Үшінші бөлім логистика жүйесіндегі иивестициялық тартымдылығы мен қаржы ағымдары



бет8/10
Дата18.02.2023
өлшемі203,59 Kb.
#69033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тапсырушылармен жұмыс атқару.
Нарық сұранысындағы алар орынын анықтағаннан кейін, негізгі жүк тапсырушылармен жұмыс жүргізіледі. Ол үшін таңдаған тасымалдау бағытында тапсырушылармен, жүк жіберушілрмен және нақты бағытқа жіберілетін жүктерді жинайтын орындарды, қоймаларды сонымен қатар осы бағытта жұмыс істеп жүрген делдаларды анықтайды. Осындай ізденіс, анықтау жұмыстарынан соң, олардың әрқайсысы жөніндегі деректер, мәліметтер жиналады. Егер жиналған мәліметтер толық болып, олардың кешегісін, бүгінгісін және ертеңгісін анықтауға мүмкіндік болса, онда олармен тіл табысу, жұмыс істеу жеңіл болады. Маркетингтік жұмыс неғұрлым тиімді болса, онда бәсекелестер, сыбайластар жөніндегі мәліметтерді талдай отырып, әрқайсысымен жұмыс істеу тактикасы анықталады. Соған сәйкес өз-ара келіс сөздер жүргізіліп, келісім шарттары орындалады. Бұл келісім шарттың негізгісі тасымалдау бағасы және одлан түскен пайданы бөлудегі әркімнің үлесі анықталады. Егер тасымалдау жұмыстарын жаңадан бастаған кәсіпорындар мен кәсіпкерлер болса, делдалдардың басты шарттарын орындауға тура келеді. Өйткені бұрын қызмет атқарып келе жатқан деолдалдар, бәсекелестер жүк тапсырушылар мен қабылдаушыларға жақсы таныс, олардың өзара келісім шарттары болады, жол бойғы тексеру орындары, жүктерді тиеп-түсіретін жұмысшыларды жақсы тану ол тасымалдау тиімділігінің ең басты шарттары. Жүк иеімен немесе тапсырушымен тікелей
келісім жасаған уақыттада жүктерді орап дайындайтын және
319

уақытша сақтайтын арнаулы орын, оларды автокөлікке тиеу,тиесілі жол құжаттарды дайындау, жол бойы мемлекеттік тексеру орындарыннан өту ерекшеліктерін меңгермей жолға шығу өте көп мәселелермен қиындықтар келтіреді. Кейбір жағдайларды үлкен шығынға немесе айым сомасын төлеуге


тура келеді. Сондықтан маркетингтік жұмыс сапасын өте жақсы атқарылмаса қандайда болмасын тасымалдаушыға жолға шығып, үлкен жауапкершілік алуға болмайды.
Жарнама өткізу. Жарнама қандайда болмасын кәсіпкерлікпен айналысарда, соның ішінде тасымалдау жұмыстарын атқаруда өте керек жұмыс түрлерінің бірі екені айқын. Бірақ жарнаманы кәсіпорынның негізгі көрсетер қызмет түрлері, тұрған орыны, тасымалдау бағыттары мен қатар қосымша көрсетер қызметтер түрлерінде толықтай көрсеткен жөн болады. Бірақ негізгі жарнама болып, бір рет болсада жүк жіберіп, тасымалдау жұмыс сапасы көңілінен шыққан тұтынушылардың көзқарастары, ой-пікірлері өздерімен қатар кәсіпкерлікте жүрген адамдар, ұйымдар үшін ең бастысы және шешушісі болып табылады.Сондықтан қандайда болмасын тұтынушыға дер
кезінде, тиімді бағамен, сапалы қызмет көрсетіп, тасымалдау жұмыстарын орындап беру ең басты міндет және тиімді жарнама болады. Олай болмаған жағдайда жарнамаға шығарған қыруар қаржыдан ешқандай пайда болмай, бекерден бекер шашу болады.Бірақ сапалы және дер кезінде орындалған қызмет жеткілікті деу дұрыс пікір емес, сондықтан сапалы қызмет көрсете отырып, нақты, үтымды жарнамалар өткізу, кез-келген кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің нарық кеңестігіндегі алар орынын, көлемін онан сайын берік етіп кеңейте береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет