Сыбайлас жемќорлыќќа ќарсы іс-ќимыл жґніндегі 2011-2015 жылдарєа арналєан салалыќ баєдарлама


Негізгі проблемалар, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің үрдістері мен алғышарттары



бет5/9
Дата24.10.2022
өлшемі123 Kb.
#45189
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Негізгі проблемалар, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің үрдістері мен алғышарттары.
«Транспаренси Интернэшнл» сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің рейтингінде елді бағалаудың белгілі бір деңгейге көтерілуіне қарамастан, Қазақстанның 105-орынды иеленуі мемлекет пен қоғам тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенін одан әрі қабылдау қажеттілігін растап отыр.
Осыған байланысты табысты іске асыру үшін басты факторларды бөлу қажет, оған көлеңкелі экономиканың жоғары деңгейін жатқызуға болатынын атап өткен жөн.
Бүгінгі күні мемлекеттік органдардың қабылдаған шараларына қарамастан, сыбайлас жемқорлықтың негізгі жүйе құраушы көздерінің бірі болып табылатын көлеңкелі экономиканың үлесі бұрынғыдай қомақты.
Шетелдік сарапшылардың зерттеулеріне сәйкес әлемнің дамыған елдерінде көлеңкелі экономика жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 10-15 %-ын, экономикасы өтпелі елдерде 23-28 %-ын, ал дамушы елдерде 40-45 %-ын алады.
Бұл ретте, «Транспаренси Интернэшнл» сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі бойынша алдыңғы орындарды иеленген елдердің бәрінде көлеңкелі экономиканың мөлшері төмен. Тиісінше, көлеңкелі экономика мөлшері жоғары елдерде сыбайлас жемқорлық неғұрлым жоғары.
Атап айтқанда, көлеңкелі сектор қызмет бабын теріс пайдалануды күшейте түседі, парақорлық күннен-күнге ауқымын кеңейтеді.
Халықаралық құқық нормаларын іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық шарттар мен келісімдерге қосылуға, елдің құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін беделді халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдармен ықпалдасуына байланысты құқықтық салада да маңызды проблемалар бар.
Қазақстан Республикасы әлі күнге дейін Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы (1999 жылғы 27 қаңтар, Страсбург қаласы) және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы (1999 жылғы 4 қараша, Страсбург қаласы) конвенцияларға қосылған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін айыппұлды ұлғайту қажет, өйткені жазалаудың төмен шарасы жемқорларды аса белсенді және ауқымды әрекеттерге баруға итермелейді, өйткені қылмыстық жолмен алынған, құны айыппұл мөлшерінен едәуір асып түсетін мүлік олардың билігінде қалады.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктерін қатаңдату өздігінен оның деңгейін төмендетудің тиімді құралы бола алмайтынын және сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жазалауды күшейту барлық салалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа да кешенді шараларымен қатар жүргізілуі тиіс екенін ескерген жөн.
Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың барлық қол жетімді құралдарды пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етудегі күшін одан әрі үйлестірудің маңызы ерекше зор.
Алдын алу шараларын табысты жүргізу қызметі одан әрі жетілдіруді талап ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы азаматтық қоғам институттарының қолдауынсыз мүмкін емес.
Көбінесе үкіметтік емес ұйымдар шынайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың орнына пиармен айналысады немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу түріндегі экономикалық бәсекелестерді «ыдыратудан» туындаған нақты тапсырыс берушілердің міндеттерін іске асырады.
Жұртшылықты тартпайынша, тұрмыстық және төменгі сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы тұру мүмкін емес, өйткені басқарудың төменгі деңгейлерінде сыбайлас жемқорлық жоғарыдан келетін әрекеттерді аз сезінеді және бірінші кезекте, азаматтардың өздерінің және олар құрған азаматтық қоғам институттарының іс-әрекетімен тежелуі мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық «айла-амалдарды» қысқартудан басқа бюджет шығыстарын қысқарту түріндегі елеулі экономикалық әсер беретін лицензиялық-рұқсат жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын барлық рұқсат құжаттарының (рәсімдерінің) түпкілікті тізбесін көздейтін Рұқсат құжаттарының бірыңғай ұлттық тізілімін заңнамалық деңгейде бекіту қажет. Осы шара кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдың тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды шет елде іске асыратын тиісті құрылымдармен өзара іс-қимылды жандандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ұлттық тәжірибесін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесіне шетелдің оң тәжірибесін енгізу қажет.
Кеңейтіліп жатқан халықаралық байланыстар жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі жеке алынған елде шешілмейді және жұмыс істеп жатқан және жаңадан құрылып жатқан халықаралық ұйымдар шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барабар үйлестірілген шараларын талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет