Сынап элементінің қасиеттері. Қолданылуы. Техникадағы ролін өз сөзіңізбен жазып беріңіз



бет14/24
Дата27.04.2022
өлшемі5,82 Mb.
#32486
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
CaCl2- кальций алу үшін, зертханаларда құрғатқыш ретінде;

CaC2 - ацетилен алу үшін;

CaF2 - домнада флюс ретінде, фтордың барлық қосылыстарын алуда қолданылады.

Кальций қосылыстарын кальций карбонатының немесе кальций оксалатының тұнбаға түсуі бойынша және жалынның түсін күйдірілген кірпіш түске бояуы арқылы анықтайды.

Ca2+ + CO32- = CaCO3

Ca2+ + C2O42- = CaC2O4



  1. Лантанойдтар. Гадолиний элементінің қасиеттері. Қолданылуы. Техникадағы роліне мысал келтіріңіз.

Лантаноидтар, лантанидтер (лантан және грек. lіdos — бейне, түр), элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобында лантаннан кейін орналасқан; атомдық номері 58 — 71 аралығындағы 14 химиялық элементтің [Ce (атомдық номері 58), Pr (59), Nd (60), Pm (61), Sm (62), Eu (63), Gd (64), Tb (65), Dy (66), Ho (67), Er (68), Tm (69), Yb (70), Lu (71)] тобы (шоғыры). Сирек жер элементтері тобына кіреді. Лантаноидтар күмістей ақ түсті (кейбіреулері аздап сарғыш, мысалы, Pr және Nd) металл, созылғыш әрі иілгіш. Лантаноидтар химиялық активті, олар берік оксидтер, галогенидтер, сульфидтер түзеді; сутек, көміртек, азот және фосформен әрекеттеседі. Суды ыдыратады, тұз, күкірт және азот қышқылдарында ериді. Органикалық қосылыстармен кешенді қосылыстар түзеді. Барлық Лантаноитарды олардың тұзды балқымаларындағы қосылыстарын электролиздеу арқылы алуға болады. Механикалық коррозияға тұрақтылығын, ыстыққа төзімділігін арттыру үшін Лантаноидтарды болат, шойын, т.б. құймаларға қоспа ретінде, шынылардың арнайы түрлерін алу үшін, атом техникасында, т.б. қолданады. Лантаноидтар қосылыстарын лактар дайындау, радиоэлектроникада катодтар жасау үшін, тері, мақта-мата өнеркәсібінде, т.б. мақсаттарда пайдаланылады.

Гадолиний (лат. Gadolinium; Gd) — химиялық элемент, рет нөмірі 64, массалық сандары 143—162 аралығында 20 изотопы белгілі, тотығу дәрежесі +3. Гадолиний жай зат түріңде күмістей ақ түсті металл, болат, титан, магнийді летирлеуде, атомдық реакторлардың реттеуші өзектері үшін аса маңызды материал ретінде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет