ШҚо жарма ауданы Қызылағаш орта мектебі кмм



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі439,19 Kb.
#9131

 

ШҚО 

Жарма ауданы 

Қызылағаш орта мектебі КММ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сыныбы: 7 – 9  

 

Өткізген: Жукенова Ардақ Тұрлықанқызы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жаңа заман талабына орай қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі 

жаңалықтарды, сабақ бағдарламасындағы күрделі тақырыптардың ауқымын 

кеңейтіп, оқушы  санасында жете қалыптастыру мақсатында мұғалімдер 

сынаптан тыс жұмыстарды өткізіп жатады. Қазіргі кезде оқушылар ыптасын 

математика пәніне бұру үшін математика кештерін өткізудің ертеден 

қалыптасқан тәсілдерін жетілдіріп, оқушылардың пәнге деген 

қызығушылығын ұйымдастыру қажет. Сондықтан сабақтар, сыныптан тыс 

жұмыстар жарыс, көңілді тапқырлар отауы, Ұлттық және танымдық ойын 

т.б. түрінде өткізілгені тиімді. 

    Осы мақсатта «қызықты математика», «Бақытты сәт», «ХХІ ғасыр 

көшбасшысы», «Миллионды кім алады?», «Математик – бизнесмен» сияқты 

кештерді мектепте жаңаша ұйымдастырып өткізіп отырамын. 

  Осындай кештердің бірі 8 – сыныпта өткізілген «Интеллектуалдық 

Олимпиада». Кештің тартымды, көңілді өтуіне қосымша көрнекіліктер, 

техникалық құралдар пайдаланылады. Ойын барысында әр сұрақ 

интерактивті тақтаға шығарылып отырады. (Power Point). 

    Ойынға екі топ «Алгаритм» және «Софизм» қатысады. Әр топта үштен топ 

мүшелері, оның біреуі топ жетекшісі. Басқа оқушылар жанкүйер ретінде 

қатысады. Ойын барысын екі сарапшы қадағалап отырады. Ұпайды есептеп 

отыруға екі есепші алынады. 



Ойынның жүру барысы: 

1.Кіріспе. 

    Жалпы ойын ережесімен ойынның мақсатымен, ойынға қатысушы 

топрамен, сарапшылармен таныстыру. Ойынға қатысушылардың мұқият 

болуын, сұрақтарды дұрыс тыңдауын және оны алдымен топ мүшелерімен 

бірге отырып талдап алып жауап беруін сұраймын. 

 

2.Негізгі бөлім. Ойынды жүргізу. 



 

І тур. Бұл турда жалпы 12 сұрақ қойылады. Сұраққа екі топ кезек жауап 

береді. Жауап берілген тұжырымның дұрыстығын немесе бұрыстығын 

мақұлдайды. Дұрыс берілген жауап 10 ұпаймен бағаланады. Ойлануға 10 сек. 

уақыт беріледі. 

1.

 

Тікбұрышты координаттар жүйесін енгізген Р.Декарт.(иә) 



2.

 

10х



2

+7х


2

-3= 0 квадраттық теңдеу.(жоқ) 

3.

 

Гипербола-квадраттық функцияның графигі.(жоқ) 



4.

 

Планиметрия-геометрияның жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерін 



зерттейтін бөлімі(иә). 

5.

 



Бір айда төрт апта, бес жексенбі бар.(иә, егер 1-і алғашқы жексенбі 

болса, бес жексенбі болады. 1,8,15,22,29). 

6.

 

Тік бұрышты үшбұрыш туралы теорема – Пифагор теоремасы. (иә) 



7.

 

1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысы 5060.(жоқ). 



8.

 

1000000



0

-сі 1-ге тең.(иә). 

9.

 

Түзуден тыс жатқан нүкте арқылы берілген түзуге екі параллель түзу 



жүргізуге болады.(жоқ). 

10.

 

Сүйір бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сүйір 



бұрыштың косинусы деп аталады.(жоқ) 

11.


 

Тік төртбұрыштың диогнальдары тең-өзіне тән қасиет. (иә) 

12.

 

(2/х



2

)+3х>0 квадраттық теңсіздік.(жоқ) 



ІІ тур.Бұл турда 6 сұрақ қойылады. Сұраққа екі топ белгілі бір ретпен 

жауап береді. Берілген сұраққа дұрыс жауап алынбаса, онда алғашқы 

ұпайды 100-ге кемітіп, 1-көмек беріледі, одан кейінгі жауап дұрыс 

болмаса тағы да 100 ұпай кемітіліп, 2-көмек беріледі, одан кейінгі жауап 

дұрыс болмаса тағы да 100 ұпай кемітіліп, 3-ші соңғы көмек беріледі. 

Дұрыс берілген алғашқы жауап 500 ұпаймен бағаланады. Одан кейін әрбір 

көмектен кейін ұпай саны 100-ге кемітіліп отырады. Ойлануға 1мин уақыт 

беріледі. 

 

1-сұрақ. Бұл математиктің басындағы ескерткіш тақтаға шар және оған 



сырттай  сызылған цилиндр ойылып салынған. 200 жыл өткен соң осы 

сызба арқылы оның молласын тапқан. Бұл қай математик? 



Жауабы:Архимед. 

1-көмек. Туған қаласы Сиракузды жау басып алғанда, бұл математик 

сызбасын сызып, оймен геометрия мұхитын шарлап отырған. Римдік 

жауынгер жүр дегенде, ол есебімді шығарып бітірмей ешқайда бармаймын 

деген. Сонда ашуланған Римдік жауынгер оны қылышпен шауып тастаған. 

2-көмек. «Эврика» сөзінің авторы. 

3-көмек. Осы кісінің есімімен байланысты физикалық заң бар. 

 

2-сұрақ. Діни тұрғыдан сандық соқыр сенімдердің ішінде әлі күнге дейін 



санадан арылмай келе жатқан сандар бар. Мысалы, 666-«пері саны», 3 

және 12 пифагоршылдар мектебінде бақытты сан деп есептеген, ал 4 

санын денсаулықтың, үйлесімділіктің саны деп есептеген, ал «шайтан 

саны» деп қай санды есептеген. Жауабы: 13. 

 

1-көмек.Қазіргі қазақ поезиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны, 



халқын, салтын сүюді, махаббат белгісі аққудың киелігін көркем тілмен 

жеткізген ақын кім? 

2-көмек. Бар жоғы 47 беттен тұратын күнделігі көп нәрсені ұқтырды. 

3-көмек. «Райымбек батыр» дастаны, «Қош махаббат», «Аққулар 

ұйықтағанда» шығармалары адамға терең тәрбие береді. 

Жауабы: Мұқағали Мақатаев. 

3 сұрақ. Халқы әлемде адамдарының бойының ұзындығы мен 

ерекшеленеді. Ересек адам бойының орташа ұзындығы 1,83 м. 

Мемлекеттік тілге қоса фрис тілі жүреді. Халқының 66% интернет 

тұтынушылары. Бұл қай ел жайында айтылған? 

1-көмек. Тілі – нидерланд тілі, діні католиг, протестант, ислам ұлттық 

ақашасы 1 гульден 100 центнам. 

2-көмек. Әлемде бәсекелестікке бейімді елдер арасында 9-шы орында. 



3-көмек. Бұл елдің ресми атауы – Нидерланды Корольдігі, астанасы 

Амстердам. 

4-сұрақ Әлемдік рекорд жасап «Гиннес» кітабына аты жазылған тұңғыш 

қазақ кім?.   Жауабы: талғат мұсабаев 

1-көмек. 1994 жылы 135 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді. 

2-көмек. 1998 жылы орбитада 7 ай жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне 

шыққан. 

3-көмек. Ғарыштың қара тұңғиығында 30 сағатын бетбе-бет өткізген. 

 

5-сұрақ. Ағылшын математигі Д.Сильвестр енгізген термин қалай 



аталады?  Жауабы:  Дискриминант. 

1-көмек. Қазақ тіліндегі мағынасы «айырма» дегенді білдіреді. 

2-көмек. Осы терминге байланысты теңдеулердің түбірлерінің саны 

анықталды. 

3-көмек. Квадрат теңдеулерді бұл терминнің көмегінсіз шешу мүмкін 

емес. 


 

6-сұрақ. Көптеген ерекше сандар ұлы математиктердің есімдерімен 

аталады. Мысалы, санын Архимед саны, e   2,718281 саны Эйлер саны 

деп атайды. Ал Шахризада саны деп қай санды атайды? Жауабы: 1001. 

1-көмек. Осы кейіпкерге байланысты ертегі бар және ол жөнінде фильмде 

түсірілген. 

2-көмек. Ертегінің атында «күн» сөзінің атнотимы кездеседі. 

3-көмек. Цифрларының қосындысы 2-ге тең, төрт таңбалы сан. 

 

ІІІ тур. Бұл турда 6 сұрақ қойылады. Сұрақтың жауабы үшін жауап 

кілттері беріледі. Осы кілттерді көргеннен кейін топ мүшелері ұпайды 

өздері таңдайды. Жауап дұрыс болмаса таңдалған ұпай сол топтың 

ұпайынан шегеріледі. Қарсы топтың берілген сұраққа жауап беруіне де 

жауап бермеуіне де болады. Егер дұрыс жауап берілсе ұпай саны 

қосылады, жауап қате болса ұпай шегеріледі. Ойлануға 30сек уақыт 

беріледі. 

1.

 



Алты аяқ болса да, төр аяқтай тез жүгіре алмайды.                               

Жауаптың кілті: 4 салт.  6.Жауабы: Салт атты. 

2.

 



Грек тілінен аударғанда «керілген жіп» мағынасын білдіретін 

үшбұрыштың элементі. Бұл қай элемент? 



Жауаптың кілті:  3   4   5.   Жауабы: Гипотенуза. 

 

 

         Ежелгі мысырлықтар жер өлшегенде мынадай тәсілді қолданған. Жіпті 

түйін салып тең 12-ге бөлгенде, ұштарын біріктіріп байлаған. Содан кейін 

қабырғалары 3, 4 және 5 бөлікке тең үшбұрыш шығатындай етіп жіпті жердің 

бетімен керіп тартады. Сонда үшбұрыштың 5 бөлік қабырғасына қарсы 

жатқан бұрышы тік болады. (3

2

+4

2



=5

2

). Осы айтылған салу есептерін ескеріп, 



қабырғалары 3, 4 және 5 бірлік тік бұрышты үшбұрышты кейде египеттік 

үшбұрыш деп те атайды. 

 

3.

 

Асыл тастар өлшем бірлігі.                                                                         



Жауаптың кілті: алтын, бриллиант, інжу. Жауабы: Қарат. 

 

4.

 

Бетховен  9-шы симфонияны неше рет тыңдаған?                            



Жауабтың кілті: 0 аппарат құлақ. Жауабы:Бірде-бір рет, саңырау. 

 

 

5.

 

Байкал көліне неше өзен құяды?        

         Жауаптың кілті: 6   3   3  Жауабы: 336. 

 

6.

 



Жетісу өңірінің тумасы, грек-рим күресінен әлем чемпионы, Азия 

чемпионы кім? 

 Жауаптың кілті:  Бақыт      қола    Азия 

Жауабы:  Нұрбақыт Теңізбаев 

 

ІУ тур. Бұл турда 4 анаграмма беріледі. Анаграмманы шешпес бұрын топ 

мүшелер ұпайды өздері қояды. Жауап дұрыс болмаған жағдайда қойылған 

ұпай шегеріліп отырады. Анаграмманы шешіп, қажетті емес сөзді алып 

тастау керек және тиісті таңбаны  немесе санды орнына қою керек. 

1.

 

Сұрақ белгісінің орнына қандай амал қойғанда теңдік тура болады? 



 

5? (5?5?5) / 5 = 8                 Жауабы: қосу, 5 + 



 = 8. 

 

2.



 

Анаграмманы шешіңдер. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет