Шұжық және консерві өндірісі



бет29/81
Дата06.01.2022
өлшемі1.01 Mb.
#15629
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
Өмірлік ақаулар. Безеу немесе құртты байламдар, көлемі 0,5-6мм Сиырдың соқыр ішегінің сілекей асты қабатында және анда-санда тік ішек пен шеңберде кездеседі. Бұл ішекке құрттардың кіріп кетуінен пайда болады. Іріңді безеулерді (жасыл, сары және қара) кесіп тастайды.

Қанатқұйырықты ішқұрттар-тоғышарлар (паразиттер) - олар бүгілмелі, түссіз, жіпке ұқсас келеді. Өңештің сілекей қабықшасында кездеседі, зиянсыз. Оларды сілекей қабықшасын сыпыру кезінде алып тастайды.

Патологиялық ақаулар - ішектердің қосылған жері, іріңді, ісіктер, ойық жаралардың орындары, санды сүйелдер. Ішекте патологиялық өзгерістер кездесетін болса, міндетті түрде кесіп, алып тастау керек.

Бұғақтылық - (брыжеватость) қойлардың ішектерінің қабырғаларында кездесетін кішкене саңылаулар. Бұғақтылықтың ірі және шаңды түрлері болады. Ірі бұғақтары бар ішектерді қалдық деп санайды. Ішектерді сорттау кезінде оларды жарамсыз етіп, ішек дайындауға қолданады. Диаметрі 0,5 мм-ге жететін саңылаулары бар шаңды бұғақтылықтарды ақау деп санамайды, өйткені мұндай ақаулары бар ішектерді сосискаға қабықша ретінде пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет