Синий 3d иллюстрация Угадайте Слово Игра Забавная Презентация



Дата14.11.2022
өлшемі17,34 Mb.
#49995

Инклюзивті білім беру ұғымы жəне оның негізгі принциптері
Шет елдегі инклюзивті білім берудің даму тарихы
Отандық инклюзивті білім берудің дамуы
Орындаған: Кудайберген Аяулым, Тұрсын Талғар 305-топ
Қабылдаған: аға оқытушы Нурсеитова Ж.Ж.
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институты
6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау Инклюзивті білім беру
Инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу жəне əлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата- аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу- педагогикалық жəне əлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру келесі модельдер арқылы жүзеге асуы мүмкін:


толық инклюзия
Инклюзив сөзі – латын тілінен аударғанда
«өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда
«араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
жартылай инклюзия
сабақтан тыс инклюзия

“Aнoмaлия”- грек сөзінен алғанда «дұрыс емес», «ақаулық»


Нышаналы бала Киелі бала

Құндылық жетістіктермен анықталмайды.


Инклюзивті білім берудің сегіз принципі:
Əрбір адам сезуге жəне ойлауға қабілетті.
Əрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет.
Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
Оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын əрекетін жүзеге асыру.
Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті білім беру н/е «Білім – бaршaғa» бaғдaрлaмaсы


Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
2002ж. – «Мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрды əлеуметтік жəне медицинaлық-педaгогикaлық тұрғыдaн қолдaу» турaлы заң.

1971 жылы Италияда ерекше қажеттıлıктерı бар балаларды жалпы бıлıм беретıн мектепте оқыту құқығы туралы бıрıншı Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгıлı нормативтерıн құрастырған Заң қабылданды:

o Сыныптағы балалардың ең көп саны – 20;

  • Дамуында ерекшелıктерı бар балалардың сыныптағы ең көп саны – 2;
    • Мүмкıндıгı шектеулı балаларды қолдау бойынша арнайы ıс-шаралар, сыныптағы сабақтың мазмұнына «енгıзıлген»;
    • Арнайы бағдарламалар бойынша оқитын сыныптар қысқартылады;
    • o Арнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалıмдерıмен командаға бıрıгедı;

      o Педагогтардың екı категориясы сыныптың барлық оқушыларымен өзара әрекетке түседı.


Қазıргı кезде мүмкıндıгı шектеулı барлық балалардың 99%-ы жалпы бıлıм беретıн мектепте оқиды. Оларға «қолдау мұғалıмı» (тьютор) көмек көрсетедı. Қарапайым сыныпта қолдау мұғалıмıнен арнайы көмек алу үшıн, бала дамуында ауытқуы бар бала ретıнде тıркелуı керек.
1. Интеграция үдерıсı мектеп және
мектепке дейıнгı ұйымдардың мұқтаждықтарын қажеттı зерттеудı жүргıзусıз, қажеттı мамандардың болуын анықтаусыз басталды;
3. Жоғары сыныптарда
жұмыс ıстейтıн қолдаушы мұғалıмдердıң көпшıлıгıнıң арнайы (дефектологиялық
) дайындығы жоқ;
4. Сынып мұғалıмı мен қолдаушы мұғалıмнıң
(тьютор) ынтымақтастығы көп жағдайда қиындау жағдайда болады: қолдаушы мұғалıм және жалпы бıлıм берушı мұғалıм өз ıс- әрекетıнıң аймақтарын анықтай алмады және өздерıнıң мıндеттерıн бıр-бıрıне жүктедı;
2. Инклюзивтı бıлıм беру
мәслесı бойынша жалпы бıлıм беретıн мектептıң мұғалıмдерıн оқыту шектелдı және жеткıлıксıз болды.
Греция: Мүмкıндıгı шектеулı балаларды қалыпты балабақшалар мен мектептерге интеграциялау идеясы, Грецияда алғаш рет 1974 жылы ұсынылды.
Алайда, көптеген басқа елдермен салыстырғанда, интеграция үдерıсıн бастау
туралы шешıм, педагогтар мен ата-аналардың қысымының нәтижесıнде емес, соған сәйкес заңнаманың пайда болуымен қабылданды. Елдегı интеграция үдерıсı баяу жүргıзıледı, себебı:
  • Тıрек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балаларға арналған жай мектептерег физикалық қолжетıмдıлıктıң мүмкıн еместıгı байқалады;
  • Диагностиканың кең қолжетıмдı тесттерı мен дәстүрлерıнıң болмауы;
  • Педагогтар ерекше қажеттıлıктерı бар балалармен жұмыс әдıсıн меңгермеген;
  • Жергıлıктı билıк ерте көмек беру мен интеграцияны аса қымбат деп, қызығушылық танытпайды;
  • Қажеттı қызмет түрлерıн көрсететıн орталықтар жетıспейдı (физикалық

  • терапия, логопедия саласында, психологиялық көмек, құқықтық көмек және т.б.).

Қорыта айтқанда университетте инклюзивтı оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескерıп, ерекше қажеттıлıктерı бар балалардың бıлıм алуын қамтамасыз ететıн жалпы бıлıм үрдıсıн дамытуға болады. Бұл бағыт арқылы мүмкıндıгı шектеулı балаларды оқуда жетıстıкке жетуге ықпал етıп, жақсы өмıр сүру мүмкıншıлıгıн қалыптастырады. Сонымен қоса, инклюзивтı оқыту үрдıсı студенттердı шынайы қарым - қатынас шеңберıнде тәрбиелеудıң бастауы болмақ. Бıз мүмкıндıгı шектеулı студенттерге бıлıм бере отырып, оларды адамгершıлıкке, ıзгıлıкке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет