Сыны: тарих және тағылым


Қолданы лған  ә д е б и е тте р



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата15.03.2017
өлшемі3,85 Mb.
#9332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қолданы лған  ә д е б и е тте р :

1

.  Исабеков 



Д . 

Екі  томдык,  тандамалы  шыгармапар. 

T.  1.  Алматы,  1993ж,

2.  Исабеков 

Д . 

Екі  томдық  тандамалы  шыгармалар. 



Т.  2.  Алматы,  1993  ж

3.  Әзиев  Ә.  Қазақ  повесі.  Алматы,  1989  ж



,азақ  және  әлем  әдебиеті

Казахская  и  мировая  литература

№   4 -5   (41),  2 0 1 0   ж ы л



о

ЗЕРТТЕУ


13

М А Ң Ы З А Ы   САРЫН



7

жылға  дейіч  «Этнографиче­

ское  обозрение»  басылы- 

мында  бірнеше  типояогия- 

лық  зерттеу  макалалары  жарық  кэрген  Атап  айтқанда, 

1890  жылы  В.Ф.Миллер  «Кавказские  сказания  о  цикло­

пах»,  1891  жылы  Н.Остроумов  «Новые  варианты  о  По­

лифеме.  Киргизские  рассказы»,  1894  жылы  ГН.Потанин 

«Греческий  эпос  и  ордынский  фольклор»  1915  жылы 

Л.С,Берг  «Киргизские  сказания  о  циклопах»,  т.б.  зерт- 

теулер  жариялаган.  Бүлардың  бәрінде  фольклорлық 

маңызды  сарын  -   Төбекөздің  жалғызкөзі  талданған. 

Рас,  қазакта  «кез  тиді»  деген  угым  бар.  Осы  сөздің 

магынасы  қазак  жэне  антикалық,  Полифем  мен  Төбөкөз 

образдарын  салыстыру  барысында  анықталады.  Өйткені, 

Төбекөзде  -   кездің  фетиштік  қызметі  жақсы  сақталған. 

Ежелгі  гректер  ушін  де  бул  өзекті  болған.  Мәселен, 

Палләда  Афинанын,  кезі  жабайы  әрі  магниттей  тарту 

куші  ерекше  болған,  ал,  Медуза  -   горгонның  көзі  түскен 

нәрсөнің  бәрі  тасқа  айналган.  Ал,  киклоптардың  бір 

кезі  екі  көздің  қызметін  атқарған.  Аргустың  букіл  денесі 

көз  болғандықтан,  керіпкел  болган,  ол  өлген  соң  оның 

көзін  fepa  өзінің  қасиетгі  құсы  -   тауыстын  қүйрығына 

орнаткдн.  Сондықтан,  архаикалық  фольклорлық  түсінік 

бойынша  көз  -   фетиш  болгандықтан,  киклоптың  жанды 

жері  -   сол.  Жанды  жеріне  зақым  келген  соң  ол,  әрине, 

өледі.  Ғылымда  ежелгі  нанымдардың  қайсысы  бұрын 

шықты  дегенде,  алдыңгы  орынга  анимизмді  қояды,  бірак, 

бул  туралы  ойлану  керек.  Әлдебір  заттың  жаны  бар  деп 

тану,  жаппы  жан  туралы  түсінік  кейін  шыққан  сыңайлы. 

Алдымен  ол  зат  жаны  бар  деп  танылу  үшін  қасиетті  са- 

налуы  тиіс,  ал,  қасиетті  деп  тану  фетиш  туралы  түсінікпен 

сабақтас.  Осылай  ойлағанда  ежелгі  нанымдар  арасын- 

да  фетиш  анимизмнен  бурын  пайда  болган.  Кейін  сол 

қасие^і  саналган  заттың  жаны  бар  деген  түсінік  жөке 

анимизм  туралы  үгымды  бөліп  шыгарады.  Бұл  түргыда 

монофункцияның  полифункциядан 

бөлініп 


шыгатыны 

сияқты  тәсіл  қолданысы  да  осы  ойды  қуаттай  түссе  ке­

рек.  Кез  қапайша  фетиш  болады  деген  сауалдың  тууы 

занды.  Полифемнің  мандайындагы  жалгыз  көзін  Күннің 

атрибуты  деп  қарауға  болады  деген  пікірді  антикалык, 

мифтерді  зерттеуші  Я.Э.Голосовкер  «Логика  мифа»  де­

ген  кітабында  жазган.

«Қорқыт  Ата  кітабында»  Тебекөзге  пері  анасының:

-  Ұлым,  саған  оқ  өтпесін  тәнінді  қылыш  кеспесін,

-   деп.  баласының  саусагына  жүзік  салуын  [1,  178-6.] 

темірден  жасалган  заттың  магиялық  күші  бар  деген 

түсінікпен  қабылдау  шектеулі  үғым  болады.

Жүзік сарыны  шешен  мәтінінде де сақталған.  Мундагы 

кейіпкердің  аты  -   Парчо.  Бірак,  оған  жүзікті  шешесінің 

бөргені  туралы  айтылмайды.  Бүл  мәтінде  оның  кезінің 

күюі  мен  оны  өлтірген  кейіпкердің  қой  терісін  жамылып 

құтылу  тәсілі  көп  халықтың  фольклорына  ортақ.  Айла- 

мен  қүтылған  жіптті  устаудың  амалы  ретінде  Парчо  оған 

жүзігін  береді.  Жігіт  ол  жүзікті  саусағына  кигенде  одан 

дыбыс  шыгады,  сол  дыбыс  арқылы  оны  үстап  алмақшы



Риза  ӘЛМҰХАНОВА,

М.О.Әуезов  атындагы  Әдебиет  және 

өнер  институтының  жетекші  гылыми  к,ызметкері 

филология  гылымдарының  кандидаты.

болып  солай  қарай  жүреді.  Жігіт  жүзікті  саусагынан 

алайын  десе,  ол  шықпайды.  Ақыры,  саусағын  шауып  та- 

стап,  лақтырып,  к,ашып  қутылады  [2,  с. 123].

Моңголдың «Гёсер»  шығармасында да  магиялық жүзік 

сарыны  бар  [3,  с. 131 ]  Демек,  орта  ғасырларда  жүзік 

сарыны  архаикалык,  маңызын  жоймаган  Ал,  түріктекті 

халықтардагы  нүсқаларда  Төбекөздің  магиялық  сипатын 

жүзік  сарыны  бойынша  зерттеп  көргенде  оның  оғыздар 

бірлестігінде  маңызды  сарын  болган  деп  қорытынды 

жасауға  болады.  Өйткені,  тек  темірдөн  жасалганы  гана 

емес  жүзіктің  дөңгелек  пішінде  болуының  да  елеулі 

әсері  бар.  Жүзік  -   Күн  культінің  символы.  Мифологиялық 

тургыдагы  қүбыжықтар  Геядан туган,  бірақ олардың  Бронт, 

Apr,  Стероп  болуының  өзі  күннің  күркіреуі  найзағай  де­

ген  магынаны  білдіріп,  табиғат  стихиясымен  дегеннің 

езінде  де  олар  Күнмен  байланыстылықты  білдіреді.

Замандар  ауысып,  Күн  культі  әлсірей  бастағанда 

мифтік  қубыжықтарға  тән  тутас  денесімен  стихияны 

танытатын  алдыңғы  буын  әкілдерімен  салыстырганда 

жалгызкезі  гана  маңызды  болып  қалганы  Одиссей  кез- 

дескен  Полифемнің  ертегілік  бейне  болу  жолын  таны- 

тады.


Тобекөздің  қолға  тускен  «олжасы»  -   адамдарды  ез 

үңгіріне  кіргізген  соң  оттың  шоқтарын  жайгастыра  ба- 

стайтыны  бекөр  айтылмаса  керек  Ежелгі  түсінік  бойын­

ша  от  Күннің  жердегі  үшқыны  деп  қабылдангандықтан, 

бул  да  Күннің  символы,  Тебекөздің  мандайындагы 

:жалгызкозі  де  жарқырап  тұрган  Күннің  бөлгісі  іспетті.

Пері  бейнесі  фольклорда  әр  турлі  сипатта  керінеді. 

Соган  қарамастан  оны  өзге  әлемнің  екілі  деп  қабылдау 

да  бар.  Әйтсе  де,  Европа  мен  Азия  халықтарының 

фольклорында  жиі  кездесетін  перінің  аққу  қусқа  ай- 

налып,  адамның  жары  болу  сарынына  мән  берген

В.М.Жирмунский  оны  тотем  ананың  қызметінен  қалған 

белгі  ретінде  атаганы  [4,  с.600]  куптарлық.  Солайша 

Тебекезге  магиялық  сипаттагы  жүзікті  беруші  перінің  ізгі 

ниеттегі  бейне  екені  анықталады.  Бул  да  Төбекездөгі 

ерекшө  заттардың  анаеркі  дәуірінде  туған  көне  сипат­

та  екенін  айғақтай  түседі.  Зерттеу  барысында  түркілік 

Төбекәздің  Полифемге  қараганда  архаикалық  образ 

екені  дәлелденеді.

Одиссейге 

қатысты 

не 


жүзіктің, 

не 


қылыштың 

магиялық  қаеиеті  айтылмай,  тек  адам  есіміне  гана 

орын  алуы  ежелгі  гректер  үшін  тел  сюжет  болмауы- 

мен  байланысты  сияқты.  Ягни,  сюжет  оларга  жеткенше 

деградацияға  түскөн  болуы  керек.  Муны  кейіпкерлерге 

жүктөлген  қызмет  бойынша  да  анық  көруге  болады.

№  4-5  (41),  2 0 1 0  

ж ы а


,азақ  және  әлем  вдебиеті

Казахская  и  мировая  литература

14

«Қорқыт 


Ата 

кітабындағы» 

бұл 

жыр 


негізге 

архаикалык,  сюжөтті  арқау  етіп,  оның  шешімін  усынуда 

ислам  дінімен  толық  байланыстырмай,  қаһармандықты 

насихаттау  мақсатын  көздеген.  Осы  мақсатпен  Ба- 

сат 

батыр-кейіпкер 



образында 

енгізілген. 

Мифтегі 

қубыжықпен  күрөстің  мақсаты  басқа  екенін  Тиамат 

арқылы  анықтасақ,  Төбекөзге  қатысты  сюжет  ерлікті 

жырлау  мақсатын  көздегендіктен,  оның  қолданысы  об- 

разды  пайдаланудагы  екінші  кезең  болып  шығады.  Осы­

лай  болтанный, өзінде  Одиссейдің  Полифеммен  кездесуі, 

өз  сөзімен  айтқанда,  қызық  көріп  немесе  сыйлық  алмақ 

ниеті  болганы  және  Алкиной  патшаның  сарайында  ба- 

стан  еткен  әңгіме  ретінде  баяндауы  сейілдік  мақсатты 

аңғартады.  Бул,  сөз  жоқ,  грек  тарихындагы  қоғамдық 

формациялардың  таптық,  қул  иеленуші  дәуірінде  тууы- 

мен  байланысты.  Одиссейдің  Полифеммен  кездесуі  ел 

қоргау  мақсатынан  қосылмаған.  Бул  сюжеттің  шыгыс- 

тан  ауысып  келген  деген  ғалымдар  пікірін  дәйөктей 

туседі

В.Ф.Миллердің  Кавказ  мәтіндері  грек  нұсқасына 



жақын  деген  пікірін  В.М.Жирмунский  қолдамаған  [4].

Арабтың  «Мың  бір  түн»  ертегісінде  Сандыбадтың 

бастан  кешкен  оқигасы  ретінде  баяндалған  Тебекөзге 

байланысты  сюжеттің  орын  алуы  әр  елге  тараған 

нүскдларда  өзіндік  ерекшеліктердің  сипатын  анықтауга 

кемектеседі.  Бұл  шыгарманы  қазак,  тіліне  аударған 

Қ.Әбдіқадыров: 

«Күндегі 

әдетімен  семіз  біреуімізді 

қақтап  жеп,  мак,улық  уйқыға  кетті.  Екі  темір  істікті  отқа 

қыздырып,  әбден  қызған  соң  екі  көзіне  апарып,  бой- 

лата  сүғып  жібердік»  [5,  151-6 ],  -   деп  жазған.  «Мың 

бір  түндегі»  «басы  бәйтеректей,  бейнесі  адам  сияқты, 

көзі  шамдай  жанып,  тісі  қазанның  тісіндей  айқасып,  екі 

қулагы  салпылдап  жерге  сүйретілген  бір  зат  келді,  Қол- 

аягының  тырнағы  бүркіттің  туяғындай»,  -   деп  суреттел- 

ген  қүбыжықтың  өкі  кезді  болуы  ойландырды.

Бул  кітаптың  1903  және  1930  жылдары  орыс  тіліне 

аударылған  нусқаларына  тірек  болган  араб  мәтіндерін 

табу  мүмкін  болмаса  да,  сюжет  жатжерлік  болуы- 

на  байланысты  кейіпкерге  қатысты  маңызды  белгілер 

езгеріске  түскен  дегөн  тужырым  жасалды.  М.А.Салье 

аударган  нұсқаны  салыстыру  арқылы  образ  циклоп  деп 

аталганымен,  оның  жалгызкөзді  сипатында  еместігін 

байқадык,.  1903  жылғы  аудармада  «Глаза  у  него  горе­

ли,  как  раскаленные  угли»  [6,  с.225]  делінсе.  М.А.Салье 

«Его  глаза  были  подобны  двум  горящим  головням» 

[7,  с.289]  деген.  Сондықтан,  араб  мәтінінде  де  бул 

қубыжык,  екі  кезді  болган  деп  болжау  қисынды.  Мунда 

айтылган  қубыжықтың  үңгірде  түрмайтыны  да  көңіл  ау- 

дартады.  Сандыбад  оны  «бір  сарайга  кез  болдық.  Иесіз 

сарайга  кіріп,  жатып,  уйык,тап  қалыстык»  [5,  150-6.].

-  деп  түсіндірген.  Жэне  бір  өзгешелік  -   көзіне  істік 

тыгылган  соң  ол  жерді  дірілдетердей  ащы  дауыспен 

айқайлап,  сарайдан  шыгады.  Ягни,  ол  елмейді.  Бул 

айырмашылықтардың  болуы  негізгі  сюжеттің  бұрмалану 

нәтижесінде  орын  алганын  танытады.  Мунда,  сондай- 

ақ,  кейбір  нусқаларда  аталгандай,  оның  өзінен  де 

зор  ургашы  дәудің  болуы  сюжөттің  әзгеріске  түскенін 

сездіртеді.

Сонымен, 

жинақтай 

айтқанда, 

ортақ 


сюжетке 

бағындырылганмен, 

кейіпкерлердің  Тебекезбен  кез- 

дестірілуіндегі 

стадиялық 

турғыда 


айырмашылықтар

бар  екені  анықталды.  Сарын  өзектілігін  жойган  кезде 

ауытқушылықтардың еркін түрде орын  алатынын қазақтагы 

«Етікші»  деген  ертегі  де  [8,  Б.276-277]  айғақтайды.  XX 

гасырдың  екінші  жартысында  жазылып  алынган  бул 

ертегі  кейіпкері  мандайында жарқыраган  жалгыз  кезі  бар 

дәумен  үңгірде  емес,  иесіз  қалган  үйде  кездеседі.  Бул. 

әрине,  соңгы  замандагы  ертекшілер тарапынан жасалган 

езгерістер,  сюжеттің  замандәр  ауысқанына  қарамай, 

жаңғырып  отыруымен  сабақтас  жүзеге  асырылганын 

көрсетеді.  Сонымен  бірге  негізгі  атрибуттың  ерекшелігі 

түгел  умытылмайтынын  байқатады.

Д.Фрэзер  бастапқы  маг  қүдайға  тәуелді  емес  де­

ген  пікірін  еске  алсақ  [9,  с.53]  Одиссейдің  узақ  та 

қиын  сапарында  қудайлардың  шешімі  мен  Афинаның 

жебеушілік  танытуы  қатар  жүргенін  ойлап,  оның  бул  тип- 

ке  кюсылмайтынын  анықтаймыз.  Бул  да  Одиссей  туралы 

сюжеттің  гректерге  ауысып  келгендігін  аңгартады.

Төбекөздің  кәзінің  жанды  жер  болуы,  ол  кездің 

Күннің  символы  ретінде  танылуы  архаикалық  санадан 

қалган.  Қазақтар  арасында  әлі  күнге  «көз  тиді»  деген- 

ге  сенетіндөр  бар.  Бүлардың  бір-бірімен,  яғни  кезді 

қасиетті  деп  қабылдаумен  байланысты  сақталғанын 

көрсетеді.  Ап,  жалғызкезді  қубыжықтың  елдің  зәресін 

алуы  тікелей  көзбен  байланысы  болмаса  керек.  Бул 

арада  фолыспорлық  синкретизм  орын  алган.



Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

1.  «Қорқыт  Ата»  энциклопөдиялық  жинақ  /   Бас  ре­

дактор  Ә.Нысанбаев  -   Алматы:  «Қазак,  энциклопедия- 

сы»  Бас  редакциясы,  1999

2.  Сказки  и  легенды  ингушей  и  чеченцев.  Сост. 

пер.,  предисл.  и  примеч.  А.О.Мальсагова. 

М.:  (л.  ред. 

вост.  лит-ры  изд-ва  Наука,  1983.

3.  Іесериада.  Пер.,  вступ.  ст.  и  комм.  С.А.Козина. 

-М .-Л.:  Изд-во  АН  CCCR  1935.

4  Жирмунский  В.М.  Тюркский  героический  эпос.

Л.,  Наука,  1974

5.  Мың  бір  тун  Торт  томдық.  Ауд.:  Қ.Әбдіқддыров  - 

Алматы:  Жалын,  1993.

6.  Тысяча  и  одна  ночь.  Первый  русский  пер.-  Спб., 

1903.


7.  Книга  тысячи  и  одной  ночи.  В  восьми  томах. 

Пер.  и  комм.  М.Салье.  Под  ред.  И.Крачковского.  Т.5. 

-М.:  ТЕРРА,  1993.

8.  Қазақ  халық  әдебиеті:  Көптомдык  Ертегілер.Т.2. 

Жауапты  шыгар.  ТАлпысбаев.  -   Алматы:  Жазушы,  1988.

9.  Фрэзер  Дж.  Дж.  Золотая  ветвь  :  Исследование 

магии  и  религии.  2-е  изд.  -  М.,  Политиздат,  1986.

Резюме

Статья  посвящена  разработке  мотива  циклоп  -   ан­

тичного  Полифема  и  тюркского  Тобекез.  Выявлено,  что 

архаичный  мотив  глаз-фетиш  в  первоначальном  смыс­

ле  сохранен  в  Тобекез.

Summary

The  article  is  devoted  to  the  development  of  the 

archaic  motives  of  Cyclops  of  the  antique  polyphem  and 

Kazakh  tobekoz  in  typological  comparison.

The  initial  function  of  the  motive  of  the  eye-fetish  is 

more  clearly  preserved  in  tobekoz.



,азақ  жэне  әлем  әдебиеті

Казахская  и  мировая  литература

№  4-5  (41),  201 0   жы л



ü

ЗЕРТТЕУ


1 5

КОРНЕМ  ООРТРЕТ  ЖЗНЕ  ДЕТАЛЬ

К

өркем 


шығарма 

композициясында 

пор­

трет  көтерөр  жүк  ауқымды,  Авторлық  кон­



цепция  мен  қолтаңбаны  сездірумен  қатар 

портрет 


кейіпкердің 

сыртк.ы 


және 

ішкі 


әлөмін  көрсетуге,  оның  бейнесіне  нақтылық,  көрнөкілік 

бере  отырып.  оқырманның  шығарма  қаһарманын  анык, 

әрі  дәл  елестете  алуына  кызмет  етеді.  Дауыс  мәнері 

жүріс-түрыс,  қимылындагы  бір  ерекшелік,  бет-жүз,  дене 

пішініндегі  киім  киісіндегі  өзгешелік.  жан  тебіренісі  - 

бәрі  дараланып,  кейіпкер  бейнесінің  типтік  әрі  жекеше 

сипаты  негурлым  нақтылана  түсөді.  Портрет  характерлік, 

бағалаушылык,  әрі  идеялық-көркемдік  сипатқа  ие.

Бет-жүз. 

тулға-түрпатының 

көзге 

шалынар 


бір 

белгісімен  кейіпкерді  пішіндеу  -   бұрыннан  бар тәсіл.  Осы 

орайда  М.Әуезовтің  «Абай  жолындағы» Тоғжанның аққуба 

жүзі,  Әйгерімнің  әуезді  уні,  Магрипаның  ақ  жүзіндегі 

қызыл  арайы,  Қүнанбайдың  жалғыз  көзі,  Ғ.Мүсіреповтің 

«Ұлпанындағы»  Есенейдің  қара  бұжыр  жүзі  мен  таяқтай- 

таяқтай  саусақтары,  «Оянған  өлкесіндегі»  Жуман  байдың 

көздерін  жаба  түйілген  қабагы  есімізге  түседі.  Қазақ 

әдебиеті классиктері  портреттің дәстүрлі статикалық және 

динамикалық  түрлерін  кеңінен  қолданган,  қай-қайсының 

болмасын,  көркөм  бейнө  жасаудагы  тәжірибёсі  өз  ап- 

дына  бір  мектеп.  Портрет-детальдің  улттық  үлгілерін 

қалыптастырды.  Теке  сақал  теке  көз,  қой  кез,  қошқар 

мурын,  бота  көз  оқтаудай  жумыр  білек,  атан  жілік,  апай 

төс.  бура  сан,  қозы  қарын,  ат  жақты,  бүйрек  бет,  аққу 

мойын,  шалбар  бет,  тб.  улгілер  -   қазақтың  күнделікті 

күн  көрісі,  турмыс-салтымен  астасып  жатқан  улттық 

бояуы  қанық,  этномәдени  дәстүрімізден  хабар  беретін 

қолданыстар.  Олар  жекелік  сипатқа  ие  болып,  портрет 

жасап,  заттық-образдык;  қызмет  атқарады.  Зерттеушілер 

деталь  арқылы  кеп  мәсөленің  басын  ашуга  болаты- 

нын,  ягни  аз  сөзбен  көп  магынаны  жеткізуге  болаты- 

нын  айтады  Жалқы  арқылы  жалпыны,  бөлшек  арқылы 

бүтінді  таныту  -   детальдң  басты  ерекшелігі, 

Бір- 

біріне  уқсамайтын  өзгеше  бейне  жасау  үшін  деталь  -  



маңызды  қурал.  Портрет  жасау  принцилінде  бейнелеудің 

өзгешелігі  кейіпкердің  шығармадағы  орнына,  сонымен 

қоса  қаламгердің  идеялық-көркемдік  түжырымдамасына, 

жеке  стиліне  байланысты.  Аныгында,  портрет  жүйесінде 

деталь  негізгі  нысанға  нақтылық  дарытады.  Бул  жөнінде: 

«Детальдің  мәні  өрекше.  Кейде  кішкене  ғана  үзік  сурет 

көп  жайды  сездіреді»,  -  дейді  Р.Нурғали  [1,  208-6.].

Біз  сөз  етіп  отырган  мәсөле  орыс  әдебиеттану 

ғылымында 

жан-жақты 

зерттеу 

әзегіне 


айналып, 

зерттеушілер 

тарапынан 

бірқатар 

қаламгерлердің 

шыгармашылығы 

бойынша 

түжырымдама 

жасалды. 

М.Шолохов,  Л.Толстой,  А.Чехов  прозасын  зерттеушілер 

қаламгерлердің  портрет  жасау  принципін  сараптай 

келе  детальдің  маңызына  тоқталады 

[2].  Негізінен, 

психологиялық портретке  басымдық  беріліп,  образға жан 

беретін  жылт  еткен  белгінің  көзден  таса  кдлдырылмай- 

тынын  ескертеді.  Портреттік  детальді  молынан  қолдану 

психологизм 

шеңберін 

аша 

түседі. 


М.Шолоховтың 

«Тынық  Донына»  талдау  жасаған  В.Петелин  былай  деп 

жазады:  «М.Шолохов  обладает  замечательной  способ­

ностью  схватывать  и  подмечать  самые  сложные  вну­

тренние  переживания  человека  и  передавать  их  через

f  


Y

■ттмт, 

ж

J tfr

Жупар  ЖАҚАНОВА,

Қарағанды  «Болашақ»  университетінің  ізденушісі

внешнее,  подчас  мало  заметное  выражение  лица,  дви­

жение»  [3,  68  с.].

XX  ғасырдын,  6 0 -8 0   жылдар  прозасының  елеулі 

өкілдері 

-  

А.Нұрмановтың 



« Қ у л а н н ы ң  

ажалы», 


Д.Исабековтің  «Қарғын».  Қ.Жумаділовтің  «Көкейкесті», 

М.Мағауиннің  «Көк  мунар».  Ә.Таразидің  «Тасжарған»,

О.Бөкейдің  «Өз  отыңды  ешірме»,  Қ.Ысқақовтың  «Ақсу

жер 


жаннаты», 

«Туйық», 

С.Сматаевтың 

«Булақ» 


тәрізді 

романдарындагы 

қаламгерлердің 

портрет 


беру  принципінде  детальдеуге  итермелейді.  Және  ол 

көркемдік  максатпен:  шыгарманың  көркемдік  идеясымен 

уштасып  жатәды.  Деталь  ретінде,  әдетте,  қаламгерлер 

қаһарманның  киім-кешегін,  жас  мелшерін.  бет  пен 

шаштың  тұсін,  дене  мүшелерін 

психологиялық  жай- 

куйден  хабар  беретін  ым-ишараны,  қимыл-к,озғалысты 

көбірек 


сөз 

етеді. 


Тілші-галым 

С.Ж.Тәттімбетова 

«Қ.Ысқақов 

шыгармаларындагы 

кейіпкер 

бейнесінің 

лингвостилистикалық 

сипаты» 


аггы 

кандидаттық 

жумысында  портреттік  бейнелеудің  лексикалық  қурамын 

үш  үлкен  топқа  топтастырады:  соматикалык,  (адамның 

дене 

мүшелері), 



вестиалды 

(киім-кешек, 

заттар) 

кинетикалық  (ым-ишара)  [4].  Зерттеуші  Е.Д.Шмидт  те 

бул  мәселені  ағылшын  әдебиетінің  мысалында  сез  етіп 

кетеді  [5J.

Қазақ  қаламгерлерінің  портреттік  жүйесінде  көрсе- 

тілген  белгілер  тутастай  камтылган,  әрине,  жеке  стильдік 

ерекшелігіне, 

шығарманың 

сюжеттік-композициялық 

жуйесіне  катысты  әрқайсысы  мәселеге  түрлі  қырынан 

келеді.

А.Нурмановтың  «Қүланның  ажапы»  романындағы 



Қуланга  берілген  портретте  бір  ғана  шегір  кездің 

атқаратын  жүгі  аз  емес.  Ол  -   иесіне  біткен  батылдык,, 

қайраттылық, 

қажырлылық 

және 

сақтық 


тәрізді 

қасиеттердің  белгісі.  Жазушы  толық  мінездеме  бер-

№   4-5  (41),  2 0 1 0   ж ы л

дзақ  жөне  әлем  әдебиеті

Казахская  и  мировая  литература


1 6

месе 


де, 

оқырманына 

кейіпкерінің 

байқағыштық, 

аңғарымпаздық  қасиетін  кішкене  детальмен  сездіріп 

өтеді  «Өткір  кәзі  жапырақтың  жыбыр  еткеніне  дейін  ша- 

лып,  қулагы  шөп  арасымен  тышканның  жорғалағанын  да 

еститін  халде»  [6,11].

«Қуланның 

сілеусіннің 

көзіндей 

өткір 


кезі 

қайыршының  көзіне  қадалып,  әр  қимылын  қалт  еткізбей 

бағып  түр»  [6,15].

Қүланның  жанарының  ерекшелігі  өзге  кейіпкерінің 

сөзімен  де  куәландырылады.  «Ой,  алла-ай,  Қүлан  аға, 

кәзіңіз  өткір-ау,  өткір-ау>>.  -  дейді  Майлық.  [6,  21].

Автор  кейіпкерінің  психологиясын  беру  үшін  ең  ба­

сты  белгісі  -   өткір  көзін  қайта-қайта  сөз  етіп,  портрет- 

деталь  арқылы  оның  характерлік  болмысын  ашады, 

Қуланнын,  кезі  психологиялык,  толғанысты  дәл  жеткізуге 

пайдаланылган.

Портрет  құрылымында  соматикалық  лексика,  оның 

ішінде  кезді  сөз  ету  -   әлем  әдебиетінде  жиі  кездесетін 

қүбылыс.  Көз  -   адам  жанының  айнасы.  Адамның  көңіл 

қатпарындағы  ішкі  сыры,  онын,  ішкі  әлемі,  жан  тебіренісі, 

көзқарасы,  пейілі  мен  кулқы,  ниеті,  мінез  ерекшелігі  көз 

жанарынан  сезіледі.  Өзге  де  жазушылар  соматикалык, 

лексикальіқ  бірліктердің  қатарында  көзді  кейіпкердің 

психологиялық жай-күйін  бейнелейтін  айрықша  көркемдік 

қурал  -  деталь  ретінде  алып,  портреттің  езіндік  үлгісін 

жасаған. 

Д.Исабековтің 

«Қаргын», 

Қ.Ысқақовтың 

«Туйык,» 

Ә.Таразидің 

«Тасжарган» 

романдары 

осы 

ойымызга  дәлел.



Дулат  Исабековтің қаламгерлік  шеберлігін  Қ.Ергөбек; 

«Дулат  Исабеков  -  мейлі  өткен  күн  тагылымын  айтсын, 

мейлі  бүгінгі  күн  шындыгын  жазсын,  қайда  да,  қашан  да 

шынайы  суреткер.  Айтарыи  характер  арқылы  бейнелей 

айтады,  жазарын  көркем  детальдарды  ойната  қубылтып 

ашады, 


шыгарманың 

көркемдік  формасы 

жутынып, 

композициясы 

дөңгеленіп 

шып-шымыр 

шығады», 

деп  бағалайды  [7,123],  «Қарғын»  -  автордың  адами 



қүндылық  мәселесін  көтерген  шығармасы.  Романдағы 

басты  кейіпкөр  Жасын  бейнесі  -   әдеби  сында  біраз 

дау  тудырғанмен,  өзіндік  бояу-өрнегімен,  даралыгымен 

оқшауланган  бейне.  Романның  басынан  аягына  дейін 

оқыганда,  сөзбен  салынған  суреттің  дәлдігі  сонша  - 

оның  жанары  тап  бір  өзіңізге  тесіліп  қарап  түргандай 

әсерде  қаласыз,  Үйреншікті  мейірім  шашқан  кез  емес, 

селк  еткізетін  суық  жанар  оқырман  есінен  кетпөйді.  Жа- 

нарды  сез  еткенде  автор  көңіл-күйге  эсер  ететін  суық, 

муздай,  салқын  сөздерін  қайталап  отырып,  сөздің 

эмоцияға  эсер  етушілік  экспрессивтік  қызметіне  мән 

береді.

«Күлкісі  де,  жанары  да  салқын  екен.  Тура  қараган 



адамның  өңменін  суық  жанары  жуалдыздай  тесіп  өтетін 

секілді.  Ашаң  түлғасында  ешкімге  бас  имес  пандық, 

тәкаппарлық  пен  ойлылық  бір  сәтке  жалт  етіп  өткендей 

болды»  [8,4  б.],  Жасынды  алғаш  көргендегі  Бағиланың 

қабылдауы  осындай.  Егер  көз  деталь  ретінде  алынбаса, 

кейіпкердің  характерлік  даралануы  екіталай  болар  еді. 

Портретті  талгап,  қажеттісін  ғана  сөз  ететін  автор  Жасын 

характерін  портрет-детапьдің  кемегімен  айқындайды. 

Көркем  бейне  табигатын  танытуга  қажетті  қурал  ез 

міндетін  мүлтіксіз  атқарады.  Кездескеннің  бәріне  ішін 

аша  бермейтін  Жасын  адам  тануға  келгенде  кірпияз. 

Багила  бойындағы  тазалық,  туабітті  тектілікті  тап  басып 

таныган  Жасынның  суық  жанарына  жылылық  үйіріледі. 

Жанардың  суықтығы  оның  қатігездігін  аңғартпаса  ке­

рек.  Багиланың  жүрегі  оның  «телегей-теңіз  білім  мен 

парасат  иесі  екенін,  жебедей  откір,  сүңгідей  салқын 

жанары  жақынды  емес.  алысты  керуге  жаралғанын,

Ü

қабырғасы  қара  басының  ғана  бүгіні  мен  ертеңі  үшін 



қайыспайтынын»  аңгарады.  Қанша  сусты  керінгенмен. 

сезімтал  қыз  апдында  Жасынның  қаталдыгы  жылылыққа 

алмасады.  Жалпы,  Д.Исабеков  «Қарғын»  романындагы 

кейіпкерлерге  психологиялық  портрет  бергенде  кон­

трасты  ұтымды  қолданады  Қаталдық  пен  мейірімділік, 

салқындық  пен  жылылық  сезімдері  алмаса  отырып, 

Бағила-Жасын  жүбының сезім  иірімдерін  анықтап  береді. 

Автор  сөйтіп  оқырман  эмоциясына  эсер  етуді  кәздейді.

«Жасын  бүрынгыдай  селқос  емес,  қыз  жүзіне  бар- 

лай  қарады.  М уздай  жанарына  лып  етіп  жылылық  ен- 

гендей  болды»  [8,63-6.],

«Жасын  оган  қарап  отырып  қалды.  Салк.ын  жанары­

на  жылылық  үйіріліп,  айтарын  айтып  сап,  «барым  осы, 

енді  қайтесіз»  дегендей,  бір  бойында  бойжеткендігі  мен 

балалыгы  қатар  үйлескен  бейкүнә,  бейтарап  намысты 

қызга  көңілі  сүйсініп,  төңірегінен  естілер  ойлы  сезге 

қашан  да  түрік  жүретін  қүлағының  қүрышы  кангандай 

болды»  [8,107-6.].  Жасын  бейнесі  қыз  әкесі  Қаратайдың 

есінде  де  қалып  қояды.  Әсіресе,  суық  жанары.  «Қаратай 

мүқабасы  мыж-мыж  боп,  кір  басқан  кітапты  қолына 

алды  да,  ішін  көрді.  Кітапта  автордың  суреті  бар  екен 

Өңменіңнен  әтердей  суық  та  ойлы  көз  тура  өзіне  қадала 

қарап  түр.  Оның  есіне  таныс  бейне  түсе  кеткендей  бол­

ды.  Қайдан  керді,  қай  жерде  жолықты?  Бір-екі  жылдың 

төңірегінде  жазушы  атаулымен  жүздескен  жоқ  еді  ғой! 

Иә,  қайдан  көрді?..

Кенет  онын,  жүрегі  дір  ете  түсті.  Сол!  Сол  жігіт!  Бүл 

жайлы  жаздың  күні  тауда  жүргенде  Багила  да  айтқан. 

Өздері  купеден  қуып  шыгатын  жігіт!»  [8,132  б.].  Басты 

кейіпкер  портретінің  негізгі  белгісі  -   кез  жанарының  сан 

апуан  сипаты  арқылы  автор  детальді  шебер  ойнатады. 

Деталь-көз  -   кейіпкер  образын  тереңдете  ашу  қүралы 

екенін  сездіреді.

«Булак»  романында  да  көз  портреттің  бір  белшегі 

ретінде  апынып,  сезім  куйін  танытады.  С.Сматаев  -  

кейіпкер  бейнесін  сомдауда  бай  тәжірибе  жинақтаған, 

өмір  құбылыстарын  көркемдік  түрғыдан  игерген,  өзіндік 

дара  стилі  бар  шебер  жазушы.  Әсіресе,  портрет  арқылы 

жан 

толқынысын, 



ішкі 

әлемнің 


қалтарыс-бултарыс, 

үңгыл-шүңгылын 

жіті 

бақылап, 



барша 

шеберлігін, 

қаламгерлік  қарымын  психологияны  беруге  жүмсайды. 

«Бүлақта» 

адамдардың 

өзара 


қарым-қатынасын, 

іңкәрлік,  аңсар-арманды  көрсетіп,  ізгілікке  қүштарлықты 

сездіреді. 

Маратбек,  Айымша, 

Әйімгүпдердің  руха­

ни  әлемі  портрет-деталь  аркылы  ашылады.  Мәселен, 

Айымшаның  Маратбекке  деген  сағынышы  сезімен  емес, 

махаббат,  сағынышқа  толы  кез  жанарымен  жеткізіледі. 

Өйткені,  оның  кез  жанарының  гажаптығын  «Өзі  де  әйел 

жынысының  әдемісі  еді...  Көздері  ғажайып  еді!  Ұзын 

кірпіктерін  серпіп  қалганда,  аржағынан  найзағай  отын- 

дай  уытты  жанар  шоқ  шашып,  қандай  жанды  болсын  дір 

еткізетін»  деген  үзіндіден  байқауға  болады  [9,16-6.].

Сайлаубекті  унатып  қалган,  сезімін  ақылға  жендіре 

білген  Әйімгүл  үн-түнсіз,  бота  көздерімен  аймапай 

қарап,  іштегі  іңкәрлігін  үнсіз  білдіреді.  Маратбектің 

көңілін  сүрауга  келген  Айымшаның  кезі  ше?  Маратбек 

үгымында  «Көзі  әлі  де  сол  қалпы.  Мейірлі  қаппы.  Елжірел 

түр  әлі».  Айымша  мен  Әйімгүлдің  портреттерінен  сүйген 

адамын  кездестірген  кездегі  бет-жүз  бен  кез  жанары 

арқылы  адамның  ішкі  дүниесінде  болып  жатқан  түрлішө 

психологиялык,  хал-күйді  таныт/  мүмкіндігінің  жогары 

екені  сезіледі,

Маратбектің 

науқастанып 

жатқандагы 

жай-күйі 

қандай  нанымды!  Төсек  тартып  жатқан  кейіпкердің 

тамағынан  ас  етпей  қинапганын,  тән  азабын  тартқан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет