Синий Органические Фигуры Мастер-Класс по Лидерству Вебинар Keynote Презентация



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата08.11.2022
өлшемі11,1 Mb.
#48482
  1   2   3


Дайында
ған: Даулетова Гулзат Кулмураткызы
Тобы: Биология -25
Қабылдаған: Ильдербаев О.З.
ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСIНIҢ ФИЛОГЕНЕЗI ЖӘНЕ
ДАМУ АҚАУЛАРЫ.
Н
ұр-Сұлтан қаласы
2022ж.
Л.Н.ГУМИЛЁВ АТЫНДА
ҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫ УНИВЕРСИТЕТІ 


ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ
Зәр шығару жүйесі, экскреторлық
жүйе – адам мен жануарлар
организмінің артық суды,
тұздарды, зат алмасудан пайда
болған қажетсіз заттарды сыртқа
шығаратын органдары.


Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен,
зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек
астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен
тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен
азоттық зат алмасу өнімдерін – мочевинаны, креатинді,
мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен
заттарды шығарады. Бүйректің басты қызметі –
организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-
электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі
қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі
сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек
организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі
реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр
бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа
түседі.


Несеп ағар – трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4
мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа
түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы
дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған.
Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол
бермейді. Қуық – дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл,
кіші жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады.
Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан
тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден
босайды. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы
зәр сыртқа шығарылады.[1] Ер адамдардың несеп түтігінің тағы
бір қызметі – шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде
үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау
адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей).
Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары: нефрит,
пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы),
уретрит (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе,
несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі
кездеседі.


Нефрит - бүйректің бірінің немесе
екеуінің де қабынуы. Бұл бүйректің
әртүрлі тіндерінің қабынуынан пайда
болады, мысалы шумақ, түтікшелер
немесе осы мүшелерді қоршап тұрған
интерстициальды тін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет