Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетті қалыптастырудың ерекшеліктері



Дата07.04.2022
өлшемі20,82 Kb.
#30277

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетті қалыптастырудың ерекшеліктері
Жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.
Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады.
Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі».
Сондай-ақ, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек екендігі сөзсіз. Ол үшін, ең алдымен тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді:
– сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;
– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
– құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;
– қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;
– мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.
Осыған байланысты мыналар қажет:
– сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту;
– Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте «сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс;
– құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрметтемеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil – ештеңе);
– құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал», делінген.
Мұнда өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірденбір ықпал ететін фактор болып табылады. Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.
Мұның бәрі елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның үстемдігіне, әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне, қоғамдық тәртіптің нығаюына, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына, ең бастысы ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақты дамуға жеткізеді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.
Қазақстан тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылықтар.
Жалпы айта келгенде, егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этностық ерекшелігі ретінде ұлттық мәдениетті мысалға алсақ, отбасында балаларды еңбекке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан да болған. Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен іс- әрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасы деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз. Бұл тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда мықтылау, тиімдірек.
Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда этникалық ерекшеліктерді негізге алу еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуы мен рухани жаңғыруына, мемлекетіміздің алға қойған стратегиялық бағыттағы жоспарларына қол жеткізуге, мәңгілік ел болып қалыптасуына маңызды жағдайлар туғызатындығы сөзсіз.
Әдeбиeттep тiзiмi
1. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права: учеб. пособие /М. Черниловский. – М., 1994.
2. Есембаева Ж. Е. Правовые средства борьбы с коррупцией: маг. дисс. – Астана, 2013. – 103 с. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы. http://adilet.zan.kz 4. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы. http://adilet. zan.kz/rus/docs/U1400000986.
5. European Journal On Criminal Policy And Research Том: 22 Выпуск: 3 СпециальныйВыпуск: Si Стр.: 439-475 Опубликовано: Sep 2016г.
6. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа: «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен Қазақстан. 2015. 12 наурыз.
7. Измайлов А. Э. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана.1991г. http://bibliotekar.kz/narodnajapedagogika-pedagogicheskie-voz 15.09.2017.
8. Мәней Х. "Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ұлттық ерекшеліктері" мақаласы: «Сейфуллин оқулары-14: Жастар, ғылым, инновациялар: цифрландыру – жаңа даму кезеңі» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары
Жемқорлықтың қысқаша тарихы
Сыбайлас жемқорлық ежелден келе жатқан құбылыс. Тіпті жер бетіне адам пайда болғаннан бері келе жатқан құбылыс болуы мүмкін. Әрине, тарихи процесс барысында жемқорлық түрлері өзгеріп келеді. Қазіргі таңда жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзге адамның пайдасына шешілген әрекеті үшін ақшалай, бағалы қағаз немесе мүлік ретінде алған парасы, лауазымды адамның қызметін пайдаланып туысын, жақынын қарамағына жұмысқа алу, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың бір бөлігін өз қалтасына салу, мемлекеттің мүлкін талан-таражға салу.
Атақты француз философы Шарль Монтескье: «ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам қылмыс жасауға бейім тұрады және тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасайды», - деп жазды.
Әр елдің тарихында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы жазба деректер бар. Ресей тарихында бірінші сыбайлас жемқорлық әрекеттерін шектеу заңнамасын III Иван жазыпты. ХVI ғасырдың ортасында Иван Грозный парақорлыққа қатаң тыйым салып, өлім жазасына кесуді бұйырған. Ол 1561 жылы Сот грамотасын енгізді, онда жергілікті земство басқармасының сот шенеуніктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы түрінде санкция белгіленді. А.М. Романовтың кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жалғыз халықтық бүлік болды. Ол 1648 жылы Ресей жерінде мәскеуліктердің жеңісімен аяқталды. Қаланың жартысы бейбіт тұрғындарымен өртеніп кетті, алайда патша екі министрді — Земстволық бұйрықтың басшысы Л.Плещеевті және Пушкарлық бұйрықтың бастысы П.Траханиотовты көпшілікке азаптауға берді. 1649 жылы қабылданған Соборлық Ережеде парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және пайда табу мақсатында қызмет бабын теріс пайдалану сұрақтары көрініс табады. Соборлық Ереженің 5 және 7- баптарында сот органдарының лауазымды тұлғаларының сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ал 6-бапта субъектінің шеңбері кеңейтілді, сот шенеуніктері қызметін атқаратын тұлғаларға пара алғаны үшін жауапкершілік көрсетілген. I Петр кезеңінде сыбайлас жемқорлық етек жайды және онымен қатал күрес жүргізілді.
Зар заман ақындарының шығармаларында жемқорлық жиі сөз болғанына қарағанда, ХІХ ғасырда қазақ даласында сыбайлас жемқорлық болған.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңдары
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негізгі қағидаларын анықтайтын, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтардың түрін, сондай-ақ жауапкершіліктің басталу жағдайын белгілейтін «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңды қабылдаған.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы Заң 1998 жылы шықты. Ол заң ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы деп аталды. 17 жылдан соң 2010 жылы екінші Заң қабылданды. Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы деп аталды.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде. Қазіргі таңда Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресетін арнайы мемлекеттік орган бар. Ол ҚР Сыайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігі деп аталады. Ведомствоны Алик Шпекбаев басқарады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында мүдделер қақтығысы «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін» деген тармақ бар.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаза аса ауыр: ол ұзақмерзімді бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, мемлекеттік қызметке тағайындалуға өмір бойы рұқсат берілмеу. Соған қарамастан мемлекеттік қызметкерлер бұл әрекетке жол береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату, адамдар арасында жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз – бұл адамның саналы түрде және адамгершілік қасиетімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, пара сұрамау, пара бермеу, мемлекеттің мүлкіне қол сұқпауы.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр деген сауалға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік департаментінің басшысы Расул Медетов жауап берді.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Саналы ұрпақ», «адал ұрпақ» деген клубтар құрылды. Жобалардың басты мақсаты өскелең ұрпақ арасында жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру. «Саналы ұрпақ» клубы жоғары оқу орындары студенттері арасында жұмыс істейді. Қазіргі таңда Қазақстан университеттерінде 800 клуб бар. Онда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мектеп оқушыларын қамтитын «Адал ұрпақ» жобасы 3000 мектепте бар. Жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, жемқорлыққа қарсы балалар шығармашылығының байқаулары ұйымдастырылады», - деді антикор қызметкері.

Агенттік қоғамдық жұмыстардың белсенділігін арттырған. «Адалдық алаңы» деп аталатын жобалық кеңселер ашылды. Қоғам белсенділері агенттік қызметкерлерімен бірлесіп қоғамды жемқорлық дертінен құтқару жолында жұмыс жасалып жатыр.


«Мәселен, пандемия кезінде дәрі-дәрмек қоймаларына рейдке бірлесіп шықты. Агенттік күн сайын мемлекеттік органдармен тығыз байланыста. Жемқорлыққа қарсы жаза аса ауыр. Оның үстіне Президентіміз жемқорлық фактісімен ұсталғандарға рақымшылық жасауды тоқтатты. Қазақстан қоғамында жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сана қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыс көп», - деді Расул Медетов.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті» деп жазылған. Заң талаптарын заңды шығаратын, мемлекеттік қызметкерлердің кейде орындамай кететінін өкінішті. Қоғамда азаматтардың заңға деген құрметін арттыратын сана қалыптастыру да қажет-ақ


Өткен жылы Қазақстанда 1000-нан аса адам сыбайлас жемқорлықпен ұсталды
2020 жылы сыбайлас жемқорлық әрекет үшін 1000-нан астам мемлекеттік қызметкер сотталды. Олардың ішінде 334 адам пара алған, 256 адам пара берген, 146 адам алаяқтық, 98 адам ұрлық, 120 адам лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны, 26 адам парақорлыққа делдал болғаны үшін және т. б. сотталды. Бас бостандығынан айыруға – 269 адам, бас бостандығын шектеуге – 142 адам, еселік айыппұлдарға – 575 адам, қалғандары шартты мерзімге не үкімнің орындалуын кейінге қалдыруға сотталды.
Ал осы жыл басталған 1,5 ай ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі 250 тергеуді тіркеді. 28 лауазымды тұлға ұсталды, 22 адамға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жан-жақты күрес жүргізіліп жатса да, қоғамға қауіп төндірген бұл дерт ауыздықталмай отыр.
Мектеп қабырғасынан адалдық сабақтарын өткен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастырған ұрпақ мемлекеттік қызметке, ел басқару ісіне келсе, Ұлыбритания мен Сингапурдағы жағдай Қазақстанға да келеді деген үміт бар. Жемқорлықтың салдары елдегі сапасыз жолдарға, ауруханалардағы өлімнің көбеюіне, шатыры ұшқан мектеп ғимараттарының көбеюіне әкеп соқты. Антикор басшысы Алик Шпекбаев айтқандай, Заң аясында сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себебімен күресті күшейту керек.
Ұлттық менталитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті

қалыптастырудағы ерекшеліктері

Орындаған:Талтеев Айбек
Тобы:1401-19
Жоспар

Кіріспе


1)Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этностық ерекшеліктер туралы.
2)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері.
3)сыбайлас жемқорлықтың таралуына қарсы ұлт салт-дәстүрлері.
4)Әлеуметтік нормалар, ар-ождан мен абырой ұғымдары.
5)Ар-намысты сипаттайтын шығармалар,ертегілер.
6)Қорытынды
Кіріспе

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысын ғалымдар да,практиктер де әлеуметтік мәдениет пен азаматтардың ділінен көреді.


З.Туфан әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүрдің бірлігін бекітетін ойлар мен сенімдердің жиынтығы ретінде ділдік анықтамасын береді
1

«Мәңгілік Ел» туралы

2

Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылықтар.


Азаматтық теңдік әркімнің еңбекке, білімге, денсаулықты қорғау,
әлеуметтік теңдікке құқығын бекітетін ел Конституциясымен қамтамасыз
етіледі. Бұл қағидаттар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық,
әлеуметтік және білім беру саясатын іске асыруға негізделген.
Еңбекқорлық, ғылым мен білім, толеранттылық құндылықтар
ретінде нормативтік құжаттарда ғана емес, халықтың салт-дәстүрінде,
мәдениетінде, әлеуметтік ойында, ділінде қаланған.
Ұлттық негіздер

Негізгі


Елдің кең-байтақ аумағында орналасқан халықтың ділі қонақжайлық пен толеранттылық, өзара түсіністік пен өзара көмек, дәстүрлерді құрметтеу, әділдік, білімге талпыну мен еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерден қалыптасқан.
Ұлттық негіздер адамдардың рационалды, иррационалды, құндылықты, әлеуметтік тәртібінің санаттары туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады.
Ұлттық негіздер әртүрлі халықтардың осы белгілері қалай сезілуі
мен іске асырылуынан көрінеді. Бұл айырмашылықтар әр халықтың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіндегі айырмашылықтарды болжайды, себебі қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен дәстүрлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ауысады. Л. В. Савинов атап көрсеткендей, «осында [әртүрлі этностық топтар] өзге нысандары ғана емес, сонымен қатар өзге түсінік пен сыбайлас жемқорлықты өзгеше қабылдау бар.
1

Халық дәстүрінде көп уақыт өтуіне және осы практиканың күнделікті қайталануына байланысты иррационалдық деңгейде жаңғыратын,ұтымды тәртіп нысандары орныққан. Олардағы рационалды өзекті анықтауға тырысу қоғамның материалдық және рухани мәдениеті негіздеріне тереңдеп ену қажеттігіне әкеледі. Әрине, еңбек, білім, теңдік


пен толеранттылық құндылықтары бейәлеуметтік, жағымсыз тәртіп, біз оған сыбайлас жемқорлықты жатқызатын, нысандарына қарсы тұрады.
Бұрын көмегін көрсеткен адамға көмек көрсету бірқатар дәстүрлі
мінез-құлық нормаларына жатқызылады – «асар» және басқалар, олар
достық немесе туысқандық қатынастар негізінде өзара қолдау мен
көмекті көрсетеді. Бұл – жеке бас пайдасы үшін емес, қиын жағдайда
көмектесу негізделген адамның мінез-құлқының әлеуметтік құндылығы.
2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері

Ортаңғы негізгі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері


қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар
сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді. Мысалы, әртүрлі
этностардың мақал-мәтелдерінде халықтың алақол адамдарға деген
теріс көзқарасы көрінеді:
«Түйе немесе түйме ұрласа да, ұрының аты ұры»,
«Ұрлық жасасаң, жазадан қашып құтылмайсың»,
«Ұрымен дос болсаң, ұяласың, өзің де ұрлық жасайсың»,
«Ұры ұрлық жасауын қойса да, «ұры» атауы оның қыр соңынан
қалмайды»,
«Арамдықпен еңбек ету, тамақты ұрлықпен тапқанға тең»,
«Оңай жолмен келген табыс, құт болмайды»,
«Қайыршының қарны тоймас, ұры бай болмас» (қазақ мақалдары);
«Арам жолмен келген игілік, пайдалы болмас» (күрд мақалы);
«Қасқырды көк бөрі болғаны үшін емес, қойды жегені үшін соғады»(орыс мақалы).
Бұл ретте «ұрлық» тура және жанама мағынасында да түсініледі.
«Ұрлық жасау» осы байлықтың шынайы иесіне айтпастан еңбек етпей баю дегенді білдірмей ме?
?

Әлеуметтік нормалар, ар-ождан мен абырой ұғымдары. Әлеуметтік тіршілік иесі мен саналы адам оны айналасындағылар қалай қабылдайды


деп ойланады. Оның тәртібі қоғам белгілейтін және оның тәртібін бақылау функциясын атқаратын әлеуметтік нормалармен реттеледі.
Қоғам мен адамның мұндай рухани байланысы ар-намыс пен абырой ұғымдарында білінеді.
!

Ар-намыс пен абырой туралы халық нақылдары

Ар-намыс пен абыройды сақтау мәселелері қоғамдық және жеке сананың әрдайым ерекше бақылауында болды. Ар-намыс пен адами абыройын сақтау – көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні. Бұл қағидаттар сақталып және ұрпақтан ұрпаққа беріліп, осы күнге дейін өзінің әлеуметтік мәнін жоғалтпаған халық нақылдарынан көрінеді.

Қосымша


Мысалы,
«Ар-намыс құлы және күш-жігердің қожайыны бол»,
«Су бәрін жуады, бірақ жан кірін жуа алмайды» (әзірбайжан мақалы);
«Кінәлі адам ұйықтай алмайды» (башқұрт мақалы);
«Кедей болсаң да, арың таза болсын»,
«Түйені жүгі, адамды ар-намысы қинайды» (қарақалпақ мақалдары);
«Байлық мақсат емес, кедейшілік масқара емес» (қырғыз мақалы);
«Өмірде бір күн өмір сүрсең де нағыз адам бол»,
«Адамның байлығы жарты бола берсін, абырой толық болса болғаны»
(күрд мақалы);
«Көйлекті жаңадан, арыңды жас кезіңнен сақта», «Абыройсыздық
өлімнен де бетер», рақымды сый-құрмет байлықтан қымбат» (орыс
мақалдары).
1

«Орталық Азия мен Қазақстан жағдайындағы еңбек ең алдымен,


мал шаруашылығымен, мақта өсірумен, жер өңдеу, бақша өсіру, жібек шаруашылығы, халық қолөнеріне байланысты. Атақты егінші,ВАСХНИЛ құрметті академигі Т. С. Мальцев «тұрмыстық мәдениет,халықтың рухани өмір салты мыңдаған жылдардың жер өңдеу өркениетінен туындаған. Барлық адамгершілік канондары, моральдық ұғымдар, тіпті тұтас дәуірдің көркем талғамы адамның жер анаға – қара жерге деген қатынасына негізделген. Егінші мен малшының қиын
еңбегі, нанға құдайындай қарау, мақта мен малға ұлттық мақтаныш нысаны ретіндегі қатынас – осының бәрі балалардың бойында еңбекке және еңбек адамдарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиеледі» деп әділ атап өткен
2

Ұлы ойшыл Абай еңбекті өз игілігі үшін барлық әлеуметтік мәнінен айырылған еңбек ретінде қарастырады. Басқаның игілігі үшін еңбек ету – адамның борышы: «өз пайдасы үшін еңбек ететін адам өзі үшін жайылып жүрген малмен тең; адамдық борышын орындай отырып, еңбек ететін адамды Құдай өзінің махаббатына бөлейді»


Мақал-мәтелдердің басқа тобы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кеңдігі мен тереңдігі және оны әлеуметтік кесел ретінде қабылдау туралы дәлелдейді, халық оны мойындай отырып, оны айыптау арқылы онымен күресуге тырысады. «Балық басынан шiридi» – «Рыба гниет с головы», «Адамды билік/тақ өзгертеді» – «Человека кресло/власть
портит», «Құдайын ұмытқан» – «Бога забыл», «Иманы жоқ» – «Креста на них нет».
3

Парақорлықты, сатып алу, ұрлық жасау мен сатқындықты айыптау


жазушылар мен ақындардың шығармаларынан табуға болады. Оның
жарқын мысалы халық ақыны Абайдың «Қара сөздері» болып табылады.Үшінші қара сөзінде Абай былай дейді: «... әрі-беріден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп,қызметке болыстық, билікке таластық» Одан әрі бесінші сөзінде халықтың әрекетсіздігіне қынжылады:
«Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен...
Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? <...> Жас бала ұялса,
жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. [5, 149-150-бб.]. Осындай кәдімгі сыбайлас жемқорлықтың себептерінің бірі ретінде ұлы ақын кедейшілік және пайдакүнемдік пен атақ құмарлықтан көреді.
4

Ар-ождан, ар-намыс, әділдік адамгершілік құндылықтары, қоғамның рухани кемелденуі мен жетілуінің негізі ретінде қазіргі қоғамда сұранысқа ие болуы тиіс. Бұл құндылықтарды мемлекет, азаматтық қоғам, әрбір азамат тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібінің негізі


ретінде қалыптастырып, жандандыруы тиіс.
Қазір мемлекеттік қызметте қарапайым орындаушылық, кәсіби
құзыреттілік жеткіліксіз. Барған сайын ар-ұяттылық, әдептілік, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттердің маңызы артуда.
Қорытынды

ҚорытындыПайдаланған әдебиеттер



1. Туфан З. Религия в системе духовной культуры: учебное пособие. – Алматы:
ВШП «Әділет», 1999. – 106 с.
2. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық
реформа: «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен
Қазақстан. 2015. 12 наурыз.
3. Савинов Л. В. Коррупция как ментальность нации и этноса. http://www.
justicemaker.ru/view-artide.php?id=15&art=2247, 10.04.2015.
4. Калыбекова А. Народная мудрость казахов по воспитанию. Изд. 3-е. –
Алматы: БАУР, 2011. – 512 с.
5. Измайлов А. Э. Народная педагогика: педагогические воззрения народов

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет