олардың  өмірін  өзгертіп  қана  қоймай,  өмір  бойы  табынып  келген
құндылықтарының
бүкіл
жүйесін
əдіре
қалдырған
оқиғалардың
күйзелткенін  көрдім.  Жұрттың  бəрінің  жəудіреген  көзінде:  « 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет