Шынарым менің, шырайлым менің



Pdf көрінісі
Дата06.01.2022
өлшемі331,15 Kb.
#16757


ШЫНАРЫМ МЕНІҢ, ШЫРАЙЛЫМ МЕНІҢ

Повесть


Пролог орнына

Журналист атым болған соң Тянь-Шаньға жиі-жиі барып тұратын едім.

Бұдан жыл жарым бұрын көктемнің бір күні мені редакцияға суыт шақырып

қалды.   Тянь-Шаньның   облыс   орталығы   Нарында   жүргем.   Автостанцияға

жетіп келсем, менің алдымда ғана автобустың кетіп қалмасы бар ма. Келесі

рейсті табандатқан бес сағат бойы күту керек. Жолшыбай бір машинаға мініп

кетуге   қам   жеуден   басқа   лаж   қалмады.   Жүгіріп   қаланың   сыртындағы   тас

жолға шықтым. 

Жолдың   бұрылысындағы   бензококлонканың   жанында   бір   жүк

машинасы   тұр,   шофердің   машинаға   май   құйып   болған   беті   екен.   Қуанып

кеттім. Кабинаның әйнегінде Совет Одағы «34» деген халықаралық рейстің

белгісі   бар.   Машина   Қытайдан   келеді.   Сыртқы   елмен   байланыс   жолының

автобазасына,   Рыбачьеге   бара   жатыр.   Ал   со   жақтан   Фрунзеге   қарай   жүру

оңай. 


-

Сіз   қазір   жүресіз   бе?   Рыбачьеге   дейін   ала   кетіңізші!   –   деп   өтіндім

шофердан.

-

Жоқ, ағай, әкете алмаймын, - деп байсалды үнмен тіл қатты.



-

Қайтсем   екен!   Тығыл-таяң   жұмысым   бар   еді.   Фрунзеге   шақырып

жатқаны.

Шофер маған тағы да түксие қарады.

-

Түсініп тұрмын. Бірақ, өкпелей көрмеңіз, ағай. Жан баласын алмайым.



Қайран   қалдым.   Кабина   болса   бос.   Ала   салса   несі   кетеді?   Екі

өкпемді қолыма алып жеткенімді, асығыс екенімді көріп тұр. 

-

Журналист едім. Өте асығыспын. Қанша керек болса да төлейін...



-

Әңгіме   ақшада   тұрған   жоқ,   ағай!   –   Шофер   сөзімді   шорт   бөліп   жіберіп,

баллонды ашулана бір тепті. – Келесі жолы ақысыз-пұлсыз-ақ апарайын. Ал

қазір болмайды. Ренжи көрмеңіз. Талай машина келеді әлі. Қай-қайсысы да

ала кетер. Ал мен алмайым...

Жолшыбай кабинаға мінгізіп алатын адамы болар деп ойлап:

-

Ал, кузовына ше? – дедім.



-

Бәрібір. Кешіре көріңіз, ағай.

Шофер сағатына қарады да, асыға бастады.

Әбден   амалым   құрып,   иығымды   қиқаң   еткіздім   де,   бензин   құюшы

мосқал орыс әйеліне таңырқай қарадым. Ол будканың терезесінен бізді қалт

етпей   бағып   тұр   екен.   Басын   шайқады.   «Қайтесіз,   тынышын   алмай-ақ

қойыңыз», - деп тұрғандай. Ғажап. 

Шофер кабинаға кіріп, тұтанбаған папиросын тістей-містей моторына

от алдырды. 

Өзі   әлі   жас,   отыздар   щамасында,   еңкіштеу,   ұзын   бойлы.   Рульдің

дөңгелегін   қысып   ұстаған   әлуетті   қолдары   шаршап   сығырайған   мұңды

көздері әлі күнге дейін есімде. Аттанардың алдында алақанымен бетін сипап,

бір түрлі ауыр күрсініп, ілгеріде, тау ішіне шұбалып жатқан жолға үрейлене

көз тікті. Машина зымырап ала жөнелді. 




Тянь-Шань   шоферлары   сұсты   көрінгенімен,   орын   болса,   меселіңді

қайтармайды, апарып тастайды. Ал бұл жолы бір тұйық, қыңыр шофер тап

болғаны. 

Бензин   құюшы   әйел   будкадан   шықты.   Сірә,   мені   жұбатқысы   келген

болу керек. 

-

Ренжімеңіз, қазір сіз де кетесіз. 



-

Асығып тұрғаным ғой, әйтпесе! – деп міңгірледім мұңайып.

-

Солай болған соң енді...



-

Не болып еді?

-

Жай,   әншейін!   –   ол   әлдекімді   аяғандай   қолын   енжар   сермеді   де,



шлангіні колонкаға іліп жатып, күрсініп қойды. – Ол бір ұзақ хикая...

Үндеген жоқпын.

-

Құса боп жүр ғой жігіт... бір кезде осында, базада тұрған еді.



Бензин құюшының әңгімесін аяғына дейін тыңдай алмадым. Ілгері қарай

бара жатқан бір «Победа» келе қалды. 

Біз   жүк   машинасын   бірталай   уақыттан   соң,   Долан   асуына   тақай

бергенде   ғана   қуып   жеттік.   Жүк   машинасы   тым   қатты   жүріп   келеді   екен.

Тянь-Шаньның көпті көрген кәнігі шоферларының өздеріне де бұлай жүру

ләзім   емес.   Тіпті   бұлтарыс-бұлтарыстарла   да   жүрісін   бәсеңдетпей,   құз-

жартастардың   арасымен   ышқына   гүрілдеп   ағып   өтеді   машина.  Қиқаң   етіп

өрге шығады да, еңіске қарай құлдилай жөнеледі. Содан соң үстіне жапқан

брезентінің   етегі   кузовтың   жиегін   соғып   далпылдап   тағы   да   шыға   келеді

алдыңнан.

Әйтсе де, «Победа» қоймады. Біз басып оза бастадық. Өлер-тірілеріне

қарамай, қайда құйғытып барады бұл, не қылған жүрек жұтқан жан дегендей

бұрылып қарап өттім. Сөйткенше болмады, бұршақ  аралас жаңбыр  құйып

кетті. Біздің асуда бұл аяқ астынан бола салады. Жаңбыр мен бұршақ айқыш-

ұйқыш айғыздаған әйнектен шофердың сұрланған сұсты жүзін көріп қалдым.

Папиросын құштарлана тістеп алған. Қолы тыным таппай, рульдің дөңгелегін

шыр көбелек айналдырады. Кабинада да, кузовта да жан баласы жоқ. Осы бір

ойда   жоқта   кездесуден   соң,   көп   уақыт   өтпей-ақ   мені   Қырғызстанның

түстігіне,   Ош   облысына   командировкаға   жіберді.   Журналистердің   асығып-

үсікпей жүретін күні бар ма. Кешкісін, дәл поезд жүргелі жатқанда ғана жан

ұшырып   жеттім   вокзалға.   Қарғып   мініп,   купеге   кірдім.   Терезеге   қарап

отырған жолаушыны біраздан соң, барып қана байқадым. Сірә, бұл купеге

енді екеумізден басқа ешкім келмейтін болса керек. Жолаушы басын әйнекке

сүйеген қалпында отыр. Бұрылып қарар емес. Әйнектен сыртқа көз салғандай

немесе қалың ойға батқадай. 

Поезд жүрісін үдете түсті. Радиодан музыка естілді. Қомыздың таныс

сазы.   Қырғыздардың   осынау   классикалық   күйі   кешқұрым   сардалада   келе

жатқан жалғыз атты жолаушының жырындай боп елестейді маған. Жол алыс,

мидай дала. Ат үстінде келе жатып ой ойлауға да, қоңырлатып ән салуға да

болады.   Өзге   емес,   жаныңды   жырға   қосасың.   Айдалада   келе   жатып,   ат

тұяғының  дүбіріне қоса  жапа-жалғыз ән салған  адамда ой болушы ма еді

тәйір. Тастақ, құмдауыт арықты жылап аққан су сылдырындай ішек баяу ғана




ызыңдайды.   Көп   кешікпей   таудан   асып   күн   батарын,   жер   бетіне   қоңыр

салқын   леп   тарарын,   қошқыл   тартқан   жол   бойындағы   сарғыш   селеу   мен

көкшіл жусан үстіндегі шаңын сілкіп, баяу ғана тербелерін жыр ғып шретеді

қомыз.   Жолаушының   әнін   тыңдап   сар   дала   да   ойға   шомады,   жолаушыға

қосылып о да әндете бастайды...

Бәлкім, қазір біз поезбен жүйткіп келе жатқан жермен бір кезде жалғыз

атты   жолаушы   жүріп   өткен   болар...   сол   шақта   да   дәл   қазіргідей   өртеніп,

бірте-бірте   күлгін   сарғыш   тартып   көкжиектен   асып   күн   де   батқан   шығар,

қарлы шыңдар да күннің соңғы нұрына бөленіп, содан соң күңгірт тартып

мұнартқан болар. 

Бау-бақша,   жүзімдіктер,   қошқыл   жасыл   тартқан   жүгері   алқабы

терезеден   кріне   түсіп,   пар   атты   бірешке   көлденең   жолмен   зырлап   келеді.

Міне,   шлагбаумның   қасын   келіп   тоқтады.   Үстінде   оңып   кеткен   жырым-

жырым   майкасы   бар,   балағын   тізесінен   жоғары   түрініп   алған,   күн   қақты

болған   бала   бірешкеде   тізерлеп   түрегеп   отыр.   Поезға   қызыға   қарап,

күлімсіреп қояды, әлдекімге қол бұлғайды. 

Қомыз сазы поезд жүрісінің ырғағына қосылады. Ат тұяғының орнына

рельс   жігіне   тиіп   доңғалақ   сарт-сұрт   етеді.   Менің   көршім   кішкене   столға

сүйеніп әлі отыр. Терезеден көз алар емес. Жалғыз атты жолаушының әнін

іштей, үнсіз ол да айтып отырған тәрізді маған. Көңілсіз бе, әлде ойға батып

отыр ма, әйтеуір жүзінде бір қаяу, басылмаған қайғы табы бар. Өзімен-өзі

болып отырып, қасындағы мені байқаған да жоқ. Түр-түсін жақсылап қаап

алуға тырыстым. Япыр-ау, осы адамды қайда көріп едім? Тіпті, саусақтары

салалы да, әлуетті, тотыққан қолына дейін көзге таныс. 

Сонда   барып   есіме   түсті:   сонау   жолы   мені   машинаға   мінгізбеген

шофердың дәл өзі ғой. «Е, жұмысы боп бір жаққа бара жатқан болар. Жол

жүрісінде шоферге кім жолықпайды. 

Осылайша,   әрқайсысымыз   өзіміз   бен   өзіміз   болып   тағы   да   бірталай

уақыт отырдық. Дала қараңғылана бастады. Менің жолдасым темекі тартпақ

болды. 


Папиросын алып, ауыр күрсінді. Содан соң барып қана сіріңке жақты.

Басын көтеріп, маған таңырқай қарап, қып-қызыл боп кетті. Таныды.

-

Сәлематсыз ба, ағай? – деді кінәлы адамдай күлімсіреп. Қол бердім.



-

Бара жатқан жеріңіз алыс па?

-

Ия, алыс! – Темекі түтінін ақырын үрледі де, сәлден кейін тағы да тіл



қатты. – Памирге барам.

-

Памирге ме? Онда екеумідің жолымыз бір екен. Ал мен Ошқа барам. 



-

Мен де со жаққа барам. 

-

Тіпті жақсы, көңілдірек болады. 



-

Ия, солай болар, - деп сенімсіздеу үнмен міңгірледі. 

-

Демалысқа барасыз ба? Әлде басқа жұмысқа ауыстыңыз ба?



-

Ия, соған жақын... Темекі тартпайсыз ба? – деді.

Екеуміз де түтінді будақтатып отырмыз. Үн жоқ. Алғашқыда әңгімелесе

қоятын ештеңе жоқ тәрізді көрінді. Менің көршім тағы да ойға шомды. Басын

салбыратып   жіберіп   отыр.   Поезд   жүрісінің   ырғағымен   теңселіп   қояды.



Анадағыдан әлдеқайда өзгеріп кеткен тәрізді көрінді. Жағы суалып, жүдеген,

маңдайын қатарласа үш сызық түсіпті. Жиырылған қабағы, жүзіне күңгірт

көлеңке жайып тұрғандай. Ол кенет қара көзін қиғащтап маған қадала қарап,

енжар ғана күлімсіреп қойды:

-

Сіз ана жолы маған қатты ренжіген боларсыз, ағай, ә?



-

Қашан? Есіме түсіре алмай тұрмын? – Менің алдымда қысылмай-ақ қойсын

дедім оны. Расын айтқанда, бүлініп қалған ештеңе де жоқ еді. Бірақ ол маған

қалтқысыз қадала қарап қалыпты. Мойындауға тура келді. – Е, ана жолы ма...

Түк те емес. Мен ұмытып та кетіппін. Онда тұрған не бар. Жол үстінде не

болмайды. Соны әлі ұмытпай жүрсіз бе?

-

Басқа уақытта болса, бәлкім, ұмытар едім. Ал ол күнгіні жоқ...



-

Не болып еді?  Авария емес қой, әйтеуір? – деп сұрадым оның машинаны

құтыртып айдағаны есіме түсіп.

-

Қалай десем екен, авария болмауын болған жоқ! – деді ол аузына сөз түспей.



Содан соң қарқылдап күлді: - Ал қазір бар ғой, машинамен қайда апар десеңіз

де аарар едім. Бірақ енді өзім де жолаушымын...

-

Оқасы жоқ, ат баспайым деген жерін үш рет басады. Кім біледі, жол үстінде



тағы да кез болармыз...

-

Әрине, енді кездесе қалсақ, кабинаға өзім сүйреп кіргізем!



-

Сқйтіп, келістік қой? – деп қалжыңдадым.

-

Уәде берем, ағай! – деді ол көңілденіп.



-

Ал сол жолы мені машинаға неге мінгізбедің?

-

Неге дейсіз бе? – деді ол жұлып алғандай. Бірден түнеріп кетті.



Папиростың түтінін құшырлана будақтатып, төмен қарап үнсіз отыр.

Мұны   сұрау   ағат   болғанын  сездім  де,   әңгіменің  бетін  басқа   жаққа  бұруға

тырыстым.   Асыққанда   ауызға   сөз   түсуші   ме   еді.   Ол   темекінің   қалдығын

сөндірді де, зорға деп барып тіл қатты:

-

Мінгізе алмадым... Ұлымды қыдыртып едім...



-

Ұлымды? – Мен таң қалдым. – Үлкен бе ол өзі?

-

Жоқ! – Ол күлімсіреп, көзі жайнап, жылы ұшырай бастады. – Тентек,



әлі беске жаңа ғана шықты. 

-

Немене, ол жол бойында ма еді?



-

Ия, асуда.

-

Ал, содан соң? – Мен түк те ұқпадым. Ұлы онда қайдан жүр және онда



қандай қатысы бар?

-

Былай   еді,   түсініп   отырсыз   ба...   Қалай   десем   екен   сізге...   –   Ол



маңдайын   шып-шып   шыққан   терді   сүртіп,   тағы   да   темекі   тартты.

Қобалжыған көңілін басып, менің бетіме тура, қадала қарады.

Өз тағдыры жайындағы шофердің әңгімесін мен осылай естідім. Ол өз

өмірін   ешкімге   де,   әсіресе,   мен   сияқты   журналистке   әңгіме   етіп   айтпаған

болар еді деп ойлаймын. Оның көлденең көк аттыға сыр ақтара бермейтін

мінезін   мен   кейін   барып   білдім.   Бірақ   бастан   кешкен   оқиғаны   оның   сол

күйінде   айтпай   жасырып   қалуы   мүмкін   емес   еді.   Әйтпесе,   Тянь-Шань

жолында екеуміздің арамызда болған оқиғаның сырын ұға алмаған да болар

едім. 



Алда уақыт әлі көп. Поезд Ошқа дейін екі тәулік бойы жүреді. Оны

асықтырмадым. Әрнені сұрап сөзін де бөлгем жоқ. Адамның өткен оқиғаны

тағы да бастан кешіргендей боп, кейде сөзін аяқтамай қалып, ойға шомып

отырып   әңгіме   шерткеніне   не   жетсін.   Бірақ,   өзіме-өзім   зорға   деп   қана   ие

болып,   оның   әңгімесіне   әрең   килікпей   отырдым.   Өйткені,   оның   өз   басын

білмесем   де,   онымен   дәмдес   болған,   бірақ   ол   сырына   жете   қанық   емес

жандар   жайында   білетін   болып   шықтым.   Бұл   не   кездейсоқ   шығар   немесе

газетші   ретінде   жер   бетін   шарлап   жүруіме   байланысты   болар.   Мен   оның

әңгімесін жалғастырып, толықтырып, өзіне беймағлұм көп жайды ұғындыра

(бұл повестің екінші әңгімесінде айтылады) алатын едім. Бірақ мен шофердің

әңгімесін бастан-аяқ тыңдап алған соң барып сөйтуге бекіндім. Ал ақыры бұл

ойымнан да қайттым, ештеңе айтпадым. Осымның өзі жөн деп білем. Неге

дейсіз ғой? Мұның сырын кейінірек, ақыр аяғында ашсам деймін. 

Негізі желіден шығыңқырап кеткесін тағы да бір жәйтті қоса айтайын...

Бәлкім, оқушы «Қос әңгімеден құралған повесть» деген оқшау жайға

көңіл аударған болар. Ия, дәл осылай. Бұл автордың еріккен ермегі де емес.

Қажет болса, әдеби шығарманы бөлімге, тарау-тарауға жіктеп жатпай ма? Ал

әңгіме   болса   өз   алдына   дербес   шығарма.   Бірақ   гәп   формада   емес.   Оны

айтайын деп отырғам жоқ.

«Ол   бір   ұзақ   хикая»   дегені   бар   емес   пе   еді   бензин   құюшы   әйелдің.

Расында да, мен айтқалы отырған хикая едәуір ұзақ және бәлкім, тіпті өзгеше

де болар. Бұл жайына автор атынан баяндап шағын повесть жазып қойып ем.

Яғни,   адамдардың   мінез-құлқын,   оқиғаларды   көлденең   көзбен   баяндап

отырғандай суреттедім. Сөйтіп бейнеленген өмір шындығына автор ретінде

өзім де араластым. Оқып шық деп повесті жолдастарыма беріп ем, өкпе-наз

бен   дау-дамайдың   астында   қалдым.   Әркім   әр   түрлі   пікір   айтты.   Біреулер

автордың өз кейіпкеріне деген қатынасы осылай болуға тиіс, сенікі жөн деді.

Ал енді біреулер сенікі дұрыс емес деп, авторды жерден алып, жерден салды,

басқаша жазу керек еді деп санады. Повестің аяғы олардың жынын әсіресе

келтірді.   Сөйтіп,   олар   бар   жайда   дауласты.   Адамгершілік   жайын,

кейіпкерлердің   іс-әрекетін   талқыға   салды.   Бірі   қостаса,   бірі   аза   бойы   тік

тұрып,   қарсы   шықты.   Ал   бірақ   жұрт   өздерінің   өмірге   деген   жеке

көзқарасынан   туған   талаптарын,   бейне   бір   бәрі   де   автордың   ықтиярымен

болып   жатқандай,   авторға,   яғни,   маған   таңды.   Жолдастармының   қайсысы

қаншалықты дұрыс екенін анықтап жатар жайым жоқ. Бірақ ұзақ толғанып

келіп, өмірде қалай көрсем, повесті солай жазам деп түйдім. Мен оны екі

адамның аузынан естідім. Сондықтан да повесть қос әңгімеден бас құрады.

Бұл – екі бірдей адамның сыры. Мен тек естігенімді ғана жеткіздім. Ал енді

қаһармандардың өздері бан етсін.

I.

Шофердің әңгімесі



...Бәрі де күтпеген жерден басталды. Армияда моторлы бөлімде болған

жерімнен   жаңа   ғана   қайтып   оралған   бетім.   Оған   дейін   де   он   жылдықты

бітіріп, шофер боп істегем. Өзім болсам балалар үйінде өскем. Досым Әлібек

Жантурин   әскер   қатарынан   менен   бір   жыл   бұрын   қайтқан.   Рыбачьедегі




автобазада істейтін. Салып ұрып соған келдім. Тянь-Шаняға немесе Памирге

бару Әлібек екеуміздің қашанға арманымыз болатын. Мені автобазада жақсы

қарсы алды. Жатақханаға жайғастырды. Жап-жаңа машина берді. майысқан

бір жері жоқ. Шынымды айтайын адамнан кем көргенім жоқ оны. Моторы да

күшті.   Машинам-ақ.   Рас,   жүкті   онша   көп   ала   бермейміз.   Жолдың   қандай

екенін өзіңіз де білесіз. Тянь-Шань дүниедегі ең биік автотрассалардың бірі.

Шатқалдар мен төбелер, асқар асулар аттаған сайын алдыңнан шығады. Тауда

не көп, су көп. Бірақ сонда да, сол суды өзіңмен бірге ала жүресің. Кузовтың

алдыңға жақтағы шегелеген бұрышына айшық ағащты, бәлкім, байқаған да

боларсыз.   Соған   ілулі   бұлғаңдаған   камерада   су   бар.   Өйткені,   ұзақ   жолда

мотор қатты қызады. Байқамасаң, радиатор да ағып кетеді. Таситын жүгің

онша көп емес. Қайтсе жүкті көп тиеуге болар екен деп алғашқыда мен де

әрнені ойлап, басымды әбден атырғам. Бірақ, ештеңе өнбеді. Таудың аты тау.

Әйтсе   де,   жұмысыма   ризамын.   Жері   де   ұнады.   Автобаза   болса

Ыстықкөлдің   нақ   жағасында.   Шетелдік   туристер   келсе-ақ   болды,   естері

шығып   көл   жағасында   тапжылмай   сілейіп   қалады.   «Міне,   осындай   біздің

Ыстықкөл. Мықты болсаң тауып көр мұндай сұлу көлді», - деп ңштей мәз-

мейрам боп мен тұрамын. 

Алғашқы   кезде   тек   бір   нәрсеге   ғана   аздап   көңілім   қалып   жүрді.

Сентябрь пленумы өтісімен әр колхоз құрылыс жұмысына ұлшына кіріскен

көктемнің бір қарбалас кезі еді. Бірақ, қанша жанын салса да, техника мүлдем

аз. Біздің автобазадағы машиналардың біразын қол ұшын беруге колхоздарға

жіберіп тұрады. Жаңадан алынған шоферларды тіпті тыным бермей айдайды.

Солардың ішінде мен де бармын. Жол бойындағы рейске шығып, өзіме-өзім

келе бастасам-ақ болды, жұлып алды да, айдап ауылға жіберді. Бұл маңызды,

қажет   жұмыс   екенін   білем,   бірақ   шофер   атым   бар   емес   пе,   машинаны

аяймын. Қара жолда балшыққа батып немесе оқапқа соғылып келе жатқанда

сол азапты өзім щеккендей қиналам. Жолды атай көрме. Өңің түгіл, түсіңде

де көрмессің. 

Бір  күні колхозға  бара  жаттым. Жаңа  сиыр қораға  деп  шифер  апара

жатқам. Ауыл таудың сыртында. Жол тауды бөктерлеп өтеді. Жол тобарсып

қалған.  Жақсы  жүріп  келем.  Бірақ  ауылға  жете  бергенде  бір арыққа  түсіп

кетпесім   бар   ма.   Көктемнен   бері   жолдың   быт-шытын   шығарып,   опырып-

опырып тастаған. Тіпті, түйе бастса, таппассың. Әрлі-берлі мықшаңдап көріп

едім   –   түк   шықпады.   Машина   лайға   әбден   батқан.   Тас   кенеше   жабысып,

жіберер емес. Оның үстіне ыза боп жүргенде рульді қатты бұрып жіберсем

керек,   доңғалақ   айналмай   қалды.   Тағы   да   кірдім   машинаның   астына.

Батпаққа батып, терлеп-тепшіп жатырмын, жолды да сыбап қоям. Біреудің

келе   жатқан   дыбысын   естідім.   Төменде   жатқан   маған   резина   етігі   ғана

көрінеді. Етік жақындап кеп қарсы алдыма тоқтады. Тұр. Жыным келіп кетті.

Неменег таңырқап тұр. Цирк дей ме екен.

-

Тұрма,   өт   шапшаң,   тынысымды   тарылтпай!   –   деп   айғайладым



машинаның   астында   жатып.   Сары   ала   боп   былғанған   көнетоз

көйлегінің   етегін   көзім   шалып   қалды.   Сірә,   машинаға   ілесіп   ауылға

жетіп қалғысы келген кемпір болар. 



-

Жүре бер, әжетай! – дедім. – Мен әлі біраз жатам. Шыдамың жетпес... –

Ол іле жауап қатты:

-

Мен әже емеспін.



Мазақ қылғандай міңгірлеп айтты. Ашулана бастадым:

-

Енді кімсің?



-

Қызбын.


-

Қызбысың? – Сасып қап етегіне қарадым. Айғайлағанымды ерсі көріп,

ойынға айналдырдым:

-

Сұлусың ба?



Етік   тыпыр-тыпыр   етіп,   бүйірге   қарай   аттады.   Кетуге   ыңғайланды.

Машинанның астынан шыға келдім. Қарасам, қарсы алдымда нәп-нәзік бәр

қыз тұр. Басында қызыл желек, қабағын қатулана түйген. Иығына үп-үлкен

пенжак   жамылыпты.   Тегі,   әкесінің   пенжагі   болар.   Маған   үнсіз   қарап   тұр.

Сазға белуарыма дейін батанымды ұмытып та кетіппін. 

-

Оқасы жоқ. Сұлу десе сұлу екенсің! – деп басынан аяғына дейін қарап



шығып, жымиып қойдым. Ол расында да сұлу еді. – Тек енді туфли

болса! – деп қажыңдадым түрегеп жатып.

Қыз жалт беріп бұрылды да, алды-артына қарамай, жолды өрлеп тез-тез

басып жөнелді.

Мұнысы несі оның? Өкпелеп қалғаны ма? Күлкі жайына қалды. Есімді

жиып,   тұра   ұмтылыпы   қуып   жетейін   дедім   де,   машинаға   қайтып   келдім.

Аспаптарды жинай сап, қарғып кабинаға міндім.

Машина жұлқынып, әрлі-берлі орғи бастады. Сол қызды қуып жетсем

дегеннен басқа ой болған жоқ менде. Өкіріп мотор тұр. Машина қалш-қалш

етеді.   Бірақ   алға   қарай   жылжыр   емес,   қайта   кейін   қарай   шегініп   барады.

Кімге айналғанымды өзім де білмейім. Батып қалған доңғалақтың зуылына

қоса:


-

Жібер! Жібер дейім! Естимісің? – деп айғай салдым.

Акселаторды аямай-ақ бастым. Машина ыңыранып сәл жылжып барды

да, бір ғаламат күшпен шұңқырдан шыға келді. Қуанғаннан ес қалған жоқ.

Машинаны   жолға   салып   қоя   бердім   де,   орамалмен   бетімнің   кірін   сүртіп,

шашымды сипадым. Қызбен қатарласа беріп, машинаны кілт тоқтаттым.

Мұндай өжеттік маған қайдан біткенін жын білсін – орындықта қисая

беріп, есікті ашып қалдым да:

-

Отырыңыз! – деп, қолымды да маңғаздана создым.



Қыз тоқтамады. «Мәссаған, безгелдек!» - желкемді қасып қалыппын.

Лепірген көңіл су сепкендей басылды. Тағы да қуып жеттім. Бұл жолы ғафу

өтіініп, бәйек болдым да қалдым: 

-

Ашулана көрмеңіз, мен жай әншейін... отырыңыз! – Жоқ, қыз жауап қатпады.



Мен басып озып, машинаны жолға кесе-көлденең тартып кабинадан қарғып

шығып,   жүгіріп   оң   бүйірге   бардым   да,   есікті   ашқан   күйімде   қолымды

алмастан тұра қалдым. Ол жақындап келіп, маған сезіктене қарады. Мынау

әпенді қайдан жабысты деп тұрғандай. Ләм деп ауыз ашпадым. Басқа амалым

да жоқ. Қиыла күттім. Мені аяп кетті ме, әлде жай әншейін бе – ол басын

шайқады да, үн-түнсіз кабинаға келіп кірді. 




Жүріп кеттік.

Әңгімені  қалай бастасам екен деп үнсіз келем. Қыздармен талай рет тіл

қатысып көргем-ді. Ал бұл жолы, неге екенін білмейім, тая соғып, жасқана

бердім.   Неден   бастасам   екен,   ә?   Рульдің   дөңгелегін   зыр   айналдырып,   көз

қиығын   тастап   қоям.   Әдемі   қара   бұрымы   толқынданып   мойнына   оралған.

Пенжегі   иығынан   сусып   түсіп   кетті.   Шынтағына   ғана   ілігіп   тұр.   Маған

соқтығып қалмайын дегендей, әрірек ығысып отырды. Көзқарасы байсалды

болғанымен, өзі бір жайдары жан сияқты. Жүзі жылы, ашық. Қабағын түюге

қанша оқталса да, түйілер емес. Ол да маған көз қиығын тастады. Көзіне

көзім түсіп кетті. Жымиып езу тартты. Сонда барып қана тіл қаттым.

-

Машинаның жанына кеп неге тоқтап тұрдыңыз? – деймін аузыма сөз



түспей. 

-

Сізге жәрдем берейін деп едім. 



-

Жәрдем дейсіз бе? – Күліп жібердім. – Расында да жәрдем бердіңіз.

Егер сіз бломағанда – қас қарайғанша омалып ротыратын ем... Ылғи

осы жолмен жүресіз бе?

-

Ия, фермада жұмыс істейім. 



-

Жақсы екен! – деім мәз-мейрам боп. Содан соң әңгіменің бетін бұрып,

іліп алғандай: - Жол жақсы-ақ екен! – дедім.

Сол сәтте оқап машинаны лақтырып жіберді де, иығына иығым тиіп

кетті. Не істерімді білмей сасып қалдым, қып-қызыл боп кеттім. Ол болса

күліп жатыр. Шыдай алмай мен де қарқылдап күліп жібердім. 

-

Колхозға   келгім   келмеді-ау   менің!   –   деп   күлкі   арасында   шынымды



айттым.   –   Жол   бойында   осындай   жәрдемші   барын   білсемші!

Ұрсыспайтын   ем   ғой   диспетчермен...   Әй,   Ілияс-ай,   Ілияс.   –   Өзімді

айтам деп түсіндірем оған.

-

Ә, менің атым Әсел...



Ауылға   жақындап   қалдық.   Жол   жақсарып   жүре   берді.   Газды   басып-

басып қойдым. Жел ұйытқып әйнекке соғып, Әселдің желегін желпіп, шашын

желбіретеді.   Үн-түнсіз   келеміз.   Жанмыз   жай   тапқандай.   Бұдан   бір   сағат

бұрын өңің түгіл, түсіңде көрмеген, ал енді бір сол ғана ойыңды бөлген адам

иық сүйесіп, дәл қасыңда отырса, көңілің көтеріліп, машинаны да құтыртып

кеп айдайды екенсің. Әселдің ойында не барын бәлмедім, бірақ, көзі жайнап,

жүзін   желге   тосып,   күлім   қағады.   Осылайша   айырылмастан,   тоқтамастан

шетсіз-шексіз   жүре   беруден,   бәлкім,   ол   да   бас   тартпаған   болар   ма   еді?

Өзімнің ойым ғой бұл әншейін. Машина ауылға еніп, көше бойлап келеді.

Әсел кенет абыржып қалды:

-

Тоқтаңыз, түсем мен!



Машинаны тоқтаттым.

-

Келіп қалдыңыз ба? Осында тұратын ба едіңіз?



-

Жоқ,   ол   әлденеге   абыржып,   шыдамсыздана   түсті.   –   Бірақ   мен   осц

жерде-ақ түсіп қалайын. 

-

Неге?   Үйіңіздің   дәл   жанына   алып   барам!   –   Оған   бой   бермей   ілгері



тарттым.

-

Міне, келдік, - деді Әсел ақыры, - Рақмет.




-

Оқасы жоқ! – деп әзіл-қалжыңы жоқ, шынымен-ақ міңгірледім. Содан

соң жай ғана: - Ертең со жерде тағы да батып қалсам, жәрдем бересіз

бе? – деп қойдым. 

Ол   жауап   қатып   үлгіргенше,   ауланың   кішкентай   есігі   ашылды   да,

әлденеге үрейленген мосқал бір әйел жүгіріп шықты.

-

Әсел! – деп айқайлап қап, үндеме дегендей аузын басты. – Қайда ғана



жүрсің, құдай атқыр! Бар да киін, Құда-құдағилар кеп қалды!

Әсел   сасып,   иығындағы   пенжегін   түсіріп   алды.   Іле   пенжекті   қағып

алды   да,   қарсыласпастан   шешесінің   соңынан   аяңдады.   Есікке   жете   бере

бұрылып, жалт қарады. Сөйткенше болмады, сарт етіп есік те жабылды. 

Сыртта,   белдеуде,   ерттеулі   аттар   тұрған,   алыс   жолдан   ақ   көбік   боп

келген   аттарды   мен   енді   байқадым.   Рульден   ұстап   көтеріліп,   мойнымды

созып   дуалдан   аса   көз   тастадым.   Аула   ішінде,   ошақ   басында   қарбаласып

әйелдер жүр. Түтіні будақтап, үлкен жез самауыр тұр. Жапанның астында екі

бірдей   кісі   сойылған   қойдың   терісін   түсіріп,   мүшелеп   жатыр.   Құдаларға

деген   жол-жоралғының   бәрі   жасалған.   Енді   мен   не   істей   қоярмын.   Барып

жүкті түсіру керек.

Кешқұрым автобазаға қайтып оралдым. Машинаны жудым да, гаражға

кіргізіп   қойдым.   Машинаның   о   жер-бұ   жерін   жөндеп,   көпке   дейін   кете

алмадым.   Бүгінгі   оқиға   жүрегіме   неге   жай   таптырмайтынын   түсіне   алмай

қойдым. Жол бойы өзімді біресе жұбатып, біресе сөгумен болдым. «Не керек

саған? Неткен ақымақ едің? Кімің еді ол сенің? Қалыңдығың ба? Қарындасың

ба? Қарай гөр, жолшыбай тап болып, үйіне шейін алып барғанға, бейне бір

махаббат   сырын   шертіскендей   боп   тұрғанын.   Сені   тіпті   ойына   алғысы   да

келмейтін шығар оның. Айың өтіп тұрған болар. Оның жігіт бар айттырған.

Ал   сен   кімсің?   Көлденең   көк   аттысың.   Сендей   шофер   толып   жатыр.

Қайсыбірімен таныс бола берсін... оның үстіне сенің қандай қақың бар: құда

түсіп жатқан біреу, той жасайтын да сол. Ал сенің нең бар? Қолды бір-ақ

сілтеп жайыңа жүр! Қыстырылма! Руліңді айналдыра бер, жайыңа жүр!..»

Бірақ бір бәле болды. Өзімді қанша қыстап көндірмек болсам да, ұмыта

алар емеспін сол қызды. 

Енді машинаның жанында күйбеңдеп жүріп қайтем. Жатқханаға барсам

ба екен? Біздің жатақхана көңілді-ақ. Қызыл бұрышы бар. Әй, барғым келер

емес.   Оңаша   қлағым   келеді.   Машинаның   шетіне   жантайып,   қолымды

басымның  астына   салып   қисайдым.  Бір   жақ  бүйірде,  машинаның  астында

күйбеңдеп   Жантай   жатыр.   Бізде   сондай   бір   шофер   бар-ды.   Ол   шұқырдан

мойнын созып қарап, мазақтап мырс етті.

-

Не болды саған, сұлу жігіт ? ой ойлап жатсың ба?



-

Ақшаны   ойлап   жатырмын,   -   дедім.   Өзін   жек   көруші   ем.   Кесіп   алса,   қан

шықпайтын сараң болатын. Оның үстіне күншіл, барып тұрған қу. Басқалар

сияқты   жатақханада   да   тұрмайды.   Бір   әйелдің   үйінде   жалдамалы   пәтерде

тұрады. Сол әйелге үйленем деп уәде беріпті-міс, өзінікі деген үйі болады ғой

десетін.


Теріс  айналып кеттім. Ауланың ішінде науаның жанында, әуреге түсіп

біздің   жігіттер   жүр.   Біреуі   кабинаның   үстіне   шығып   алыпты,   кезек   күтіп




тұрған шоферға брандспойттан су себелейді. Қыран-топан күлкі. Атқылаған

судың   екпіні   күшті-ақ,   тәлтіректетеіп   жібереді.   Жігітті   кабинаның   үсітнен

сүйреп   түсірмек   болысады.   Ал   ол   болса   билеп   жүр.   Автоматтан   атқандай

арқадан соғып өтеді. Кепка атаулыны ұшырып түсіреді. Бір сәт су бұлқынып

аспанға   атылды   да,   күн   нұпрына   шағылып,   кемпірқосақтай   төмен   иілді.

Қарасам, біздің диспетчер Хадиша тұр. Атқылаған су оның басынан әрі асып

түсіп құйылып жатыр. Бірақ, тайсалып, қыңар ол жоқ. Хадиша көз тартарын

білуші еді, жігіттердің шетінен қырындайтынын да сезетін. Ол қашан да өр

мінез, маңынан байқап қана өтесің. Дәл қаір де айылын жимастан, мықты

тұр. Әуселеңді көрейін, тиісіп қара дегендей. Қолын созыңқырап жіберген,

аузына түйреуішін тістеген, шашын түйреп жатыр. Күліп қояды. Күмістей

жарқылдаған,   ұсақ   су   тамшылары   басына   шашырап   кетеді.   Жігіттер

қарқылдап күліп, кабинаның үстінде тұрған баланы ұйтқытып қояды:

-

Жосылтшы бір жонынан!



-

Тоғытып алшы!

-

Нәзік неме ғой!



-

Сақтан, Хадиша!

Жігіттің батылы бармады, суды атқылатып ойнап, жайына тұра берді.

Оның орнында мен болсам, хадишаны малмандай қып алар ем. Ал Хадиша

болса маған ештеме демес еді. Күлер еі де, қояр еді. Мұны мақтанып айтып

отырғам   жоқ.   Маған   оның   өзгелерден   көрі   басқарақ   қарайтынын   әрдайым

байқап   жүрем.   Менімен   сөйлескенде   ол   мүлде   басқа   әйелдей   өзгеріп,

назданып, жұмсарып сала береді. Қалжыңдап тынышын алып, шашын сиапап

өткенімді жаны жаратады. Менімен ұрысып, дауласып қалса, сонысының өзі

де жаныма жағады. Менің айтқаным бұрыс болса да, ол тез райынан қайтады.

Ара-тұра   киноға   апарып,   қайтарда   шығарып   саламын.   Өйткені,   үйі

жатақханаға бара жатқан жолда. Диспетчер бөлмесінде отырса, баса көктеп

кіріп барам. Басқалар болса терезеден қарап телміріп тұрғаны.

Бірақ дәл қазір оған қарар шамам жоқ. Мейлі, ойнай берсін.

Хадиша ең соңғы түйреуішін қадап:

-

Ал, ойының қанған шығар! Қой енді! – деп бұйыра сөйледі. 



-

Қойдым, диспетчер жолдас! – Кабинаның үстінде тұрған жігіт қолын

шекесіне апарып тағзым етті. Ойлап тапқаны сол ғана. Жігіттер күлісіп

жүріп, оны кабингадан сүйреп түсірді. 

Хадиша   гараждағы   бізге   қарай   беттеді.   Жантайдың   машинасының

жанына кеп, әлдекіді іздегендей болды. Мені бірден байқаған жоқ. Арамызда

гараждың ішін бөлген тор бар еді. Жантай шұңқырдан мойнын созып:

-

Сәлематсың ба, сұлуым! – деп қуақыланып жатыр. 



-

Ә, Жантаймысың...

Жантай   оның   балтырына   сұқтана,   сүйсіне   қарады.   Хадиша   ренжіп,

иығын қиқаң еткізді:

-

Неменеге сұқтанып тұрсың? – деп ол етігінің тұмсығымен Жантайдың



иегіне ақырын ғана түртіп қалды. 


Басқа біреу болса Хадишаны ұрсып, сөгер ме еді, әлде әлде ашуланып

ренжір ме еді. Ал мынау болса, атай көрмеңіз. Хадига өзін сүйіп алғандай

жайраңдап, шұңқырға сүңгіді де кетті.

Қоршауға таяп келгенде Хадиша мені байқап қалды. 

-

Дем алып жатсың ба, Ілияс?



-

Ия, мамық төсекте жатқандаймын!

Хадиша бетін торға төсеп, қадала қарап, ақырын ғана күбірледі:

-

Диспетчер бөлмесіне келіп кетші.



-

Жарайды.


Хадиша   кетіп   қалды.   Түрегеп,   мен   де   кеткен   болдым.   Жантай

шұңқырдан тағы да басын шығарып қарады:

-

Әдемі-ақ қатын емес пе! – Қолын сүртіп жатып көзін қысып қойды. 



-

Бірақ сенің теңің бе екен! – дедім мен. 

Ол ашуланар, төбелесе кетер деп ойлап едім. Төбелескенді ұнатпаушы

ем. Бірақ зығырданым қайнап кеткені сонша, өзімді қоярға жер таппадым.

Ал Жантайымның ойында түк жоқ.

-

Оқасы жоқ! – деп міңгірледі. – Тірі болсақ көрерміз...



Диспетчер  бөлмесінде   жан  адам  жоқ.  Бұл  не  бәле!  Хадиша   зым-зия

қайда   кеткен?   Ту   сыртымнан   есік   жабылды.   Жалт   бұрылғанда   Хадиша

екеуміз   бетпе-бет   кеп,   кеуде   түйістіріп   қалдық.   Ол   арқасын   есікке   сүйеп,

шалқайып   тұр.   Көзі   кірпік   астынан   жалт-жұлт   етеді.   Ыстық   демі   бетімді

шарпып өтті. Құшақтаса екен, сүйіп алса екен деп тұр. Өзіме-өзім ие бола

алмай қалдым. Ұмтыла беріп, сол сәт кейін щегініп кеттім. Қанша әбес болса

да,   сол   сәт   өзімнің   Әселіме,   соның   нақ   өзіне   опасыздық   жасайтындай

тәрізденіп кеттім. Мұның кісі күлерлік ха екендігі ойыма кіріп те шыққан

жоқ. 

-

Неге шақырдың? – дедім ренжіп. 



Хадиша әлі де үнсіз қадала қарап тұр.

-

Ия, немене? – дедім шыдамым таусылып.



-

Білмей тұрсың ба? – деді. Дауысы дірілдеп кетті. – Тіпті көзіңе де ілмейсің.

Әлде басқа біреуді тауып алдың ба?..

Сасып қалдым. Неге кінәлайды ол мені? Қайдан ғана біліп қалды екен?

Сол   сәтте   терезенің   тартпасы   ашылды   да,   Жантайдың   басы   көрінді.

Көздері сығырайып, табалап тұрғандай. Әдейі аңдып келген. Менің не ойлап

тұрғанымды білсе етті ол. 

-

Диспетчер жолдас, өтінемін! – деп Хадишаға әлдеқандай бір қағазды ұсынып



жатып, табалаған әуенмен даусын соза түсті.

Хадиша ашумен жалт қарап, ұсынған қағазын алмады. Менің бетіме төніп:

-

Сен   үшін   жолдаманы  кім  алмақ?   Арнап   шақырсын  деп   тұрсың   ба?   –   деп



ренжіді.

Мені иетріп жіберіп, жұлқына басып столды жанына барды. 

-

Мә! – деді жолдама қағазды ұсынып жатып.



Қағазды қолыма алып қарасам, ертеңгі жолдама баяғы колхозға екен. 

Жүрегім мұздап сала берді: қалай барам, не деп барам. Әсел болса анау...

Айтпақшы, иосы мені неге ылғи колхозға қуады. 



Шыдай алмай, шарт сындым.

-

Тағы   да   колхозға   ма?   Тағы   да   кірпіш   пен   кө   тасимын   ба?   Бармаймын!   –



Жолдаманы   столға   алып   ұрдым.   –   Саз   кешіп   келгенім   жетер.   Басқаларды

жіберсін, керек Болса!

-

Айқайлама! Нарядың бір аптаға жазылған. Керек болса, тағы да жібереді! –



Хадиша маған басу айта бастады.

-

Бармаймын! – дедім қатқыл үнмен.



Әдеттегідей Хадиша күрт өзгеріп қайтып қалды:

-

Жарайды ал! Бастықтамен өзім-ақ сөйлесермін. 



-

Ол стол үстіндегі жолдаманы қолына алды. 

«Ия, бармайым ғой? – деп ойладым, - Әселді де енді қайтып көрмейім

ғой?» бұрынғыдан бетер қысылдым. Неге екенін білмейім, кенет сонда бару

керек деп түйдім. Егер осылай етпесем, өмір бойы өкініп өтетінім сап ете

түсті ойыма. «Мейлі, не болса – о болсын, барайын!»

-

Жарайды, әпкел бермен! – жолдаманы жұлып алдым. Жантай терезеден:



-

Ауылдағы менің әжеме сәлем айта бар, - деп қалды. Ештеңе демедім. Бет-

ауыздан   былшитып   кеп   берер   ме   еді   өзін!   Есікті   сарт   еткізіп   жаптым   да

жатақханаға тарттым.

***

Келесі күні жолшыбай екі көзім төрт болды. Қайда екен ол? Тал бойын



көріп қалмас па екем? Қызыл желек жамылған шынарым менің, шырайлым

менің! Қырға біткен шынарым! Аяғында резина етік, үстінде әкесінің пенжегі

дерсіз! Түк те емес! Қандай екенін көрдім ғой өзім!..

Қалайша ойран етті ол ойымды, қайтіп астан-кестен етті жанымды? 

Келе жатырмын, алақтап жан-жағыма қарай берем. Жоқ, көрінер емес

төбесі. Жол жүріп келе жатқам жоқ, азап шегіп келем. Қайда екен, қайтіп қана

табармын? Ауылға да жеттім. Көшеге кірдім. Ауласының тұсына жеткенде

жүрісімді   баяулатып,   машинаны   тоқтаттым.   Бәлкім,   үйінде   шығар?   Қалай

шақырып алам оны? Не демекпін сонда? Сірә, онымен дидарласуға дағдыр

жазбаған   болар.   Газды   басып   қалып,   жүк   түсіретін   жаққа   тарттым.   Жүкті

түсіріп жатқанда да жүрегімде үміт оты сөнген жоқ. Қайтарда кездестіретін

сияқтымын. Бірақ кездестіре алмадым. Бұрылып ап фермаға қарай тарттым.

Олардың ескі фермасы ауылдан алыс бір қиянда екен. Келе сала бір қыздан

жөн сұрадым. Әсел жоқ, жұмысқа келген жоқ деді. «Е, жол бойында маған

кездесіп қалмайын деп әдейі жұмысқа шықпаған ғой» деп ойлап, әбден мазам

кетті. Салым суға кетіп, автобазаға оралдым.

Екінші күні тағы жолға шықтым. Келе жатырмын. Бірақ оны көрем-ау

деген үміт жоқ. Расында да, кімімін мен оның, айттырып қойған болса, несіне

мазалаймын ол қызды? Бірақ солай болар дегенге сенер емеспін. Ауылда әлі

күнге дейін сыртынан айттыра береді ғой. Газеттен талай рет оқығаным бар.

Бірақ, одан не пайда? Той өткен соң даңғыра! Ұзатады да жібереді! Қайтып

келу   оңай   емес,   қор   боп   кеткені...   Осындай   ойлар-ақ   кетпей   қойды

көңілімнен...



Көктемнің   толықсып   тұрған   кезі.   Тау   етегіндегі   өңір   қызғалдаққа

оранған.   Осы   бір   нарт   қызыл   гүлдерді   бала   күнімнен   ұнатам.   Жалаң   аяқ

жүгіріп жүріп, бір құшақ гүлді теріп ап, Әселге апарып берсе ше шіркін! Бар,

таба алар ма екенсің...

Кенеттен  қарап  жіберіп,  өз   көзіме  өзім  сенбедім.  Әсел!  Өткен  жолы

машинам батып қалған жерде шеткі бір қойтастың үстінде отыр. Әлдекімді

күткендей түрі бар. Жалма-жан ұшып тұрды. Сасып қап, басындағы желегін

жұлып ап, умаштай берді. Бұл жолы Әселдің үстінде әдемі көйлек, аяғында

туфли. Осылайша алыс жерге биік өкше туфлимен келген. Дереу машинаны

тоқтаттым, жүрегім алып-ұшып аузыма тығылады. 

-

Сәлематсыз ба, Әсел?



-

Сәлематсыз ба? – деді ол солғын.

Кабинаға отыруына жәрдемдеспек болып ем, ол бұрылып ап, жолды

жиектеп жай басып жүре берді. Отырғысы келмеген ғой. Машианы қозғап,

есікті   аштым   да,   оған   еріп   ақырын   ғана   жүріп   кеттім.   Содан   қыбырлап

келеміз. Ол болса жолдың жиегінде келеді. Рульді ұстап мен келем. Екеумізде

де үн жоқ. Не деп айтарымды да білмейім. Содан кейін:

-

Кеше фермаға бардыңыз ба? – деп сұрады.



-

Ия, оның несі бар?

-

Жай, әншейін. Онда барудың керегі жоқ.



-

Сізді көргім келді.

Ол ештеңе демеді.

Ал   менің   есімнен   құдай   қарғаған   құдалықтың   жайы   кетер   емес.   Не

болғанын білгім келеді. Сұрайын десем – тілім байланып қалғандай. Қорқа

берем. Айтар жауабынан қорқам. 

Әсел бұрылып маған қарады.

-

Рас па?



Әсел басын изеді. Руль қолымнан шығып кетті.

-

Той қашан ? – деп сұрадым.



-

Жуырда, - деді ол ақырын ғана.

Машинаны   құйғытып   басым   ауған   жаққа   кетіп   те   қала   жаздадым.

Жылдамдатудың орнына баяулатып жіберріппін. Мотор бостан-босқа зырлап

өкіре жөнелді. Әсел ыршып кетті. Ғафу өтіне де алмадым. Оған мұрша жоқ

еді.


-

Сөйтіп, енді көріспейді екенбіз ғой.

-

Қайдан білейін. Көріспегенімізабзал болар.



-

Ал мен бар ғой, мен бәрібір... Не десең о де, жанымды шүберекке түйіп

іздеймін сені!

Тағы   үн-түнсіз   қалдық.   Бәлкім,   екеуміздің   ойымыз   бір   шығар,   бірақ

бөлек-бөлек жүріп келеміз. Арамызда тосқауыл бар сияқты. Менің оған қарай

жақындап баруыма, оның кабинаға келіп отыруына сол бөгесін жасайтындай.

-

Әсел!   –   деп   қоям.   –   Қашпа   менен.   Оралғы   болмаспын.   Алыстан



қараймын да отырам. Уәде етесіз бе?

-

Білмейім, бәлкім...



-

Отырыңыз, Әсел.




-

Жоқ, жүре беріңіз. Ауыл болса жақын қалды.

Бұдан соң да жол бойында кездесіп қалып жүрдік. Ылғи сол күтпеген

жерден   кездескендей   боламыз.   Жүрісіміз   де   бір   қалыптан   аумайды.   Ол

жолдың жиегімен жүреді, мен болсам кабинадамын. Ашу қысып кетеді, бірақ

амалым не. Қол жұмсап көндірерсің бе?

Айттырған күйеудің жайын сұрағам жоқ. Бір түрлі ыңғайсыз, сұрауға

зауқым да болмады. Бірақ сөзіне қарағанда оны жөнді білмейтінін байқадым.

Ол   жігіт   Әселдің   шешесінің   ілік-шатысы   болса   керек.   Тау   арасында,

қияндағы бір орман шаруашылығында тұратын көрінеді. Бұларда қарсы құда

болысу салты баяғыдан бері бар екен. «Құда мың жылдық» дегендей қарға

тамырлы бола берген. Біздің жақта бұл салтты керемет көреді ғой. Әселді

бөтен   біреуге   береміз   деген   әке-шешесінің   ойына   да   кіріп   шықпаған.   Ал

менің тіпті атымы атай көрмеңіз. Кім едім мен? Қайдағы бір кезбе, қаңғыбас

шофермын. Өзгені қойып, өзім ауыз аша алармын ба!

Со бір күндері Әсел томаға-тұйық болып кетті. Уайымдап, ойға батты

да   жүрді.   Күдерім   үзілді.   Оның   кетер   күні   таяп   қалды.   Кездескеннен   не

пайда?  Бірақ біз балалар құсап, сөйлескенде тіс жарып, ол жайлы ештеңе

демейміз. Кездеспеуге шамамыз жоқ, сондықтан кездесеміз. Өйтпеуге дәтіміз

шыдамайды. Ал алда не күтіп тұрғанында шаруамыз жоқ. 

Сөйттіп   жүргенде   аттай   бес   күн   өтті.   Ертеңгісін   автобазада   рейске

шығуға әзірленіп жатқам. Бір жолдасым кеп диспетчер бөлмесіне шақырды.

Жүгіре жөнелдім.

-

Құдайың   берді!   –   деп   Хадиша   мені   көңілді   қарсы   алды.   –   Сені



СиньЦзянға баратын трассаға ауыстырды!

Шошынғаннан   сілейіп   тұрып   қаппын.   Синьцзяньға   талай   барып

қайтқам. Таңсық емес. Бірақ соңғы күндері өмір бақи колхозға сапар шегетін

тәрізді боп кетім ем.

Қытай   сапары   –   бірнеше   күндік   жол.   Әселге   барып   қайтуға   уақыт

қашан табыларын кім білген. Айтпастан, көзіне түсіп жоқ болып кетпекпін

бе? 

-

Сен өзі ренжіп тұрсың ба? – деді Хадиша.



-

Ал   колхозға   кім   барады?   –   деп   шыдамсыздана   бастадым.   –   Ондағы

жұмыс әлі біткен жоқ. 

Хадиша иығын қиқаң еткізіп:

-

Анада өзің бармайым деген жоқ пе ең, - деді. «Достығыңа болайын!»



деп ойладым. Ашуым да келіп кетті.

-

Онда   тұрған   не   бар   екен?   –   деп   орындыққа   сылқ   ете   түстім.   Не



істерімді білмей отырмын.

Жүгіре   басып   Жантай   келді.   Менің   орныма   колхозға   соны   жібермек

екен. Елең ете қалдым. Бәлкім, Жантай бара қоймас. Ондай жолдың түсімі аз.

Бұл   қолға   тиетін   ақша   да   аз   деген   сөз.   Бірақ,   неге   екенін   білмейім,   ол

жолдамаға бас салды. Өзі дән разы:

-

Жер шетіне жіберсең мейлің, Хадиша! Ауылда бағлан да пісіп қалды.



Әлде ала келейін бе? – Менің отырғанымды көріп қалды:

-

Ғафу өтінемін, бөгет жасадым-ау дейім.




-

Тайып тұр! – деп ызбырландым мен. Басымды да көтергем жоқ.

-

Неғып отырсығ, Ілияс? – Хадиша иығымнан ұстап сілкіп қалды.



-

Колхозға баруым керек. Сонда жібер мені, Хадиша! – дедім.

-

Есің дұрыс па өзіңнің. Наряд жоқғ жібере алмайым, - деді де, бетіме



дегбірсіздене қарады. – Неменеге сонша өзгеріп қалдың?

Ештеңе   дегем   жоқ.   Үндемеген   бойы   шығып   кеттім.   Гаражға   келдім.

Жантай мазақтап жанымнан өте шықты, соғып кете жаздады.

Машинаның жанында күйбеңдеп жүрдім де алдым. Асықпадым. Бірақ

ештеңе ойлап таппадым. Жүк тиейтін станцияға тарттым. Шірет аз екен. 

Жолдастырм   темекі   тартуға   шақырса   да,   кабинадан   шыққам   жоқ.

Көзімді жұмам да, ойға шомам. Әселдің жол бойында босқа күтіп жүргенін

көз алдыма елестетем. Бір күн кетер, екі күн кетер, үш күн... не деп ойлар

екен мені? Қорқып, қашып кетті дер ме екен?

Шірет   жақындап   қалды.   Алдымағы   машинаға   жүк   тией

бастады.әлдеқандай   бір   үп-үлкен   жәшіктерді   кран   кузовтың   ішіне   түсіріп

жатыр. Бір сәттен соң мен кранның астында тұрам. «Кешіре, гөр мені, Әсел»

-   деп   ойлаймын.   –   Кешір,   қияға   біткен   шынарым.   Айта   да   алмай   кетіп

барам!»   сол   сәтте   бір   ой   сап   ете   түсті:   манадан   бері   сонда   барып,   бәрін

айтып,   сонсоң   неге   қайтып   келмедім.   Рейске   бірнеше   сағат   кеш   шықсам,

бірдеңе бүлініп кетер ме? Автобазаның бастығына кейін айтпас па ем. Бәлкім,

түсінер.   Түсінбесе,   ұрсар   да   қояр.   Сөгіс   берер.   Тіпті   болмаса   жұмыстан

шығарар. Манадан бері неге сөйтпегем! Ал кеттім!

Кейін   шщегінбек   боп   моторды   от   алдырдым.   Бірақ   артым   толған

машина. Сөйткенше алдымдағы жүк тиелген машина ілгері жылжып кетті.

Ендігі шірет менікі. Абдырап қалдым.

-

Мына кеп тұр! Әй, сен! – деп айғайлады маған краншы. 



Машинам   жылжып,   жүк   тиейтін   жерге   келді.   Кран   жебесін   созып,

үстіме   төне   түсті.   Бітті,   құрыдым!   Шетелге   арналған   жүкпен   қия   баса

алмайсың.   Неғып   ертерек   қимылдай   алмай   қалдым?   Жөнелтуші   кісі   кеп,

документтеріме   таңба   соға   бастады.   Бұрылып   артқы   әйнектен   қарасам,

кузовтың   үстіне   бұлғаңдап,   контейнер   түсіп   келеді   екен.   Тіпті   төніп   кеп

қалды. 


Сол сәтте жан даусым шықты:

-

Сақтан!   –   Машина   конейнердің   астынан   ырғып   шықты.   Моторы



сөндірілмеген еді. Артымнан айғац-ұйғай, ызы-шу, ащы сөздер естіліп жатты.

Пысқырып   та   қарағам   жоқ.   Ағаш   пен   көмір   үйінділерінің,   қоймалардың

қасынан   құйғытып   өттім.   Қаға   берістегі   жолдармен   жүйткітіп   отырып,

қаланың шетіне шықтым. Таудың етегіндегі сар жолға түскен соң, рульдің

дөңгелегіне   жабысып,   жатып   алдым.   Ол   әрлі-берлі   жұлқынып   келеді.

Астында дөңбекшіп жер жатыр. Көрген қоқайымыз осы ғана болып па тәйір.

Көп кешікпей Жантайды қйып жеттім. Басып озбақ боп белгі бердім.

Ол кабинадан басын жай сұғып қарап, танып қалды. Көзі елжірейіп шығып

барады. Неткен хайуан десеңші! Асығып келе жатқан адамға жол беру керек

қой. Оның ойында түк жоқ. Мені кес-кестей түспек. Жол берер емес. Жалт

беріп жолдың жиегіне шықтым да, төпеп құла түзбен тарттым. Жантай да



үдетті   шабысты.   Енді   мені   жолға   түсірмек   емес.   Айда   далада   ешкім   жоқ

екенін, жүріп-тұрудың ережесін бұзғаны үшін жауап бермейтінін біліп келеді.

Дәл  қазір   менің  қолыма  түспейтінін  де   біледі.  Осылайша  ол  жолмен,  мен

жолсызбен   ызғытыпы   келеміз.   Екеуміз   де   рульге   жабысып   алғанбыз,   бір-

бірімізге жыртқыш аңдай алара қараймыз, ұрысып та қоямыз.

-

Қайда бара жатсың? Не боп қалды? – деп айғайлайды маған.



Мен оған жұдырығымды түйем. Қайткенмен, менің машинам бос қой.

Басып озып, алыстап кеттім. Бұрылып қарасам, ол сабасына түсіп, асықпай

жүріп келеді екен. Мейлі, қала бер солай жайыңа, сайтанның сапалағы. 

Әселді ешқайдан ұшырата алмадым. Ауылға кіріп, ауласының жанына

кеп  тоқтадым.  Жаяу   жүгіріп  келгендей  ентігіп  тұрмын.  Демімді  зорға  деп

алам. Аула ішінде де, сыртта да ешкім көрінбейді. Тек қана белдеуде ерттеулі

ат тұр. Қайтсем екен. Күтуге бекіндім. Машинаны көрсе, сыртқа шығар деп

ойладым. Моторға жабысып, бірдеңені оңдап жатқан сияқтандым. Бірақ екі

көзім   қақпа   жақта.   Көп   күткен   жопын:   қақпа   ашылды,   Әселдің   шешесі

шығып келеді. Қасында толық денелі, қара сақалды бір шал бар. Үстіне екі

бірдей шапан киген. Бүліс шапан. Оның сыртында мақпал шапан. Қолында

ырғай сапты қамшы. Бусанып, қызара бөрткен. Шайға қанып шықса керек.

Белдеудің қасына  келді.  Әселдің  шешесі құрмет  көрсетіп, үзеғгіден ұстап,

шалды демеп атқа отырғызды. Құдасын аттандырып тұр екен:

-

Құда, дән ризамыз өзіңізге, - деді. – Ал біз үшін де қам жемеңіз. Қызымыздан



аяп қалар ештеңеміз жоқ. Құдайға шүкір, құр қол емеспіз ғой.

-

Е-е, бәйбіше-ай, бір-бірімізден көңіліміз қалмас-ау, - деді шал ерге жайғасып



отырып жатып. – Құдай балалардың дені-қарын сау қылсын де. Ілік-шатыс

болғанымыз   жаңа   ма.   Ал,   қайыр-қош,   бәйбіше.   Сөйтіп,   жұма   күні   деп

әулесмтік қой!

-

Ия, жұма күні күтеміз. Сәтті күн ғой. Жолың болсын. Құдағиға сәлем де. 



«Жұмасы несі?» - деп ойладым. «Осы бүгін қай күн? Сәрсенбі ғой...

Шынымен жұма күні алып кетпек пе? Қап, осы бір ғұрпы құрғыр жастарды

қашанғы қор қыла бермек?»

Шал   тауға   қарай   жортып   барады.   Ұзап   кеткенше   Әселдің   шешесі

соңынан қарап тұрды. Сосын маған қарай бұрылып, жақтырмай оқты көзімен

оқты көзімен бір атты:

-

Неменеге үйір боп алдың осы, жігітім? – деді. – Саған деген керуен сарай жоқ



мұнда.Тұрма босқа! Жөнел, естіп тұрмысың? Саған айтып тұрмын.

Байқап қалған болды.

-

Машинанаың сынып қалғаны! – дедім сазарып. Машинаның ішіне белуарыма



дейін кіріп кеттім. Әселді көрмей тұрып ешқайда кетпеспін деп ойлап қоям.

Шешесі сөйлеп-сөйлеп кетіп қалды.

Түрегеп,   табалдырыққа   отырдым   да,   темекі   тарттым.   Әлдеқайдан

жүгіріп   бір   кішкентай   қыз   келе   қалды.   Бір   аяқтап   секіріп,   ақсаңдап

машинаны айалды да жүрді. Аздап Әселге ұқсайды. Сіңілісі емес пе екен?

-

Әсел кетіп қалды, - деді секеңдеп жүріп.



-

Қайда? – деймінг бас салып. – Қайда кетті?




-

Мен   қайдан   білем!   Қоя   бер!   –   Жұлқынып   шығып   кетті   де,   тілін

көрсетіп тартып тұрды. 

Машинанығ   алдыңғы   жағындағы   қақпақты   сарт   еткізіп   жаптым   да,

рульге кеп отырдым. Қайда барам, қайдан іздейім? Қайтатын да уақыт болып

қалды.бұрылып ап кейін тарттым. Ілбіп қана келем. Бозға шықтым. Арықтан

өте   беріп   тоқтадым.   Не   істесем   екен?   Ойым   онға   бөлінді.   Кабинадан

сүйретіліп   шықтым   да,   сұлай   кеттім   жерге.   Мең-зеңмін.   Әселді   де   таба

алмадым. Рейстен де қалдым. Қайтып баруға кеш. Әйтеуір, бір жауап бересің.

Болары   болар.   Ойға   баттым   тағы   да.   Ештеңені   көріп   те,   естіп   те   жатқан

жоқпын.   Сол   қалпымда   қанша   жатқанымды   білмейім.   Тегі,   ұзақ   жатсам

керек. Басымды көтердім. Машинаның ар жағына туфли киген бір қыз кеп

тоқтады. Аяғы көрініп тұр. Әсел ғой? Тани кеттім. Қуанғаннан есім шығып

кетті. Жүрелеп отырдым да қалдым. Тұруға шамам жоқ.

-

Өт,   өте   бер,   әжетай!   –   деймін   «туфлиге»   машинаның   астына   үңіліп



жатып.

-

Мен әже емеспін! – деп Әсел де ойынға айналдырды. Бұл біздің ең



алғаш рет кездескен жеріміз болатын.

-

Енді кімсің?



-

Қызбын.


-

Қызбысың? Сұлксың ба?

-

Қара алдымен.



Екеуміз де күліп жібердік. Ұшып тұрып, тұра ұмтылдым. О да қарсы

жүгірді. Бетпе-бет кеп тұрып қалдық. Баладай мәз боп күлеміз.

-

Нағыз сұлусың! – деймін мен. Ал ол болса самал тербеген жас шынардай



толықсиды, жайдары, нәп-нәзік. Қысқа жең көйлек киген. Қолтығында екі

кітабы бар.

-

Менің мұнда екенімді қайдан білдің?



-

Кітапханадан   келе   жатқам.   Қайрасам,   жол   үстінде   сайрап   машинаның   ізі

жатыр. 

-

Қойшы?   –   Бұл   маған   «сүйем»   деген   сөзден   де   артық   еді.   Тіпті   менің



машинамның ізіне дейін білсе, онда Әселдің мені ойлағаны ғой. Сол жақтағы

артқы лоңғалақтың баллоны құрау-құрау еді.

-

Сосын жүгіріп ала жөнелдім. Неге екенін білмейім, сені күтіп отырған шығар



дедім!..

Қолынан алдым да:

-

Отыр, Әсел, қыдырайық, - дедім.



Ол   кет   әрі   емес.   Мүлдем   өзгеріп   кеткен.   Тіпті   өзімді-өзім   танымай

қалғандаймын.   Уайым,   түйткіл   атаулы   зым-зия   болды.   Тек   бір   өзіміз,

өзіміздің бақытымыз, көгілдір аспан, сайрап жатқан жол ғана бар бұ дүниеде.

Кабинаны ашып Әселді отырғыздым да, рульді алдым қолға.

Тарта жөнелдік. Жол бойы өрлеп келеміз. Қайда, неге бара жатқанымыз

да   белгісіз.   Оған   мән   берген   де   біз   жоқ.   Тек   бірімізге-біріміз   қарап,   қол

ұстасып,   осылай   қатар   түзеп   отырсақ   болғаны.   Әсел   менің   әскери

фуражкамды жөндеп қойды. (Екі жыл бойы киген едім).

-

Осылай тұрған жарасады! – деп, назданып иығыма сүйенді. 




Машина қырда құстай ұшып келеді. Дүние әлем-тапырақ. Тау мен тас

та, дала мен орман да зымырап қарсы ұмтылады. Жүйткіп келеміз – тентек

жел өбіп өтеді бетімізден. Көкте күн де біз күлгесін нұрын төгіп күлгендей,

қызғалдақ пен жусанның иісі аңқиды ауада – кеуде кере жұтамыз.

Айналадағы   жалғыз   моланың   күмбезінде   отырған   күшіген   қанаты

далбаңдап ұша жөнеледі. Жарысқандай жолды өрлеп, төмен ұшып келеді. 

Қос   салт   атты   қорқып   кетіп,   жалт   берді.   Содан   соң   жан   дауыстары

шығып айқай салды.

-

Ә-әй, тоқта! Тоқтай тұр! – деп көсіле шапқан аттарын қамшылап қояды. Кім



болды   екен,   білмейім.   Бәлкім,   Әсел   аулының   адамдары   шығар.   Шаңға

көміліп қала берді. 

Алдымыздан бір бірешке бұрылып, жол берді. Қыз бен жігіт екен. Бізді

көріп, иық сүйесіп ұшып түрегеп, қол бұлғап жатты.

-

Рақмет! – деп айғайлап жібердім кабинадан басымды сұғып.



Қырдан өтіп, тас жолға шықтық. Доңғалақ астында асфальт зу-зу етеді. 

Машина көлге қарай беттеп келеді. Жолдан шұғыл бұрылдым да, шоқ-

шоқ бұталар мен көдені көктей өтіп, жағаға қарай тарттым. Суға төніп кеп,

нақ жарқабақтың үстіне тоқтадық.

Қайран, қырғыз жерінің мәңгі бақи жыры боп өткен Ыстықкөл. Осынау

теңіз   ғашықтардың   ән   жыры   мен   аңызына   толы   дегенге   кім   сенбес.

Мөлдіреп, құлпырып, шалқып жатты көк теңіз.

Көк   ала   бас   толқындар   бірін-бірі   қуып   кеп,   сарғыш   тартқан   жағаға

ұрады. Таудан асып күн батып барады, көл беті әрменіректе қызғылт тартып

көрінеді.   Екінші   жатқта,   алыста   қар   жамылған   көкшіл   асулар   мұнартады.

Басына қошқыл қара бұлт үйіріліп келеді.

-

Қарашы,   Әсел!   Аққуларды   қара!   –   деп   айғайлап   жібердім.аққулар



Ыстықкөлде   күзде   ғана   болады,   қыстап   шығады.   Ал   кқктемде   өте   сирек

ұшырасады. Терістікке ұшып бара  жатқан түстік  жақтың аққулары деседі,

жақсыға жорып жатады...

Кешкі   көлдің   үстінде   бір   топ   аққу   қалықтап   жүр.   Біресе   жоғары

көтеріліп, біресе қанаттарын жайып жіберіп.төмен құлайды. Әне, суға қонып,

қанаттарымен   су   сабалайды.   Жан-жағына   көпіршіген   дөңгелектер

серпеді.тағы   да   ұша   жөнеледі.   Содан   соң   қатар   түзеп,   қанаттарын   жаза

самғап алыстап бара жатты. Құмқайыр түбекке қоналқаға беттеп барады.

Кабина ішінде көлге үңғіліп үнсіз отырмыз. Бір бәтуаға келген адамдай-

ақ сөйлеп кеттім:

-

Сонау жағадағы шатырларды көріп тұрсың ба? Біздің автобаза сол. Ал мынау



болса, - кабинаның ішін шыр айналдыра нұсқайым, - біздің үй! – Өзім де

күліп жібердім. Әселді алып барар жерім қайсы.

Әсел   жалт   қарады   да,   кеудеме   басын   салды.   Аймалап   құшақтайды.

Күледі де жылайды. Жылайды да күледі.

-

Жаным менің, сүйіктім менің! Үй-жайдың да, сән-салтанаттың да керегі жоқ



маған!тек бір тілеуім – әке-шешем ең болмаса кейін барып ұғынса екен. Өмір

бойы өкпелеп кетеі олар, білем ғой... бірақ, кінәлы ме ем мен...




Қас қарайып кетті.аспанды торлап алған бұлт су бетіне төніп келеді.

Көл   қарауытып,   тына   қалған.   Тау   ішін   электр   балқытушылары   жайлап

алғандай.   Әр   тұстан   ар   етіп   сөнеді.   Нажағай   ойнағалы   келеді.   Аққулар

жолшыбай осында тегін соқпаған екен. Тау үстінен өткенде жауын-шашынға

тап боларын сезген. 

Күн күркіреп, нажағай жарқ етті. Жаңбыр алай-түлей құйды да кетті.

Көл де әйпілдеп, бұрқ-сарқ етеді. Теңселіп жағаға соғады. Көктемде алғаш

рет күн күркіреп, нажағай ойнағаны осы еді. 

Біздің де алғашқы түніміз. Кабинаны, әйнекті жуып кетті аққан су. Қап-

қара боп үңірейген көл бетін аппақ нажағай оттары осқылайды. Бір-бірімізге

тығылып   біз   отырмыз.   Сыбырлап   қана   сөйлесеміз.   Байқаймын:   Әсел   сәл

үрейленгендей   немесе   жаурап   қалғандай.   Үстіне   пенжегімді   жауып,

қысыңқырап   құшақтай   түстім.   Бұрынғыдан   күшейіп,   есейіп   кеткен

тәріздімін. Өзімде рсынша жылылық, мейір барын, жақын адамың боп, оны

қызғыштай қорып, құрақ ұшу дегенің бір тамаша екенін білген де емес ем.

«Ешқашан   да,   ешкімге   де   режітіп   қоймаспын   сені,   шынарым!»   -   деймін

құлағына сыбырлап.

Күн   тез   айықты.   Бірақ   дөңбекшіп,   тулап   алған   көл   тыншыр   емес,

толқын атып жатыр. Сіркіреп, жаңбыр жауып тұр. Кабинаның қуысындағы

жолға   арналған   радиоқабылдағышты   алдым.   Ол   кездегі   менің   бар   дүние-

мүлкім   сол   еді.   Музыка   тыңдағанды   жаным   жақсы   көреді.   Сосын   да

қабылдағышты қалдырмай, бірге алып жүрем. Күйіне келтіріп, бір толқынды

ұстадым.   Әлі   есімде:   сол   күні   кешке   театрдан   «Шолпан»   балетінің

трансляциясын   беріп   жатыр   екен.   Сол   балетте   жыр   боп   шертілген

махаббаттың өзіндей нәзік те құдіретті музыка жоталардан, асқар таулардан

асып кеп кабина ішіне құйылып жатыр. Зал гу-гу, сартылдатып қол соғады,

орындаушылардың   аттарын   атап,   айқайласады.   Бәлкім,   балериналардың

аяғының   астына   гшүл   шоқтарын   лақтырып   жатқан   болар.   Бірақ   театрда

отырғандардың ешқайсысы нөсерлеп құйған жауынның астында, буырқанған

тентек   тасқын   жағасында   кабина   ішінде   отырып,   біз   бастан   кешкен

қуанышты,   жан   толқындарын   сол   халде   бастан   кешкен   жоқ   шығар   деп

ойлаймын.   Бұл   –   біздің   балет   еді,   оны   біз   өзіміздің   алғашқы   түніміде

тыңдадық. Бақытын іздеп дүние кезіп кеткен Шолпан қыздың тағдыры біздің

де жүрегімізді тербеді. Ал менің Шолпаным – таң алдында толықсып туған

жұлдызым   өзіммен   бірге,   қасымда.   Ол   менің   иығыма   сүйенген   күйі,   түн

ортасы   кезінде   ұйықтап   кетті.   Мен   болсам   көпке   дейін   тынши   алмадым.

Әселдің  бетін ақырын  сипап қоям, тұңғиық  түпсіз Ыстықкөлдей  долының

дөңбекшіп, күңіренген үніне құлақ тігем. 

Таңертең   автобазаға   келдік.   Қолға   біраз   алды   мені.   Бірақ   мынадай

қуанышты оқиғаның үстінде кешірім де жасады. Сосын жүк тиейтін кранның

асытынан тұра қашқанымды еске алып, жігіттер көпке дейін күліп жүрді. 

Қытайға   сапар   шегуім   керек   еді.   Әселді   өзіммен   бірге   ала   кеттім.

Жолшыбай досым Әлібек Жантуриннің үйінде қалдырамын деп ойладым. Ол

Нарынның   қасындағы   базада   семьясымен   тұратын.   Шекарадан   онша   алыс




емес. Талай рет соққаным бар. Әлібектің әйелі де бір жасы адам. Өзін қатты

қадірлейтін едім.

Жолға шықтық. Ең алдымен жол бойындағы магазиннен Әселге аздап

киім-кешек сатып алдық. Үстінде көйлегі, қолтығындағы кітапхананың қос

кітабы ғана болғанынын айтып едім ғой. Анау-мынаудан басқа ашық гүлі бар

үлкен   шәлі   сатып   алдық.   Тіпті   орнына   келді-ақ.   Шыға   бере   ең   мосқал

шоферымыз,   ақсақалымыз   Ормат   әкенің   кездесе   кеткені   бар   емес   пе.

Анадайдан маған тоқта дегендей белгі берді. Тоқтадым. Кабинадан шығып

сәлем берістік:

-

Ассалау-мәлейкүм, Ормат әке!



-

Әликүм-ассалам,   Ілияс!   Құс   қондырыпсың,   бақыт   құсы   болсын!   –   деп

кәдімгідей   қайырлы   болсын   айтып   жатыр.   –   Бақытты,   үбірлі-шүбірлі

болыңдар !

-

Рақмет! Қайдан білдіңіз, Ормат әке? – деймін таңданып.



-

Е-е, балам-ай, жақсы лепес жатқан ба. Осы бүкіл жолдың бойында ауыздан-

ауыздға тарап жатыр...

-

Қарай гөр! – Бұрынғыдан бетер таңдандым.



Жол   үстінде   әңгімені   соғып   тұрмыз.   Ормат   әкенің   машинаға   жақын

келер түрі жоқ. Әселге де көз қырын салар емес. Дес бергенде, Әселдің өзінің

ойына сап ете түспесі бар ма: орамалын бүркеніп алды, бетін де көлегейлеп

қойды. Сонда барып Ормат әке мәз болып, езу тартты.

-

Енді бәрі де орнына келді! – деді ол. Машинаға жақын көп, Әселге қарады: -



Сыйлағанына   рақмет,   қызым.   Сен   енді   бізге   келінсің   ғой,   автобазадағы

ақсақал атаулыға келінсің. Бәрі де осы жолдың бойында. Мә, Ілияс, көрімдік.

– Жай көрмей, көрімдік беретін әдет бар емес пе – ол маған ақша ұсынды.

Алмасыма бломады. Өкпелеп қалар едім. 

Қош айтыстық! Әсел, орамалын түсірген жоқ. Ежелгі қырғыз аулының

салтын сақтап, біреу кездессе болды, бетін бүркей қояды. Оңаша қалғанда

мәз-мейрам боп күлеміз. Орамал тартқанда бұрынғыдан да сұлу боп көрінеді

Әсел маған. 

-

Автобазаға келін боп түскен сәулем, аш көзіңді, сүйші! – деймін.



-

Қой, ақсақалдар көріп қалар! – дейді де, күліп кеп, байқатпаған кісі боп сүйіп

алады бетімнен.

Кейін тіпті қызық болды. Автобазаның жолда кездескен шоферларының

бәрі де бізді тоқтатып қойып құттықтайды, бақытты болуымызға тілектестік

білдіреді, көпшілігі жолшыбай гүл шоқтарын теріп алыпты, сый-сияпаттары

да бар. Мұны қайсы ойлап тапқанын білмейім. Тегі, со жердегі орыс жігіттері

ойлап тапқан болар. Селода той болғанда машинаны қызылды-жасылды ғып

безеп тастайды ғой. Олар енді біздің маштинамызға да қызылды-жасылды,

алқара   көк   шашпау   тағып,   жібек   орамал   байлап,   гүл   шоқтарына   бөлеп

тастады.   Алуан   түрлі   түске   еніп   құлпырып   кеткен   машина,   тіпті,   күндік

жерден  көз   тартқан   болар.  Әсел  екеуміз  мәз-мейрамбыз.  Іштей  достарыма

разымын. Досыңды басыңа іс түскенде сына дейді. Мен басыңа баыт күні

туғанда да сына дер ем, досыңды. 




Жолшыбай ең жақын, жан досым Әлібек Жантурин кездесе кетті. Ол

өзі менен екі жас үлкен. Төртпақ, қауға бас. Салмақты, ақылды, оның үстіне

тамаша   шофер.  Базадағы  жұрттың  бір   қадір  тұтады.  Профком  ғып  сайлап

қойған. Маған не айтар екен деп тұрмын. 

Әлібек   біздің   машинаға   үнсіз   қарады   да,   басын   шайқады.   Әселдің

жанына кеп, қолын алып амандасты. Құттықтап жатыр. 

-

Ал, әпкел бермен жолдама қағазды! – деп бұйырды маған. Бұлай қарсы алады



деген ойымда жоқ. Түк түсінсем бұйырмасын. Ештеңе деместен бере салдым.

Ол автоқаламын алды да, жолдаманың ұзына бойына қиғаштап жаза бастады:

«Үйлену тойының рейсі, №167» деп жолдаманың да номерін қойып қойды.

-

Не істеп жатсың сен? – дедім сасқалақтап. – Документ емес пе бұл!



-

Тарих үшін сақталады! - деп күлді. – Немене бухгалтерияда отырғандар адам

емес   деп   ойлайсың   ба?   Ал   енді   әпкег   қолыңды!   –   Мені   қатты   қысып

құшақтап   сүйіп   алды.   Қарқылдап   күліп   жатырмыз.   Әрқайсымыз   өз

машинамызға қарай бет алдық. Қайырыла беріп Әлібек мені тоқтатып алды:

-

Ал сонда қайда тұрмақсыңдар?



Не істерімді білмейміз дегендей үндемедім. 

-

Біздің үй мынау деп машинаны көрсеттім. 



-

Кабинада   тұрмақсыңдар   ма?   Бәлкім,   бала-шағаны   да   сонда   өсіретін

шығарсыңдар?..   Бар   ғой,   базадағы   біздің   кішкентай   пәтерсымаққа

жайғасыңдар, базаның бастығына өзім айтамын. Ал біз өзіміздің үйге көшіп

кірерміз.

-

Үйің әлі салынып біткен жоқ қой? – Әлібек үйін Рыбачьеге жақын жерде,



автобазада   салып   жатқан.   Қолым   боста   мен   де   барып,   қолқабыс   тигізіп

жүретінмін. 

-

Оқасы жоқ, ұсақ тұһүйек жұмыстары ғана қалды. Бұдан артық дәме етпе, өзің



білесің ғой, үйдің жайы әзірге қиындау емес пе.

-

Рақмет онда! Бізге бұлан артық ештеңенің керегі жоқ. 



-

Әйтеуір, біздікіне түсіңдер. Қайта оралған жолыңда күт мені. Мен де келіп

қалармын. Сонда әйелдерімізбен ақылдасып отырып шешерміз! – деп Әселді

нұсқап көзін қысып қойды. 

Ия, солай енді әйелдерімізбен ақылдасып барып...

-

Үйлену сапарың құтты болсын! – деп айқайлады Әлібек артымыздан.



Қызық-ай,   осының   өзі   үйлену   сапары   екенін   байқамаппыз-ау.   Несін

айтасың тіпті!

Бәрінің ыңғайы келе қалып жатқанына біз де қуаныштымыз. Тек бір

нәрсе көңіліме аздап қаяу салады.

Жолшыбай бір бұрылыста бүйірден Жантайдың машинасы шыға келді.

Басқа бір жақтан келе жатыр екен. Жалғыз емес. Кабинада   Хадиша отыр.

Жантай маған қолын бұлғады. Кілт тоқтадым. Қос машина иін тіресе кеп

тоқтады. Жантай терезеден мойнын созып:

-

Сен немене, үйленіп келе жатқандай әлем-жәлем болып? – деді.



-

Өзі де солай, - дедім мен.




-

Қойшы-әй? – Ол сенбегендей даусын соза сөйлеп, Хадишаға қарап қойды.

Онымен де қоймай: - Ал біз болсақ сені іздеп сабылып жүрміз! – деп салмасы

бар ма!


Хадиша отырған бойы қатып қалыпты. Сасып, боп-боз боп кеткен.

-

Сәламатсың ба, Хадиша! –дедім жайраңдап. Ол үнсіз басын изеді. 



-

Сөйтіп,   қасыңдағы   қалыңдығың   екен   ғой?   –   деді   Жантай   байыбына

енді ғана барып.

-

Жоқ, әйелім, - деп қарсы дау айттым да, Әселді мойнынан құшақтап



алдым.

-

Солай   ма?   –   Жантайдың   көзі   әтештей   боп   кетті.   Қуанарын   да,



қуанбасын   да   біле   алмай   тұр.   –   Ал,   құттықтаймын,   шын   жүректен

құттықтаймын...

-

Рақмет!


Жантай арамза күлкіге салды:

-

Ептісің-ау өзің! Қалыңсыз алып қаштың ба?



-

Ақымақ! – деп жібердім, машинаны қозғай беріп.

Оңбаған неме! Осындай жандар да болажы-ау. Өзінің ит терісін басына

қаптайындеп   ем.   Сөйтсем,   алдымда   сол   жаққа   бұрыла   бере   өр   бар   екен.

Қарасам, Жантай машинаның жанында тұр, бетін сүртіп жатып, әлдене деп

айқайлайды, Хадишаға жұдырығын түйеді. Ал Хадиша болса жлодан шыға

сала,   бозға   қарай   жүгіріп   барады.   Сол   жүгірген   бойы   барды   да   етпетінен

құлай   кетті.   Басын   қос   қолдап   ұстап   алған.   Олардың   арасында   не   боп

қалғанын бідмейім. Бірақ қарадай тынышсызданып аяп кеттім. Хадишаны.

Әлденеге өзімді кінәлі сезінгендей болдым. Бірақ Әселге ештеңе айтпадым.

Қуанған көңілін бұзбайын дедім.

Бір апта өткен сңо аралық базадағы бұрын семьясымен Әлібек тұрған

үйге кірдік.

Үйіміз   аядай   ғана:   сенегі   мен   екі   бөлме.   Сондай   бірнеше   үй   бар.

Бәрінде де үйлі-баранды шоферлар, бензин құюшы пункттің жұмысшылары

тұрады.   Үйдің   тұрған   жері  жақсы-ақ,   жолдың  дәл   жиегінде.   Нарыннан   да

алыс емес. Қайткенмен, облыс орталығы ғой. Киноға, магазинге барып тұруға

болады,   емханасы   да   бар...   оның   үстіне   аралық   аза   нағыз   жерорта.   Біз

көбінесе   Рыбачье   мен   Синьцзяньнің   арасында   жүріп   тұрамыз.   Әрлі-берлі

жүргенде үйге түсіп дамыллдауға, қоналқаға қалуға болады. Мен күн сайын

дерлік үйде болып жүрдім. Тіпті жолда бөгеліп қалсам да, түнделетіп үйге

жетем. Әселдің әрдайым тынышы кетіп, күтіп отырғаны, мен келгенше көз

ілмейді.

Үй ішіне керек оны-мұнының басын құрып алдық. Тұрмыс оңдалып

келе   жатты.   Әсел   жұмыс   істейді   деп   ұйғардық.   Ауылда   өскем,   жұмысқа

үйренгем деп өзі қоймады. Сөйтіп жүргенде, бағымызға арай ол жүкті болды.

Кейін   барып   білдік.   Әсел   босанатын   күні   Қытайдан   қайтып   келе   жатқам.

Тағат таппай асығып келем. Әсел Нарындағы әйелдер босанатын үйде еді.

Жетіп келсем – ұл туыпты! Қанша айтсам да, жібермей қойды Әселге. Сонда

да   мәзбін.   Машинаға   міндім   де   тау-таудың   арасымен   құйғыта   жөнелдім.

Өзіме-өзім ие бола алмай, зулатып келем машинаны. Қыстың күні болатын.



Айналам   құз-жартас,   қалың   қар.   Көзім   бұлдырап,   алдым   бірсе   еқараңдап,

біресе   ағараңдап   кетеді.   Долан   асуының   қиясына   шыға   келдім   құйғытып:

биік-ақ,   төменде   қалқып   бұлттар   жүр.   Аяқ   астындағы   таулар   ергежейлі

тәрізді. Жайшылықта  биік-биік  көрінетін.  Кабинадан  секіріп  түсіп, құлама

жардың жиегіне жетіп бардым. Кеуде кере дем алып, салдым кеп айқайға:

-

Ә-әй, асқар таулар! Ұлым бар менің, ұлым бар!



Тау сілкініп кеткендей боп көрінді. О да маған үн қосады, шатқалдарды

шарлап көпке дейін басылмады жаңғырық. 

Балақанның   атын   Самат   қойдық.   Өзім   қойдым   атын.   Ертелі-кеш

әңгімеміз, ертегіміз сол: Самат, Саматжан деп қоямыз. Ол болса күледі. Тісі

шықты. Тұңғышын көрген жас жұбайлардың халін біз де кештік басмыздан.

Тату-тәтті   тұрдық,   бір-бірімізді   сондай   сүйдік.   Ал   сонсоң,   сонсоң

барып қайнады менің сорым...

***


Бақытсыздыққа қалай тап болғанымды біле алар да емеспін. Бәрі де

асты-үстіне кеп, астан-кестен болды. Дегенмен өзім ептеп сеземін де, бірақ

одан келіп-кетері не, тәйір...

Ол адаммен өмір бойы кездескен емеспіз. О титтей де кінәлі емес. Бір-

бірімізді білген де емеспіз. Бір күні жол бойында ойда жоқта кездестік. Кейін

тағы да талай рет кездестіргенмізіді ол да, мен де білгем жоқ. Бар болғаны

сол ғана...

Қоңыр   күз.   Жол   жүріп   келем.   Күн   бұлыңғыр.   Жаңбыр   ма,   қар   ма   -

әйтеуір дымқыл, ұсақ бірдеңе қылаулап тұр. Тау қапталдары ұйлыққан тұман.

Жол бойы әйнек тазалағышта тыным жоқ. Әйнек терши береді. Тау ішіне

сұғына кіріп, Долан асуына таяп қалғам.

Әй, Долан, Долан-ай, Тянь-Шаньның асу бермес алыбы ғой ол. Ненің

куәсі   болмады   ол   мен   үшін!   Жолдың   ең   бір   қиын,   ұрымтал   тұсы.   Жол

жыланша ирелеңдеп жатыр. Барған сайын биіктей береді. Екі жағы құлама

жар.   Шырқап   көкке   шығарсың,   бұлт   дегенің   тапталып   доңғалақ   астында

жатады.


Біресе орындыққа жабысып, мықшиып қаласың, біресе құлдилап төмен

құлайсың, рульді ұстаған күйінде қатасың да қаласың. Ауа райы шабынған

бура сияқты. Доланға қысы-жазың бәрібір. Кенеттен бұршақ төгіп, жаңбыр

төпеп жүре береді немесе қар жауып, ақ түтек боран соғады, қарға адым жер

көрмейсің. Осындай біздің Долан қарт!.. Бірақ Тянь-Шаньда тұрған біздер

оған әбден үйреніп алғамыз. Талай рет жеті қараңғы түнде де өткеніміз бар...

тек   қазір   айтуға   оңай.   Онда   күні-түні   жұмыстасың.   Ойланып-толғанып

жатуға мұршаң жоқ. Доланға жақындай бере бір шатқалдың бойында жүк

машинасын қуып жеттім. Әлі есімде – ГАЗ-51 еді. Қуып жеткем жоқ-ау, ол бір

орында тапжылмай тұр екен. Екі бірдей адам мотормен әуре боп жүр. Біреуі

самарқау басып, жолға шықты да, қол көтерді. Мен жолда тұрмайын деп өтіп

барып тоқтадым. Үчтінде суға малшынған жалбағай брезент плащы бар кісі




менің   қасыма   келді.   Жасы   қырықты   алқымдап   қалған,   бурыл   мұртын

солдаттарша тікірейте қырған. Өңі тұжыраңқы, суық. Көзқарасы байсалды.

-

Жол  участогына  жеткізіп тасташы, жігітім, - дейді  маған. – Трактор



әкелейік десек, мотор от алмайды.

-

Қай участокке? – деп сұраймын. Өйткені, жол жөндейтін участок көп-ақ. Он



бес-жиырма шақырым сайын кездесіп отырады. 

-

Метеостанцияның бер жағындағы, Долан участогына. 



Метеостанция асудың нақ биігінде, ал жол участогы жеті шақырымдай

берірек, жолдан аға беріс құлама қабақта. 

-

Мініңдер, апарып тастайын, - басқа бір ой сап етті, - өзіміз ештеңе жасай



алмаймыз ба? – дедім де кабинадан жерге түстім. Қас қарайғанша трактормен

әуре   боп   жүре   ме,   көмектесейін   деп   ойладым.   Тіпті   жолаушыларды   да

қадірлеу керек қой: олар бізге бола тыным көрмейді. 

-

Не істей қоярмын деп ең, ештеңе де шықпайды, - деді шофер ұнжырғасы



түсіп. Қақпақты жаба салды. Бишара бала әбден тоңып, көгеріп кеткен. Біздің

жақтікі емес, астанадан келгені көрініп тұр. Алақтап қарай береді. Фрунзеден

участокке бірдеңе әкеле жатса керек. Не істесем екен деп тұрмын. Бір аусар

ой сап ете түсті. Асуға бір қарап алдым. Аспан түнеріп, қарауытып тұр екен,

бұлт   та   жер   бауырлап   төмен   шөккен.   Әйтсе   де,   тәуекел   дедім.   Керемет

бірдеңе   ойлап   таппасам   да,   соның   өзі   маған   дәл   со   шақта   ғаламат   болып

көрінді. 

-

Тормозыңның жөні түзу ме? – деп сұраймын шофердан.



-

Сөз болғаныңа... тормозсыз жүр деп пе ең! Бәле моторда деп тұрғам жоқ па

саған...

-

Трос бар ма?



-

Қайтейін деп ең, ал – бар!

-

Әпкел мұнда, тірке тез.



Олар сенімсіздене қарады маған. Орындарынан қозғалар емес. 

-

Немене, жынданғанбысың өзің? – деді шофер естілер-естілмес. 



Менің мінезім белгілі. Жақсы ма, жаман ба – білмейім: басыма бір ой

келсе болды, тыным көрмейім. Өліп кетуге бармын, бірақ дегеніме жетпей

қоймаймын.шоферға жатып кеп жалындым. 

-

Тыңда   сөзді,   достым,   тіркей   қойсайшы!   Міне   антым,   міне   иманым,



қайтсем де сүйреп жеткізем!

-

Жайыңа тұр! – деді қолын сермеп. – Немене, бұл жерде тіркеуге алуға



болмайтынын   білмеуші   ме   ең   сен.   Тіпті   ойыма   да   кіріп   шықпайды.

Тайып тұр, жөніңе!..

-

Өй, есек, қорқақ неме! – Бұрылып жүре бердім. – кеттік! – деп жол



жөндеушіні шақырып алдым. Ол расында да жол жөндеуші боп шықты.

Оны мен кейін барып білдім.

-

Тоқтай тұр! – деп маған бір қарады да, шоферға:



-

Тросты әкелші, - деді. Шофердың есі шығып кетті:

-

Сіз – жауап беретін. Машина сіздің қарауыңызда Байтемір-әке, - деді. 



Жол жөндеуші бір-ақ қайырды:

-

Бәріміз де жауап береміз.




Маған   мұнысы   ұнады.   Мұндай   адамды   салғаннан-ақ   сылап   жүре

бересің.


Екі   машинаны   тіркестіріп   ап   жүріп   кеттік.   Алғашқыда   бәрі   де   жап-

жақсы-ақ   еді.   Ал   Доланға   барған   соң   жол   жоғары   өрлейді.   Екі   жағың

шыңырау.   Кейде   құлдилап   төмен   құлайды   жол.   Мотор   ышқына   өкіреді.

Құлақты шуылдатып, мең-зең қылады. «Жоқ, жоқ, соңғы тамшы күшіңе дейін

сығып алам» деп қоям. Доланда қанша жол ауыр болса да, моторда аздаған

артық   күш   қалатынын   бұрын   да   сезуші   едім.   Өйткені,   жүк   тиегенде

сақтанып, тая соғып, норманың жетпіс процентін ғана тиейтін. Бұйрық солай.

Ол шақта мұның бәрін ойлап жатуға мұрша жоқ. Жарысқа түскен жүйріктей,

бойымды бір долы күш билеп кетті. Қайтсем де дегеніме жетіп тынбақпын.

Аналарға қол ұшын беріп, машинасын жеткізіп тастасам дегеннен басқа ой

жоқ. Бірақ бұл оңайға соқпады. 

Астымдағы машина ышқынып, қалш-қалш етеді. Әйнекке лайсаң қар

жабысып алған, тазалағыш зорға деп қана ысырып түсіреді. Әлдеқайдан бұлт

қаптап,   доңғалаққа   оралады,   будақтап   алдыңды   орайды.   Жлдың   құлама,

шұғыл бұрылыстары тап болады. Іштей өзімді сыбап келем: осыны қайдан

басыма тілеп алдым, қасымдағыларды жазым қылмасам жарар еді деп ойлап

қоям.   машинадан   бетер   өзім   баттым   азапқа.   Киім   біткенді   сыпырып

тастадым.   Малақай   да,   фуфайка   да,   пенжек   те,   свитер   де   қалды   жайына.

Көйлекшең  ғанамын. Моншаға  түскендей  бусанып келем. Оңай  ма:  тіркеп

алған   машинаның   салмағы   қанша.   Дес   бергенде   Бәйтемір   табалдырықта

тұрып   ап,   бізге   жөн   сілтеп   отырды.   Маған   дауыстап   қояды   да,   анаған

қолымен белгі береді. Жолдың иірімдеріне кеп мықшаңдағанда қолды бір-ақ

сілтер   ме   екен   деп   ойладым.   Бірақ   ол   қас   қағар,   міз   бағар   емес.   Ұшар

бүркіттей   қомданып   алған.   Кабинаға   шеңгелін   қадап,   айырылар   емес.

Қарасам,   өңі   байсалды,   тастан   қашап   жасағандай.   Бетін,   мұртын   жуып

сорғалап су ағады. Сонда да көңілді.

Алдымызда енді бір ғана өр бар. Содан ассаң болды. Сол сіт Байтемір

терезеден басын сұғып:

-

Байқа, алдымызда машина! Оңға қарай бас, - деді.



Оңға қарай бұрылыңқырай жүрдім. Таудан жүк машинасы түсіп келеді.

Жантайдың машинасы! Жантай болса айтып қояды. Содан соң жол жүрісінің

қауіпсіздігін қадағалайтын инженер сыбағамды беретін болар деген ой сап

ете түсті. Ол жақындап келіп қалды. Рульге жабысып алған. Төмен сырғып

келеді,   сүзе   қарайды.   Арамыз   қол   ұсыным   жер   ғана.   Қатарласа   бергенде

Жантай терезеден жалт етіп, ыршып түсті, қызыл түлкі малақай киген басын

қазымырлана шайқады. «Мейлі, - дедім ішімнен, - жанына жақса, айта бер

аузыңа келгенді».

Өрге шықтық, төменде құлама сай, оның әрі жол жазық. Содан асудың

ең беліне жақындай бере жол участоктың усадьбасына қарай бұрылады. Мен

де соған түстім. Әрең дегенде сүйреп жеттім-ау әйтеуір! Моторды сөндірдім,

құлағым ештеңе естімейді. Керең боп қалыппын. Өзім емес, табиғат мылқау

боп   қалғандай.   Құлаққа   ұрған   танадай,   меңіреу   үнсіздік,   Бәйтемір   секіріп

жерге   түскенде   барып   қана   естідім.   Кабинадан   сүйретіліп   шығып,




табалдырыққа   отыра   кеттім.   Әлім   құрып,   тұншығып   барам.   Оның   үстіне,

асуда   ауа   сирек   қой.   Бәйтемір   жүгіріп   кеп   үстіме   фуфайка   жауып,   басым

малақай кигізіп жатыр. Ана машинадан сүріне басып шоферымыз келеді. Өңі

қашып   кеткен,   үндемейді.   Алдыме   кеп   жүрелеп   отыра   кетті   де,   сигарте

ұсынды. Сигарте алдым. Қолым дір-дір етеді. Бәріміз де темекі тартып, ес

жидық. Тағы да бір асау күш кернеп шыға келді бойымды. 

-

Е-һе, көрген шығарсың? – деп шоферды иықтан салып жіьердім. Ол отыра



кетті. Үшеуміз де ұшып түрегеп, бір-бірімізді арқадан, жауырыннан салып

жатырмыз. Өзіміз қуанып, есіре айқайлап, қарқылдап күліп жүрміз...

Ақыры сабамызға түсіп, тағы да темекі тарттық. Киініп са,атыма қарап,

асыға бастадым. 

-

Ал мен жүрейін!



Бәйтемір қабағын шытты. 

-

Жоқ, үйге кір, қонақ бол!



Менің зәредей де уақытым жоқ.

-

Рахмет! – дедім. – бірақ мұршам жоқ! Үйге жетіп алайын, әйелім күтіп



отырған шығар.

-

Қалсаң  қайтеді?  Бір  шыныны тастап  алармыз! –  деп  жаңа  танысқан



шофер досым да жік-жапар болып жатыр.

-

Қой!  –  деп  Бәйтемір  оның  сөзін   бөліп  жіберді.  –  Әйелі  болса  күтіп



отыр.

-

Атың кім?



-

Ілияс.


-

Тарта бер, Ілияс, жеткізіп тастадың, рақмет!

Бәйтемір табалдырықта тұрып мені жолға дейін ұзатып салды. Сон соң

үнсіз қолымды қысты да, секіріп түсті.

Тауға   шыға   беріп,   кабинаан   басымды   сұғып   қарасам,   Бәйтемір   жол

үстінде   әлі   тұр   екен.   Малақайын   қысып   ұстап   алған,   ойға   батып,   басын

салбыратып жіберген.

Бар болғаны осы. Сонымен қош айтыстық. 

Бірақ, бұл мен үшін тегіннен-тегін кетпеді. Суық тиіп қалған екен. Үйге

келген бетте байқай қоймап ем, апыл-құпыл тамақтандым. Әселге бар жайды

тәптіштеп айтқаным да жоқ. Тек жол бойында біреулерге қол ұшын берем деп

кешігіп қалдым дедім. Одан ештеңе жасырмайым. Бірақ сол к.нгіні несіне

айтып жатам дедім. Онсыз да әрдайым мені ойлап мазасы кетіп, зәре құты

қалмай отырғаны. Оның үсітне ондай азапқа енді қайтып жолай көрмеспін

деп ойладым. Бір рет бастан кештім, асумен де алысып көрдім. Осы да жетер.

Бұл ойды ертеңіне-ақ ұмытып кетер ме едім – бірақ қайтып келе жатқанда

қалпақтай ұшпасым бар ма. Үйге жан дәрмен күй жеттім де, жатып қалдым.

Есімді   білмейім.   Көз   алдым   бұлдырай   берді.   Долан   асуын   өрлеп   тіркеуді

машинаны сүйреп келе жатқан тәрізді болам. Боранның өзі ып-ыстық, аптап

бірдеңе.   Бет   шарпиды.   Әлім   құрып,   тынысым   тарылыр   барады.   Рульдің

дөңгелегі   мақтадан   жасалғандай.   Бұрасам   болды,   қолыма   жабысады   да

қалады.   Алдымдағы   асудың   шеті   де,   шегі   де   жоқ.   Радиаторы   шошайып,

жоғары   қарай   мықшыңдап   келеді   машина.   Өкіре   беріп,   құзға   қарай   құлап



түседі...   Сірә,   бұл   сырқаттың   асуы   болса   керек.   Сол   асудан   үшінші   күн

дегенде ғана барып астым. Оңала бастадым. Екі күн жаттым. Көңілім сергіп

қапты. Тұрайын десем, Әселдің жіберер түрі жоқ. Тұрғызбай тағы да екі күн

жатқызып қойды. Жүзіне қараймын да қайран болам: ауырған осы мен бе

әлде ол ма деймін? Соншама азап шегіп, танымастай боп өзгерген. Көзінің

алдына көк теңбіл түсіп, жүдеген. Үп деп жел соқса болды – құлайын деп

тұр. Қой бүйтіп болмас дедім. Ақымақ болуым жетер. Дем алсын да Әсел.

Төсектен тұрып, киіне бастадым.

-

Әсел! – деп шақырдым ақырын ғана. Балақанымыз ұйықтап жатқан. –



Көршілермен сөйлес, Саматты қалдырып кетейік, киноға барамыз!

Ол кірауаттың жанына жүгіріп кеп, мені жастыққа жығып сап, алғаш

рет көріп тұрғандай сүзіліп қарайды. Жыламайын десе де, кірпігі жасаурап,

ерні кемсеңдей береді. Кеудеме бетін басқан бойы солқылдап жылап жіберді. 

-

Не болды саған, Әсел? Не боп қалды? – деймін сасқалақтап. –Қайтушы ел,



аздап аурыпы тұрдым. Қайта, үйде сенің қасыңда болдым, Саматпен ойнап

мауқымды бастым. Баламыз еңбектейді, жүрейін деп жүр. Нағыз қызық кезі.

Тіпті, маған салса тағы да ептеп ауырып тұрғанды теріс көрмес ем! – деймінг

қалжыңдап.

-

Қойшы! Атай көрме! – деді Әсел жан даусы шығып. Кішкентай кіруатында



жатқан   баламыз   оянып   кетті.   Әсел   көтеріп   алып   келді.   Үшеуміз   кіруат

үстінде алысып ойнап, мәз-мейрам боп жатырмыз. Бала боп кеткендейміз.

Самат   аюдың   баласы   құсап   қорбиып,   әрлі-берлі   домалайды,   бізді   аймалап

қояды.


-

Қарашы,   рахат   емес   пе!   –   деймін.   –   Ал   сен?   Тоқтай   тұр,   көп   кешікпей

ауылдағы   сенің   қарттарыңа   да   барамыз.   Кешпей   көрсін.   Саматымыздың

қандай болғанын көрген соң айналып-толғанып, бәрін де ұмытып кетеді...

Расында да айыбымызды тартып, ауылға барып қайтсақ деген ойымыз

бар еді. Бірақ алдымен демалыс алу керек, жолға қамдану керек. Туысқан-

туған атаулының бас-басына бірдеңе алған жөн. Құр қол барғым келмейді. 

Сөйтіп жүргенде қыс түсіп кетті. Тянь-Шаньда қыс қаттығ қар жауып,

боран   борап   тұрады.   Тауда   көшкін   де   жиі-жті   болады.   Шоферлар   тыным

көрмейді. Жолшылардың көрген күні одан да қиын. Олар көшкінмен алысып

қара   тер   болады.   Қар   көшкіні   құлайды-ау   деген   қауіпті   тұстардың   қарын

алдын-ала құлатып, артынан тазалап жатқаны. Рас, сол жылы қыс онша қатты

болған  жоқ.  Әлде  мен  байқамадым ба  –  шофердың  асықпай,  алаң  болмай

жүретін   күні   бар   ма.   Оның   үстіне   күтпеген   жерден   автобазаға   қосымша

тапсырма жүктеледі. Шынын айтқанда, соны шығарып жүрген шоферлардың

өздері,   ең   алдымен   мен   өзім.   Сол   қадамым   қате   болды-ау   деп   қазір   де

өкінбеймін. Дұрыс жасадым. Бұл былай болған еді.

Бір күні кешқұрым автобазадан қайтып келе жатыр едім. Әсел маған бір

түйіншек беріп, Әлібек Жантуриннің әйеліне апарып таста деген. Жолшыбай

сонда соқтым. Әлібектің әйелі шықты. Түйіншекті беріп жатып:

-

Әлібек үйде ме ? – деп сұрадым.



-

Жоқ, әлі келген жоқ!

-

Ол қайда өзі, жолда ма еді?




-

Жоқ. Бүгін шыққан жоқ. Кейінге қалдырыпты. Жүгірумен жүр. Қытай

жұмысшыларынан автобазаға телеграмма келген дей ме.

-

Онда не боп қапты?



-

Заводтың керек-жарағын тезірек өткізіп беруді өтінсе керек.

-

Қандай   керек-жарақ?   Әлгі   салынып   жатқан   Синь-Цзянь   ауыл



шаруашылық машиналарының заводына ма?

-

Қайдам, Ілияс. Естірсің өзің. 



-

Ал Әлібектің өзі қайда қазір?

-

Қайдасы   несі?   Жүк   түсіретін   станцияда.   Жұрттың   бәрі   сонда.



Эшелондар келіп қалған дей ме.

Сонда тарттым. Жай-жапсарын әбден біліп алайын дедім. Жетіп келдім.

Жүк түсіретін станция көлдің жиегіне таман, шатқалда болатын. Бұл темір

жолдың ең шеткі станциясы. Үсті ылғи шаңға бөіп, мұнартады да тұрады.

Шатқалдан   қуалай   соққан   жел   діңгекке   ілінген   фонарьларды   шайқап,

шпалдардың   үстін   шаңдатып   кетеді.   Вагондарды   іріктеп   әрлі-берлі

паравоздар жүр. Жолдың ең шетінде жебесн созып кран тұр. Қаңылтырмен,

сыммен   орап   шындаған   жәшікетерді   платформадан   алып   тиеп   жатыр.

Қателеспеген   екем.   Бұл   –   Синьцзянға   баратын,   ауылшаруашылығы

машиналарын   жасайтын   заводқа   арналған   жүк.   Онда   үлкен   құрылыс

салынып жатыр. Кейбір керек-жарақтарды біз бұрын да апарғамыз.

Біздің автобазаның машиналары қаптап кетіпті. Бірақ, жүк тиеп жатқан

ешкім жоқ. Бәрі де әлденені күткендей. Қайсыбіреу кабинада, табалдырық

үстінде отыр, ал енді біреулер желден ықтап, жәшіктреге сүйеніп тұр. Сәлем

бердім. Ешкім де жөндеп жауап қатпады. Темекілерін будақтатып үнсіз отыр.

Шет жақта тұрған Әлібекті көріп, жағалап соған келдім.

-

Сәлем, Әлібек!



-

Сәлем.


-

Не боп жатыр мұнда? Телеграмма алды дей ме?

-

Ия. Заводты ертерек жүргізгілері келетін көрінеді. 



-

Оны неғыл дейді?

-

Бізге тіреліп тұрған жоқ па.



-

Я, ол белгілі ғой.

-

Жол бойына қанша жүкті үйіп тастағанын көрмей тұрмысың, тағы да әкеледі.



Қашан тауысамыз? Байқаймысың? Ал ана жақта бізді күтіп отыр. Үміт артып

отыр!.. әр күнің қымбат оларға.

-

Оны маған не ғыл дейсің! Менің қанша қатысым бар?



-

Со да сөз бе екен! Немене, басқа бір елден кеп тұрсың ба сен?әлде бізге

тапсырылған іс қандай екенін түсінбейсің бе?

-

Құдай   ақына,   жынданған   шығарсың!   –   деп   таңданып,   ығысып   шетке



шықтым.

Осы   тұста   үйілген   жәшіктердің   арасынан   әрқидлы   дауыстар   естіле

бастады. Біздің автобазаның бастығы Аманжолов келді. Етегін көлегейлеп,

темекісін тұтатып, бәрімізді бір щолып өтті. 




-

Хал осылай, жолдастар, - деді ол, - министрлікпен телефон арқылы сөйлесіп

көремін. Бәлкім олар жәрдем де берер. Бірақ оны малдану қиын. қайтерімізді

әзірге өзім де білмей тұрмын...

-

Бірдеңе ойлап таба қою қиын! – деді бір дауыс. – Жүк болса шомбал-шомбал



кесек. Кузовка екеу-үшеуден артық симайды. Ал күні-түні тасында да құдай

ақына көктемге дейін жетеді. 

-

Әңгіме сонда боп тұр ғой. – деді Аманжолов. – Бірақ тасып бітіруіміз керек.



Ал қазір үйді-үйлеріңе тарап, қабырғаларыңмен ақылдасып көріңдер!

Ол   газикке   мінді   де,   кетіп   қалды.   Біздің   жігіттердің   ешқайсысы   да

орындарынан қозғалмады. Омалып қалғандай. Бұрыш жақта қара көлекеде

отырған біреу өз-өзінен күжілдеді:

-

Түк те шықпайды! Ала қойдың терісі алты тонға жетер ме! Ертерек қам жеу



керек еді! – деп түрегеп темекісінің қалдығын сөндірді де, машинасына қарай

аяңдады.   Оны   тағы   біреу   қостады.   Бізде   әмен   осылай.   Жан   алқымға

таянғанда  - ай, айналып кетейін шоферлар, құтқара көріңдер деп жабысады!

Оған тарпа бас алғандар да бар:

-

Бұл – халықаралық іс. Ал сен болсаң, Ысмайыл, базардағы қатындарша



бажылдайсың!

Мен дауға араласпадым. Бірақ сол сәт ана жолы асуда машинаны тіркеп

алып   шыққаным   ойыма   сап   ете   түспесі   бар   ма.   Шыдамадым.   Қашанғы

әдетіме бағып қызараңдап шыға келдім. 

-

Бас   қатыратын   не   бар?   –   деймін   ортаға   жұлқынып   шығып.     –



Машиналарға тіркеу салу керек!

Ешкім   қыбыр   етпеді.   Кейбіреулер   тіпті   маған   көз   қиығын   да   салар

емес. Ақымақ адам не айтпайды деп тұрғандай. Жантай ғана шіңкілдеп қоя

берді.


-

Қарай гөр! – Мен оны даусынан таныдым.

Алақтап   жан-жағыма   қараймын.   Бәрін   бастан-аяқ   айтқым   келді.

Еңгезердей біреу жәшіктен түсті де, қолғабын қасындағы жігітке бере сап,

маған жетіп келді. Желкемнен ұстап, өзіне қарай тартып, тұмсық түйістіріп:

-

Ал, үрлеші! – деді.



-

Һа-а! – деп үрлеп жібердім бетіне.

-

Мас емес, сап сау! – Өңкиген неме таңданды да, жағамды босатып қоя



берді.

-

Онда   ақымақ   екен,   -   деді   жолдасы.   Екеуі   машиналарына   барып   мінді   де,



тартып отырды. Басқалар да кетпек боп түрегелісіп жатыр. Өмірімде бүйтіп

қор боп, мазаққа батып көрмеген шығармын. Ұяттан өртеніп барамын. 

-

Қайда кетіп барасыңдар, тоқтаңдар! – деймін шоферларлың арасына килігіп.



– мен рас айтам. Тіркеу салуға болады...

Мосқал жасты, байырғы шоферлардың біреуі ызаланып жаныма жетіп

келді:

-

Мен   осы   жерде   машина   жүргізе   бастағанда,   сен   жалаң   бұт   жүргенсің,



балақан. Ерігіп сауық құрар жерің – Тянь-Шань емес. Аяймын. Мазақ боп

қайтесің...




Жұрт күлісіп, тарай бастады. Сол-ақ екен, станцияны басыма көтеріп

айқайға бастым кеп:

-

Шофер емссіңдер, қатынсыңдар түге. – Сөйтіп басыма сор тілеп алдым.



Жұрт сәл аялдады да, тарпа бас салды маған. 

-

Немене, сен оңбаған неме! Қырайын деп пе едің!



-

Жаңашыл   неме!   Бәйгі   алайын   деген   ғой!   –   деп   шіңкілдеді   Жантай.

Жұрт у-шу боп жамырап, мені тықсыра-тықсыра жәшікке әкеп тіреді.

-

Мазағың ба!



-

Берші құлақ шекеден!

-

Боқмұрын!



Жүндей түтер деп ойлап, жерде жатқан тақтайға бас салдым.

-

Былай   тұрыңдар!   –   деп   ақырып   жіберді   біреу.   Жұрттың   бәрін   кейін



ығыстырды. Әлібек екен. 

-

Тынышталыңдар!   –   тағы   да   айқайлады.   –   Ал   сен,   Ілияс,   айтшы



дұрыстап! Шапшаң айт!

-

Айтатын несі бар! – дейім ентігіп. Ауыз ашқанша жұлынбай қалған



түймем   жоқ.   –   Асуда   бір   машинаны   жол   участогына   дейін   сүйреп

апарғам. Тіркеу салдым. Жүгі де бар еді. Сол.

Жігіттер сеніңкіремей үнсіз қалды.

-

Сөйтіп, сүйреп жеткіздің бе? – деді біреу күдіктеніп.



-

Ия, Доланнан өтіп, Усадьбаға дейін апардым.

-

Бәлесін қарай гөр! – деп таңданды бір дауыс. 



-

Соғып тұр өтірікті! – деді екінші біреу.

-

Өтірік айтып, ит боп кетті деп пе едіңдер? Жантай өз көзімен көрген. Әй,



Жантай, қайдасың? Айтшы! Қалай кездескеніміз есіңде ме...

Бірақ   Жантайда   үн   жоқ.   Жер   жұтып   қойғандай.   Ол   оңбағанды   мен

бостан босқа жек көріп жүр деймісің. Оны ешкім де елеп іздеген жоқ. Жұрт

дауласа   бастады.   Мені   жақтаушылар   да   табылды.   Бірақ   пәтуасыз   біреу

жұрттың бәрін сабындай айнытты:

-

Босқа әуре боп қайтесіңдер! – деп міңгірледі ол. – Біреу баяғыда сөйтті деп.



Не болмайды. Бала емеспіз. Шаға емеспіз. Біздің жолда тіркеумен жүруге

тыйым салынған. Ешкім де рұқсат ете алдмайды. Жол жүрісі қауіпсіздігінің

инженеріне айтып көр. Көкеңе көрістірсін. Саған бола ешкім де басын сота

байламайды... соза беретін не бар...

-

Қойшы осы сен! – деп біреу сөзге араласты. – Рұқсат етпейді дегені несі!



Мынау Иван Степанович отызыншы жылы бір жарым тонналық машинамен

асудан бірінші боп өткен. Оған ешкім де рұқсат еткен жоқ болатын. Әлі күнге

дейін тірі жүр ғой міне...

-

Солай   болғаны   бар-ды,   -   Иван   Степанович   қостады   оның   сөзін.   –   Бірақ



күмәнім бар. Бұл жерде тіркеумен ешкім жазды күні де жүріп көрген емес.

Ал қазір болса қылшылдаған қыс...

Манадан бері үнсіз тұрған Әлібек сөйлеп ала жөнелді:

-

Дауласып-дауласып болдық! Рас, тосын жағдай! Бірақ ойланып көру керек.



Бірақ,   Ілияс, сен айтқандай әкел де тірке, тартып жүре берем деудің жөні


бола қоймас. Аттың жалы, атанның қомында ештеме де бітпейді. Байыбына

барып ойланып, әзірленіп ап, сынға сосын түсу керек. Құр сөзің дәлел емес...

-

Дәлелдеп   шығам   !   –   дедім.   –   Сендер   бастарыңды   қатырып,   бал   ашып



болғанша   дәлелдеп   шығам   мен!   Сонда   барып   жетер   көздерің!   –   Жалт

бұрылып, машинама жетіп кеп, автобазаға тартып тұрдым.

Әркімнің бір мінезі бар. Сыр бермеген жақсы ғой. Бірақ қолдан келе

бере ме сол. Екі қолым рульде. Астымдағы машинаны да, алда жатқан жолды

да сезіп келе жатқам жоқ. Реніш пен өкініш, ашу-ыза билеп алған бойымды.

Ұзап   шыққан   сайын   зығырданым   қайнай   түсті.   Жо-жоқ,   көрсетермін

көресісін. Кісі сөзіне сенбеудің, сайқымазақ етудің, жай басып, жалтақтаудың

не екенін әлі-ақ көрсетермін мен! Әлібектің де жігіттігіне болайын: әзірлену,

сынау, ойланп-толғану керек деді-ау! Қашанда сол ақылдымсып, абай болып

жүргені! Пысқырмаймын да онысына. Дегеніме жетіп, жер қыламын бәрін

де!

Машинаны гаражға әкеп қоймас да, айналсоқтап кете алмадым. Сырт



көзге ашуым тарқаған сияқты көрінсе де, ішім астан кестен. Айтқанымның

ақиқат екенін қайтсем дәлелдеймін деген бір-ақ ой. Бастыққа барып, қанша

айтсаң   да,   дәлелдеп   бақсаң   да   –   сөзің   өтпейтіні   хақ!   Мұны   өзім   де

қаламадым. Шығар жол біреу ғана: тіркеу салып ап, асу қайдасың деп тартып

тұру. Қайткен күнде де осылай етуім керек. Бірақ маған тіркеуді кім берер.

Оны сүйретіп автобазадан Тянь-шаньға шығуға кімнен рұқсат аларсың?

Осы оймен гараждан шығып, ауланың ішін кезіп біраз жүрдім. Түннің

бір уағы. Тек диспетчер бөлмесінің терезесінен ғана жарық көрінеді.  Бөгеле

түсіп ойланып қалдым: диспетчер ше! Оның қолынан бәрі де келмей ме! Бәрі

де соның қолында. Асыға басып келем. Айтпақшы, бүгін онда Хадиша болуға

тиіс!   Тіпті   жақсы.   Ол   меселімді   қайтармас!   Қайтармауға   тиіс.   Қылмыс

жасайын деп жүрген мен жоқ. Ол менің жалпыға бірдей қажет пайдалы іс

тындырып шығуым үшін ғана жәрдем береді. 

Диспетчер   бөлмесіне   жақындап   келем.   Талайдан   бері   мұнда   бас

сұқпағаным, тек терезеден қарап қана кетіп жүргенім түсті есіме.

Бата   алмай   тұрып   қалдым.   Есік   ашылды.   Табалдырықтан   Хадиша

көрінді. 

-

Мен саған кеп ем, Хадиша! Орныңнан тапқаным жақсы болды-ау.



-

Кеткелі жатыр ем.

-

Жүр ендешен, үйіңе шейін ұзатып салайын.



Хадиша   таңырқап,   қасын   керіп,   күмәндана   қарады.   Сонсоң   барып

күлімсіреді: 

-

Кеттік! 


Сыртқа шығып, көшеге қарай жүрдік. Дала қап-қараңғы. Көл жақтан

толқынның   шуылы   естіледі,   суық   жел   еседі.   Хадиша   қолтықтасып

келеді, желден ықтап жабыса түседі.

-

Суық па? – деймін.



-

Қасымда сен барда тоңушы ма ем! – дейді ол.




Тағы да бірдеңе айтқысы кеп оқтала берді де, үндемей қалды, бұрынғыдан

көрі   жабыса   түсті.   Алғашқыда   алып-ұшқан   жүрегім   басылып,   көңілім

сабасына түскендей:

-

Ертең сенің кезегің кезегің қай уақытта, Хадиша?



-

Екінші сменада.

-

Бір іс боп тұрғаны. Өте маңызды. Бәрі саған байланысты...



Жүріп келеміз. Мен оған айтып келем. Алғашқыда оның тіпті құлақ

асқысы да келмеді. Мен де қайтпадым. Бұрыштағы фонарьдың жарығына кеп

тоқтадық. Хадиша әрі-сәрі.

-

Әй, Ілияс-ай! – Ол менің көзіме үрейлене тура қарады. – Осыған босқа



әуре боп жүрсің ғой!

Айтқанымды қалт еткізбейтінін сезе қойдым. Қолынан ұстап тұрып:

-

Босқа емес! Сен маған! Бәрі де болады. Алғ келістік қой? – дедім.



Ол күрсінді:

-

Жарайды,   саған   не   амал   бар!   –   Басын   изеді.   Иығынан   қапсыра



құшақтап алдым:

-

Жігіт боп тусаң нетті, Хадиша! Ал, ертеңге дейін! – Қолын қаттырақ



қыстым: - Кешке таман қағаздың бәрін даярлап қой, түсіндің бе?

-

Асықпа!   - деді ол. Қолымды жіберер емес. Сөйтті де жалт бұрылып



теріс қарап кетті. – Кете бер ал... Жатақханаға барасың ғой?

-

Иә, Хадиша!



-

Жақсы жатып, жайлы тұр!

Келесі   күні   техникалық   байқау   болды.   Жұрттың   бәрі   әуре-сарсаң,

әбігер: осы бір инспекторлары құрғырлардың ойда жоқта салып ұрып жетіп

кеп, бәле іздеп, акт жасап жптқаны қашанда. Қаншама әлекке салып, әуре

қылады   кісіні.   бірақ   өздерінің   қаперінде   ештеңе   жоқ.   Жоспар   бойынша

автобазаны   техникалық   тексеруден   өткізуі   керек   екен.   Сол   жұмыспен

жүргендері. 

Машинамнан мін табар деп қорыққам жоқ. Бірақ жөндеу жасап жүрген

адамдай   оқйастап   жоламадым.   Хадиша   келгенше   уақыт   өткізіп,

сылтауратқым келді. Менімен тіл қатысқан ешкім жоқ, кешегі оқиғаны еске

түсірген де ешкім болған жоқ. Ия, жұрттың маған қарауға мұршасы да келмей

жатыр. Бәрі де қарбалас, техникалық байқаудан тезірек өтіп, жолға шығуға

асығады. Әйтсе де көңіл құрғыр қаяулы.

Мен техникалық байқаудан түс ауа барып өттім. Инспекторлар кетіп

қалды. Жан жоқ, тым-тырыс. Ауланың төбесі ашық түкпірінде тіркеулер тұр.

Оларды ара тұра жазық жолмен жүк тасуға пайдаланатын.тіркеулер тұрған

жерге қалай өтуді де ойлап қойдым. Ең шеткі тұрғанын алсам дейім. Төрт

доңғалағы, кузовы бар кәдімгі арба. Бар болғаны сол ғана. Ал менің соған

бола әлекке түсіп жүргенім мынау... Алда не күтіп тұрғанын о кезде біліппін

бе. Көңілім орнына түсіп, жатақханаға қайттым. Жақсылап тамақтанып әрі

бірер сағат көз шырымын алып алу керек. Сапар өте қиын. Бірақ көзім ілінер

емес, дөңбекшіп жатырмын. Күн кешкірген соң автобазаға қарай тарттым.

Хадиша сонда екен.бәрі дап-даяр. Үрейін алмайын деп ештеңе демедім.

Жолдаманы ала сап гаражға тарттым. Жүгіріп келе жатып: «Ал! Мықты бол



енді!»   деп   ойлап   қоям.   Машинаны   бұрып,   тіркеудің   жданына   әкелдім.

Моторды сәл баяулатып, сыртқа шығып, жан-жағыма көз салдым. Жан жоқ.

Жөндеу   шеберханасындағы   станоктың   дүрсілі,   келе   жатқан   толқынның

шуылы   ғана   естіледі.   Көк   әлемі   де   дамыл   тапандай.   Бірақ   жұлдыздар

көрінбейді. Қасымда бір қалыппен мотор ғана дүрсіл қақса, менің де жүрегім

қоса дүрсілдейді. Темекі тартқым келді, бірақ папиросты жұлып ап лақтырып

жібердім. Сонсоң...

Қақпа алдында күзетші тоқтатты:

-

Тоқта, қайда барасың?



-

Жүк тиеуге, ақсақал, - деймін сыр білдірмей. – пропуск мәнекей.

Шал қағазға үңіліп жатыр. Фонарьдың жарығында ештеңені ажыратар

емес.


-

Бөгемеңізғ ақсақал! – деймін шыдамсызданып. – Жұмыс күте ме!

Жүкті тез тиеп алдым. Кузовта екі бөлек жүк, тіркеуде екі бөлек жүк.

Сонымен   жолға   шықтым.   Сонда   барып   қана   тарттым   темеіні.   Жайласып

отырып   ап,  фарды   жағып,   газды   да   басып-басып   жібердім.   Жолды   басқан

қараңғылық   қалтырап,   үрікп   сала   берді.   Жол   бос,   бөгет   жоқ.   Ең   ұшқыр

жылдамдықпен салып келем. машина жеп-жеңіл жүйткиді, арттағы тіркеудің

тарсылы   да   жөнді   байқалмайды.   Рас,   бұрылыста   бүйірге   қарай   тартады,

рульге зорға деп қана ие болам. Әлі жаттықпағандікі ғой, етім үйреніп кетер

деп   ойлаймын.   «Қайдасың,   Долан!   Қайдасың,   Синьцзянь!»   -   деп   айғайға

басып-басып   ап,   атқа   шапқандай,   рульге   жабыса   тсүем.   Жолдың   жақсы

тұстарында   сілтеп-сілтеп   алған   жөн.   Түн   ортасын   дейін   Доланға   ілінсем

деймін.

Біраз жерге барып қалдым. Бірақ тау арасына енген соң байқап жүруге

тура келеді. Мотор іркілер емес. Өрге де оп-оңай, ойнаөтап шығып келем.

Бірақ төмен түсі қиын. Ойға қарай жүргенде тіркеу бұлғаңдап, тарсылдап,

машинаны   жолдан   тайдыра   береді.   Сәт   сайын   жылдамдықты   өзгертіп,

баяулай түсіп, рульмен алысып келем. Алғаг ойымда түк жоқ, маңғаз-ақ отыр

ем. Кейін шыдамым таусылып, мазам кете бастады. Жолда не көп – өр көп,

еңіс   көп.   Кім   санап   көрген.   Әйтсе   де   мойымадым.   Аздап   шаршағаным

болмаса,   қауіп   қылар   ештеңе   жоқ.   «Жә,   ештеңе   етпес!»   деп   өзімді   өзім

жұбатып қоям. – Асудың алдында дем алып алармын. Бір жөні болар. Анада

күзде машинаны сүйреп әкелу бұл жолғыдан неге жеңіл болғаны ойыма да

келген жоқ. 

Долан   жақын   қалды.   Фардың   сәулесі   құздың   қараңғы   шатқалдарын

тіміскілеп   келеді.   Жол   үстіне   төнген   жартастар   қардан   айдар   тағынған.

Фардың жарығында ұлпа қар қыламықтайды. «Жоғарғы ждақтан жел тұрған

шығар» деп ойладым. Ұлпа ар әйнекке жабысып, төмен сырғиды. Қар жауып

тұр екен. Қалың жаумаса да, жабысқақ жылмық қар. «Енді керегі осы ма

еді!..» - деймін тістеніп. Тазалағыш әйнекті ысқылай бастады.

Асудың шаншыла біткен қиясы. Мотор үйреншікті әніне басты. Көзге

түртсе көргісіз қараңғыда жол бойында құртша қыбырлап, ызыңдап келеді.

Ақыры қияға да шықтым. Енді төмен қарай ойыстаған ұзақ жол. Мотор даусы

да өзгеріп, бәсеңси бастады. Машина төмен беттеді. Әрлі-берлі соғып келеді.




Сезіп келем: артымлағы тіркеу де бір бәле болды, баса көктеп кеп, машинаға

соғылады.   Жалғаған   жердегі   металл   шақыр-шұқыр   етеді.   Өзімнің   де   ту

сыртымнан   кеп   соққандай   боп,   қарымда   қалш-қалш   еткізеді.   Доңғалақ

тормозға бой берер емес. Жылмық қармен тқмен сырғиды. Машина екпінімен

құлдилап келеді. Тұла бойы дір-дір етіп зіркілдейді. Руль де икемге көнер

емес. Машина жолдан шығып, көлденең тартты. Сол сәт рульді қатты бұрып

жіберіп,   зорға   деп   тоқтаттым.   Одан   әріге   дәрменім   жоқ.   Фарды   өшіріп,

моторды сөндірдім. Қолым қатып қалған. Жаны жоқ тәрізді, сылқ ете түсті.

Орындықта   шалқайған   бойы   қатып   қалыппын.   Қырылдап   дем   алып

жатқанымды   сеземін.   Бірнеше   минут   бойы   тыпыр   етпестен   отырдым   да

қойдым. «Уһ» деп дем алып, темекі тарттым. Айналам – түн-түнек, меңіреу

тыныштық,   кабинаның   саңылауынан   ызыңдап   жел   ысқырады.   Енді   не

боларын   ойлауға   жүрегім   дауалар   емес.   Бұдан   әрі   тағы   да   жоғары-төмен

ирелеңдеп жол кетеді. Мотордың да, қолдың да соры. Тау бөктеріне жеткенше

тыным   жоқ.   Біресе   жоғары   өрлеп,   біресе   төмен   сырғып,   әрлі-берлі

мықшыңдап жатқаның. Қайта-қайта сөйтесің...

Бірақ ойланып жатуға мұрша жоқ, қардың төпеп жатқаны мынау.

Моторды   от   алдырдым.   Машина   ышқына   өкіріп   жоғары   өрледі.

Тістеніп ап. Бір иірімнен бір иірімге асып келемін. Ақыры иірім де бітті-ау.

Алдымда құлама ой, одан әрі участокке дейін жазық жол. Содан соң барып

асудың соңғы қиясы. Зорға деп төмен түстім. Төрт шақырымдай тура, жазық

жолмен қатты жүріп барып, екпініммен қияға қойып кеттім. Өрлеп келем,

өрлеп келем... Бірақ екпінім ұзаққа бармады. Құдай ұрып, машина митыңдай

бастады.   Екінші,   одан   соң   үшінші   жылдамдыққа   салдым.   Имиіп,   рульге

жабысып қаппын. Сейілген бұлт арасынан жұлдыздар шыға келді. Бірақ одан

әрі жылжи алатын емеспін. Доңғалақтар бір орында шыр айнаып, бүйірге

қарай алып кетті. Акселераторды аямай-ақ басып жатырмын. 

-

Тағы да! Тағы да аздап! Шыда! – деп айғайлаймын жан даусым шығып.



Ыңырана   ұлыған   мотор   дірілдеп,   қалшылдап   барып   үзілді   де,   сөніп

қалды. Машина төмен қарай сырғи жөнелді. Тормозды басып жатырмын. Ие

бола алмадым. Тіркеудің салмағымен машина әлі де сырғып келеді, сырғып

келеді.   Ақыры   жартасқа   соғып,   кілт   тоқтады.   Жым-жырт.   Есікті   жұлқып

ашып,   кабинадан   айналама   көз   салдым.   Құдай   ұрған   екен.   Тіркеу   жыраға

түсіп кеткен. Енді оны сүйреп шығара алмайсың. Есім шығып кетсе керек,

моторды оталдырып машинаны ілгері ырғыттым. Доңғалақтар шыр көбелек

айналып, машина бүктетіліп бүкіл денесімен қалш-қалш етеді. Бірақ қозғалар

емес.   Жолға   секіріп   түстім   де,   жүгіріп   тіркеуге   келдім.   Тіркеудің

доңғалақтары   батып   қалған.   Не   істеу   керек?   Ойымда   түк   жоқ,   ыза   буып,

тіркеуге   бас   салдым.   Қос   қолдап,   бар   денеммен   кеп   итерем   доңғалақты.

Содан   соң   иығымды   кузовтың   астына   төсеп,   құтырған   аңдайышқына   кеп

көтерем тағы. Басым айналып, көзім қарауытып кетті. Тіркеуді сүйреп жолға

түсірмекпін. Қайдан! Әлім құрып, жер бауырлап құлай кеттім. Қар аралас

балшықты   умаждап   жатырмын.   Ызаға   булығып   жылап   жібердім.   Ақырын

түрегеп, теңселе басып, машинаға барып, табалдырыққа отыра кеттім.




Алыстан   мотор   гүрілі   естілді.   Жылытылдаған   қос   от   қиядан   жазық

жолға қарай түсіп келеді. Ол шофердің кім екенін, жеті қараңғы түнде қайдан

жүргенін кім білген. Бірақ менде зәре құт қалмады. Сол от қуып жетіп, мені

ұстап алатындай. Ұрыша сасқалақтап, тіреудің жалғаған жеріне бассалдым.

Машина мен тіреуді қосқан сақинанаы жерге атып ұрдым. Секіпіп кабинаға

мініп, жолды өрлеп жоғары тарттым. Тіркеуді тастап кеттім. 

Әлдеқандай, бір түсініксіз үрей билеп алды бойымды. Арттағы машина

өкшелеп келіп қалғандай көрініп, құтырта айдаймын. Жол көкірегімде сайрап

жатқан соң ғана мерт болмадым-ау деймін. Тіпті екі көзім байлаулы болса да,

дәл солай жүріп өтер ем. 

Таң сібірлей аралық базаға келіп жеттім. Жынданған адамдай, келе сала

есікті сабалап жатырмын. Үсті-басым балшыққа батқан қалпында, Әселге де

қарамастан   үйге   кіріп   бардым.   Ыңқылдап   кеп,   жұмсақ,   дымқыл   бірдеңеге

отыра   кеттім.   Орындықтың   үстіндегі   үйілген   жуылған   кір   екен.   Папирос

іздеп қалтама қол салдым. Қолыма машинаны оталдыратын кілт түсе кетті.

Бар   пәрменіммен   лақтырып   кеп   жібердім.   Қалжырап   шаршаған,   лас-лас

қалпымда басымды салбыратып жіберіп қатып қалыппын. Отырған бойым,

еденнен   көз   алмайым.   Әсел   жалаң   аяқ.   Үйіріліп,   столдың   жанынан

шықпайды. Не дейін? Әсел еденде жатқан кілтті алып, столдың үстіне қойды.

-

Жуынасың ба? Кеше кештен бері су жылытып қойып отырмын, - деді



ақырын ғана. 

Ептеп қана басымды көтердім. Әсел жаураған қалпында қарсы алдымда

тұр. Үстінде іш көйлегі, нәп-нәзік қолдарын төсіне басқан. Үрейлі көздері

маған біртүрлі аяп, үздіге қарайды. 

-

Тіркеуді асуға тастап кеттім! – дедім бір түрлі суық, жат үнмен.



-

Тіркеуі несі? – деді ол түсінбей қап.

-

Кәдімгі жап-жасыл, темір тіркеу, 02-38! Бәрібір емес па қандай тіркеу



болса   да,     -   дедім   еліріп,   -   ұрлап   әкеткем   оны.   Түсінемісің?   Ұрлап

әкеткем!


Әсел «уһ» деп, кіруатқа отыра кетті:

-

Неге?



-

Негесі несі? – Түсінбегеніне ызам кеп кетті. – Тіркеумен асудан өтейін

деп едім. Түсіндің бе? Дегеніме жетіп, айтқанымды дәлелдеп шығайын

деп ем... масқара болдым ақыры!..

Бетімді   алақаныммен   жауып   алдым.   Біраз   уақыт   бойы   екеуміз   де

үндемедік. Әсел кенет ұшып түрегеп, киіне бастады.

-

Неғып отырсың? – деді ширақ үнмен.



-

Енді қайтем? – деп міңгірлеймін мен. 

-

Автобазаға қайтып бар. 



-

Не дейсің! Тіреусіз бе?

-

Барған соң бәрін де айтасың!



-

Саған   не   болған!   –   Ашу   қысып   орнымнан   тұрып   кеттім.   –   Қай   бетіммен

бармақпын тіркеуді сүйтретіп? Ғафу етіңдер, кешіре көріңдер, қателесіппін

демекпін бе! Аяғына жығылып жалынбақпын ба? Жоқ-жоқ! Ойына не келсе,

соны істесін! Мейлі!



Кіруатта   жатқан   ұлым   бақырған   дауысымнан   оянып   кетті.   Жылап

жатыр. Әсел қолына алып еді, бұрынғыдан бетер жылады. 

-

Қорқақа екенсің! – деді Әсел кенеттен. Ақырын айтса да, зілмен айтты.



-

Не-ме-не! – Есім шығып, жұдырығымды түйіп тұра ұмтылдым. Қол көтерсем

де, салып жіберуге батылым бармады. Әселдің бақырайған үрейлі көздеріне

көзім   түсіп   кетіп   сілейіп   тұрып   қалдым.   Оның   қарашығынан   өң-түс   жоқ,

үрейлі кейпімді көрдім өзімнің. Әселді жұлқа итеріп, есікті сарт еткізіп жаба

сап, сыртқа шықтым.

-

Аула жап-жарық екен. Күндізгі жарық көзге шағылып, басқа ұрды: кешегі



оқиға бұрынғыдан да бетер масқара, орны толмас өкініш боп елестеп кетті

көз алдыма.   Шығар жол біреу ғана сияқты: ең болмаса машинадағы жүкті

апарып тастау керек. Олан әрі не істерімді өзім де білмейім...

Қайтар жолда үйге де соқпадым. Әселмен ұрысқандықтан емес, әрине.

Онсыз да ызалы едім. Ешкімнің көзіне түскім де, ешкімді көргім де келмеді.

Басқаларды қайдам, мұндайда өзім оңаша қалғанды, қайғы-мұңымды жұрт

көзіне көрсетпеуді ұнатам. Жұрт қайтсін менің қайғымды? Қолыңнан келсе,

ашуың тарқап, өксігің басылғанша сыр берме...

Жолда жүргіншілердің үйіне қонып шықтым. Ұйқы емес, жатқан бір

қиямет. Түсімде тіркеуді іздеп, асуға барған екенмін деймін. Ізі жатыр, бірақ

тіркеу   жоқ.   Аласұрып   жүрмін.   Қайда   ғана   жоғалды,   кім   әкетті   тіркеуді

деймін? Қайтып келсем, құдай атқан тіркеу расында да сол жерде болмай

шықты. Ізі ғана жатыр. Алып кетіпті. Кейін барып білдім: тіркеуді автобазаға

Әлібек   сүйреп   алған   екен.тіркеудің   артынан   ертеңгісін   өзім   де   жеттім

автобазаға. Өңім қашып, қарайып кетіппін. Кабинаның жоғарғы жағындағы

айнаға көзім түсіп кетіп еді, өзімді-өзім танымай қалдым.

Автобаза   кәдімгі   қалпында,   шоферларға   тән   тіршілік.   Тек   мен   ғана

басқа жақтан келген жат біреудеймін. Қақпаға орағытып әрең келдім де, аула

ішіне   елеусіз   ғана   өттім.   Гараждан   аулағырақ,   түкпірегі   бұрышқа   барып

тоқтадым.   Кабинадан   да   бірден   шыға   қойғам   жоқ.   Алақтап   айналаға

қараймын. Жұрт жұмысын тастап, маған қарап қалыпты. Шіркін, қазір шыға

сап,   басың  ауған  жаққа  тартып  тұрсаң  ғой.   Бірақ  қайда   кетем.  Кабинадан

шығуға   тура   келді.   Бар   күшімді   жиып,   ауланы   көктей   өтіп,   диспетчер

бөлмесіне  қарай аяңдадым.  Аяқты  алшаң  басып,  байсалды  көрінгім келді.

Бірақ кінәлі болған адамдай тәлтіректей берем. Бәрі де ту сыртымнан ала

көздерімен   атып   тұрғанын   сезіп   келем.   Атымды   атап,   дауыстаған   да,

амандасқан да ешкім болған жоқ. Кім білдеі, олардың орнында болсам, мен

де сөйтер ме ем.

Табалдырыққа   жете   бере   сүрініп   кеттім.   Жүрегім   үзіліп   кеткендей

болды:   Хадиша   тіпті   ойымда   жоқ   екен-ау.   Ұятқа   батырдым-*ау   әбден.   Не

демекпін!

Коридорда   ентігімді   басып,   маңдайымның   терін   сүрттім.   Басымды

көтерсем, қарсы алдымда «Нажағай» атты қабырға газетіміздің плакаты тұр.

«Масқара» деп үлкен әріптермен жазыпты да, төменгі жағына тауда қалып

қойған тіркеудің суретін салыпты...



Бұрылып   кеттім.   Екі   бетім   дуылдап   барады.   Диспетчер   бөлмесіне

кірдім. Хадиша телефонмен әлдекімге жауап беріп жатыр екен. Мені көре

сап, әңгімесін доғарды да, трубканы іліп қойды. 

-

Мә! – деп қырсық боп тиген жолдаманы столға лақтырып жібердім.



Хадиша   мүсіркей   қарады.   Айқай   сап,   еңіреп   жібермесе   екен   деп

тұрмын. «Басқа жерде болса бір сәрі, дәл қазір жыламашы!» - дегендей мөлие

түстім. Менің ойымды ұқты да, ештеңе демеді.

-

Бақырып-шақырғандар болды ма? – деп жайлап қана сұраймын.



Хадиша басын изеді.

-

Оқасы жоқ! – дедім тістеніп. Хадишаны қайраттандырған түрім. 



-

Сені трассадан алып тастады, - дейді ол.

-

Алып тастады? Біржола ма? – Ызалы мысқыл қысып кетті.



-

Біржола   алып,   жөндеу   жұмысына   жіберейін   деп   еді...   жігіттер   ара   түсті...

Әзірге ішкі рейстерге ауыстырды. Бастыққа кіріп шық. Шақырып жатқан. 

-

Бармаймын! Миенсіз-ақ шеше бересін! Өкінерім жоқ!



Шығып кеттім. Салым суға кетіп, коридорды бойлап, сүйретіліп келем.

Біреу қарсы жүгірді. Жол беріп, бұрышщқа қарай аттадым. Әлібек екен. Қолы

май-май. Гараждан келе жатқан беті. Сыртымды беріп өтіп кетейін деп ем,

кес-кестеп тұрып алды.

-

Жоқ, тоқтай тұр! – деп мені бұрышқа қарай тықсыра түсті. Екі көзі



ішіп-жеп барады. Ызалы үні де ысылдап шығады:

-

Қалай   екен,   батырым?   Дәлелдеп   шықтың   ба?   Дәлелдедің   –   иттің



баласы. 

-

Бөтен ой болған жоқ қой, - деп мыңқылдаймын.



-

Өтірік айтып тұрсың!

-

Өтірік деймісің?



-

Дара шығып көзге түскің келді ғой. Шығардың атағыңды. Жап-жақсы істі

бүлдірдің. Тіркеумен жүруге болады деп дәлелдеп көр енді! Ақымақ! Даңғой

неме!


Бәлкім, бұл сөздкер басқа біреуді ойландырар ма еді, бірақ мен үшін

енді бәрібір. Дегеніңе жетіп, айтқаныңды орындап шығу енді қайда. Бұрын

өзім ғана қайғырып, азап шексем, жұрт көзіне жаманатты, жиіркенішті болу

қаншалықты   ауыр   екенін   сол   сәтте   ғана   сездім.олар   болса   мені   мақтан

сөйлегіш, атаққұмар даңғой біреу деп ойлайды. Тіпті де олай емес еді. Бірақ

амал не – болары болып қалды.

-

Былай   тұр!   –   деп   Әлібекті   ысырып   тастадым.   –   Сенсіз   де   жүрегім



айнып, жыным кеп тұр.

Дәлізге шықтым. Өткір, ызғырық жел ауа ішіндегі қарды шапшаңдатып

қояды. Жұрт маған жақтырмай қарап, бұрылып кетті. Не істесем екен? Тоңып

қатып   қалған   жұдырығымды   қалтама   сұға   сап,   сыртқа   қарай   аяңдадым.

Ойдым-ойдым   су   бетіне   қатқан   мұз   күтір-күтір   сынып,   төмен   басылады.

Аяғыма кеп бір бос қалбыр ілікті. Қақпадан асыра теуіп жіберіп, өім де солай

беттедім.



Күн   ұзаққа   көше-көшені   кезіп   жүрдім   де   қойдым.   Құлазып   қалған

призаньға   бардым.   Ыстықкөл   алай-түлей   долданып   жатыр,   жағадағы

баржалар шайқалып-шайқалып  кетеді. 

Содан   соң   кемешілердің   шайханасынан   бір-ақ   шығыппын.   Терезенің

түбінде   жалғыз   отыр   екем.   Алдымдағы   столдың   үстінде   арағы   орталап

ішілген   жарты   литрлік   шыны,   ішіне   басытқы   салынған   тарелка.   Алғашқы

стаканды   тартып   жіберіп,   есеңгіреп   кетіп,   ойсыз   күйде   төмен   қарап

қалыппын.   Мас   адамдардың   мағынасыз   сөздеріне,   көгілдір   ащы   түттінге

толы   осынау   шайхананың   іші   қандай   болса,   менің   көңілім   де   сондай

бұлыңғыр, буалдыр. Зәредей саңылау жоқ. 

-

Неменеге томсырып отырсың, жігітім! – дейді ойнақты, дағымды бір дауыс



үстіме төніп кеп. Зорға деп басымды көтердім. Қасымда Хадиша тұр.

-

Жалғыз болғасын іше алмай отырсың ба? – деп күлімсірей түсіп, жаныма



отыра кетті. – Қосылып ішейік ендеше!

Хадиша арақты екі стаканға бөліп құйып, маған ысырып қойды.

-

Ұста! – деді. Осында екеуміз бір қыдырып, арақ ішуге келгендей-ақ



жайнай түсіп, қылмыңдап қояды.

-

Неменеге жетісіп отырсың? – дедім ренжіп.



-

Қайғырып қайтем? Қасымда сен отырғанда төрт құбылам сай, Ілияс! Бұдан

көрі мықтырақ шығарсың деп ем. Е, не көрмедік біз жазған. – Сықылықтап

жақындаәц   түсті.   Стаканын   соғыстырып   қояды.   Назды   қара   көздерін   алар

емес менен. 

Ішіп салдық. Мен темекі тарттым. Үстімді басқан зіл сәл жеңілдегендей

болды: сол күні күн ұзаққа бірінщі рет езу тарттым.

-

Жарайсың Хадиша! – деп қолын қысып қоям.



Сол күні кеште Хадиша расында да тым ажарлы көрінді. 

Сыртқа шықтық. Қараңғы түсіп кетіпті. Көл жақтан ескен тентек жел

ағаштар   мен   фонарьларды   тербеп   қояды.   Жер   теңселіп   бара   жатқандай.

Хадиша   қолымнан   ұстап  демеп   келеді.  Біртүрлі  жанашырлықпен   жағамды

көтеріп қойды. 

-

Сенің алдыңда кінәләмән мен, Хадиша! – Оның алдындағы айыбымды да



сезгендей, оған разы да болғандаймын. – бірақ есіңде болсын, сні ешкім де

сөкпейді... Өзім берем жауапты...

-

Әлі-ақ   ұмытып   кетесің   оны,   жаным!   –   дейді   ол.   –   Қандай   мазасыз   едің...



Аласұрасың да жүресің, аяймын өзіңді. Бір кезде мен де сондай едім.  Өмір

шіркін   бір   қалыпта   тұра   ма.   Қызығы   болса,   көріп   қал...   тағдырмен   ойнап

қайтесің...

-

Әңгіме мұны қалай түсінуде. – Қарсылассам да ойланып қалдым. – Бәлкім,



сенің айтқаның дұрыс та болар...

Біз хадиша тұратын үйдің ығына кеп тоқтадық.

-

Міне, мен келіп те қалдым! – деді ол.



Кетейін десем де, бөгеле бердім. Айырылыса алмай тұрған сияқтымыз.

Шын   жанашырлық   білдіріп,   іші-бауырыңа   кіріп   тұрған   адамды   бірден

жалғыз қалдырып кету оңай ма. Жалғыз қалып, жатақханаға барудан өзім де



қорқатын   сияқтымын.   Шындық     қанша   жақсы   болғанымен,   кейде   тіпті

шамадан артық ащы болса, тая соға береді екенсің. 

-

Не ойлап тұрсың, жаным? – деп қиылады Хадиша. – Шаршадың ба,



алыссынып тұрсың ба?

-

Оқасы жоқ, бірдеңе ғып жетермін. Көріскенше.



Хадиша қолымнан ұстады:

-

Ішшай,   тоңып   қалыпсың   ғой!   Тоқтай   тұр,   жылытайын!   –   Қолымды



пальтосының ішіне тығып, төсіне құшырлана басты. Қолын қаға алмадым.

Оттай   күйдірген   ыстық,   ойнақы   назына   төтеп   бере   алар   емеспін.

Алақанымның   астында   жүрегі   лүп-лүп   соғады.   Аңсап   күткен   сағынышын

паш етіп тұрғандай. Мас болсам да, есімнен а йырыларлық   халде   емес   ем.

Хадишаның қолын жайлап қана ысырдым.

-

Кеткенің бе? – деді Хадиша.



-

Ия.


-

Хош бол онда! – Хадиша күрсініп жалт бұрылды да, қақпаға қарай тез-тез

басып жүріп кетті. Қараңғыда қақпа сарт етіп жабылды. Мен де бұрылып,

көшеге қарай аяңдай түсіп, тұрып қалдым. Қалай болғанын өзім де білмейім.

Жан ұшырып қақпаның жанына кеп қаппын. Қақпаны итеріп жіберіп, кіріп

барсам,   Хадиша   күтіп   тұр   екен.   Бассалып   мойныма   асылып,   құшырлана

құшақтап, ернімнен қайта-қайта сүйіп жатыр.

-

Келдің ғой! – деп сыбырлайды. Қолымнан алып үйіне қарай беттеді.



Түнде оянып кеттім. Қайда жатқанымды біразға дейін білмедім. Басым

мең-зең.   Екеуміз   бір   кіруатқа   қатар   түсіп   жатыр   екенбіз.   Жалағаш   денесі

жып-жылы боп, Хадиша бауырыма еніп кеткен. Бір қалыпты дем алған лебі

иығымды шарпиды. Ақырын тұрып кетпек болдым. Сәл ғана қозғалып ем.

Көзі жұмулы Хадиша бассалып құшақтап алды. Жұп-жұмыр тізесі қолыма

тиіп кетті.

Кете   алмадым.   Таң   ата   ғана   көзіміз   ілінді.   Біраз   ұйықтап   қаппыз.

Таңертең   бір-ақ   ояндық.   Тез   киініп   алдым.   Бір   түрлі   жат,   үрейлі   ызғар

жүрегімді шаншып барады. Шолақ тонымды іле сала, асығып үсігіп, аулаға

шықтым. Тонымның түймелерін сала жүріп, қақпадан да өттім. Алақтап жан-

жағыма қарасам, басында қызыл түлкі тымағы бар біреу дуалдың бұрышынан

бері шығып келеді. Атарға оғым болмады. Жұмысқа баруға шыққан Жантай

екен.   Сол   маңда   тұратын.   Екеуміз   де   сілейіп   тұрып   қалдық.   Сонсоң

байқамаған   боп   жалт   бұрылып,   автобазаға   қарай   тез-тез   басып   жөнелдім.

Жантай   оспақтап   жөтеліп   қойды.   Қарды   сықырлатып   жүріп   келеді.

Жақындап   та   кетпейді,   қалып   та   қоймайды.   Соның   өзінде   мені   табалап,

мұқатып,   айызы   қанып   келеді.   Автобазаға   жеткенше   солай   жүрдік   те

отырдық. 

Кіре берісте де көп аялдамадым. Гаражға соқпай, тіке кеңсеге тарттым.

Коридорда сәл дамылдап, өзіме-өзім келіп алуым керек екен. Ойыма келсеші.

Ертеңгісін   бес   минутқа   бәріміз   жиналатын   бас   инженердің   кабинеті.

Ішіндегілердің   гүжілдеген   дауыстары   еміс-еміс   естіледі.   Кіріп   барғым-ақ

келеді.   Бірақ   тая   соға   берем.   Шіркін   қазір   терезенің   алдында   аяғыңды

айқастырып   отырып   ап,   темекіні   құшырлана   сорғанға,   ара-тұра   көршіңе




бірдеңе деп қойып, ертеңгі тапсырманы тыңдағанға, шоферлардың болмашы

кикілжіңге бола зілсіз дауласып керіскенін естіп рахаттанғанға не жетсін. Кісі

осыны да қимай, аңсайды деп ойлаған жоқ ем. Шоферлар түгел жиналып

отырғанда  үстеріне  батып  кіре  алмадым.  Қорыққан  жоқпын.  Шыным. Тап

болған сәтсіздікке ашынудан туған дәрменсіз қарсылық, ашу-ыза кернеп кетті

бойымды.   Оның   үстіне   ойда   жоқта   Хадишамен   бірге   өткізген   түн   де

көңілімді   қобалжыта   берді.   Жұрттың     мені   ұмыта   қояр   түрі   жоқ   екен.

Іштегілер  менің жайымды  әңгімелеп жатыр.  Еміс-еміс дауысқа  алғашқыда

онша мән бермеп ем. Әлдекімнің ызалы үні тым ащы естілді:

-

Бұл   не   деген   бейбастық!   Сотқа   беру   керек.   Сендер   болсаңдар   әспеттей



бересіңдер оны. Осында біреу оның ниеті дұрыс еді деді-ау шімірікпей! Ал

сонда тіркеуді асудан тастап кеткенін қайтпексің!..

Басқа бір дауыс киіп кетті:

-

Дұрыс айтады! Көргеміз ондайдың талайын. Ақылының көбін. Автобазаны



адам қылдым деп даурығып атын шығармақ, бәйгі алмақ болған ғой. Дегеніне

жете алмады бірақ.

Жұрт   айтысып   жатыр.   Жарыса   сөйлеп,   керілдеген   дауыстар.   Кетіп

қалдым. Есіктің сыртында тың тыңдап тұрам ба сол! Жолдама алайын деп

диспетчер бөлмесіне бардым.

-

Қайда барам ? – деп сұрадым отырған қыздан.



Әзірге бұрынғы рейсте екем. Сәрі әлі бәр тоқтамға келмеген болу керек.

Коридорды   бойлап   кейін   қайттым.   Щоферлардың   топырлап   шығып

жатқанынын   сезіп,   жүрісімді   жылдамдата   түстім.   Әлі   керілдесіп   келеді.

Әлібек те жүріп келе жатып өршелен сөйлейді:

-

Ал   тіркеуге   керек   ториозды   өзіміздің   автобазада-ақ   жасап   аламыз.



Қиын түк те жоқ. Компрессорға шланг жалғап, қалыпа салуда тұрған не

бар? Ілияс па мына! Тоқтай тұр, Ілияс! – деп дауыстады.

Тоқтамай, гаражға қарай жүре бердім. Әлібек қуып жетіп иығымнан

жұлқып қалды:

-

Түу, құрысын! Зорға деп көндірдім-ау. Даярлана бер, Ілияс! Менімен



бірге барасың ғой. Байқап көреміз тіркеумен.

Жыным кеп кетті: жолы болмаған досыңа қол ұшын беріп, құтқарайын

деген   екенсің   ғой.   Қасына   қосып   алмақ!   Иығыма   салған   қолын   қағып

жібердім:

-

Тіркеуіңмен қоса жоғал!



-

Неменеге шала бүлініп тұрсың! Өзің ғой кінәлі! Әншейін айтып тұрғам жоқ

саған:   бірдеңе   ойлап   тапқан   тәріздіміз.жұрт   ақыл   қосты.   Сенің   тіркеуіңді

асудан сүйреп әкелгенім және бар... бірдеңе шығуға тиіс...

-

Өзің-ақ бара бер. Тиіспе маған. Жайыңа жүр.



-

Қой,   шырағым.   Ақымақ   болғаның   жетер.бастаған   істі   орта   жолда   аяқсыз

қалдырмақпыз ба. Ұмытып барады екем. Володька Шариев ештеңе демедң ме

саған?


-

Жоқ, көргем жоқ оны. Не боп қапты?

-

Не   боп   қалғаны   несі?   Қайда   жүрсің?   Екі   көзі   төрт   болып   Әсел   отыр.



Жігіттердің бәрінен сұрайтын көрінеді сені, оңай ма? Ал сен болсаң!..


Есеңгіреп   кеттім.   Ұяттан   өртеніп,   тынысым   тарылып   барады.   Өлсемші

одан   да,   Әлібек   болса   жеңімнен   тартып   тіркеуден   жайын   ба   әлде   басқа

бірдеңені ма – айтып  жатыр. Анадай жерде Жантай тұр. Екі құлағы бізде.

-

Кет!   –   деп   жұлып   алдым   қолымды.   –   неғыл   дейсің   осы   маған!   Бере   бер



сотыңа. Жетті енді! Тіркеуіңнің керегі жоқ, толайым! Біреудің қанжығасына

байланар мен емес, білдің бе?

Әлібек қабағын түйіп түксініп кетті:

-

Бастаған өзің. Енді ат-тоныңды ала қашпақсың ғой? Солай ма? 



-

Не десең, о де! – Бұрылып ап гаражға қарай жүре бердім.

Машинаның   қасына   келдім.   Қолым   дірілдей   береді.   Не   істерімді

білмейім.   Секіріп   машинаның   астындағы   шұңқырға   түстім.   Шұңөырдың

қабырғасына қаланған сұп-суық кірпішке маңдайымды бастым. 

-

Тыңдашы, Ілияс! – деп біреу құлағыма сыбыр етті.



Басымды   көтеріп   алсам,   кім   дейсің   ғой,   тоба!   Жантай.   Басында

малақай.


Шұңөырдың жиегіне саңырау құлақша жабысып отырып алған. Маған

қарап жымың-жымың етеді.

-

Сыбағасын бергенің дұрыс болды, Ілияс!



-

Кімнің?


-

Әлібектің  дейім.  Белсенді   неме  ғой.   Тіліне  тас  байланғандай  болды.

Жағы бірден қарысты. Әйтпесе, жаңашылмын деп.

-

Сенің жұмысың қанша?



-

Оның іші сезіп тұр ғой. Шоферларға тіркеудің керегі не тәйірі. Білеміз ғой:

біреу   норманы   ұлғайтып,   жүрісті   азайтса,   соған   теңел   деп   бәрімізге

діңкілдейді.   Қашықтық   пен   жүкке   төлейтін   ақшаны   да   азайтады.   Өз

қалтамызға өзіміз түсіп не бопты? Даңқ деген бір-ақ күндік. Ал содан соң

ше? Саған ренжіп жүрген біз жоқ. Осыңнан танба...

-

Біз   дегенің   кім?   –   деймін   ашуымды   әзер   басып.   Бойды   кернеген   ыза



тынысымды   тарылтып   барады:   -   Ана   жолы   менің   машинаны   сүйреп

апарғанды көргенде неге үндемегенің белгілі болды енді. Алыстан аңдаймын

дейсің ғой! Бірақ көз алдыңдағыдан басқаны көретін сен бе. Басқалар түк

білмейді дейсің ғой. Кімді ақымақ көресің?

-

Біз дегенің – өзің бе? – деп қайталап сұраймын.



-

Жалғыз мен ғана емес, - Жантайдың көзі жыпылықтап кетті.

-

Өтірік айтасың! Шірік неме! Саған ерегіскенде ә



-

Әдейі жүрем тіркеумен. Жаным шығып кетсе де сөйтем. Тайып тұр қазір.

Қолыма тағы да бір түсерсің!

-

Қой, әй, сен тіпті! – Жантай шап ете түсті. – Сенің де періште екеніңі білеміз



ғой... ойлан бірақ... Ал анадағы бар ғой. Көре бер қызығын дүниенің реті кеп

тұрғанда...

-

Бәлем, сен бе! – Жан даусым шығып айғайлап жібердім. Бар пәрменіммен



құлақ шекеден қойып кеп қалдым.

Шұңқырдың   жиегінде   отырған   бойы   шалқалап   барып   қалпақтай   ұшты.

Малақайы бір жақта қалды. Шұңқырдан мысықша ырғып шығып, бассалдым.



Жантай   жан   дәрмен   ұшып,   түрегеп   жалт   берді   де,   бүкіл   ауланы   басына

көтеріп, бақырып жіберді:

-

Бұзық неме! Бандит! Жұдырығыңнан қорқар деп пе ең сенің! Саған да бір



тосу бар шығар. Құтырып алған әбден. Ашуыңды менен алмақсың ғой...

Жұрт опыр-топыр жиналып қалды. Жүгіріп Әлібек те келді. 

-

Не боп қалды? Неге ұрасың оны?



-

Шындықты айттың деп! – Жантай сытылып шыға берді. – Көзіне айтқанға!

Тіркеуді ұрлап ап, асуға тастап кетеді де, адал көңілмен қол ұшын берген

адамның мұрнын бұзады. Атақтан құр қалды, қайтсын енді!

Әлібек енді маған төнді. Сұп-сұр боп кеткен. Ашу қысып түтігіп тұр:

-

Оңбаған!   –   Кеудемнен   итеріп   жіберді.   –   Асқан   екенсің.   Асудың   өшін



алмақсың ғой. Сенсіз  де күн көреміз. Батырсыз-ақ!.. – Үндемедім! Айтып

ұғындырарлық   дәрменім   жоқ.   Жантайдың   екі   жүзді   аярлығына   жыным

келгені   сонша,   тіпті   тілім   байланып   қалғандай.   Жодастырм   маған   ажырая

қарады. Ернінің қанын малақайымен сүртіп бақырып Жантай жүр.

Секіріп машинаға міндім де, автобазадан шығып тұра тарттым.

Жолда араққа сілейіп аддым. Мазам кетіп барады. Жаным жай табар емес.

Соңғы   күндері   бастан   кешкен   оқиғаларға,   өзіме   деген   ашу-ызаны   немен

тарқатсам екен. Әсел есіме түссе болды, жанымды қоярға жер таппаймын.

Жол бойындағы кішкентай бір дүкенге кіріп шықытым. Септігі  болмады.

Тағы да тоқтап, стаканды толтырып, тастап салдым. Сол сол-ақ екен – қарсы

кездескен машиналар мен жол жиегіндегі ағаштар, көпір атаулы бұлдырап

қала берлі артымда. Көңілденген сияқтымын. «Уһ, құрып қалсын бәрі де, -

деп   қоям,   -   Осы   маған   не   жетпейді.   Ұстаған   рульді   біл   де   жүре   бер.

Хадишаны несіне кінәлайсың: не істепті ол саған. Елдің қоры сол ма еді. Несі

кем? Жайраңдап тұрған жап-жас сұлу әйел. Сүйеді сені, тек шығарда жаны

басқа.   Сен   үшін   неге   болса   да   көнуге   бар.   Жаманатқа   қалай   қимақсың?

Онымен   бірге   болған   түнің   жаман   өтіп   пе   еді?   Жақсылықты   білмейтін

ақымақ!»


Кештетіп   үйге   келдім.   Теңселіп   табалдырықта   тұрып   қалдым.   Бір   жеңі

ғана киілген шлоақ тоным салбырап кеткен: кейде рульжі ұстапуға ыңғайлы

болсын   деп   оң   қолымды   босатып   қоюшы   ем.   Осы   әдетім   тас   лақтырып,

құлаш жарыстырған бала күнімнен бар болатын...

Әсел маған ұмтылды да, аң-таң боп, үрейлене тұрып қалды:

-

Не   болды   саған,   Ілияс?   –   Мән-жайға   содан   кейін   барып   түсінді.   –



Неғып тұрсың ал? Шаршадың ба, тоңған шығарсың? Шешінсейщі!

Ол шешіндірейін деп  ұмтылып еді,  ләм-мим демей  итеріп жібердім.

Ұялғаннан дөрекілікке басып жатырмын. Сүрініп-қабынып жүріп, бірдеңені

салдыр еткіздім де, орындыққа сылқ етіп отыра кеттім. 

-

Не болды саған, Ілияс! – Әсел жаныма кеп мастықтан кілгіріп кеткен



көзіме үрейлене үңілді.

-

Немене,  сен   білем  ғой   деймісің?   –   Басымды   салбыратып   жібердім:   тіктеп



қарай алар емеспін. Әсел қашан жасағанға шағынып, қарғап-сілер екен деп

отырмын. Не айтса да көнбекпін. Айқталар жайым жоқ! Бірақ Әсел тіпті үн

қатпады. Үй ішінде адам жоқ сияқты. Көз қиығын салып ем, терезе алдында



теріс қарап тұр екен. Жүзін көрмесем де, оның қайғырып тұрғанын, көзінде

жас барын анық сездім. Аяп кеттім. Жүрегім қысып барады. 

-

Әсел, білесің бе, саған айтайын деп ем. – Кібіртіктеп әрең бастадым. – Саған



айтқым келгені... – Үнім өшті. Тынысым тарылып барады. Шынымды айтуға

батылым жетпеді. Өңі түгіл түсіне де кірмеген нәрсені қайтіп қана айтармын.

Аяп кеттім. Бірақ бекер сөйттім. Өзімді-өзім көндіре алмадым сол бір сәт, -

сіздің   ауылға   жуырда   бара   алмайтын   шығармыз.   –   Әңгіменің   бетін   басқа

жаққа бұрдым. – Кейін, бір қалт еткенде. Қазір оған мұрша жоқ...

-

Жарайды. Солай-ақ болсын! Кейінірек барамыз. Асығатын түгі жоқ! – деді



Әсел. Көзін сүртіп, қасыма келді. – қазір оны ойлап басыңды қатырмай-ақ

қой, Ілияс. Өз жайыңды ойла одан да. Бір түрлі қызық боп кеттің өзің. Сені

танымай қалам, Ілияс...

-

Қой енді, жарар! – деп сөзін бөліп жібердім. Батылым жетпегеніне ызам кеп



кетті. – Шарщадым. Ұйқым келді.

Тағы   да   бір   жағынан   бірдеңе   деп   қойып,   өтірікке   белшемнен   батпай

тұрғанда ұйықтаған боп жатып қалу керек болды. Әсел ананы-мынаны сұрап

мазалаған  жоқ.  Ағынан  жарылып, бәрін  айтып  салуға  қанша  оқталсам  да,

дәтім барар емес. Әр нәрсенің уақыты бар екен ғой. Болған жайды Әселге

ешқашан айтпайтынымды мастығым айыққан соң барып қана білдім. Неге

екенін өзім де түсіне алмадым. 

Арада бір күн өтті. Қайтар жолда асудың сыртында Әлібек кездесті. Ол

тіркеумен келе жатыр екен. Доланды тізгіндеп алғаны ғой.

Мені көре сала, кабинаның оң жақ есігін ашып, қолын бұлғады. Мен де

жылдамдықты   азайттым.   Әлібек   жолдың   үстіне   шықты.   Көңілді.   Мәз-

мейрам.


-

Сәлем, Ілияс! Шық, темекі тартайық! – деп айғайлайды.

Өтіп барып тоқтамақ болдым. Әлібектің кабинасында рульді басқа бір

жап-жас   бала   ұстап   отыр.   Машинаның   доңғалақтарына   шынжыр   орап

тастаған. Тіркеуге пневматикалық тормоз орнатқан. Бірден байқадым. Қой,

тоқтар жайым жоқ. Шамыма тиіп кетті. Сенің қолыңнан келген екен. – құба-

құп, маған тисуші болма бірақ.

-

Тоқта,   тоқтай   тұр!   –   Әлібек   соңымнан   тұра   жүгірді.   –   Шаруа   бар   бір.



Тоқташы, Ілияс! Түу, шайтан-ай, не болды саған?.. Жарайды-ал, өзің біл...

Машинаны қаттырақ айдадым. Бақырып қайтесің. Не шаруаң болушы еді

менде!   Менің   шаруам   әлдеқашан   біткен.   Әлібек   жан   досым   еді.   Босқа

айырылдым. Оның айтқанының бәрі рас. Қазір біліп отырмын ғой. Бірақ ол

кезде өкпемді кешуге шамам жоқ еді. Мен қаншама азап шегіп, жүйкемді

құртып, қолымды жеткізе алмай жүргенде бәрін оп-оңай-ақ тындырды.

Әлібек байсалды, ойлы жігіт еді. Ол асуға мен құсап тентек боп жалғыз

басрмас еді. Әлібекте ондай мінез жоқ. Күштілігі де сол. Қасына жәрдемші

қосып ап дұрыс жасады. Шаршағанда ауысып отырады. Тың күш қойсын ба.

Мотормен,   жүректілікпенкүшпен   ғана   аласың   асуды.   Қасына   серік   қосып

алғасын Әлібек жүріс уақытын да екі есе азайтты. Ол соның бәрін ескері.

Машинаның копрессорымен жалғастырып, тіркеуге тормоз жасады. Кәдімгі

шыынжырды да бос қалдырмай, артқы доңғалақтарға орап тастады. Асуға ер



қаруы - бес қаруды сайлап ап тиісті ол. Даурығып құр қол барған жоқ. Сөйтіп,

Доланды басып, тіркеумен де жүре беретін болды жұрт.

Әлібектен соң басқалар да тіркеу қосып алды. Оңай болған жоқ. Бірақ нені

болсын ең алдымен бастау қиын ғой. Машина көбейді, көрші автобаза қол

ұшын берді. Бір жарым апта бойы Тянь-Шань жолында мотор гүрілі күні-түні

бір тынған жоқ. Қаншама қиын болса да, қытай жұмысшыларының тілегі дер

уақытында   орындалды.   Ұятты   болған   жопыз.   Солардың   ішінде   мен   де

бармын. Арада талай жыл өтіп, ыстық-суығы басылғасын айтып отырғаным

ғой. Әйтпесе о кездегі менің халімді айтпа. Аяқты шалыс басқан соң...

Асудың   сыртында   Әлібекке   кездескен   күні   автобазаға   кеш   қайттым.

Жатақханаға беттеп бара жатып, орталық көшеге бұрылып кетпесім бар ма.

Салып ұрып тағы да шайханаға бардым. Сол бір күндері есімнен танып мас

болғанша   ішкім   келе   берді.   Сөйтіп,   аз   уақытқа   болса   да   бәрін   ұмытып,

сілейіп   тұрып   ұйықтасам   дейім   де   тұрам.   Көп   іштім,   зорлап   іштім.   Бірақ

арақтың   түк   қызуы   болмады.   Шайханадан   бұрынғыдан   бетер   ренжіп,   ашу

қысып шықтым. Түннің бір уағында қала кезіп келемін. Тіпті ештеңені ойлап

жатпай-ақ, жағадағы көшеге бұрылып, Хадиша қайдасың деп тартып кеттім.

Ол да мені күтіп отыр екен. 

Сол   сол-ақ   екен.   Салып   ұрып   жетіп   барам.   Сөйтіп,   екі   бірдей   оттың

ортасына түстім. Күндіз жұмыстамын. Ал автобазада қалған күні кешкісін

бірден   Хадишаның   үйіне   тартам.   Өзімді   сол   жаққа   тартады   да   тұрады.

Хадишамен бірге болу жайлырақ, тынышырақ сияқты. Жұрт көзінен, ащы

шындықтан, өзімнен-өзім қашқанда сонда барып қана паналайтын, өзімнен-

өзім қашқанда сонда барып қана паналайтын тәріздімін. Хадиша мені сүйетін

де, ұғынатын да сияқты көрінеді. Үйге келсем болды, кетіп қалуға асығам.

Әселім, Әселжаным менің! Өзінің сезінгіштігі, рухани тазалығы жанымды

қоярға жер таптырмайтынын сезсе етті ол.   Сол мінезін көрген соң тезірек

кетіп қалуға сылтау  іздеймін. Оның қамқорлығына, өз басыңа лайық емес

екенін біле тұра   қайтіп қана қаларсың қасында. Үйге талай рет мас болып

келдім. Ал Әсел ренжігенін де білдірген жоқ. Бұл оның әлсіздігі, жасықтығы

ма,   әлде   адамға   сенгендігі   ,   қайраттылығы   ма   екен?   Әлі   күнге   дейін

түсінбеймін. Әрине, ол маған сенді, өзін-өзі тыяр, баяға қалпына түсіп адам

болар деп күтті. Одан да ол ұрсып*сөгіп, шынымды ақтарғызса етті. Бәлкім,

мені қинап жүрген тек жұмыстың ғана жайы емес екенін білсе, Әсел жауап

бер дер ме еді – кім білсін. Сол күндері менің қандай боп жүргенімді ол

білген  жоқ.  Мен  болсам  оны  аяп,  әңгімені күнде  ертеңге  қалдыра  бердім.

Сөйтіп, үй ішіміздің, махаббатымыздың, Әселімнің алдындағы күнәмді айта

алмай-ақ кеттім ақыры.

Соңғы рет Әсел мені қуанып, көңілді қарсы алды. Жүзі бал-бұл жанып,

көзі   жайнап,   жайраңдап   жүр.   Тонымды,   етігімді   шщешуге   мұрша   бермей,

сүйрелеп бөлмеге енгізді. 

-

Қарашы, Ілияс! Самат тәй тұрып жүр!



-

Қойшы, әй! Қайда өзі?

-

Әне, столдың астында.



-

Еңбектеп жүр ғой.




-

Қазір көресің! Ал, балам, тәй-тәй тұатыныңды көрсетші папаңа. Келе

ғой, Самат! Келе ,ой!

Не   айтып   тұрғанын   Самат   кәдімгідей   түсінген   сиқты.   Ол   столдың

астынан мәрә-сәра боп еңбектеп шықты да, кіруаттың жанына кеп тоқтады.

Сосын   кіруаттан   ұстап   зорға   деп   түрегелді.жымиып   қояды.   Кішкентай

аяқтары майысып біраз тұрды да, сол күлімсіреген бойда етпетінен еденге

құлай кетті. Жүгіріп барып, бассалып ұшақтап, қысып жатырмын кеудеме.

Емшектегі   баланың   жас   иісі   келеді   мұрныма.   Қандай   дейсіз   сол   иіс.

Әселжанымның өзінің иісі аумаған...

-

Тұншықтырып аларсың, байқа, Ілияс! – Әсел баланы қолына алды.  – Ал енді



не лер екенсің? Шешін. Әлі-ақ үп-үлкен жігіт болады. Мамасы да жұмысқа

тұрады. Бәрі де болады. Бәрі де орнына келеді... Солай емес пе, балам, ә ? Ал

сен болсаң... – Сол мұңды жүзбен маған күлімсірей қарады Әсел. Орындыққа

отыра кеттім. Со бір күндері жанын жеп, көңілінде жүрген ойдың бәрін осы

бір екі-ақ ауыз сөзбен айтып тастады. Тілек те, кінәлау да, үміт тебар еді сол

сөзде. Бәрін айтып*айтып кетіп қалсам ба деп бір тұрдым. Бірақ айтпай, жай

кеткеннің өзі жақсы. Әсел сол сәт сонщалықты бақытты еді. Ойында дәнеме

жоқ. Орындықтан түрегелдім.

-

Жүрем мен.



-

Қайда барасың? – Әсел шошып кетті. – Бүгін де қалмаймысың? Шай ішіп

кетсең болмаса.

-

Жоқ. Жүруім керек, - деп міңгірледім. – Өзің білесің ғой жұмыстың жайын...



Әрине, жұмысқа бола кеткем жоқ үйден. Жолға ертеңгісін шығуым керек

еді. Қараңғыда машинаны әзер тауып, бойымды билей алмай сылқ етіп отыра

кеттім.   Қасірет   оты   өртеп   барады.   Кілтті   сұға   алмай   біраз   әуре   болдым.

Жолға шығып, терезенің оттары көрінбей қалғанша жүре бердім. Көпірден

өтіп, сайға жеткен соң жолдан бұрылып, машинаны бір топ бұтаның арасына

жасырып,   фарды   өшірдім.   Сонда   түнеп   шығайын   дедім.   Папирос   алдым

қалтамнан. Қорапта бір тал сіріңке қалған екен. Шырт етіп жанды да сөніп

қалды. Қорап-морабымен, папиросына қоса лақтырып жібердім. Тонымның

жағасын көтеріп, аяғымды бауырыма ап, бүктеліп құлай кеттім орындыққа.

Қараутықан ызғарлы тау шыңдарына ай күңгірт сәуле төгеді. Шатқалды

қуалай соққан ызғырық кабинаның ашық тұрған есігін сықыр-сықыр еткізіп

қозғап   қояды.   Үй   ішімнен,   жолдастарымна,   барша   жұрттан   айырылып,

құлазып   жалғыз   қалғаным   кабинада   жатқанда   есімнен   бір   шықсайшы.

Сөзбұйдаға   сала   беріп   болмас.   Рейстен   автобазаға   қайтып   келісімен

Хадишаға мән-жайды бүкпей айтып, енді бәрін ұмыт деп кешірім сұрауға

бекіндім. Сөйтіп, адалына көшкен жөн.

Бірақ өмір өз дегінін істетеді. Бұлай болар деп ойлаппын ба. Арада бір күн

өтті. қайтып келсем, үйімде жан жоқ. Есік ашық, қаңырап тұр. Алғашында

Әсел   отын-суға   шығып   кеткен   шығар   деп   ойладым.   Алақтап   айналама

қараймын. Бөлменің іші ыбырсып шашылып жатыр. Иесіз үй сияқты азынап

тұр   –   жағылмаған   қара   пештен   ызғар   келеді.   Саматтың   кіруатына   жетіп

барсам, о да бос.




-

Әсел! – деп үрейлене сыбырлаймын. Қаңырап тұрған үй де «Әсел!» -   деп

күбірлегендей болады.

Жан ұшырып сыртқа шықтым.

-

Әсел! – деп бүкіл ауланы басыма көтере айқайлаймын. Ешкім үн қатпайды.



Жүгіріп   көршілерге   бардым,   бензоколонға   бардым.   Ешкім   жөнді   ештеңе

білмейді. Кеше баласын таныс біреулерге тастап, күн ұзаққа бір жаққа кетіп

еді, түнделетіп қайтып келген, үйде болатын десті. «Қой кетіп қалған ғой,

кетіп қалды!» - деген сұмдық ойдан тұла бойым тітіреп кетті.

Бақытсыздыққа   ұшыраған   дәл   со   бір   күнгідей   машинаны   тау-таудың

арасымен өмірімде мұнша қатты айдамаған шығармын. Сонау бір бұрылыста,

сонау бір шатқалда, әйтеуір жолшыбай Әселді қуып жететін сияқты болдым

да тұрдым. Қыранша самғап машиналардың бірінен соң бірін қуып жетіп, сәл

аялдай беріп кузовын, кабинаның ішін қарап өтем де, ілгері тартам тағы да.

Ауыздарына келгенін айтып шоферлар қалады. Сол бетімнен тоқтамастан үш

сағат бойы төпедім. Радиатордағы су қайнап кетті. Кабинадан қарғып шығып,

радиаторға   қар   шашып   жатырмын.   Ойға   түсіп   су   әкеп,   құйып   жіберд0ім.

Радиатордан   будақ-будақ   бу   шығады.екі   бүйірін   соғып,   болдырған   аттай

машина тұр. Рульге қолым тигенше болмады, тіркеумен қарсы келе жатқан

Әлібектің   машинасын   көзім   шалып   қалды.   Қуанып   кеттім.   Сөйлеспей,

амандаспай жүргеніміз рас. Бірақ Әсел сол үйде болса айтуы керек қой маған.

Жүгіріп жолдың үстіне шығып, қолымды көтердім:

-

Тоқта, тоқташы, Әлібек! Тоқтай тұр!



Руль ұстап отырған серігі қайтем дегендей Әлібеккке қарады. Әлібек

түсін суытыптеріс айналып кетті. Машина тоқтамай өте шықты. Үсті-басым

қар*қар   боп,   қолымды   көтерген   бойы   жол   үстінде   сілейіп   тұрып   қаппын.

Сосын   барып   бетімді   сүрттім   «Сыйға   –   сый,   сыраға   –   бал»   деген   осы.

Өкпелеп жатуға мұрша жоқ. Әсел Әлібектердікіне бармған болды. Мұнысы

тіпті қиын. Ауылына кеткен юолды ғой. Әйтпесе басқа бара жері жоқ. Өз

үйінің табалдырығын қайтіп аттады екен, не деді екен Әсел?

Аялдамай ауылға тарту керек.

Жүкті   түсірдім.   Бірақ   автобазаның   ауласына   кіргем   жоқ.   Машинаны

сыртқа тастап, документтерімді тапсырайын деп жүгіріп диспетчер бөлмесіне

бардым. Кіре берісте Жантайға соқтығып қалдым. Ештеңе демеді, жақтырмай

тыржиған бойы өте шықты.

Ентіге басып диспетчер бөлмесінің терезесінен басымды сұғып жіберіп

жолдаманы Хадишаның алдына тастай салдым. Маған бір түрлі таңырқай

қарады ол. Көзінде әлдеқандай өкініштің, үрейдің ьелгісі бар.

-

Алшы шапшаң! – дейиін.



-

Нге боп қалды?

-

Әсел үйде жоқ. Кетіп қалыпты.



-

Не деп тұрсың өзің? –Өңі қашып ұшып түрегелді Хадиша. Еріндерін тістеп

әзер –әзер сөйлейді. – Кешір, Ілияс, кешіре гөр, Ілияс! Мен едім, мен...

-

Менің   не?   Айтшы   жөндеп,   бәрін   айт!   –   Ішке   кірейін   деп   есікке   ақайр



ұмтылдым.


-

Қалай   боғанын   өзім   де   білмеймін.   Шынымды   айтам,   Ілияс.   Кеше   вахтер

терезені қағады, бір қыз кеп тұр, сені көргісі келеді дейді. Қызды мұнда кел

деп   шақырды   да,   өзі   кетіп   қалды.   Әсел   екенін   бірден   тани   кеттім.   Үнсіз

қадала қарап: «Рас па?» - деп сұрайды менен. Есім шығып кетті. «Ия, рас.

Бәрі де рас. Менімен бірге ол!» - деппін. Терезені сарт еткізіп жаба салды.

Стол үстіне сылқ ете түсіп еңіреп жатырмын. «Ілиясым менің, Ілиясым!» -

деп   қоям   ақымақ   басым.   Коридорды   бойлап   жүгіре   жөнелді   Әсел.   Сосын

қайтып көргем жоқ оны. .. Кешіре гөр.

-

Тоқташы, қайдан білген ол?



-

Жантайшы. Мені де қорқытып кетті келіп. Ол оңбағанның жайын білмеуші

ме ең!

-

Білем ! Осы жолы бір шынын айтқан екен.



-

Сен бар. Ілияс. Әселге бар. Тауып ал, араларыңа тікенек болмаспын енді.

Кетермін қарамды өшіріп...

Қысқы дала. Машина зырлап келеді. Қара қошқылданып сіресіп қалған

бозға түскен жол да тастай, қап-қатты. Күртіктердің үстімен сырығп ескен

жел   арықтарды   ішінде   жатқан   қаңбақтарды   әдһлдеқайда     қуалап   барады.

Алыста тау баурайында ауылдың жапырағы түсіп жалаңаш қалған бақтары,

дуалдары қарауытады.

Колхозға   кешқұрым   жеттім.   Өзіме   таныс   ауланың   жанына   тоқтап,

буынымды   бекітейін   деп   темекі   тарттым.   Темекінің   қалдығын   өшіріп,

машинаны   пепілдеттім.   Әселдің   орнына   шешесі   шықты.   Иығына   тон

жамылып адған. Есікті ашып, табалдырыққа түстім де, ақырын ғана:

-

Сәлематсыз бағ апа! – дедім.



-

Ә-ә, сен бе деің келген! – деді ашуға мініп. – Апа деуге аузың қалай барады?

Жоғал, көрінбе көзіме. Оңбаған, сыған, қаңғыбас неме! Балапанымның басын

айналдырып   ап,   кеп   т   ұрғанын   қарашы   енді!   Бақырайған   көзің   құрысын

ұяттан жұрдай болған! Қартайған шағымызда...

Кемпір   аузымды   аштырар   емес.   Аузына   келгенді   айтып   ұрсып   жатыр,

ұрсып жатыр. Айғай-ұйғай дауысқа көрші-қолаң, бала-шаға жинала бастады. 

-

Жоғал, жұртты жинамай тұрғанда! Кет солай масқара боп. Көрмегенім сен



болсын. – Ашулы ана төне түседі маған. Иығындағы тонын да жерге алып

ұрды.


-

Әй, сен  бар ғой, тайып тұр  аман күніңде! – деп қатулана гүжілдеді  біреу

шығар жолды нгұсқап.

Амалым құрып, рульге кеп жабыстым. Әселдің тіпті көргісі де келмесе,

кетпей   қайтем.   Таяқ   пен   тас   машинаға   сарт-сұрт   тиеді.   Балалардың   мені

ауылдан шығарып салған түрі. Неге өйтеді олар? Әлде кәрі кемпірді ренжітті,

тіл тигізді дей ме екен мені? Әлде бір бандит деп ойлай ма...

Сол түні көл жағасын ұзақ кездім. Ай нұрына елегізген көл тынши алмай

лөңбекшіп жатыр. Уа, Ыстықкөл, суынбас, салқын тартпас көлім менің! Сол

түні   сен   де   суық   ең,   сұсты   едің.   Аударылып   қалған   қайықтың   үстінде

отырмын. Қайранға соққан толқын етегімнің қонышын жалап кейін қайтады.

Ішін тартып, күрсініп қояды.

Біреу қасыма кеп, қолын иығыма ақырын ғана салды. Хадиша екен.



***

Бірнеше   күн   өткен   соң   Фрунзеге   кетіп   қалдық.   Анархай   даласынан

жайылым іздейтін экспедицияға жұмысөа тұрдық. Мен шофермын. Хадиша

жай жұмыс істейді. Жаңа өмірім осылай басталды менің. 

Эспедицияға еріп Анархайдың түкпіріне қарай, тіпті Балқаштың жиегіне

таман барып қаппыз. Одан да әрі кетсек, қайтып келмес те ем. Бәрінен қол

үзген соң біржола кеткеннің өзі тыныш қой. 

Құлазыған көңілімді алғашқыда жұмыспен басып жүрдім. Жұмыстан көп

нәрсе жоқ. Үш жарым жылдан астам уақыттың ішінде Анархайдың о жағына

бір шықтық. Қанша құдық қаздық, қаншама жол, қаншама база салдық. Тапа-

тал түсте адастырып, айлар бойы қаңғыртатын, жусанды даласы мен сансыз

төбелерінен   басқа   түгі   жоқ,   бұрынғы   Анархайың   емес   қазір.   Малшылар

жайлап алған. Мәдени орталықтары, үй-күйлері бар. Мал тұратын қоралар да

көп. Астық егіп пішен орады. Рас, Анархайда әлі де болса не көп – жұмыс

көп. Әсіресе біздің шофер ағайындарға жұмыс табылмаушы ма еді. Бірақ мен

кетіп қалдым.  Үйренбеген  жерді қиынсынған  жоқпын. Жолсыз даласынан,

бораны түтеген қысынан да қорққам жоқ. Оның бәрі уақытша ғана ғой. Адам

бір   жерге   тұрақтап,   үйреніп   алса   шөл   даланы   игеру   деген   не   тәйір.

Қиындықтан   қорқатын   Хадиша   екеуміз   бе.   Шынымды   айтсам,   жаман   да

тұрғанымыз жоқ. Бір-бірімізді сыйлаушы ек. Бірақ сыйластықтың жөні бір

бөлек,   махаббаттың   жөні   бір   бөлек   болады   ғой.   Тіпті   ерлі-зайыпты   екі

адамның   бірі   сүйіп,   екіншісі   сүймесе,   оның   несі   өмір.   Жұрттың   бәрі   мен

сияқты ма әлде мен солаймын ба, көңілім алаң болып, алабұрта берем. Істеп

жүрген жұмысың, дос-жарандарыңмен татулығың, өзіңді сүйген әйелге деген

ықыласың   мен   мейірің   де   көншітпейді   екен   көңілді.   Әселге   қайтып   бара

алмастай боп ат құйрығын бекер үзіп кеттім-ау деп өзімді-өзім іштей сөккелі

қашан. Ал Анархайда өткен соңғы жарты жылда Әселді де, баламда да тіпті

қатты сағындым. Хадишаның іші сезіп жүрді. Бірақ бір-бірімізді кінәлаған

емеспіз. Ақыры барып бірге тұра алмайтынымызға көзіміз жетті. 

Анархайда   көктем   ерте   шықты.   Қар   күрт   жұқарып,   төбелер   қалтиып,

күншуақта   көк   шыға   бастады.   Бойына   жылу   мен   ылғал   тартқан   жер   жан

бітіп, бусанып жатыр. Түнде ауа тазарып, жұлдыздар жиілей түседі. 

Мұнараның   қасындағы   шатырда   ек.   Әдеттегідей   ұйқы   қашып   кеткен.

Кенеттен әлдеқайда алыстан дала тыныштығын бұзып талып паровоз даусы

естілді. Бізге қалай жеткенін қайдам. Даланы кесіп өтетін қазақ темір жолы

жарты   күншілік   жер   болатын.   Әлде   маған   солай   көрінді   ме,   білмейім.

Жүрегім алып ұшып, әлдеқайда асығамын. 

-

Кетемін мен, Хадиша, - дедім.



-

Ия, Ілияс. Жөнімізді табайық, - деді ол да.

Біз   қош   айтыстық.   Хадиша   Солтүстік   Қазақстанға,   тыңға   тартты.

Бақытты қыла гөр, жасаған деп тіоеймін жолына қарап тұрып. Білмесе де,

өзхін  іздеп   жүрген   адамын  табар   Хадиша.   Соған   сенгім  келді.   Алғаш   рет

күйеуге   шыққанда   жолы   болмады.   Күйеуі   нашар   біреу   боп   шығыпты.




Менімен де дәм-тұзы жарасып кетпеді. Шын махаббаттың не екенін, өхзің

жарыңды   сүйіп,   жарың   өзіңді   сүйгені   не   екенін   білмесем,   бәлкім,   мен

онымен бірге тұра да берер ме едім, кім білсін.

Басқаша емес, неліктен дәл солай екенін түсіндіруден қиын не бар.

Хадишаны   полустанокқа   апарып,   поезға   мінгізіп   салдым.   Вагонмен

жарысып, бірталайға дейін жүгіріп барып қалдым. «Жолың болсын, Хадиша,

сөге жамандама!» - деп күбірлеймін осңғы рет.

Анархай   үстінде   оңтүстікке   бет   түзеп   тырнала   ұшып   барады.   Мен

болсам, Тянь-Шаньға кетіп барам.

***


Келген   бетте   ешқайда   аялдамастан   ауылға   тарттым.   Чемоданым

аудандағы   қонақ  үйде   қалды.   Машина   оп-оңай  кездесе   кетті.   Тау   ішіндегі

геологиялық барлау партиясына бара жатыр екен. Кузовтың ішінде отырмын.

Ештеңені   ойлағым   келмейді.   Бойымда   үрей   де,   қуаныш   та   бар.   Тауды

бөктерлеп жүріп келеміз. Баяғы Әселге кез болатын жолым. Бірақ баяғы қара

жол емес, тас төселген даңғыл жол.  Бетондаған көпірлері бар.  Жол бойына

белгілер   қойған.   Бұрынғы   қаражол   есіме   түскенде   аяп   кеттім.   Баяғыда

машинам батып қалған арықты да танымай қалдым. Үстінде Әсел отыратын

қойтас та жоқ.

Ауылға жақындай бере кабинаны қағып-қағып жібердім.

-

Не болды? – дейді шофер мойнын созып.



-

Тоқта, түсем.

-

Далада қалмақпысың? Қазір-ақ бармаймыз ба?



-

Рахмет. Алыс қалған жоқ қой. – Секіріп түстім. – Жаяу-ақ барам. –

Менің мұнда неге кедгенімді, неғып келгенімді қайдан білсін ол. Ақша

ұсындым.


-

Қой! – деді. – Шофердан алмайтын әдетіміз бар.

-

Ұста! Маңдайыма жазыып қойып па?



-

Қимылыңнан танып тұрмын.

-

Олай болса жүре бер! Сау бол!



Машина көшеге еніп, үй-үйдің тасасына түсіп кетті. Жол үстінде әлі

тұрмын   қалшиып.   Өзіме-өзім   келе   алмай   тұрмын.   Желден   ықтап   темекі

тарттым. Қолым дір-дір етіп, темекінің қалдығын жолға тастап, табаныммен

ездім де, жүріп кеттім. «Міне, келіп те қалдым!» - деп күбірлеп қоям. Аузыма

басқа сөз түспеді. Ойымды бөліп, жүрегім лүп-лүп соғады. Балғамен ұрып

жатқандай құлағым шың-шың етеді.

Ауыл   кәдімгідей   өзгеріп,   өсіп   қалыпты.   Шатырлары   шифермен

жабылған   жаңа   үйлер   де   көбейген.көшелерді   байлап   телеграф   сымдар

тартылған.  Колхоз   басқармасының  жанындағы  бағанада   радио  сөйлеп  тұр.

Балалар   жүгіріп,   мектепке   кетіп   барады.   Ересек   балалар,   университетті

бітірген жас мұғалімді (кеудесінде значогі бар екен) ортаға алып, әлденені

айтып барады. Бәлкім, іштерінде маған ана жолы таяқ атып, тас лақтырғандар

да бар шығар. Кішкентай еді ғой ол кезде...



Жолды жиектеп, тез-тез басып келем. Ешкім мені білмесе де, байқамай

өтіп кетпекшімін.

Міне, баслшық дуалмен қоршалған, алдына теректер өскен таныс аула.

Демімді ішіме тартып, тұра қалдым. Қорқыныш, үрей билеп, бойым мұздап

сала берді. Ақырын басып қақпаға келдім. Қағып-қағып жібердім. Қолына

портфель ұстаған кішкентай қыз жүгіре шықты. Ана жолы тілін шығаратын

құрттай қыз. Енді мектепке барып жүргені. Асыға басып келеді. Таңырқап

қарайды маған.

-

Үйде ешкім жоқ! – дейді.



-

Ешкім де жоқ па?

-

Ия, апам лесхозға қонаққа кетті... Әкем тракторға су тасиды.



-

Әсел   қайда   ал?   –   деп   әрең-әрең   ғана   сұраймын.     Тамағым   кеуіп,

тынысым тарылып барады.

-

Әсел   ме?   –   Кішкентай   қыз   аң-таң.   –   Әсел   әлдеқашан   кетіп



қалған...сосын қайтып келмеді ме?

-

Жылда келеді жездеммен бірге. Жездең жақсы кісі деді апам!..



Одан әрі ештеңе сұрамадым. Кішкентай қыз жүгіріп, мектепке кетті,

мен кейін қайттым.

Мына   хабар   қатты   батты   жаныма.   Кімге   шықса   да,   күйеуге   қашан

шықса да бәрібір енді. Білгенде қайтпекпін? Әсел басқа біреуге тұрмысқа

шығар   деген   ой   осы   уақытқа   дейін   басыма   келсейші.   Солай   болмағанда

қайтпек. Қарамды көрсетпей, жылдар бойы жоғалып кеткен мені күтіп отыра

бермек пе...

Ауылдан шыққан соң, машина келер деп күтпей-ақ жүре бердім. Тіпті

машина   кез   келе   кетсе   де,   тоқтатар   жайым   жоқ.   Бас   ауған   жаққа   жүре

бермекпін. Мейлі жер шетіне болса да. 

Баяғыла Әселді алып кеткен жолмен келе жатырмын. Бірақ баяғы жол

емес. Үстін таптап, қиыршық тас төгіп тастаған. Тек дала ғана өзгермеген.

Жыртылған жерлер қарайып, аңыздар қуарып сарғая түскен. Бір шеті далиып

тауға асылып, бір шеті ту-ту Ыстықкөлдің жиегіне шейін созылып барып,

шорт үзіледі. Қары кеткен жер жалаңаш, бусанып жатыр. Әлдеқайдан жер

жыртуға шыққан тракторлардың гүрілі естіледі.

Ауданға   кешұрым   жетіп,   түнді   қонақ   үйде   өткіздім   де,   ертеңгісін

автобазаға бармақ болдым. 

Басқа   жаққа   кетіп   қалғанда   не   бітірмекпін.   Бәрі   де   бітті,   бәрі   де

жоғалды.  Жұмыс  істеп,  тіршілік етем  де  әйтеір. Одан әрі  не  боларын кім

білген...

Тянь-Шань жолы баяғыдай гу-гу етеді. Машиналар тынымсыз ағылып

жатыр. Мен өзіміздің автобазаның машинасын іздеп келем. Міне, біреуі келе

жатыр. Қолымды көтердім. 

Кабинада   отырған   шоферды   бірден   байқай   алмай   қалдым.   Машина

екпінімен   өтіп   кетіп,   анадай   жерге   барып   кілт   тоқтады.   Чемоданымды

қолыма   алдым.   Шофер  кабинадан   түсті.   Қарасам,  бір   полкта   бірге   болған

жолдасым Ермек. Әскерде жүргенде шоферлықты менен үйренген. Ол кезде

жап-жас болатын. Ермек үнсіз қарап, жымияды. 



-

Танымай тұрмысың?

-

Сержант... Ілияс! Ілияс Әлібаев! – деп әрең таныды.



-

Дәл өзі! – деп жымиып ұоям. Жұрт танымай қап жатса, мүлдем өзгеріп

кеткенім ғой деп ренжимін іштей.

Жүріп   кеттік.   Әрнені   бір   әңгімелеп   келеміз.   Әскерде   бірге   болған

кезімізді де еске алдық. Өзімнің жай-күйімді сұрамаса екен деп түйткілденіп

келем. Сірә, Ермек ештеңе естімесе керек. Жүрегім орнына түсті.

-

Үйге ашан қайттың? – деймін.



-

Қайтып кеп жұмыс істегеніме міне екі жыл.

-

Әлібек Жантурин қайда?



-

Білмеймін, мен келсем жоқ екен. Памирдегі бір автобазада бас механик

деседі.

«Жарайсың Әлібек! Жігітсің, достым! Жігіт болса сендей болсын!» -

деп қуанам іштей. Дегеіне жеткен екен ғой ақыры. Әскерде жүрген кезде-ақ

автомобиль   жолы   техникумында   сырттай   оқитын.   Институтты   да   сырттан

оқып бітірмек боп жүруші еді.

-

Бастық Аманжолов па ?



-

Жоқ, жаңа. Авмонжолов шығарылып министрлікке ауысқан. 

-

Қалай ойлайсың, мені жұмысқа алар ма екен?



-

Неге алмасын, әрине алады. Айтулы шофердың бірі емссің бе. Әскерде

жүргенде де жақсы атың шығып еді ғой.

-

Ия, бір кезде, - деп міңгірлеймін мен,  - Ал Жантайды білемісің?



-

Ондай жоқ бізде, естіген емеспін.

«Ия,   автобазада   талай-талай   өзгеріс   болған   екен...»   -  деп   ойлаймын.

Содан соң:

-

Ал асудан тіркеумен өтіп жүрсіңдер ме? – деп сұрадым.



-

Кәдімгідей,   -   дейді.   Ойында   ештеңе   жоқ.   –   Таситын   жүкке   қарай.   Қажет

болса, тіркейді. Өтіп жүре бересің. Қазіргі машиналар сондай қуатты ғой... –

Осы тіркеуге бола менің көрмегенім жоқ екенін қайдан білсін ол. Тіркеумен

барғанда асуда жолым неге болмады осы деп Анархайда жүргенде де талай-

талай ойлаушы ем. Өзім ғана кінәлімін бе, әлде басқа да себептері болды ма

екен. Былай қарағанда бас қатыратын түгі жоқ. Оп- оңай нәрсе. Қайнша ауыр

болғанымен ьіркеу салып ап, Доланнан асып жүре беретін болды енді. Қажет

деп тапса болды. Екі ойлы боп, тая соғып жатпайды. Бірақ жаңалық өзі кеп

кірмесіне қоймағанша, мән бермейтін бір әдетіміз бар ғой. Менің ұсынысыма

жұрт   неге   күдіктене   қарады   осы?   Тау   жағдайында   мұның   қиын   қадам

болғанын   айтпағанда   біздің   трассадан   асудан   тіркец   сап   өтуге   тыйым

салынған ереже тағы бар болатын. Ондай ереженің қашан шығарылғанын бір

құдай білсін. Жарты тонналық машиналар мен жүрген кезде соғыстан бұрын

шығарылған  болар. Ол жарықтық тіркеуді қойып, жазыө жолда  өзін зорға

алып жүретін еді ғой. Оған қандай ереженің керегі бар. Кейін қуатты да жаңа

жүк машиналары шықты. Ал қағаз бетіндегі ереже өзгермей қала берді. Кейін

өмірдің өзі быт-шыт қылды. Бұл бір ұсақ, болмашы ғана факт шығар. Бірақ

бұдан грі маңыздырақ, үлкенірек істе де солай болуы ықтимал еді ғой. Анада

жүк тиейтін станцияда аусарлығыма бола жігіттердің мені сабай жаздағанына




өкінер жайым жоқ енді. Бірақ ойланып-толғаныпа алмай, ет қызумен тіркеу

сап асуға тартып кетуіме себеп болған сол емес пе еді...

Сөйтіп, өзіміздің автобазаға қайта оралдым. Алғашқы күні Ермек үйіне

шақырды. Жақсылап күтті. Аман-сау кездескеніміз үшін ішіп жіберейік деп

еді, ішпедім. Аузыма арақ алмағаныма көп болған, іше қояйын деп те жүргем

жоқ ем.


Автобазада   да   жақсы   қарсы   алды.   Жұмысқа   кіріп,   жатақханада   тара

бастадым.   Жай-күйімді   бұрыннан   білетін   жолдастардың   әрнені   бір   сұрап

мазамды алмағанына мың рақмет.

Шет   жақта   болып   кеп,   қайта   оралғанда   жұмысты   ақ   пейілмен,   адал

көңілмен   атқарып   жүргенімді   көздері   көріп   жүр.   Өткенді   қозғап   қайтсін

сосын?   Өзім   де   бәр-бәрін   біржолата   ұмытуға   бекіндім.   Бұрын   бір   кезде

семьяммен   бірге   тұрған   базадан   құйғытып   өте   шығам.   Жан-жағыма   көз

қиығын да салмайым.  Тіпті бензоколонға да соқпайым. Бір сәт те аялдағым

келмейді. Бірақ өзімді қашанғы алдарқата бермекпін. Ақары кеп тұтылдым.

Жұмысқа   тұрғаныма   біраз   боп   қалған.   Жолға   әбден   бойым   үйренді.

Әрлі-берлі жүйткіп машина мен моторды да байқап көрдім. Жұмысымды бес

саусағымдай білемін. Бас алмай-ақ жүрмін. 

Со күні Қытайдан келе жатыр ем. Ойымда түк жоқ темекімді тартып,

рульді   қозғап   қойып   жайлап   қана   келе   жатқам.   Айналама   көз   тастаймын.

Көктем.   Жер-дүние   жайнап   тұр.   Көктемгі   жайылымға   шыққан   малшылар

әрегіректе  киіз  үй  лерін  көтеріп  жатыр.   Қайсыбір   киіз   үйлердің   төбесінде

кқкшіл түтін қалқиды. Жел жақтан тынымсыз маңыраған дауыстар естіледі.

Қоралы қой жолға жақын еді. Балалық шағым есіме түсіп, көңілім босап қоя

берді...   Көлге   қарай   айналып   шыға   беріп,   ойда   жоқта   селк   ете   түстім:   -

аққуларды қара!

Көктемгі Ыстықкөлдегі аққуларды өмірімде осымен екінші рет көріп

тұрмын. Аппақ құстар көп-көгілдір Ыстықкөлдің үстінде қалқып жүр. Неге

екенін өзім де білмейім, жолдан шұғыл бұрылып ап, тап анадағыдай, көлге

қарай тұп-тура тартып кеттім.

Уа,   Ыстықкөл,   Ыстықкөлім,   таусылмайтын   жырым   менің!   Қасымда

Әсел, дәл осы жарөабақтың бойында суға төніп кеп тоқтаған со бір күнді

несіне алдым есіме. Ия, бәрі де тап сол жолғыдай: көк ала бас толқындар қол

ұстасып алғандай жарыса кеп жағаға ұрады. Таудан  асып күн батып барады.

Әрменіректе су беті қызғылт тартып көрінеді. Масайрап, әрі үрейлене қаңқ-

қаңқ етеді аққулар. Біресе жоғары шапшып, біресе сусыл қаққан қанаттарын

жайып жіберіп, төмен құлайды. Су сабалап, айналаға теңбіл-теңбіл көпіршік

шашады. Ия, бәрі де сол баяғыдай. Тек Әселім жоқ жанымда. Қайдасың қазір,

жел тербеткен шынарым?

Көл жағасында көп тұрып қаппын. Сосын автобазаға кеп қайтып бара

жатқанда  өзіме-өзім ие бола  алсамшы. Тағы  да кеп тұтылдым... жанымды

жеген қасірет өртін сөндірейін деп шайханаға бардым. Кеш қайттым. Бұлт

басқан   аспан   түнеріп   тұр.   Шатқал   жақтан   ышқына   соққан   ұлан   жел

ағаштарды   майыстырып,   сымдарды   гуілдетіп,   қиыршық   тастарды   бетке




ұрады. Өкіріп, дөңбекши түсіп көл жатыр. Жатақханаға зорға деп жеттім де,

шешінбестен кіруатыма құлай кеттім.

Ертеңгісін басымды көтере алсамшы, сынып барады. Терезеден сыртта

қар   аралас   жаңбыры   құрғыр   жауып   тұрғаны   көрінеді.   Сол   жатқаннан   үш

сағат   бойы   жаттым.   Жұмысқа   барғам   жоқ.   Жұмыстан   безер   болғаным

өміріміде бірінші рет шығар. Бірақ ұят қысқасын рейске шықтым-ау ақыры. 

Машина   ілбіп   қана   келеді.   Машина   емес,   өзім   солбырайып   келе

жатқам.   Оның   үстңне   күн   де   бұлыңғыр,   лайсаң.   Қарсы   жолыққан

машиналардың кузовы мен кабинасын қар басқан. Асуда қар жауып тұрғаны

ғой. Мейлі, қар жаумақтан боран соқса да. Пысқырмаймын да. Несіне қорқам.

Онсызда бір өлім...

Көңілім   бей-жай.   Жоғарғы   жақтағы   айнаға   көзім   түсіп   еді,   шошып

кеттім.   Сақал-мұртым     өскен,   бетім   мылжа-мылжа   ісік.   Аурудан

тұрғандаймын. Жолшыбай аздап тамақтанып алсам ба екен. Таңертеңнен нәр

сызғам   жоқ.   Бірақ   тамаққа   зауқым   соғар   емес.   Ал   ішудә   терәс   көрмейтін

сияқтымын. Бір бастасаң болды, сосын қайтіп шыдарсың. Алғашқы стаканна

кейін тыңайып, өзіме өзім келіп қалдым. Машинанаың жүрісі де ширап сала

берді. Жолшыбай жүз грамм тағы іштім. Одан сңо тағы тастап салдым. Жер

танабы   қусырылып   барады.   Әйнек   тазалағыш   бұлдырап-бұлдырап   кетеді.

Жапалақша жарбиып, жабысып алдым рульге. Аузымда темекі. Қарсы келген

машиналар  шылыпылдатып су шашаып өте  шығады.  Күн кешкіріп қалды.

Үдете түстім жүрісті. Тау ішіне кіргенде қап-қараңғы түн еді. Сонда барып

тиді   арақтың   қырсығы.   Шаршайын   дедім.  Көзім  қарауытып,   жолды   жөнді

көрмейді. Кабинанаың ішінде пысынап, әбден дегбірім қашты. Өмірімде дәл

ондай мас боп көрмеген шығармын. Бетімді тер жуып кетті. Машинада емес,

фардан түскен қос сәулеге мініп алып, ұшып келе жатқан тәрізідімін. Сол

сәулемен бірге біресе құздан ұүлдырап төмен құлаймын. Біресе дір-дір еткен

сәулеге мініп ап, жоғары шапшимын. Әйтеуір қыр соңынан қалмаймын. Әлім

құрып   барады.   Бірақ   тоқтағым   жоқ.   Рульден   қолым   босап   кетсе   болды,

машинаны   одан   әрі   жүргізе   алмайтынымды   сезіп   келем.   Дәл   қай   жерде

екенім есімде жоқ. Әйтеуір асудың бір жері. Долан, уа, Долан. Тянь-Шаньның

асу бермес алыбысың ғой! Қаһарлысың-ау. Өзі түн болса, өзі масаңдау шофер

болса, қайдан жол беруші ең сен!

Машина   бір   өрге   мықшыңдап   шыға   келеді   де,   етекке   қарай   төмен

сырғыды. Түн бұрынғыдан да бетер түнеріп, дүние асты-үстіне келгендей.

Қолым рульге де,. Жылдамдық рычагына да бармайды, суси береді. Машина

барған сайын зымырай түсіп, құлдырап ұшып келеді. Содан соң әлденеге сарт

етіп соғылып, шақыр-шұқыр етті. Фар жалт етіп барып сөніп қалды. Көзімнің

алды қап-қара түнек. Талықсып бара жатып, «авария деген осы екен ғой» -

деп қалдым.

Қанша жатқаным есімде жоқ. Бір сәт алыстап, талып жеткендей, еміс-

еміс бір үн есіттім. Құлағыма мақта тығып алған тәріздімін. «Жарық қып

жіберші!» - дейді. Әлдекім алақанымен басымды, иығымды, кеудемді сипап

қояды. «Тірісі тірі, бірақ мас екен» - деді бір дауыс. «Жолды босатайық» -

деді екіншісі.



-

Ал,   достым,   қозғалып   көрші,   рульді   маған   бер.   Машинаны   жолдан

шығарып қояйық! – Иығымнан ұстап, ауыртпай ғана сырғытты.

Ыңырсып, ыңқ-ыңқ етем. Рульден басымды зорға деп қана көтердім.

Маңдайымнан   қан   ағып   тұр.   Кеудем   езіліп   қалған.   Еңсемді   көтере   алар

емеспін. Жаңағы адам сіріңке шақты. Үңіле кеп қарайды маған. Тағы сіреңке

жақты. Тағы үңілді. Бурыл мұртын тікірейте таңырқап, жымиып қояды.

-

Не болды саған, достым-ау? Неғып бұлай, ә? – деп ренжиді қараңғыда. 



-

Машина... быт-шыт боп па? – Қан түкіріп жатып, тіліме алғаш аоралған

сөз осы. 

-

Жоқ, онша қатты сынбаған. Тек қырындап кеп соққан.



-

Ендеше кетем қазір. Тұрам ба осылай! – Ырыққа көнбей, қалш*қалш

еткен қолыммен от алдырып, стартерді баспақ болдым.

-

Қой! – қапсыра құшақтап алды мені. – Бала болма! Шық! Түні бойы



ұйқта. Ал таңертең көрерсің.

Ол мені кабинадан сүйреп шығарды.

-

Машинаны   жолдың   жиегіне   шығаршы,   Кемел.   Қатып   қалмай   тұрғанда



қарайық, - деді жолдасына. Өзі қолымды иығына салып ап, қараңғцыда мені

әлдеқайда   сүйретіп   барады.   Ұзақ   жүрдік.   Үн-түн   жоқ   сүйреп   келеді   мені.

Ара-тұра өзім жүрмек болам. Бірақ тез шаршап қалам. Ол тағы да иығын

тосады. Сөйтіп жүріп бір аулаға жеттік. Қолымнан ұстап демеп үйге кіргізді

жаңағы   адам.   Кіре   берістегі   бөлмеде   керосин   шам   жанып   тұр.   Мені

орындықа отырғызып, шолақ тонымды шеше бастады. Сонда ғана қарадым

жүзіне.   Есіме   түсіп   кетті.   Баяғыда   өзіммен   бірге   асуда   машина   сүйреп

әкелісетін жол жөндеуші Бәйтемір екен. Аздап ұят қысты да, қуанып кеттім.

Ғафу өтініп, рақмет айтуға оқтала беріп ем, еденге құлаған отынның дүрсілі

бөліп кетті ойымды. Жалт қарап, әрең дегенде ғана орнымнан түрегелдім.

Адам айтысыз бір ауырлық иығымнан басып, еңсемді езіп бара жатқандай.

Есік   алдында,   шашылған   отынның   жанында   Әсел   тұр.   Бір   түрлі   сілейіп,

қатып қапты, жаны жоқ адамша қарайды маған.

-

Бұ не? – деп күбірлейді. «Әсел!» - деп айғайлап жібере жаздададым. Бірақ



оның жатсырап кеткен, суық жүзін көргенде тілім байланып қалды. Масқара

боп   өртеніп   барам   ұяттан.   Төмен   қарап   кеттім.   Бөлме   ішін   меңіреу

тыныштық   басты.   Егер   Бәйтемір   болмағанда   қайтерімізді,   мұның   немен

тынарын кім білсін. Қаперінде ештеңе жоқ адамдай келіп орныма отырғызды

мені Бәйтемір. 

-

Қорықпа, Әсел, - дейді жайлап қана, - аздап жараланып қапты бұ шофер.



Жатып тынықсын... Сен бізге йод берші одан да...

-

Йод   па?   –   Бұл   жолы   Әселдің   ьаусы   бұрынғысынша   шықты.   Өзі   әрі



жұмсарып, әрі үрейлене түскендей. – Көрщілер алып кетіп еді йодты... Мен

қазір! – Асығып-аптығып тұра жүгірді.

Тістеніп ап міз бақпай отырмын. Көзді ашып-жұмғанша мастығым айығып

жүре берді. Тамырым тулай соғып, шекем зырқ-зырқ етеді. 

-

Алдымен жуыну керек шығар, - маңдайымның сыдырылған жерлерін көрді



де, шелек ап, сыртқа шығып кетті Бәйтемір. Үстінде көйлегі ғана бар, жалаң

аяқ бала көрші бөлмеден басын сұғып қарады. Төсектен тұрса керек. Жүгіріп




кеп шаралы көздерімен таңырқай қарайды маған. Салған жерден таныдым.

Қалай танығанымды білмейім. Жүрегім сезді-ау деймін. 

-

Самат! – Сасып қалғаннан болар, дауысым қырылдай шықты. Ұмтыла бердім



балама   қарай.   Сол   сәт   Бәйтемір   кіріп   келді.   Әлденеге   ошып   кетті.   Сірә,

баламның   атын   атағанымды   естісе   керек.   Ұрлығымның   үстінен   шығып

қалғандай ыңғайсыз бір халде болдым. Ұялған тек тұрмас дегендей, көзімнің

үстіндегі жараны қолыммен көлегейлеп жатып:

-

Сіздің   балаңыз   ба?   –   демесім   бар   ма.   Несіне   сұрадым?   Әлі   күнге   дейін



кешпеймін өзімді. 

-

Менің балам! – өзімсініп жайдары жауап берді Бәйтемір. Шелекті еденге қоя



сап,   Саматты   қолына   алды.   Солай   ғой,   Самат,   ә!   –   деп   қойып   кеп   сүйеді

баламды.   Желкесінен   иіскелеп,   мұртымен   қытығын   келтіреді.   Бәйтемірдің

даусынан да, қимылынан да бір түйір жалғанщылық сезілмейді. Тіпті оның

орнында,   соның   бәрін   өзім   жасап   жатқандаймын.   –   Неге   ұйықтамайсың?

Бәрін   білгің   келеді   де   тұрады-ау,   құлыншағым.   Ал,   жүгіпі   барып   төсегіңе

жата ғой!

-

Мамам қайда? – деп сұрады Самат.



-

Қазір келеді. Өзі де келе жатыр әне. Бара ғой, балам.

Әсел үн-түн жоқ, жүгіре басып кіріп келеді. Бізге жалт етіп, барлай қарап

ап, йод құйған кішкентай сауытты Бәйтемірге ұстата   салды да, баланы

алып кетті.

Бәйтемір сулы орамалмен бетімдегі қанды сүртті.

-

Шыда! – Сыдырылған жерлерді йодпен күйдіріп жатып қалжыңдап қояды.



Содан   соң:   «Бұ   қылығың   үшін   қаттырақ   күйдіру   керек   еді.   Жарайды,

қонақсың ғой... – деп салиқалы сөзге ауысты... – Міне, болды, әлі-ақ жазылып

кетеді. Әсел, самауыр қойып, бізге бір шай берсең, ә?»

-

Қазір! – деді Әсел, баланы әлдилеп жатып. Бәйтемір едендегі киіздің үстіне



қос қабаттап сырмақ төсеп, жастық салды.

-

Мында кеп отыр! – деді маған. – Қисайып, дем алып ал...



-

Ештеңе етпес, рақмет! – деймін міңгірлеп.

-

Отыр, отыр! Өз үйіңдей көр! – деп қиылып қоймады.



Түс   көрген   адам   сияқтымын.   Біліп   қойса   қайтеді   деп   үрейім   ұшып,

жүрегім қысылып барады. Кірерге жер жоқ. Үсті-басым қан-қан, лас-лас, өзім

мас боп кісі аяғандай болып келіп отырғаным мынау. Анам байғұс несіне

тапты екен мені!

Бізге қарамауға тырысып, Әсел самауыр ап сыртқа шығып кетті.

-

Мен де барып, жәрдем берейін, Әсел! – деп дауыстады Бәйтемір шығып бара



жатып Әселге. Ол оқтала беріп еді, Самат кіруатынан тағы да ұшып тұрды.

Ұйықтайтын түрі жоқ. 

-

Не болды саған, Самат? – Бәйтемір емірене түсіп басын шайқады.



Балам жаныма жүгірі кеп, шын көңілмен:

-

Аға,   сен   тура   кинодан   шығып   келдің   бе?   –   деп   сұрады.   Не   айтып



тұрғанын бірден түсіндім. Бәйтемір қарқылдап жатыр.


-

Әй, аңғал балам-ай! – деп күледі Бәйтемір баланың қасына жүрелеп отырып

жатып. – Құрттың ғой діңкемізді. Рудникке барып кино көріп тұрамыз, - деді

маған қарап, - ол да қалмай барады.

-

Ия, кинодан шығып келдім! – деймін көңілін қалдырмай.



Самат қабағын түйіп:

-

Өтірік! – дейді.



-

Неге өтірік?

-

Қылышың қайда соғысқан?



-

Үйге тастап кеттім.

-

Маған көрсетесің бе, аға? Ертең көрсетемісің?



-

Көрсетем! Ал, бері қарай кел. Атың кім, Самат па?

-

Самат. Сенің атың кім, аға?



-

Менің... – Үндей алмай қалдым. – Мен Ілияс ағамын, - дедім зордың

күшімен.

Бәйтемір асыға бастады:

-

Сендер әңгімелесе беріңдер, ал біз шай әкелейік. – Есікке жете беріп



тоқтады да: - Сен бар да жат, Самат. Алдақашан ұйықтауың қажет еді!

-

Папа, тағы да кішкене отыра тұрайын ба! – деп жалынды Самат.



-

Жарайды ал! – Бәйтемір көне кетті.

Самат   дәл   жаныма   кеп   отырды.   Қолынан   сипап   қойдым.   Маған

ұқсайды.   Аузымнан   түсіп   қалғандай.   Тіпті,   қолдарына   күлкісіне   дейін

айнымайды.

-

Өскенде кім боласың? – деймін баламды әңгімеге тартқым кеп.



-

Шофер болам.

-

Машинамен жүргенді жақсы көремісің?



-

Сондай жақсы көрем... бірақ қолымды көтерсем де, ешкім машинаға

мінгізбейді...

-

Ертең қыдыртайын сені, жарай ма?



-

Жарайды. Мен саған асықтарымды берейін. – Ол көрші бөлмеге тұра

жүгірді.

Самауырдың мұржасынан жалақтап шыққан тіл терезеден де көрінді.

Әсел   мен   Бәйтемір   әлденені   әңгімелеп   тұр.   «Біздің   Саматтың   не   дегенін

естісең сен. Күлкіден қырып салды!» - деп көтеріліп қояды Бәйтемір отын

жарып   жатып.   Ғажап-ау.   Әселдің   де   қаперінде   түк   жоқ   тәрізді.   Даусы   да

риясыз шығады: «Қойшы соны! Не көрсе соны айтатын әдеті емес пе!»

Самат арқар терісі дорбаға салынған асықтарын ентіге басып алып кеп,

алдыма шашып тастады.

-

Ал, аға, таңда! – деп алуан түске боялған байлығын көрсетіп жатыр.



Көзіндец   көріп   жүру   үшін   бір   асығын   алайын   деп   ем,   батылым

бармады.   Есік   ашылып,   бұрқ-сарқ   қайнаған   самауырды     көтеріп   Бәйтемір

кірді.   Іле-шала   Әсел   де   келді.   Ол   аққұманға   шай   салғанша,   Бәйтемір

алдымызға дөңгелек стол қойып, дастарқан жайды. Самат екеуміз асықтарды

жинап, дорбаға қайтадан салып қойдық.

-

Байлығыңды   көрсетіп   жатырмысың,   мақтаншақсың-ау!   –   Бәйтемір



Саматтың құлағынан жұлған боп еркелетіп қойды.


Самауырды   алдымызға   ап,   шай   ішіп   отырмыз.   Бұрын   бір-бірімізді

көрмеген   де,   білмеген   де   жандарға   құсап   отырмыз.   Сондықтан   болар,

салмақты болуға тырысып, көп сөйлемемйміз. Самат қана мәз. Бәйтемірдің

тізесіне отырып ап, бауырыма кіріп, басын шайқап қояды.

-

Ә-әй, папа-ай, мұртың ылғи кіріп кетеді! – деп бауырына тағы да тығыла



түсіп, мұртын бетіне қайта-қайта тигізеді.

-

Байқа,   шайға   күйіп   қаларсың!   –   деді   Бәйтемір.   Қасындағы   ересек   жандар



әрқайсысы өз ойымен әлек боп отырғанын қайдан білсін балақан. Не көп – ой

көп. Тағдырымыз осылайша ойда жоқта тоғысар деп кім ойлаған. Осының

бәрі немен тынар екен?

Өз баламның жанында отырып, оның бөтен біреуді әке деп еркелегенін

көру маған оңай тиді ғой деймісің? Аңсай сағынып, қасіретін көп тартқан

Әселім,   сүйікті   Әселжаным   қасымда   отыр.   Бірақ   көзіне   тіктеп   қарауға

батылым жетер емес. Бұ да оңай болып па? Әсел мұнда қайдан жүр? Сүйіп

тиді ме екен? Мені бір бейтаныс, жат адамдай, көз қырын да салмаса, қайдан

білмекпін   бәрін?   Шынымен-ақ   осынша   жек   көріп   кеткені   ме   мені?   Ал

Бійтемір   ше?   Менің   кім   екенімді   білмейді   ғой   деймісің.   Саматтың   маған

айнымай тартқанын байқамаушы ма еді ол?ана жолы асуда кездесіп, машина

сүйреп барғанымызды еске алмас па ең болмаса. Әлде ұмытып кетті ме екен?

Азаптың кереметін ұйықтауға жатқасын көрдім. Маған төсекті киіздің

үстіне сап берді, теріс қарап жатырмын. Шамды сықситып қана қойып, Әсел

ыдыс-аяқ жинвап жүр.

Бәйтемір көрші бөлменің ашық тұрған есігіне қарап;

-

Әсел! – деп ақарын ғана шақырды. Әсел қасына барды.



-

Жуып қойсаң қайтеді! – деді Бәйтемір.

Әсел   орындықтың   үстінде   жатқан   қан-қан   ала   көйлегімді   алып   жуа

бастады. Кенеттен қоя қойды. Бәйтемірге барғанын естіп жатымын.

-

Радиатордың суын ағызып жіберіп пе едіңдер? – деп сыбырлап сұрады



Әсел! – Аяз болса ше...

-

Ағызғамыз, Кемел ағвызған! – деді Бәйтемір де жайлап қана. – Машина



жөнді бүлінбеген... таңертең көмектесеміз ғой...

Ол тіпті есімнен де шығып кетіпті. Радиаторды, моторды ойлап жатуға

мұрша бар ма менде.

Әсел   көйлекті   жуып   боп,   плитаның   үстіне   жайды.   Терең   күрсініп

қояды. Шамды сөндіріп кетіп қалды.

Үй іші қап-қараңғы.байқаймын, бәріміз де ұйықтай алмай жатырмыз.

Әркім өз ойымен әуре. Бәйтемір баламен бірге бір кіруатта жатыр. Шырт

ұйқыда жатып тебініп ашылып қалған Саматты қымтап қойып, жақсы көріп

күбір-күбір   етеді.   Әсел   ауық-ауық   ақырын   ғана   күрсінеді.су   тиген   тастай

жалт-жұлт еткенкөздерін қараңғыда-ақ көріп жатырмын... жас төгіп жатқан

болар көздері. Нені ойлап, кімді ойлап жатыр екен Әсел? Бір емес, үш бірдей

адам   ойын   бөледі   ғой   оның...   бәлкім,   мен   құсап   ол   да   өткен-кеткенді,

арамызда болған қызықты күндерді, қасірет-наланы түсіреді ме екен ойына?

Бірақ Әсел енді қол жетер жерде емес, ойында не барын қайдан білерсің.

Әсел  өзгерген екен, көздері де өзгеріпті... Мейірім төге нұрланып, қалтқысыз



сене   қарайтын   көздері   жоқ   бұрынғы.   Салқын   тартып,   сұстана   түскендей.

Бірақ мен үшін Әсел со баяғы қалпы, қырда өскен шынардай.әр сипаты, әр

қимылына дейін көзіме оттай басылып, елжіреп барам. Өкініш, азап соғұлым

қинай түседі жанымды. Амалым құрып, жастықтың бұрышын тістеп ап, үн-

түн жоқ жаттым да қойдым. Таң атқанша көз ілгем жоқ.

Ткерезеден көріп жатырмын. Аспанда бұлт көшіп өтеді. Сұлу ай ауық-

ауық сүңгіп шығып, жүзіп барады.

Таңертең Бәйтемір мен Әсел шаруа жайымен аулаға шығып кеткенде

мен де тұрдым. Жүру керек. Ақырын басып Саматтың жанына келдім. Сүйіп

алдым да, тез-тез басып шыға жөнелдім бөлмеден.

Әсел   ауланың   ішінде   тастың   үстіне   қойылған   үлкен   қазанда   су

жылытып   тұр.   Бәйтемір   отын   жарып   жатыр.   Бәйтемір   екеуміз   машинаға

қарай аяңдадық. Темекі тартып, үн-түнсіз келе жатырмыз.

Машина   кеше   жол   бойындағы   діңгектерге   соғылған   екен.   Бетон

қондырғыларымен қоса екі діңгек жұлынып қапты. Машинаның фары быт-

шыт боп, қанаты мен алды майысқан, доңғалағы қисайып кеткен. Сүйменмен,

балғамен ұрғылап жүріп ептеп жөндеген болдық. Содан соң от алдыратын

тұтқаны бұрағанда түстік азапқа. Асуда мотор қатып сіресіп қалған. Картерді

майлы құрым жағып қыздырдық. Қос қолдап кеп тұрып бұраймыз тұтқаны.

Екеуміздің қолымыз бір тұтқада, иығымызға иығымыз тиіп кетеді. Біріміздің

деміміз   бірімізді   шарпиды.   Әстеп   жатқан   ісіміз   ғана   емес,   ойымыз   да   бір

сияқты. 


Мотор қызар емес. Шаршап ентіге бастадық. Сөйтіп тұрғанда Әсел екі

шелек су әкелді. Үн-түн жоқ менің алдыма қойды да, шегініп кетті. Суды

радиаторға құйдым. Бәйтемір екеулеп бұрап-бұрап қалып ек, мотор от алып

жүре берді. Келіп кабинаға отырдым.мотор бір қалыпты соқпай тұр.бәйтемір

машинаның алдыңғы қақпағын ашып, жанармай жүретін жолды қарап жатыр.

Сол сәт Самат кеп қалды жүгіріп. Әбден ентіккен. Пальтосының түймелері

ағытылып   кеткен.   Машинаны   айналып   шықпайды.   Қыдырғысы   келіп   тұр.

Әсел шап беріп ұстап алды да, кабинаның бүйіріне таман кеп тұрды.  Біртүрлі

аянышпен мүсіркей, кінәлай қарайды  маған. Кінәмды  жуып, оларды  өзіме

қайтару үшін сол сәт неге болса да бас тігуге әзір ем. Ашық тұрған есіктен

еңкейе беріп, мотор гүріліне қосыла:

-

Әсел! Балаңды ал да отыршы. Алып кетейінші ана жолғыдай, біржолата



әкетейін. Отыршы! – деп жалынам.

Әсел ештеңе демеді. Көзіне жас кеп қап бұрылып кетті. Басын шайқап

қояды.

-

Кеттік, мама! – Самат оны қолынан тартады. – Қыдырайықшы! 



Әсел баланы қолынан шығармай жұлқып қалды да, алып кетті. Артына

қарамай,   басын   төмен   сап   кетіп   барады   Әсел.   Кеткісі   келмей   Самат

шегіншектей береді. 

-

Болды! – деп айғайлап жіберді Бәйтемір. Қақпақты жауып, аспаптарды



кабинада отырған маған әкеп берді. 

Кете бардым. Тағы да руль. Тағы да жол. Тағы да тау. Машина зырлап

келеді, қайдан білсін ол жазған...



Әсел   мен   баламды   асуда   солай   таптым.   Солай   кездесіп,   солай

айырылыстық. Шекараға бара жатып та, қайтар жолда да, ойдан бір сергісем

ші. Бірақ ойлап тапқан түгім жоқ. Ойлай-ойлай қалжырадым әбден... Енді

қайда   болса   да,   әйтеуір   бас   ауған   жаққа   қарамды   батырып   кетуім   керек.

Қалғанда не бітірем. 

Осы ойға әбден бекіндім. Қайтып келе жатып та соны ойлайым. Асудан

түсіп, жол участогін жанай өтіп бара жатып, Саматты көріп қалдым. Жолдан

аулағырақта   ойнап   жүр   екен.   Қасында   бір   ер   бала   және   өзінен   сәл

қалқыңқырақ   кішкентай   қыз.   Тастан   мал   қора   жасап,   «тасқорған»   ойнап

жатыр. Жолдың бойында оларды бұрын да талай көрген шығармын. Бірақ

білмейім ғой онда. 

Күн сайын өз баламның қасынан өтіп жүргенімді білсемші мен бейбақ.

Машинаны тоқтатып:

-

Самат!   –   деп   айғайладым.   Көргім   кеп   барады.   Балалар   жетіп   келді



жүгіріп. 

-

Аға, бізді қыдыртайын деп келдің ба? – дейді Самат қасыма кеп. 



-

Ия,     аздап   қыдыртайын!   -   дедім.   Балалар   жапырлап   кабинаға   мініп

алды.

-

Бұл аға біздікіне келген! – деп достарына мақтанып қояды Самат.



Анадай жерге дейін ғана апардым балаларды, бірақ соның өзіне мәз-

мейрам боп қуанып қалдық. Өзім балалардан бетер қуансам керек. Сосын

түсірдім балаларды. 

-

Енді   үйлеріңе   қайтыңдар!   –   балалар   жүгіріп   ала   жөнелді.   Баламды



тоқтатып алдым:

-

Тоқташы, Самат, бірдеңе айтайын! – Қолыма ап, басымнан асыра көтеріп,



тесіле   кеп  қараймын  бетіне.   Сосын   кеулеме   басып,  сүйіп  алдым  да   жерге

түсірдім. 

-

Қылыш қайда? Әкелдің бе, аға? – дейді Самат.



-

Түу,   ұмытып   кетіппін   ғой,   балам.   Келесі   жолы   әкеп   берейін!   –   деп   уәде

бердім.

-

Енді ұмытпайсың ғой, аға? Біз манағы жерде ойнап жүреміз.



-

Жақсы. Ал, зыт енді!

Автобазадағы   ағаш   ұстасының   дүкеніне   барып,   үш   ойынышық   қылыш

жасап алдым.

Балалар   мені   расында   да   күтіп   жүр   екен.   Тағы   да   қыдырттым   өздерін.

Балама, оның достарына үйір боп алдым солай. Олар да маған тез үйреніп

кетті. Анадайдан көре сала, жарыса шапқылайды:

-

Машина, біздің машина келе жатыр, алақай!



Жан бітіп, адам боп қалдым. Жол жүргенде де көңілің көтеріңкі, мәз

боп келе жатам. Жол бойында балам күтіп жүргені есімнен бір шықпайды.

Тым болмаса кабинаға ап, екі минут қасында отырамын ғой. Бар есі-дертім

балама   кешікпей   жету.   Уақытымда   асудан   күндіз   өтуге   шақтаймын.

Көктемнің   жаймашуақ   күндері.   Балалардың   ылғи   аулада   ойнап   жүргені.

Көбіне кездесіп қап жүрдім. Өмірімнің бар мағынасы сона ғана тұрғандай:

бақытымда   шек   жоқ.   Кейде   үрей   билеп,   жүрегім   алып   ұшады.   Балаларды



қыдыртып жүргенімді, сол участогында тұратындар білді ме, әлде білмеді ме

– қайдам. Бірақ баламның менімен кездесуіне, жол бойына жібермей қоюы

әбден ықтимал ғой. Соны ойласам, зәре-құтым қалмайды. 

Әсел мен Бәйтемірге өйте көрмеңдер, ең болмаса осыны қиыңдар деп

жалбарынам кеп іштей. Бірақ бір күні солай боп шықты ақыры...

Бірінші май жақындап қаоған. Мейрамның құрметіне балама бірдеңе

сыйлағым   келді.   Бұрандаулы   машина   сатып   алдым   бір   кішкентай   жүк

машинасы. Аумаған өз машинам сияқты. 

Сол күні автобазада шырқаланып қап, кешігіңкіреп шықтым. Асығып,

жан ұшырып келем. Сондықтан ба – реніш пен үрей билеп, елегізіп, қобалжи

берем.   Жайдан-жай.   Жол   участогына   жақындағасын,   бұрандалы   машина

оралған қағазды жаныма қойдым. Самат қандай қуанар екен деп келем. Оның

ойыншығы   көп.   Мынадан   тәіуір   де.   Бірақ   мынаның   жөні   бөлек   қой.   Жол

бойында танысқан  шоферы кейін өскенде шофер болатын  балақанға  әдейі

арнап әкеле жатыр. Біра Самат жоқ боп шықты. Басқа балалар жүгіріп жетіп

келді. Кабинадан шықтым:

-

Самат қайда? 



-

Үйінде. Ауырып қалды,  - деді кішкентай бала.

-

Ауырып қалды? Немене, басы ауыра ма?



-

Жоқ,   ауырған   жоқ   ол!   –   дейді   кішкене   қыз   білгішсініп.     –   Мамасы

жіермейді мұнда.

-

Неге?



-

Білмейім. Баруға болмайды дейді.

Өңім қашып, түнеріп кеттім: бәрі де құрығаны ма осылай!

-

Мә, апарып бере салшы! – ораулы машинаны балаға ұсына бердім де,



жалма-жан қайтып алдым. – Жоқ, керегі жоқ. – Салбырап машинанаың

жанына келдім.

-

Аға, неге қыдыртпайды бізді? – деп сұрайды бала кішкентай тәтесінен.



-

Ол ауру, - деп ренжи жауап берді қыз.

Ия, кішкентай қыз тауып айтты. Ауырғаным жақсы еді одан да. Жол

бойы ойымнан бір шықпайды. Әселдің маған соншама қатігез боп кеткені ме.

Тіпті қанша жаман болсам да, маған деген бір тамшы мейірімі қалмағанаы

ма? Жоқ, тіпті сенер түрім жоқ... Әсел өйтпесе керек еді. Басқа бірдеңе... ал

сонда?  Қайдан білейін мен... сосын  барып кішкене досы айтқандай балам

аздап аурырып сырқап қалған шығар дегнге ұйытқым келді өзімді. Сенбейтін

нем   бар?   Расында   да   солай   болуы   мүмкін   ғой.   Өзімді   әбден   ұйытқаным

сондай   –   үрейлене   бастадым   енді.   Баламның   денесі   күйіп-жанып,

сандыраұтап жатқаны келеді көз алдыма... Ал кенеттен, жәрдем қат болса,

дәрі-дәрмек әкелу немесе ауруханаға апару қажет болса ше. Қаладағы кең

көшенің бойында емес, асуда ғой олар! Азапқа түсіп, діңкем құрыды әбден.

Асығып   кейін   қайттым.   Не   істеп,   не   оярымды   өзім   де   білмейім.   Тезірек

жетейін   .дені   сау   болса   көрейін   баламды   деген   бір-ақ   ой.   Көрем   ғой   деп

келем. Жүрегім сезетін сияқты. Қас қылғандай бактағы майдың бітіп қалмасы

бар ма. Аралық базадағы бензоколонкаға соғуға тура келді...



***

Осы   тұсқа   келгенде   серігім   Ілияс   үндемей   тоқтап   қалды.   Бал-бұл

жанған   бетін   алақанымен   сипап   жатып,   терең   күрсініп   қойды.   Вагонның

терезесін шалқайта ашты. Темекі тартты тағы да. Санынан өзі де жаңылған

болар, сірә.

Түн   ортасы   ауғалы   қана.   Поездағы   ояу   екеуміз   ғана   шығармыз.

Доңғалақ рельске соғып, өзінің таусылмайтын әніне басып келеді. Жаздың

қысқа түні қымқырылып, бозара бастады, кішкене қыстақтардың сығырайған

оттары жылт етіп көрініп қалады терезеден. Қатты жүріп келе жатқан паравоз

айғайға басып-басып алады.

-

Сол жерде сіз келе қалдыңыз, ағай. Меселіңізді қайтардым ғой. Енді түсінген



шығарсыз,   -   көршім   ойлана   жымиып   қойып,   әңгімесін   соза   түсті.     –   Сіз

бензоколонканың   жанында   қалып   қойдыңыз,   сосын   «Победамен»   басып

оздыңыз. Мен бәрін де байқадым. Со кезде асуға жете бере жаңбыр жауып

кетті...


Иә, дегбірім қалмай келеді. Көңілім алдамапты. Жол бойында күтіп жүр

екен Самат. Машинаны көре сап, қарсы жүгірді:

-

Аға, Шофер аға!..



Балам   сап-сау!   Қандай   қуанды   дейсің   шіркін,   құшағыма   сыймас   еді

бақытым!


Тоқтап, машинадан секіріп түстім де, балама қарай тұра жүгірдім.

-

Немене, ауырып қалдың ба?



-

Жоқ,   мамам   жібермеді.   Ол   айтады,   сенің   машинаңа   мініп   қыдырма

дейді. Мен жыладым, - деп мұңын шағады Самат.

-

Енді қалай кеп тұрсың?



-

Папам ацтады, несі бар, қыдыртқысы келген екен балаларды – қыдырта

берсін дейді. 

-

Солай ма?



-

Мен айттым шофер болам дедім...

-

Ия, шофер боласың және шофер болғанда қандай! Не әкелгенімді білесің бе



саған? – ойыншық машинаны алып бердім. – Көрдің бе, бұрандалы кішкентай

машина. Нағыз кішкентай шофердың қолы!

Бала күлім қағып, жайнап сала берді.

-

Мен ылғи-ылғи сенімен бірге жүрем бе, аға? – Көзі жаутаңдап қарай береді



маған. Көңілім босап кетті.

-

Әрине, ылғи! – деп сендіріп қоям. – Ал бірінші майда менімен бірге қалаға



барғың келе ме? Машинаға жалау қадап қоямыз. Сосын  сені әкеп тастаймын.

– Неге солай дедім, хаөқым бар ма еді солай деп айтуға? Қазір түсіндіру қиын

оны.   Тіпті   өз   сөзіме   өзім   ұйып,   иланып   қаппын.   Ол   –   ол   ма.   Онымен   де

қоймай: - Ал егер  ұнаса,  менің қасымда  біржола қалып қоясың! – деймін

балама   ағымнан   жарылып.   –   Екеуміз   ылғи   кабинаның   ішінде   отырамыз.

Өзіңді қасымнан қалдырмай ертіп жүрем. Жарай ма?

-

Жарайды!   –   дейді   Самат   бірден   көніп.   –   ылғи   машинада   отырамыз   ғой.



Кетейікші, аға, қазір кетіп қалайықшы осы!..


Ересек   адамның   да   балаға   ұқсайтын   кездері   болады.   Кабинаға

отырдық. Екі ойлылау болып от алдырдым да, стартерді бастым. Самат мәз.

Еркелеп етегімнен тартып қояды. Бір орында отырмайды секіріп. Машина

жүріп   кетті.   Бұрынғыдан   бетер   қуанды   Самат.   Прибор   салынған   жәшіктің

кнопкасын, рульді көрсетіп, күліп бірдеңе бірдеңе деп қояды. Оған қосылып

мен де мәз-мейраммын. Есімді тез жиып алдым бірақ. Не істерімді білмей,

әбден сасқаным бар емес пе. Мұным не? Машинаның жүрісін саябырлатып

едім, бірақ Саматтың қояр түрі жоқ.

-

Жылдамырақ,   аға!   Жылдымырақ   жүрейікші!   –   деп   жалынады   кеп.



Қуанғаннан көзі жайнап барады. Айтқанын қалай қалт етерсің енді. Газды

басыңқырап   жібердім.   Машинаның   жүрісі   үдеп   сала   бергенше   болмады,

алдымыздан грейдер шыға келді. Тас жолдың үстін тегістеп жүр екен. Жол

бойына   төгілген   қарамай-қарамй   тас   қиыршықтарды   тапай-мапай,   грейдер

бұрылып   ап   бізге   қарай   қарсы   жүрді.   Сөйтсем,   оның   ар   жағында   анадай

жерде   Бәйтемір   тұр   екен.   Жолдың   бұрыла   берісіндегі   тұсына   төгілген

қарамай-қарамай   үңгіні   аударыстырып   жатыр.   Сасып   қалдым.   Тоқтайын

десем,   біраз   жерге   өтіп   кетіппін   баланы   ап.   Еңкейіңкіреп,   басып-басып

қалдым газды. Бәйтемір ештеңе байқаған жоқ. Басын да көтермеді. Әрлі-берлі

өтіп жатқан машина аз ба тәйір. Бірақ Самат көріп қапты оны.

-

Әке,   папам   менің!   Аға,   папамды   да   ала   кетейікші,   ә?   Тоқташы,   папамды



шақырайын!

Үндеген   жоқпын.   Енді   тоқтаудың   ыңғайы   жоқ,   не   бетімді   айтпақпын?

Самат жалт бұрылып кейін қарады да, үрейі ұшып кетіп, бақырып жылап

жіберді:


-

Папама барам! Тоқташы, папама барам мен! Тоқта, керегі жоқ. Ма-ма!..

Жартастың тасына түсіп барып тоқтадым. Жұбатып жатырмын баламды: 

-

Жылама, Самат, керегі жоқ жылап! Қазір қайта алып барайын. Жыламашы



тек!

Әбден зәресі ұшып кеткен бала қояр емес тіпті.

-

Жоқ, керегі жоқ! Папама барам! Аш! – деп есікті сабалайды. – Аш. Папама



барам жүгіріп! Аш!

Сөйтіп, ойда жоқта солай болды.

-

Жыламашы! – деп жалынам кеп. – Қазір ашайын. Қойшы тек! Өзім апарайын



папаңа. Ал барайық, шық енді!

Самат жылаған бойы, секіріп түсіп кейін қарай тұра жүгірді. Ұстап алдым:

-

Тоқта! Сүрт көзіңнің жасын. Керегі жоқ жылап. Жаным балам, жыламашы!



Машинаңды неге алмайсың, ә? Қарашы! – Қолы-басым дірілдеп, зорға деп

бұрадым   машинаны.   –   Ал,   қара,   зымырай   жөнеледі   қазір.   Ұстап   алшы!   –

Ойыншық машина зырлай барып тасқа соғылды да, аударылып қап, домалап-

домалап ұшып кетті.

-

Керегі   жоқ!   –   деп   бұрынғыдан   да   бетер   бақырды   Самат.   Алды-артына



қарамай қашып барады.

Сілейіп   тұрып   қаппын.   Тамағымда   ыстық   бір   түйіншек   тұрып

қалғандай тынысым тарылып барады. Қуа жөнелдім баламды:



-

Тоқташы,  жыламашы, Самат! Тоқташы,  мен  сенің...  мен сенің... Сен

білемісің!.. – Бірақ тілім келмейді айтуға...

Самат   болса   қашып   барады.   Қарар   емес   артына.   Бұрылыстан   асып

көрінбей   кетті.   Жартасқа   дейін   жүгіріп   бардым   да,   зырлап   бара   жатқан

баланың артынан қарадым да тұрдым.

Жол бойында жұмыс істеп жатқан Бәйтемірге жүгіріп барып, құшақтай

жығылды   Самат.   Бәрін   көріп     тұрмын.   Бәйтемір   жүрелеп   отырып   ап,

құшақтап   бауырына   тартып,   қысады   кеп.   Бала   да   оның   мойнына   асылып,

құшақтап жатыр. Мен жаққа үрейлене қарап қояды.

Сосын   тырнауышты   иығына   сап,   баланы   қолынан   жетектеп,   жолға

түсіп кете берді Бәйтемір. Бірі үлкен, бірі бала – қол ұстасып кетіп барады

екеуі.

Жартасқа   сүйеніп   ұзақ   тұрып   қаппын.   Кейін   қайттым.   Ойыншық



машинаның жанына кеп тоқтадым. Жолдың жиегінде доңғалақтары көктен

кетіп жатыр екен. Ыстық жас ыршып кетті көзімнен. «Ия, бәрі де құрыды!» -

деймін,   машинаның   қақпағынан   сипап   қойып.   Мотордың   ыстық   лебі

щарпиды бетімді. Баламмен соңғы рет көріскеніме куә болған машина екеш

машина да жылы ұшырап барады көзіме...

***


Ілияс түрегеп есікке қарай аяңдады. 

-

Таза ауамен тынгыстап келейін, - дейді.



Мен купеде қалып қойдым. Таң қылаң беріп, шығыс жақ бозамықтанып

қапты.  Телеграф  бағаналары  бұлдырап  өте  шығады.  Жарықты  сөндірсе  де

болар енді.

Шалқамнан   түсіп   рйға   шомып   жатырмын.   Өзім   білетін,   бірақ   Ілияс

білмейтін жәйттерді оған айтсам ба екен әлде айтпасам ба екен? Ол купеге

тез   орала   қоймады.   «Тынығып   алсын,   ертең-ақ   айтармын»,   -   деп   түйдім.

Мұным жақсы болар ма – ертеңіне бұл ойымнан қайтып қалдым. Айтпай-ақ

қояйын дедім.

Жол жөндеуші Бәйтемірмен танысқаныма онша көп болған жоқ еді. Бұл

баласы   мен   Әселдің   асуда   тұратынын   Ілиястың   білетін   кезі   болатын.

Жрыстың нәтижесін т ексеру үшін әрі тәжірибе алмасу үшін Қырғызстан жол

қызметкерлерінің   делегациясы   Памирге   барады   деп   жүрген.   Соған   орай

Тәжікстанның   республикалық   газеті   маған   таудағы   қырғыз   жолшылары

жайында оччерк жазуға тапсырма берді. 

Белгіленген   делегацияның   ішінде   ең   тәуір   жол   жөндеущілердің   бірі

Құлов Бәйтемір де бар екен. 

Сол Бәйтемірмен танысқалы Доланға келдім.

Алғашқыда   жолым   болып,   ойда   жоқта   оп-оңай   кездестік.   Дәл   асуға

жете бере біздің автобусымызды қолында қызыл жалауы барбір жұмысшы

кеп   тоқтатты.   Сөйтсек,   біздің   алдымызда   қар   құлап,   көшкін   боп,

жөндеушілер   жолды   аршып   датыр   екен.   Автобустан   түсіп,   көшкін   болған

жерге   аяңдадым.   Биіктен   құлаған   топырақ   аралас   дәу   тас   жолдың   жиегін




ойып,   қоршаған   діңгектерді   қирата-мирата,   шыңырау   құзға   түсіп   кетіпті.

Жолдың бұл тұсы жөнделіп те жатыр екен. Бульдозер топырақты ойға қарай

сыпырып жатыр. Ал бульдозер бұрыла алмайды-ау деген жерде қолдарына

тыранауыш, күрек ұстап қарбаласып жатқан  жұмысшылар. Үстіне  брезент

плащ,   аяғына   керзі   етік   киген   бір   адам   бульдозердің   асынан   шықпай,

трактористке айғайлап қояды:

-

Солға   қарай   жүр!   Тағы   бір   жүріп   өт!   Тағы   да   тапта!   Солай!   Тоқта!



Кейін шегін!..

Жол қалпына келіп, өтетін жер ашылып та қалды. Екі жақтан да аңдап

келіп   қалған   шоферлар   машиналарын   дамылсыз   пепілдетіп,   жолды

ашпайсыңдар деп жолаушылармен ұрсысып жатыр. Бірақ плащ киген адам

асығар емес. Сол байсалды қалпы. Бульдозерді жібермей, жолды әрлі-берлі

таптатып, нығырлатып жүр. «Өз ісіне мығым-ақ екен! Осы Бәйтемір болар» -

деп ойладым. Қателеспеген екем. Дәл өзі боп шықты. Ақыры жол ашыоып,

тұс-тұстан келген машиналар өітп те кетті. 

-

Сіздің автобусыңыз кетіп қалған жоқ па? – деді Бәйтемір маған қарап.



-

Мен сізге келіп ем!

Таңырқаған Бәйтемір жоқ! Кәдімгідей келіп қолымды қысты:

-

Қонақ десе, «бас мәзір, жоқ жай».



-

Сізде шаруам бар еді, Бәке, - деп кішілік көрсеттім. Өзімнің де аты-жөнімді

айттым. – Біздің жолшылардың Тәжікстанға баратынын білетін шығарсыз?

-

Естігем.



-

Ендеше сол Памирге жүрердің алдында сізбен бір әңгімелесейін деп ем.

Өзімнің   қандай   мақсатпен   келгенімді   түсіндіріп   айтқан   сайын,   бурыл

мұртын ширатып, ойға батқан адамдай қабағын түйе түсті Бәйтемір. 

-

Келгеніңіз әбден жақсы, орынды, - дейді маған. – Бірақ Памирге бара алмайм



мен. Және жазатын да ештеңе жоқ.

-

Неге екенін білуге болар ма? Жұмыс көп пе? Әлде үй ішінде бірдеңе...



-

Жұмыс деген – жол ғой мынау. Өзіңіз де көріп тұрсыз. Ас үйде? – Сөзін кілт

үзіп, қалтасынан папирос алды. – Үйге деймісіз?.. Әрине, семья болғасын

үйде неге шаруа болмасын... Памирге бармайым бірақ.

Сіз сияқты жол жөндеушінің делегация ішінде болуы сондай қажет деп

өзімше түсіндермек, иландырмақ болам. Сыйлағандықтан ғана тыңдап отыр

Бәйтемір. Ақыры көндіре алмай қойдым.

Мұндай ренжімеспін. Өзіме-өзім ренжимін. Журналистігім қайда қалды

бұл   жолы?   Сірә,   ыңғайын   таппаған   болармын   бұ   кісінің.   Редакцияның

тапсырмасын да, көршілес республика газетінің айтқанын да орындай алмай

құр қол қайтатын болдым асудан.

-

Қайтам енді, Бәке. Сөге жамандамаңыз, кетем-дағы осылай. Жолшыбай



бір машина да келіп қалар.

Байыпты, ойлы көздерімен маған қадала қарады.

Мұртынан күледі:

-

Қаладағы қырғыздар әдетті ұмытқан-ау осы. Үйім бар, сембям бар. Мен деп



келген екенсіз. Ертең үйден аттанасыз.жолдан қайтара жайым жоқ. Жүріңіз,


әйелім мен балама алып барайын. Ренжи көрмеңіз. Жарық барда участокты

аралап шығуым керек еді. Тез оралам мен. Біздің жұмыс осы...

-

Тоқтаңызшы, Бәке! – дедім. – Сізбен бірге мен де аралап қайтайын.



Қалаша киінген түріме қарап, қуана жымияды Бәйтемір:

-

Менімен бірге жол кезгенің ыңғайсыз боп жүрмесе. Әрі алыс, әрі қиын.



-

Оқасы   жоқ!   –   деп   мен   де   болмадым.   Әр   көпірдің,   әр   бұрылыстың,   әрбір

құлама жар мен жоғарыдан төнген жартастың тұсына кеп тоқтаймыз. Жол

жөндеуші   бәрін   де   қалт   жібермей   қарайды.   Әрине,   әңгімелесіп   келеміз.

Бәрінің   неден,   қалай   басталып   кеткені,   Бәйтемірдің   көңілі   қалай   түскені

маған әлі күнге дейін жұмбақ. Сөйтіп, оның өз тағдырын,   өз семьясының

жайын   әңгіме   етіп   шертпесі   бар   ма.   Енді   Ілиястың   хикаясын   бастан-аяқ

тыңдап алғасын барып қана жолым болған журналист екем деп қоям өзіме.

Сырт көзге салмақты көрінгенмен, со бір күндері ауыр мұңға батып, ұяқы

бөліп, қайғыланып жүр еді Бәйтемір. Көңілін демейін деп бірер ауыз сөзді

айтып   қалған   да   болар.   Бірақ   ие   болу   қайда   сосын.   Сыр   дегенің

ақтарылмасын ба кеп...

II.

Жол жөндеушінің әңгімесі



-

Памирге барғыңыз неге келмейді деп сұрадыңыз ғой. Мен өзім – Памирдің

қырғызымын. Туып-өскен жерім де сол – Памир. Ал қазір болса Тянь-Шаньда

жүрмін осы.

Памир жолынығ құрылысына қаршадай кезімде келдім. Комсомол ұран

тастағанда   барған   болатынмын.   Құрылысты   бүкіл   халық   боп   салды.

Механизм   дегенің   жетпейді.   Жұмыс   сондай   ауыр.   Бірақ   ықыласпен,   жан

аямай істедік жұмысты. Жастардың қимылы әсіресе күшті. Мәңгі бақи адам

баласы   аяқ   баспаған   Памирді   көктей   өтіп   жол   салынып   жатса,   сөйтпей,

қайтушы еді! Еңбек озаты боп, талай рет бәйгі, награда да алдым. Әншейін,

сөздің ыңғайы келгесін айтып жатқаным ғой.

Сол құрылыста жүріп, бір қызды кездестірдім. Ұнатып қап, сондай бір

құлай   сүймесім   бар   ма.   Әп-әдемі,   ақылсыз   да   емес.   Ауылдан   құрылысқа

келсе осал  деп пе ең. Ол кезде  қырғыз  қыздарына  оңай ма еді бұл. Тіпті

қазіргі   күнде   де   қыздың   өндіріске   барар   жолы   жіңішке,   қылдай   емес   пе.

Өзіңіз білесіз, ғұрып, әдет деген оңай босатсын ба. Гүлбарамен танысқаныма

бір жылдай уақыт өтті. Жол құрылысы аяталып келеді. Сол жолды пайдалану

үшін кдар керек. Жолды көптеп-көлемдеп саласың. Бұл бір басқа. Ал одан

кейін оны күтіп, қарай біоу керек қой. Ішімізде Хусаинов деген бас инженер

бар. Өазір де сол жолдың төңірегінде, министр. Дос боп алдық екеуміз. Қояр

да қоймай мені жол жайын оқытатын курсқа жіберді. Гүлбара күтіп жүре

алмас, ауылға кетіп қалар деп ойлап едім. Жоқ, күтіп жүр екен. Үйлендік те,

сонда, жол участогында қалып қойдық. Тату-тәтті тұрып жаттық. Жақсы әйел

дегенің жолы бөлек, керемет таяныш бір. Кейін оны өз басымнан да кештім.

Осы жұмысты өмір бойы ұнатып кетсем, осыған әйелімнің сіңірген еңбегі де

аз емес. Кішкентай қызымыз да бар. Одан соң екінші қызымыз болды. Со

кезде соғыс басталып кетті.



Нөсер  жауыннан  кейінгі  тау   өзеніндей  Памир  жолы  бұрқ-сарқ  етеді.

Жұрттың бәрі қаптап әскерге кетіп жатты.

Менің   де   кезегім   келді.   Ертеңгісін   үйден   шығып,   жолға   қарай   бет

алдық.   Кішкентай   қызымды   көтеріп   келем.   Үлкен   қызым   етегімнен   ұстап

қасымда келеді. Гүлбарам менің! Менің Гүлбарамды айтсайшы! Жолға деп

салған   қапшығымлы   көтеріп   келеді.   Өзіне-өзі   қайрат   беріп,   менің   де

көңілімді   басып   қояды.   Білем   ғой.   Оңай   деймісің   оған.   Елсіз   тауда,   жол

участогында   шиеттей   балалармен   қалып   барады.   Бар   көрші   дегенде   –   өзі

сияқты шүйкедей екі әйел. Ауылға, туған-туысқандарына жіберейін деп ем,

Гүлбараның   барғысы   келмеді.   Бірдеңе   ғып   шығармыз.   Сені   күтіп   отыра

береміз   ғой.   Оның   үстіне   жолды   қайтіп   иесіз   тастап   кетеміз   дейді.   Тас

жолдың жиегінде соңғы рет бас қосып тұрмыз. Әйеліме, балаларыма қарай

берем.   Қоштастық   ақыры.   Гүлбара   екеуміз   де   жап-жас   болатынбыз.   Өмір

табалдырығын жаңа ғана аттап ек. 

Саперлардың   батальонына   жіберді   мені.   Москва   түбінде   қағылған

талай-талай діңгекте менің де қолымның табы қалды. Содан соң Дон мен

Василадан асып, Дунайдан да өттік. Соғыс өртін кешіп жүріп қанша жол,

қанша өткел, қанша көпір салмадық біз. Сан жетпес тіпті. Кейде мұздай суға

батып немесе түтінге тұншығып, лаулаған оттың ішінде қаласың. Айналңда

күрс-күрс   снаряд   жарылып,   өткелдер   қирап,   адамдар   өліп   жатады.   Күшің

таусылып, діңкең құриды әбден. Тезірек өлтірсе екен деп те қаласың. Сол сәт

тауда қалған үйімді еске алам. Мені келеді деп күтіп отыр ғой олар. Ту-ту

Памирден осынау көпірдің астында қап, өлім кұшу үшін келіп пе ем! Күштің

қайдан келетінін білмейім. Сергіп жүре берем. Арасы ашылып, босап кеткен

сымдарды тісіммен шайнап бұраймын кеп. Өлгім, жеңілгім келмейді. Өлмей-

жітпей Берлинге дейін жеттім.

Әйелім   хатты   жиі-жиі   жазып   тұрды.   Дес   бергенде   почта   үйдңғ   дәл

қасындағы жолды басып өтеді. Тәптіштеп тұрып жазады. Жолдың жайын да

айтып қояды. Ол менің орнымда жол жөндеуші болып қалған-ды. Оңай емес

екенін алыста жатып-ақ білем. Оның үстіне көрші тұратын әйелдер де кетір

қапты әр жаққа.

Тек  қырық бесінші жылдың көктемінде хат-хабар үзіліп, қалды. Қойғ

майдан даласындағы почтада не болмаушы еді деп жұбатам өзімді. Бір күні

полктың штабына шақырды мені. Солай да солай, старшина, біраз соғыстың,

рақмет саған, мынау наградаларың дейді. Енді үйіңе қайт. О жақта қазір сен

керегірексің.   Тек   барған   етте   соғыс   комисариатына   соқ,   документтеріңді

тапсырып,   кім   екеніңді   айт.   Сосын   барып   тарт   үйіңе.   Күтпеген   жерден

сөйдеді. Мұндай қуанбаспын. Телеграмма да слоққыздым тіпті. 

Елге қайтып келдім. Соғыс комисариатына бірден соққам жоқ. Қайда

кетіп жатырмын, келермін дедім. Үйіме айтып келемін. Тезірек жетейін де

үйіме!   Жолшыбай   бір   жарым   тонналық   машина   кездесе   кетті.   Памирдің

жолына түсіп ап, жоғары өрлеп тартып барам. 

Қанат бітер ме еді шіркін. Майданда «Студеекрдің» жүрісіне үйреніп

алғам ғой. Кабинадағы шоферге тыным бермей келем:




-

Айдаңқырасаңшы,   інім-ау!   Аяп   қайтесің   салдамаңды!   Үйіме   асығып

келем ғой.

Жақындап   та   қалдық.   Бұрылыстан   өткен   соң   –   менің   участогым.

Шыдамадым. Жүріп бара жатқан машинадан секіріп түстім. Иығымда нәрсе

салынған қапшық. Жүгіре жөнелдім. Жүгірсем, тез жетермін деп ойлажым.

Жүгіріп келем, жүгіріп келем. Бұрылыстан айналып шыға келдім... ештеңе

біліп болар емес. Бәрі де орнында сияқты: тау да баяғыдай, жол да со қалпы.

Тек үй-жай жоқ, аула да жоқ, тірі жан жоқ. Үйіліп қалған тас қана. Біздің аула

таудың дәл етегінде еді. Тап-тар жер болатын. Тауға көзім түсуі мұң екен,

есім шығып кетті. Қарлы көшкін мұздан жөңкіле құлапты да, жолдағының

барлығын   тып-типыл   ғып   кетіпті.   Ештеңе   де   қалмаған.   Таудың   етегін

шеңгелдеп ойып алған тәрізді. Ал төменгі ой жақты үңірейтіп жырып кеткен.

Әйелім соңғы хатында қар өте қалың, оның үстіне жаңбыр жауып тұрғаны

деп жазып еді. Көкшкінді алдын ала құлатып, төмен түсіру керек еді. Әйел

адамның қолынан қайдан келсін. 

Сөйтіп   семьяммен   солай   табыстым.   Ажамен   мың   рет   бетпе-бет

кездесіп, тозақтан тірі қайтып келсем, шаңырағым ойран боп, ортасын түсіп

жатыр.   Жанымнан   артық   көрген   жандар   тіпті   өмірімде   болмаған   сияқты.

Сілейіп   тұрып   қаппын.   Қимылдауға   шама   жоқ.   Тау   сілкініп   кетердей   ғып

айғайлап   жібергім   келеді.   Даусым   шықпайды   бірақ.   Өне   бойым   тас   боп

мелшиіп қалған. Бейне бір жаны жоқ адаммын. Иығымдағы қапшық сырғып,

аяғымның   астына   түскенін   ғана   білемін.   Тастап   кеттім   сонда.   Ішінде

қыздарыма, әйеліме деген базарлығым бар еді. Жолшыбай гимнастеркамды

конфетке айырбастам алғам да. Керемет бірдеңені күткендей ұзақ тұрдым.

Сосын   бұрылып   ап,   жолды   өрлеп   кейін   қайттым.   Бір   рет   тоқтап   тағы

қарадым: таулар әрлі-берлі теңселіп үстіме құлап келеді. Жаншып кетеді*ау

енді. Жан даусым шыққанша айғайлап жіберіп, тұра жүгірдім. Аулақ! Аулақ

кетейін қарғыс атқан бұл жерден! Ағыл-тегіл еңіреп, өкіріп тұрып жыладым

сол жолы. 

Қалай   қарай   жүргенім,   қайтіп   жүргенім   есімде   жоқ.   Үшінші   күн

дегенде   станцияға   кеппін.   Сапырылысқан   жұрттың   ішінде   жынданған

адамдай   сандалып   жүрмін.  Бір   офицер  атымды   атап   шақырды.   Өарасам   –

инженер   Хусаинов.   Әскерден   үйіне   қайтып   келе   жатқан   беті   екен.

Бақытсыздыққа   тап   болған   жайымды   екі   ауыз   сөзбен   айтып   бердім.   Енді

қайда бармақсың дейді. «Өзім де білмейім!» - дейім. Жоқ, бұл болмса, шыда.

Бұлай   тентіретіп   қоймаспын   сені.   Тянь-Шаньға   барып,   жол   құрылысын

аяқтап шығайық. Сосын көрерміз тағы дейді...

Сөйтіп   осы   жаққа   келдім.   Алғашқы   жылдары   жол   бойында   көпір

салдық. Уақыт болса зымырап өтіп жатыр. Бір жерде тұрақтамай бола ма.

Инженер Хусаинов ол кезде министрлікке ауысқан-ды. Маған жиі-жиі келіп-

кетіп жүрді. Құрылыста жалғыз емеспін. Көппен бірге жүру жеңілдеу ғой. Ал

анда, кім біледі, арадай сарсылып құсадан өлермін. Жылдар өтті. Бірақ өзіме-

өзім келе алмай-ақ қойдым. Ұмыта алар емеспін. Өмірім осымен біткендей.

Алдымда ештеңе жоқ сияқты. Үйлену жайын тіпті ойыма да алған емеспін.

Өзімнің Гүлбарамды, балаларымды жанымнан артық көруші ем ғой. Ешкім




ешқашан   да   солардың   орнын   толтыра   алмайтын   тәрізді   көрінді.   Әйтеуір

үйлену керек деп үйлене салуда не тұр. Жалғыз жүргенің артық одан. 

Ақыры жол жөндеуші боп баруға бекіндім. Байқайым, орайы келмес.

Басқа бір жаққа кетіп қалатын сияқтымын.маған нақ асудағы осы участокты

берді.   Жоқ,   бірте-бірте   бауыр   басып,   үйреніп   кеттім.   Бір   қарбаласы   көп

участок. Асу ғой. Жұмыс аз болсын ба. Бәлкім, осының өзі де менің қалып

қоюыма себеп болған шығар. Оны ауырсынатын мен емес. Қайт іздегенім

сол. Біраз уақыт өткен соң, жараның да аузы бітіп, қақсауы саябырлағандай

болды.   Анда-санда   ғана   түс   көрем:   қаңырап   қалған   ауланың   алдында

мелшиіп   кеп   тұрамын.   Иығымдағы   қапшығып   сусып   аяғымның   астына

түседі. Бұрылып ап жолға түсіп кетіп бара жатам. Ояна келсем қойным жасқа

толып қалады. Ондай күндері таң ата тұрып кетем де, үйге кешкісін бір-ақ

қайтам.   Сөйтіп   жалғыз   өзім   тұрып   жаттым.   Рас,   ара-тұра   қам   көңілім

елегізіп: «Бәлкім әлі де болса алдымнан шығар бақытым! Шығар ма екен?» -

деп қоям.

Қиямет азапқа сап, қинап барып жетті-ау со бақытым ақыры. Осылай

болар   деп   тіпті   ойлаған   да,   күткен   де   жоқпын.   Бұдан   төрт   ждыл   бұрын,

қыстың   аяқ   кезі   болатын.   Бір   күні   көршімнің   сырқат   шешесін   облыстық

ауруханаға апардым. Өзі үйінен қия басып шыға алмайды: жұмыс басты юоп

жүреді. Оның үстіне семьясы, бала-шағасы бар... кемпір байғұс болса, күн

санап әлсірей бастады. Дәрігерге алып бармақ болдым. Біздің участокқа жол

басқармасының   бір   машинасы   келе   қалмасы   бар   ма.   Бірдеңе   алып   келсе

керек.   Сол   машинамен   облысқа   тартып   тұрдық.   Кемпірді   дәрігерлерге

көрсетіп   ем,   ауруханаға   жатқызу   керек,   әйтпесе   өледі   деді.   Кемпірдің

ауруханаға бірінші ре кеп тұрғаны екен. Ойда жоқта қасарысты да қалды.

Мұнда   қалғым   келмейді,   үйге   барып   өлем,   алып   кет.   Әйтпесе   қарғысыма

қаласың   дейді.   Көндіре   алмай   қойдым.   Кейін   алып   қайтуға   тура   келді.

Дәрінің түр-түрінен алып ап, кейін қайттық. Әбден кеш болып қалған кез.

Автобазаның   аралық   базасының   тұсынан   өтіп   бара   жатыр   ек.   Шофер

машинаны кілт тоқтатып: 

-

Қайда баратын едіңіз? – деп сұрады. Бір әйел даусы естілер естілмес



қып, түсініксіздеу жауап қатты да, жолды бойлап ілгері жүре берді. 

-

Отырыңыз!   –   деді   шофер   оған.   –   неге   өйттіңіз?   –   Машинаны   тақап



алып барды. 

Бір жап-жас әйел көрінді машинаның кузовының жиегінен. Құшақтап

алған баласы, қолында бір түйіншегі бар. Жәрдемдесіп кузовқа шығардым.

Кабинаның ығындағы орнымды соған беріп, өзім бұрышқа барып отырдым. 

Жүріп кеттік. Күн суық. Бір түрлі дымқыл жел соғып тұр. Өңменнен

өтеді. Бала жылап қоя берді. Шешесі әлдилеп қанша уатса да, уанбай жылай

берді. Мынга сорды қарашы. 

Кабинаға отырғызса да болар еді. Онда өлім алдында жатқан кемпір

бар. Шешесінің иығынан тартып:

-

Маған беріңізші өзін. Бәлкім, уанар. Ал өзіңіз еңкейіңкіреп отырыңыз.



Сонда жел онша қатты соға қоймас.


Балақанды   шолақ   тонымның   ішіне   тығып,   бауырыма   қысып   ем,   қоя

қойды.   Танауы   шуылдап,   ұйықтап   кетті.   Өзі   сүп-сүйкімді.   Он   ай   шамасы

болар. Әлде одан сәл артық па екен. Бала сол жақ қойнымда еді. Неге екенін

өзім   де   білмейім,   кенеттен   жүрегім   алып   ұшып,   оқ   тиген   құстай   ыршып-

ыршып кетті. Біресе мұңаям, біресе қуанам. «Япыр-ау, шынымен-ақ енді әке

болмай өтер ме екем?» - деп ойлайым. Ал балақан бұйығып жып-жылыбоп

жатыр. Басқа не керек оған.

-

Ұл ма? – деп сұрадым. 



Шешесі басын изеді. Байқаймын, шешесі байғұс тоңып қалған сияқты.

Үстінде жұп-жұқа ғана пальто. Қысты күні шолақ тонымның сыртынан плащ

киініп   жүруші   ем.   Біздің   жұмыста   онсыз   бола   ма?   Баланы   бір   қолыммен

бауырыма қысқан бойы жеңімді создым да:

-

Үстімдегі   плащты   тартып   шешіңіз.   Әйтпесе   суық   тиіп   қап   жүрер,   -



дедім.

-

Жоқ-жоқ, тынышыңыз кетпей-ақ қойсын, - деп көнбеді.



-

Тартыңыз, тартыңыз! – Бұйырыңқырап айттым. – Жамылып алыңыз.

Плащқа оранып алды. Жел соқпасын деп плащтың етегімен аяқ жағын

қымтап қойдым. 

-

Аздап жылындыңыз ба? – деп сұрайым.



-

Ия, жылынып қалдым.

-

Осынша неге кештетіп жүрсіз?



-

Осылай боп қалды, - деді ақырын ғана.

Шатқалдан   өтіп,   рудник   тұрған   поселкеге   келдік.   Жұрттың   бәрі

ұйықтап   қалған.   Терезелерде   жарық   жоқ,   қараңғы.   Иттер   шәуілдеп

машинаның   соңынан  тұра-тұра   ұмтылады.   «Япыр-ау,   осы   әйел  қайда   бара

жатыр?» - деген ой сап ете түсті. Рудникке келк жатқан болар деп ойлап ем.

Өйткені, одан әрі баратын жер жоқ: асу, біздің участок қана.

-

Сіз келіп те қалдыңыз-ау деймін? – деп сұрадым да, кабинаны ұрғылай



бастадым. – Бізге де алыс қалған жоқ. Мына тұрған асу ғой. Машина

одан әрі бармайды.

-

Бұ қандай жер? – деп сұрады әйел.



-

Рудник. Сіз осында келе жатқан жоқ па едіңіз?

-

Ия, осында келе жатырмын, - оның даусы екі ұштылау шықты. Бірақ бөгелген



жоқ. Ұшып түрегеп маған плашты бере салды да, баланы өз қолына алды.

Бала тағы да қыңқылдай бастады. Секіріп түсейін деп машинаның жиегіне

келдім.   Әйелге   көмектесейін   деп   жүрмін.   Әйтеуір   бір   сыр   бар.   Бір

бақытсыздыққа   тап   болғандай.   Жеті   түнде,   сақылдаған   аязда   жалғыз   өзін

қайда тастап кетпекпіз?

-

Баратын   жеріңіз   жоқ   па?   –   деп   турасына   көштім.   –   Бөтен   ойыңыз   боп



жүрмесін! – Баланы қолынан күштеп тартып алғандай болдым. – бармаймын

деуді   қойыңыз.   Біздің   участокта   қонып   шығыңыз,   ар   жағы   өзіңіздің

жұмысыңыз. Келістік қой! Тарт! – деп айғайладым шоферға.

Машина жылжып жүре берді. Әйел бетін алақанымен басып, үнсіз отыр.

Сірә, жылап отырған болар. 



-

Қорықпаңыз! – деп жұбатып қоям. – Мен сіздерге ещқандай жаманшылық

жасамайым.   Бәйтемір   Құлов   деген   жол   жөндеушімін.   Маған   сенуіңізге

болады.


Өз үйім түсірдім оларды. Ауланың ішінде бос тұратын бір кішкентай

бөлме бар еді. Өзім сонда барып, төсағашқа қисая кеттім.

Көпке   дейін   көзім   ілінбейді.   Ойға   батып   жатырмын.   Тыныштар

емеспін.   Әрнені   мұқшап   сұрай   беру   ыңғайсыз.   Өзім   де   жақтырмаймын

ондайды.   Бірақ   оның   әлденені   бүгіп   қалғанын   сезініп   отырмын.   Қайғыға

душар болған адам бір ауыз сөз айтса, он ауыз сөзін жасырып қалмай ма.

Күйеуің   тастап,   үйінен   кетіп   қапты.   Тәкаппар   болар   тегі.   Амалы   құрып,

қасірет шегіп отырғаны байқалады. Бірақ жаситын түрі жоқ. Әрине, не істесе

де әркімнің өз ықтияры ғой. Өз жайын оның өзінен артық кім білер. Сонда да

аяп кеттім: өзі әлі жап-жас-ау тіпті. Қыз сияқты тап-талдырмаш, тұлғасы да

әп-әсем. Жайшылықта жайдары, назды болар. Япырым-ау, осындай жанның

қадірін білмей, айырылып қап жүрген кім екен? Тіпті түсінсем бқйырмасын.

Бірақ өздерінің ісі ғой. Менің нем бар. Ертең ертіп барып, жолшыбай бір

машинаға мінгізем ед жіберем.

Со күні қатты шаршап едім. Ұйықтап бара жатсам болды – машина

келе жатқандай, қойнымда балақан жатқандай болады да тұрады. Міне, үп-

үлкен жігіттің өзі жылынып, бауырыма қарай кіре түседі.

Таң ата тұрып, жолды аралап қайтуға шықтым. Бірақ, әлгіндей болмай

тез оралдым. Қонақтарымның халі қалай екен деп келем. Оянып кетпесін деп

аяғымның   ұшымен   жүрем.   Ауызғы   бөлмедегі   пешке   от   жақтым.   Самауыр

қойып   қойдым.   Сөйтсем,   әйел   алдақашан   тұрып,   кетпек   боп   жатыр   екен.

Рақмет айтып қояды маған. Шай ішпей жібермейім деп, сәл күткізіп қойдым.

Түнде серік боп келген кішкентай сүйкімді балақан екен бір. Әй-түй жоқ,

кісішге бассалады. Ұстамайтын, ойнамайтын нәрсесі жоқ. Сонымен ойнайым

деп өзім де рахатқа баттым бір. Бірден бауыр басып кеттім өзіне. Шай ішіп

отырғанда:

-

Қай жаққа барасыздар? Жолға машина тоқтатайын ба? – дедім.



Әйел сәл ойланып барып жауап қатты:

-

Рыбачьеге.



-

Туған-туысқандарыңыз сонда ма еді?

-

Жоқ. Әке-шешем ауылда. Тосордың ар жағында.



-

Е, барып-барып басқа бір машинаға мінеді екенсіздер ғой. Ыңғайсыздау

екен.

-

Жоқ.   Мен   ауылға   бәрібір   бармаймын.   Болмайды   онда   баруға,   -   мұңайып



баласына қарады. – Біз өзіміз кінәліміз. – Ата-анасы берген жерге бармай, өзі

қалаған адамға шыққан екен ғой деп ойладым. Расында да солай боп шықты. 

Әйел   жолға   шығуға   қамдана   бастады.   Бірақ   баламен   желдің   өтінде

тұрғанша   үйде   отыра   тұрыңыз,   сабыр   ойлаңыз   деп   өорға   көндірдім.

Машинаны мен де тоқтатпаймын ба. 



Жолға қарай әзер басып келемін. Неге екенін қайдам, олар қазір кетеді,

мен болсам тағы да жалғыз қалам-ау дегенді ойласам-ақ, көңілім бұзылып,

бір түрлі құлази берем.

Алғашқыда   машинасы   түскір   келе   қоймады.   Ал   сосын   біреуін

тоқтатпай,   өткізіп   жібердім,  көтергем  жоқ   қолымды.   Өзімнен-өзім  шошып

кеттім. Неге бүйттім осы? Азапқа түспесім бар ма сүйтіп. Машиналар бірінен

соң   бірі   өтіп   кетіп   жатыр.   Тоқтатқым   келсе   де,   тоқтата   алмаймын.   Қазір,

келесі   машинаны   тоқтатармын   дейім.   Бірақ   қолы   құрғыр   тағы   да

көтерілмейді. Күйіп- жанып барам. Мұным не: кісіні тапа-тал түсте алдап,

жолынан бөгеп отырғам жоқ па. Қандай хақым бар бүйтуге? Ол болса ана

жақта күтіп отыр, үмітті боп отыр. Жол үстінде әрлі-берлі жүріп-жүріп алам.

Өзімнен-өзім   қорқайын   дедім.   Өзім   де   түсінбейтін   бір   жай.   Әйтеуір   бір

сылтау, желеу тапқандай болам. Біресе әйнегі сынған машина тап болады –

суық қой. Біресе машинаның өзі ұнамайды. Біресе шоферды жақтыртпайтын

сияқтымын.   Есерлеу   немесе   масаңдау   біреу   боп   шықса   қайтпекпін.   Ал

кабинасы бос емес машина келе жатса, балаша мәз боп қуанам. Әйтеуір, қазір

кетпесе екен, әлі де аздап, ең болмаса бес минут аздап бола тұрса екен үйде.

«Ал сонда қайда бармақ ол? – деп ойлаймын. – Ауылға бауға болмайды. Өзі

айтып отыр. Басқа жерде ешкімі жоқ. Рыбачьеге болса тоғыз жолдың торабы.

Кім   жоқ   дейсің   онда.   Алуан   түрлі   жан   бар   ғой.   Жап-жас   баламен   қайда

бармақ? Қыстың күні қырауда қор болмаса неғылсын! Қой, одан да осында

қала тұрсын. Біраз тұрсын, ақылға сап, ойлансын әбден. Күйкуіне қайтып

барар бәлкім. Әлде күйеуінің өзі іздеп табар оны...»

Беу,   сорлы   басым-ай.   Өздерін   ерте   кеп,   бірден   неге   аттандырып

жібермедім осы. Сөйтіп бір орынла бақандай үш сағат бойы сенделіп жүрдім

де қойдым. Өзімді атарға оғым жоқ. Мұным не, неге бүйтем осы? Қой, өзін

ертіп   келейін   де,   өзінің   көзінше   тоқтатайын   машинаны.   Әйтпесе   ештеңе

шығар емес менен. Үйге қайттым. Ол да есіктен шығып келе жатыр екен.

Күте-күте   сарғайса   керек.   Ұялғаным-ай.   Тентектік   жасап   қойған   балаша

жаутаң-жаутаң етем.

-

Күтіп қалдыңыз ба?  – деп міңгірлеймін. – Машина жоқ о жаққа баартын.



Машина жоқ емес-ау, жайлы біреуі кездеспейді тіпті. Кешірңіз, бөтен ойға

жори көрмеңіз. Құдай ақына, бір минөтке болса да, кіре тұрыңызшы үйге.

Өтінемін! 

Әрі көңілсіз, әрі таңырқай қарады маған. Сосын үндеместен үйге кірді. 

-

Сіз мені аяйсыз ғой деймін? – Үйге кіргесін айтқан сөзі осы. 



-

Жоқ, ондықтан емес. Байқаймысыз... Сіздің жайыңызды ойлап қорқам.

Қиын болады ғой. Қайтіп күн көрмексіз?

-

Жұмыс істейім. Көндікпейтін мен бе?



-

Қайда тұрмақсыз жұмысқа?

-

Бір   жерге   тұрамын   әйтеуір.   Бірақ   кейін   де   қайтпайым,   ауылға



бармайым.

Ештеңе дегем жоқ. Бәрі де белгілі болды. Қазір оның бірдеңе ойлануға

мұршасы жоқ. 



Өкпе-наз,   қорлық   танымын   алып   барады.   Қайда   барарын   өзі   де

білмейді. Жұмыс істейім, күн көріп кетем деу – айтуға ғана оңай.  Айтқаны

дұрыс   та   болар.   Бірақ   бірден   сол   айтқаны   бол   салар   ма.   Адамды   зорлап

ойынан қайтару да қиын. 

Бала   маған   қарай   талпынады.   Қолыма   ап   сүйіп   алдым.   Ішімнен;

«Бүлдіршіндей балақаным-ай, қазір кетесің-ау мені тастап. Кетпеші. Туған

баламдай боп кетіп ең. Қимаймын...» - деп қоям.

-

Ал,   шығамыз   ба,   -   дедім   ақырын   ғана.   Түрегелдік.   Баланы   көтеріп



келем. Табалдырыққа жете бере тұрып қалдым:

-

Жұмыс бізден де табылады. Осында да тұруыңызға болады. Кішкентай болса



да пәтер бар. Рас айтам, қалыңыздар. Асықпаңыздар. Кетудің аулы қашпас.

Ойланыңыз... – дедім.

Алғашқыда көнбеді ол. Мен де айтып жатырмын. Әзірге осында жұмыс

істей тұрыңыз. Кейін өмір көрсетер. Кетем десеңіз, қалаған күні кетіп жүре

бермейсіз бе деп болмайым. 

Өзінің   аты   Әсел,   баласының   аты   Самат   екен.   Сөйтіп   екеуі   біздің

участокта қалды да қойды. 

Ауланың ішіндегі бөлме суық еді. Қоярда-қоймай Әселді баласымен өз

үйіме  қалдырдым  да,  өзім аула  ішіндегі  бөлмеге  кірдім.  Маған  сол  жарап

жатыр. 


Содан   бастап   өмірім   өзгеріп   жүре   берді.   Былай   қарағанда   ештеңе

өзгермеген сияқты. Бұрынғыша әлі де соқа қара басым сол. Бірақ жан бітіп,

адам   болған   тәпіздімін.   Ұзақ   уақыт   бойғы   жалғыздықтан   жапа   шеккен

көңілім де жылына бастағандай. Жалғыздық дегенді не деп ойласам екен?

Әрине,   жалғыз   тұрғам   жоқ,   айналамда   басқа   адамдар   да   болады   ғой.   Ия,

көппен   бірге   өмір   сүріп,   жұмыс   істеуге,   достасуға   да   ортақ   істі   бірге

тандырып, қол ұшын беруге де, басқаның жәрдемін алуға да болады. Сағатың

жетіп, өле қалсаң, ақ жауып арулап көмер де. Басқалардан кем тәрбиелемес.

Бірақ өмірдің басқа жағы да бар ғой. Ол – сүйген адамыңа деген махаббатың.

Оның орнын немен толтырасың. Балаға әбден үйір боп алдым. Жол қарауға

шыққанда жылы орап ап, өзіммен бірге ала кетем. Көтерем де жүрем. Бос

уакытымның   бәрін   соның   қасында   өткізем.   Бұрын   қайтіп   жүргенімді

білмеймін. Көршілерім де бір есті, жақсы адамдар еді. Әселді де, Саматты да

жақсы   көріп   кеттім.   Баланы   кім   жақсы   көрмесін.   Ал   Әсел   болса   ашық,

ақкөңіл.   Со   қылығыңмен   жақпаушы   ма   еді,   әбден   сіңісіп   кетті   участокқа.

баланы   соншама   құлай   жақсы   көруімнің   бір   ұшы   Әселге   де   байланысты

болар.   Тіпті,   бірінен-бірі   айырып   бола   ма.   Несіне   жасырайын,   қанша

тырысып баққаныммен өзімнен-өзім жасыра алсамшы. Сүйіп қаппын Әселді.

Жан-тәніммен,   құлай   сүйдім,   жалғыздықпен   жабырқап   өткен   жылдарым

үшін,   бастан   кешкен   барлық   қасіретім   мен   сағынышым   үшін   сүйдім.

Баяғыдан   бері   көрген   көресім,   жоғалтқаным   да   орсы   махаббаттың   ішіне

сыйып кеткен сияқты. Бірақ солай деп қалай айтармын. Әйел болса күтіп

жүрді   күйеуін.   Сыр   бермесе   де,   көп   күтті.   Жол   бойында   жұмыс   істеп

жүргенде   оның   әрлі-бберлі   өтіп   жатқан   машинаны   қалт   жібермей,   зарыға

қарап тұрғанын жиі-жиі байқаушы ем. Ал кейде баласын бауырына қысып ап,



жолдың жиегіне барып, талай сағат бойына тапжылмай көп отыратын. Ал

күйеуі келе қоймады. Оның кім екенін, қандай адам екенін білмейім. Сұраған

емеспін. Әчел де тіс жарып, ешкімге ештеңе деген емес.

Аз-аздап өтіп жатыр уақыт. Самат өсіп келеді. Пысы-ақ. Қолды-аяққа

тұрмайды. Өзі доп-домалақ. Біреу үйретті ме, әлде өзі шығарды ма білмейім,

әйтеуір   мені   «ата»   ата   дейтін   болды.   Көрсе   болды,   «аталап»   мойныма

оралады.   Саматқа   қарап   мұңая   күлімсіреп   қояды   Әсел.   Әрі   қуанып,   рәі

қысылып мен жүрем. Ата болар едім-ау оған және болғанда қандай. Әттең...

Сол   жазда   болатын,   бір   күні   жол   жөндеп   жатқамыз.   Машиналар

тоқталмай ағылып өтіп жатыр. Кенеттен бір шоферға айғай салды Әсел:

-

Әй, Жантай, тоқташы!



Машина екпінімен өтіп барып тоқтады. Әсел жүгіріп жетіп барды. Не

деп   сөйлескенін   білмейім   олардың.   Әйтеуір   кенеттен   Әселдің   кабинадағы

шоферға жан даусы шығып айғайлап жібергенін естідім:

-

Өтірік айтып тұрсың сен! Өтірік! Сенбеймін! Жоғал! Жоғал қазір!



Машина   кетіп   қалды.   Әсел   жолдан   өтіп,   үйнге   қарай   тұра   жүгірді.

Жылап бара жатты-ау деймін.

Жұмыс істей алсамшы сосын. Кім болды екен ол? Не деп кетті Әселге?

Күдіктеніп,   әрнеге   бір   жоримын.   Шыдамай   ауланың   ішіне   бардым.   Әсел

баласымен үйде отыр. Шыққан жоқ. Дегенмен, кешкісін өзім бардым.

-

Самат қайда? Сағынып қаппын! – деймін.



-

Міне, мында отыр ғой, - деп көңілсіз жауап берді. 

-

Ата! – деп маған қарай тұра ұмтылды Самат. Қолыма алып ойнатып



жатырмын. Әсел мұңайып, үн-түн жоқ отыр.

-

Не болды, Әсел? – деп сұрадым. Әсел ауыр күрсінді.



-

Кетемін, Бәке, - дейді. – Бұ жерде жаман болғасын емес, әрине. Мың да бір

рақмет сізге. Әйтсе де... Басым ауған жаққа кете берем. Өзім де білмейім

қайда барарымды. 

Ол мұны тегіннен тегін айтқан жоқ. Байқаймын, қайғыға шыдамай кетіп

қалуы да ықтимал. Амалым құырп, шынымды айтпасыма болмады:

-

Қайтейін, сені ұстап тұра алам ба, Әсел. Бірақ бұ жерде қалып мен де адам



болмасыпн. Кетермін, сірә. Құлазыған мекенді тастап кеткенім бар бір рет.

Содан   енді-енді   ғана   ес   жиып   келе   жатқанда...   Кездейсоқ   болды   ма,   әлде

тағдыр солай ма. Бірақ , сенімен баламен бірген кетем. Айтатын не бар. Өзің

де біліп жүрсің ғой бәрін, Әсел-ау. Егер сен кетсең, Памирде қалған мекеней

бұ жер де құлазып қалады мен үщін. Ойлан, Әсел... Ад егер ол қайтып келсе,

жүрегің қалап тұрса, оралғы бола қоймаспын. Қашан да басың бос, Әсел...

Осыны айттым да, Саматты көтеріп ап, жолға қарай кетіп қалдым. Баланы

көтеріп ұзақ жүрдім со жақта. Кішкентайымгның ойында түк жоқ ,қайдан

білсін.

Әсел кете қойған жоқ.бірақ не ойлап жүрегні не деп түйгені белгісіз. Со

күндері әбден жүдеп, қарайып кеттім.бір күні талма түстің кезінде қайтып

кеп, аулаға кірдім. Қарасам, Самат кәдімгідей жүргісі кеп жүр. Құлап қап,

жазым боар ма деп Әсел қолынан ұстап апты. Тоқтап қап тұрмын.



-

Бәке, балаң жүріп жүр қарашы! – деп қуана жымиды Әсел. Қалай деді? Балаң

деді-ау! Иығымдағы  күректі  тастай  сап,  жүрелеп отыра  қап,  баланы  өзіме

шақырдым:

-

Тәй, тәй, ботам, тәй-тәй-әй! Келе ғой маған, келе ғой. Жүрші кәне, қорықпай



бас аяғыңды. 

Самат құшағын жайды.

-

Ата! – деп тәлтіректеп, жүгіріп келеді. Со бойда қағып ап, жоғары көтеріп



біраз тұрдым да, қысып жатырмын кеудеме. 

-

Әсел! – деп қоям. – ертең баланың тұсауын кесейік. Сен ала жүннен түсау



есіп даярла.

-

Жарайды, Бәке! – деп күледі Әсел.



-

Ия, ия, ала жүннен ес...

Атқа мініп ап, дос-жар, малшыларыма ьір-ақ тарттым. Жас ет пен қымыз

әкелдім. Ертеңіне көршілерді баламыздың тұсауын кескен тойға шақырдық.

Саматты тұрғызып қойып, аяғын ала жіппен тұсадым да,  қасына қайшы

қойдым. Екінші жақта тұрған балаларға түсіндіріп жатырмын:

-

Кім   бұрын   барып   тұсауды   кессе,   тартуды   ең   алдымен   сол   алады.



Қалғандарың содан кейін. Ал жүгіріңдер! – деп қолымды сермеп қалдым.

У-шу боп жатырмыз. Бәйгіге қосылғандай балалар да, айғайға басып тұра

жүгірді. Тұсауы кесілген Саматқа:

-

Ал, балам, жүгір енді! – деймін. – Әй, балақандар, оны да ертіп, өздеріңмен



бірге ала кетіңдер!

Балалар Саматты қолынан ұстап алды. Ол да жүгіріп барады. Артынан

қарап тұрып өз-өзіммен сөйлеп кетіппін:

-

Жұртым-ау,   менің   құлыным   жүгіріп   жүр!   Жел   жетпейтін   тұлпар



болсын, ылайым!

Балалардан қалмай жүгіріп бара жатып, бұрылып: «Ата!» дей бергене

құлап қалды Самат. Әсел екеуміз де тұра ұмтылдық. Баланы жерден көтеріп

алдым. Сонда барып Әсел маған қарап бірінші рет:

-

Жаным! – деді.



Содан бастап ерлі- зайыпты болдық.

Қыста   кішкентайымызды   алып,   аулыдағы   қарттарға   барып   қайттық.

Өкпелі боп жүр екен. Артынан бәрін кешіп, оң баталарын берді.

Уақыт байқатпай өтіп жатты. Самат қазір беске шықты. Әсел екеуміздің

арамыздан қыл өтпейді. Тек бір нәрсені ана қозғамаймыз. Еске түсірмейміз.

Оңашада Әсел оны талай рет ойлаған да, есіне түсірген де болар. Бірақ ашып

айтпасақ та, екеуміз бірдей ден қойған бір жай бар: білмейміз оны, біз үшін

ондай адам болған емес жер бетінде, қазір де жоқ...

Бірақ кісі ойлаған бола бере ме ылғи. Оның үстіне шындықтан қайда

қашып құтыларсың. Тауда ғана тап бола кетті ол. Жолда бір авария болғаны.

Түн.   Көрші   тұратын   жәрдемші   екеуміз   білейік   деп   жүгіре   жөнелдік.   Кім

біледі,   апатқа   ұшырап   жатқан   болар   біреу.   Жетіп   келсек,   жүк   машинасы

діңгекке кеп соғылған екен. Шофер да қатты соғылса керек, есін білмейді.

Оның үстіне мас. Таныдым, бірақ аты есімде жоқ. Бір жолы бізді қиындықтан

құтқарып, машинамызды асуға дейін сүйреп барған еді. Доланнан өйтіп өту



оңай болып па. Бұрын ешкім де өйтіп көрген жоқ. Тіпті ешкімнің ойына да

келмеген шығар.өзі бір алған бетінен қайтпайтын, өткір жігіт екен. Усадьбаға

дейін сүйреп апарды. Жақсы көріп, ұнатып қалдым. Содан кейін көп уақыт

өтпей әлдекім бірінші рет тіркеу сап, асуға дейін барыпты да, азғантай ғана

жерге   жете   алмай   қалыпты.   Сірә,   болмаса   керек   тіпті.   Сосын   тіркеуді

тастапты да, кетіп қапты. Жүрек жұтқан кім екен бұо, анадағы жігіт емес пе

екен   деп   ойладым.   Кім   болса   да   дегеніне   жете   алмағынаы   өкінішті-ақ.ал

содан кейін асудан тіркемемен өте беретін болды. Ыңғайын тауыпты жігіттер.

Солары әбден жақсы болды.

Шынымды айтайын, Әселдің кетіп қалған адамы сол екенін білгем жоқ.

Тіпті   білгенде   де   сөйтетін   едім   ғой.   Далаға   тастамақпын   ба.   Иығыма   сап

сүйретіп отырып үйге апардым. Көзімнің сона барып жеткені ғой. Әсел үйге

отын ап кіріп келе жатыр еді. Көрді де, сілейіп тұрып қалды. Құшағында

отыны еденге түсіп кетті. Бірақ ешқайсысымыз сыр берген жоқпыз; бірінші

рет кездесіп тұрғандаймыз.

Аңдаусызда   бірдеңе   деп   қойып   немесе   жай   ишарамен   болса   да

жандарын   жараламау   үшін,   бір-бірін   қайтадан   ұғып,   табысуына   оралғы

болмас   үшін   әсіресе   мен   өзіме-өзім   ие   болуға   тиіспін   ғой.   Менде   тұрған

ештеңе жоқ енді. Не деп шешсе де, өздері шешеді: бұрын дәмдес боп бірге

тұрды, қазір кіруатта қасыма ап, бауырыма басып, еркелетіп жатқан бала да

солардікі.

Сол түнде ешқайсысымыз көз ілгеміз жоқ. Әркім өөз ойымен әуре. Мен

де ойға шомып жатырмын.

Баласын   алып   кетіп   қалуына   болады   Әселдің.   Бұл   –   өздеріңнң   ісі.

Парасаты, жүректері нені әмір етсе, соны жасасын, мейілдері. Ал мен ше,

мен   қайтем.   Со   да   сөз   боп   па.   Менің   қолымда   тұрған   не   бар.   Әйтеуір,

тосқауыл болмауым керек...

Ол жігіт қазір де осында. Біөзің жолмен жүріп тұрады. Сонша жылдар

бойы қайда болды екен, не істеді екен? Айтса да, гәп онда емес қой... Өздері

білсін...

Бәйтемір   екеуміз   жол   қарап   қайтып   келеміз.   Асуда   күн   кешкіріп   те

қалған. Көктемгі батар күннің алқызыл шапағы Тянь-Шаньның мұз басқан

шыңдарына шатырдай төнген аспанды нұрға малып жіберіпті. Жло үстінде

өкіріп әрлі-берлі ағылып жатқан машина. 

-

Солай боп шықты ақыры, - дейді ол ойланып, үндемей қалған Бәйтемір. –



Қазір   үйден   кетпеуім   керек   менің.   Егер   кетем   деп   жатса,   ары   азаптанып

қиналмасын   Әсел.   Маған   айтып,   баласына   деген   ақ   батамды   алып   кетсін

дейім. Туған баламнан артық көрем ғой оны. Бірақ біреудің баласын қалай

тартып алармын. Сондықтан да ешқайда кетпей жүрмін. Әсіресе, Памирге

бара   алармын   ба...   Газет   үшін   айтып   жатқам   жоқ,   әрине.   Адаммен   адам

сырласпай ма жай...

Эпилог орнына

Ілияспен   Ощта   қош   айтыстым.   Ол   Памирге   тартты,   мен   өз   жайыма

кеттім.



-

Барып, Әлібекті тауып алдым. Жаңа өмір бастаймын! – деп арман етеді жол

бойы. – Мені бір құрыған адам екен деп ойлай көрмеңіз. Бәрі де алдымда ғой

әлі. Уақыт өтер, үйленермін. Жұрт сияқты менің де семьям, өз шаңырағым,

бала-шағам   болар.   Тек   бір   нәрсе   ғана   болмас.   Қайтып   қолға   түспестей

біржолата   айырылып   қалдым   ғой...   Әселді,   онымен   бірге   өткізген   аяулы,

қимас күндерімді өле-өлгенше, ақтық тынысыи біткенше ұмытпаспын бірақ...

Кететін   күн   көлдің   жағасына,   сол   баяғы   құлама   жарқабаққа   тағы

бардым. Тянь-Шангь тауымен, өзімнің Ыстықкөліммен қоштастым. Қош бол,

менің Ыстықкөлім, таусылмас ән-жырым!   Сені, сенің көгілдір айдыныңды,

жап-жасыл жазық жағаңды өзіммен бірге ала кетер ме ем шіркін! Қолдан

келер   ме   бірақ.   Сүйіктімнің   махаббатын   әкете   алмай   кетіп   барам,   сені   де

әкете алмайым ғой... Қош бол, Әсел! Қош бол, қызыл желек жамылған, жел

тербеткен шынарым! Қош бол, адал махаббатым! Бақытты бол!..

Бәйтемірден   естігенімді   Ілиясқа   айтпадым.   Бірін-бірі   білмей   тұрып,

біріне-бірі зор адамгершілік, кісілік жасапты. Олардың қадір-қасиетінің өзі



осы емес пе. Айтып нем бар менің...


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет