Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда саяси партиялар мен партиялық ұйымдар белсенді қатысуда



Дата06.01.2022
өлшемі47,88 Kb.
#14636

23 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ҮЕҰ, саяси партиялардың және БАҚ рөлі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда саяси партиялар мен партиялық ұйымдар белсенді қатысуда. Саяси партиялар азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатуға және қоғамдық бақылауды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Әріптестер ретіндегі осы институттардың оң әсері олардың тәуелсіздігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мүдделілігін қамтиды. Олардың әлеуетін тиімді пайдалану қоғамның осы процеске қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру болып табылатын «Нұр Отан» партиясы 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаны қабылдау бірінші кезекте «сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен шаттарды жою» болып табылады. Осы құжатқа сәйкес Қазақстанда қоғамдық бақылау институты енгізілуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдануда [1]. Бағдарлама шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдың қоғамдық инфрақұрылымын құру және азаматтар құқықтарын қорғау, олардың лауазымына қарамастан тұлғаларды жауапкершілікке тарту, сыбайлас жемқорлықпен проблемаларды талқылау бойынша негізгі міндеттер шешілді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру үшін барлық қолда бар әлеуетті, бірінші кезекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі және «Нұр Отан» партиясының Партиялық бақылау комитеті сияқты партиялық ұйымдардың қызметін күшейту қажет. «Нұр Отан» жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл, себептері мен оның пайда болуының алғышарттарын жою мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші орган. Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесуге жәрдемдесу, мемлекеттік билік, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен шарттарды жою, лауазымдық жағдайын пайдаланумен қасақана және құқық бұзушылықтарды түп тамырымен жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілік қатынасты қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру, бойынша жұмыс жасайды. Кеңестің міндеттері: 1) партияның, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ партияның консультациялық-кеңесші институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс 57 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ қимыл жөніндегі бағдарламалық құжаттарын іске асыруды және орындау мониторингін қамтамасыз ету; 2) партияның өңірлік және аумақтық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестерінің қызметін үйлестіру; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамда төзімділік қалыптастыру, 4) сыбайлас жемқорлық жағдайына партиялық және қоғамдық ісер ету тетігін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әртүрлі инновациялық нысандарын, әдістерін және құралдарын қолдану; 5) азаматтық қоғам құрылымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара әрекет жасасу; 6) жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы фактілері бойынша өтініштерімен жұмыс. Саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар ынтымақтастығының негізгі бағыттары мыналар болып табылады: – мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және олардың лауазымдық тұлғаларының жұмысында ашықтыққа қол жеткізу; – олардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты туғызатын кемшіліктерді анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бастамашылық ету; – әрбір сыбайлас жемқорлық фактісін қоғамдық талқылауға шығарып отыру; – азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты пайдалануының заңды және моральдық жауапкершілігі жағдайын қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық бірлестіктің, өңірлік және аумақтық қоғамдық кеңестердің қызметі, бұл жұмыстарға барлық деңгейдегі депутаттардың, ҮЕҰ мен БАҰ қатысуы арқасында мейлінше сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды қоғамдық бақылау арқылы қамту айтарлықтай кеңейді. Қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтардың сенімін ала отырып, кері байланыстың маңызды арнасы және халықтың құқықтарын қорғаудың пәрменді құралы болды. 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мәслихаттардағы депутаттық фракциялармен, прокуратура, қаржы полициясы органдарымен, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттерімен және басқа да мемлекеттер органдармен бірлесіп халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қоғамдық бақылауды дамытуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы іс-шараларды іске асырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау комиссияларының отырыстарында мемлекеттік органдардың жұмысы туралы БАҚ-та жарияланған сыни материалдар, мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмысын ұйымдастыру, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, 58 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тағы басқа да салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қарастырылады. Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынасты байланыстыратын пәрменді құрал болды, олардың жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрсетіледі. Қоғамдық кеңестердің жұмысының арқасында мемлекеттік органдардың қызметі қоғам өкілдері үшін ашық, қол жетімді бола түсті. Жастар арасында нысаналы жұмыс жүргізілуде. Патриоттық тәрбие және облыстық бағдарламаларды іске асыру мақсатында жұмысқа ҮЕҰ жастары тартылады. Жыл сайын көктемде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының қамқорлығымен еліміздің жоғары оқу орындарында студенттік жастар мен «Студент ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жастар ұйымдарының арасында акция өткізіледі. Бұл акция барысында жоғары оқу орындарында сенім жәшігі орнатылып, Қазақстан студенттері Альянсы республикалық штабының сенім телефондарының нөмірлері басылады, студенттер арасында жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу бойынша парақшалар, плакаттар, стикерлер таратылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және халыққа сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына келеңсіз әсерін түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық іс-шаралар кешені өткізіледі. «Жас Отан» ЖҚ кеңесінің белсенділері «Қарсы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық жастар қозғалысын құрды, оның мақсаты әлеуметтік әрекеттің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады. «Қарсы» ЖҚ өткізетін іс-шаралар («Парасыз студенттік сессия», «Жастар сыбайлас жемқорлықты жояды» және т.б.) қазақстандық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырады. Барлық мемлекеттік органдарда лауазымды адамдардың Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы бұзу фактілері туралы хабарлау үшін жұмыс режимі сағат 9-дан 18-ге дейін белгіленген сенім телефоны орнатылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның ішінде насихаттау және түсіндіру жұмысына айрықша назар аударылады, оның шеңберінде алуан түрлі акциялар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар, халықтың әртүрлі топтарының өкілдерімен кездесулер ғылыми практикалық конференциялар және сыбайлас жемқорлыққа арналған басқа да ісшаралар өткізіледі. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлық дүниетанымы мен мәдениетін қалыптастырудағы рөлі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тиімділігінің басты қағидаттарының бірі жариялылық болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның маңызды міндеті БАҚ-ты сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті танымал етуге тарту, БАҚ-та өңірлерді, салаларды, ірі кәсіпорындарды, мемлекеттік органдардың шешімдері 59 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ мен олардың өкілдерінің нақты қызметін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық деңгейі индексін жариялау болып табылады. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қазақстандық қоғамда таралуына мүмкіндік бермей оның жасырын тетіктерін қоғамға түсіндіру болып табылады. БАҚ-тың мейлінше пәрменді әдісі сыбайлас жемқорлық фактілеріне журналистік тексеру жүргізу және материалдар мен фактілерге жария сипат беру болып табылады, бұл қоғам мен жемқорларға қоғамға қарсы әрекет үшін жазалаудың болмай қоймауын көрсетуі тиіс [2]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жариялау проблемасы әртүрлі деңгейде жүйелі түрде талқыланады. Баспа басылымы, радио, телевидениенің сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлкен ықпал ете алуы БАҚ-тың айрықша рөлі екені сөзсіз. «Нұр Отан» париясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында бұл бағыттағы БАҚ басымдықтары белгіленді, атап айтқанда БАҚ-ты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті танымал етуге тарту мәселесі сыбайлас жемқорлық деңгейі индексін әзірлеу және БАҚ-та жариялау, мемлекеттік органдарда, өңірлерде, салаларда, ұлттық холдингтердегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы іске асырылуға тиіс. Журналистік қоғамдастыққа кәсіби этика қағидаларын әзірлеуіне және сақтауына, журналистік тексеру стандарттарын енгізуіне қолдау көрсету қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғам мүдделерін көрсетеді, азаматтардың толық және объективті шынайы ақпарат алу құқығын іске асырады. Бұл ретте БАҚ жарияланған материалдар мен деректердің анықтығы үшін толық жауапты болады. Қазақстан Республикасында мемлекеттің саяси, экономикалық стратегиясын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін жария етудің белсенді құралы болатын БАҚ тәуелсіздігіне кепілдік беріледі. Ақпараттық орган мен мемлекеттік саясатты көрсетуші болатын газеттер, журналдар, сайттар әртүрлі проблемаларды айқындап және жария ете отырып, халықтың үлкен сеніміне кіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес фактілерін объективті жариялау басылымға қызығушылықты арттырады, бұл өз кезегінде басылымның тиражына әсер етеді. Халыққа құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру саласындағы әртүрлі ақпараттық іс-шаралар өткізіледі, кейбір ақпараттық басылымдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның салдарына қарсы күрес аспектілеріне назар аударады. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша басты мақсаты ол бойынша ақпарат берушілік деңгейін жақсарту және қазіргі заманғы келеңсіз құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық қатынасты өзгерту болып табылады. Бұл салада жұмыс істейтін журналистер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне баса көңіл бөледі. 60 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития Тәуелсіз және экономикалық ашық кәсіби БАҚ тұтастай сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың да жекелей алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда да қоғамның тиімді құралы бола алады. БАҚ-тың толыққанды қызметі үшін бұқаралық ақпарат саласындағы құқықтық қатынастарды нормативтік реттеудің және БАҚ меншік иелері арасында ашық қатынастар орнатудың маңызы зор. Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі заманғы проблемалары мен әртүрлі аспектілерін ашық талқылау қажет. Мемлекеттік органдар мемлекеттік даму бағдарламаларында бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін арттыру үшін бар күшін салады, бұқаралық баспасөз бен журналистік қоғамдастықты қолдау бойынша шаралар қабылдайды. БАҚ қызметін көтермелеу жөніндегі іс-шаралар өткізіледі, журналистер арасында үздік жарияланымдарға арналған жыл сайынғы конкурстар, құқық қорғау органдарының басшылары мен баспасөз қызметтерінің құқық бұзушылықтың ірі фактілерін айқындау мәселелері жөніндегі брифингі ұйымдастырылады. Тәуелсіз журналистік тексерулерге жағдайлар жасалады. Бұқаралық ақпараттық құралдар мен әлеуметтік желілер қоғамдық топтардың және жекелеген адамдардың сыбайлас жемқорлық фактілері мен заңсыз қызмет туралы ақпарат беруі, қазіргі проблемаларды талқылау, оларды шешуге сындарлы шаралар ұсыну үшін белсенді алаң болып табылады. Құқық қорғау органдары мүмкіндігіне қарай мұндай жарияланымдарға ден қояды және күрес жүргізеді, нақты лауазымды адамдардың ісін қарап, тексереді. Қазақстанда БАҚ-қа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін ақпаратты белсенді пайдалану мүмкіндігін беретін оған еркін қол жеткізу туралы нақты жұмыс істейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдау туралы мәселе пысықталуда. Барлық мемлекеттік органдарда журналистер мен блогерлерді міндетті мемлекеттік аккредиттеу енгізілді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың ресми сұрау салуларына ғана емес жарияланған және жан-жақты таратылған ақпаратқа да жауап беру міндетін білдіреді. Ашықтық деңгейін арттыру жөніндегі қызметте шұғылдыққа, жалпы қол жетімділік пен ашықтыққа ықпал ететін Интернет желісі ресурсы маңызды рөл атқарады. Халықаралық сараптама комиссиясы еліміздің бұл бағыттағы жұмысын оң бағалайды. БАҚ-та жарияланатын жыл сайынғы есептерде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында белгілі бір жұмыстар жүргізілетіні, озық әлемдік тәжірибеге және БҰҰ Конвенциясының талаптарына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа шаралары қабылданатыны атап өтіледі (мысалы, заңсыз баю үшін жауапкершілік, активтерді декларациялау, БАҚ-ты қолдау бойынша қосымша заңнамалық шаралар). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылуына тұрақты мониторинг жүргізу оң бағаланады. Мониторинг туралы есептер үнемі жарияланып отырады, БАҚ-қа ашық баспада жариялау үшін материалдар ұсынылады. 61 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі комиссия туралы ережеге сәйкес Комиссия отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері міндетті түрде шақырылады. Жоғары органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланатын барлық отырысында БАҚ өкілдері, оның ішінде «Хабар», «Қазақстан» және www.tengrinews.kz, www.nur.kz және www.zakon.kz жаңалықтар сайттарының өкілдері қатысады. Комсиссия құрамына ҮЕҰ өкілдерін енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Жоғарыда көрсетілген шаралармен қатар бақылау органдары БАҚ-та жүргізілген жұмы туралы ақпараттың жариялануы бойынша шаралар қабылданады, бұл да сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл үшін орталық және өңірлік БАҚ әлеуеті, сондай-ақ ақпаратты жаппай таратудың басқа да тетіктері пайдаланылады. Мәселен, 2013 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша шыққан материалдардың саны 7 103 бірлікті құраған. Көрнекі үгіт материалын орналастыру үшін ірі қалалардың көшелерінде, сондай-ақ халық көп жиналатын жерлерде (вокзалдар, әуежайлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары және т.б.) жарнама қалқандары мен LED-экрандар қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында орналастырылған ақпаратқа сәйкес 2014 жылғы 30 маусымда онлайн режимде облыстардың, Астана, Алматы қалалары әкімдерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерінің, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен Комиссияның бірінші кеңейтілген отырысы болды. Республикалық және өңірлік БАҚ-та жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша 2014 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша 10 950 материал жарияланған. Олардың ішінде республикалық телеарналарға 2 303 сюжет шыққан, республикалық газеттерде 1 790 мақала, интернет ресурстарда – 2 710 жарияланымдар жарық көрген. Өңірлік БАҚ-та 4 147 материал жарияланған, оның ішінде телеарналарда – 643 сюжет, газеттерде 3 096 мақала шыққан. 2014 жылы республикалық электрондық және өңірлік БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін жариялаудағы белсенділігі шілдеде арта түседі. Бұл өсу БАҚ-та мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларын, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сыбайлас жемқорлық істерін жариялаумен байланысты. Желтоқсанда материалдардың жалпы көлемінің азаюы байқалады, бұл ақпарттық алаңдағы тұтастай белсенділіктің төмендеуіне байланысты. Барлығына дерлік өңірлік баспа басылымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы: мысалы «Жемқорлыққа жол жоқ», «Сыбайластықпен күрес», «Жемқорлық», «Вне закона», «Борьба с коррупцией», «Фемида», «Финпол» және т.б. айдарлар бар. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күрес жөніндегі агенттігі (ҚР ЭСЖҚК) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы тұрақты айдарларды 62 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития толықтыру бойынша белсенді жұмыс ұйымдастырылды. Кейіннен бұл жұмысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі (ҰР МҚІСҚА) мен оның аймақтық бөлімшелері жалғастырды. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін артыру бөлігінде іске асыру жұмысы тиісті материалдарды, оның ішінде республикалық БАҚ-та бірлескен ашық: «Коррупции – заслон», «Из зала суда», «Панорама событий», «Дата», «Оперативная часть» («Казахстанская правда» газеті), «Жемқорлык, індет, оны жою – міндет» («Егемен Қазақстан» газеті); «Коррупция», «Борьба с коррупцией», «Афера», «Криминал», «Взятка», «Мошенничество», «Правопорядок» («Экспресс К» газеті); «Сенген серкем...», «Есеп» («Айқын» газеті), «Штрафстоянка» («Караван» газеті) және т.б. айдарларда жариялау арқылы жүзеге асырылады. Қоғамның барлық тіршілік салаларында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу және жолын кесу, азаматтық қоғамның мемлекеттік билікке сенім деңгейін арттыру, қоғам мен билік арасындағы диалогты кеңейту және тереңдету мақсатында республикада халықты ақпараттық қамтамасыз ету бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізіледі. Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында «Коррупция», «Борьба с коррупцией», «Жемқорлыққа қарсы күрес», «Жемкорлық – жегі құрт», «Жемқорлыққа тосқауыл», «Дисциплинарный совет», «Ракурс», «Человек и закон», «Наказание», «Приговор» және т.б. айдарлар жалғасын табуда. БАҚ-та құқық қорғау және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі жүйелі түрде жарияланады. Бұл тақырыптағы материалдар уәкілетті органдар өкілдерімен сұхбат, мемлекеттік органдардағы парақорлық пен жебірлік фактілері туралы мақалалар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына түсінік беретін талдамалық материалдар түрінде беріледі, ақпараттық сипатта болады және олар халықтың, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс қатынасын қалыптастыруға бағытталады. Жұмыс нәтижелері республикалық және жергілікті «Астана», «Қазақстан» телеарналарында, «Литер», «Орталық Қазақстан», «Караван», «Взгляд на события», «Юридическая газета» және т.б. газеттерде жарияланады. Баспа басылымдарының беттері мен электрондық БАҚ-та жарияланатын материалдардың басым бөлігі прокуратура органдары мен құқық қорғау органдарының іс-қимылдарына арналған, сондай-ақ Тәртіптік кеңестің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің болып өткен отырыстары және өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумдар туралы ақпаратты қамтиды. Тұтастай алғанда, Қазақстанның мемлекеттік органдарының халықтың сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз қатынасын қалыптастыру және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылын БАҚ-та жариялау бойынша белсенді қызметін оң бағалаған жөн. Халықтың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар болушылығын арттыру, елде 63 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету БАҚ-тың белсенді қызметінің нәтижесі болып табылады. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында: – мемлекеттік органдар қызметінің ақпараттық ашықтығын және оған азаматтар мен қоғамдық бақылау институттарының еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету; – қоғам мен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар болушылық деңгейін арттыру; – БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелерін көрсетудегі рөлі мен олардың қатысуын жоғарылату; – қазақстандық қоғамның қоғамдық бақылау органдарының мемлекеттік органдардың жария есептерінде көрсетілетін мәліметтердің, тікелей жұмсалатын бюджеттік қаражаттың анықтығы үшін жауапкершілігін арттыру; – сыбайлас жемқорлық бойынша және бюджеттік қаражатты талантаражға салуға кінәлі адамдарды жазалай отырып, тергеп-тексеру нәтижелерін міндетті түрде БАҚ-та жариялау арқылы жүйелі тергептексеру жүргізу қажет. Бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық қатынастарына қарсы тиімді іс-қимылдың негізгі шарттары: – барлық деңгейдегі басшылардың сыбайлас жемқорлықтың әрбір жарияланған фактісі бойынша дереу ден қоюы (3 күн ішінде) және қатал тыю шараларын қабылдауы; – сыбайлас жемқорлықтың қазіргі шынайы болмысының жіті мәселелері мен проблемалары және сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүру тәсілдерін іздеуге жәрдем көрсету бойынша қоғамдық пікірталас өткізу және оны ұйымдастыруға жәрдемдесу; – мемлекеттік басқару органдары мен бизнестің қоғам мен қоғамдық бақылау үшін ашықтық деңгейін жақсартуға және ұлғайтуға жәрдемдесу; – тиісті мемлекеттік қорғау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл мәселелерін жазатын кәсіби журналистерді оқыту және олардың пулын қалыптастыру. Осылайша мемлекеттік органдардың қоғаммен нақты өзара ісқимылы және ынтымақтастығы бұқаралық ақпарат құралдары жұмысы тиімділігінің басты шарты болып табылады. Ал қоғамдық бақылау БАҚтың тиімді қызметінің негізгі талабы екені анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет