сынып – аптасына сағат, оқу жылында – 72 сағат



бет2/7
Дата18.01.2023
өлшемі365 Kb.
#61743
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
8-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым:
дәйексөз, үзінді негізінде мәселені болжау, әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау, астарлы ойды анықтау, тұрмыстық, әлеуметтік мәтіндерді талдау арқылы негізгі ойды анықтау, перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау, коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу;
2) оқылым:
тұтас және аралас мәтіндердегі ақпаратты салыстыру, тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін тану, мақала, аннотация, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату, ғылыми және публицистикалық стильде жазылған мәтіндерді талдау, сілтеме жасау;
3) жазылым:
тезистік жоспар құру, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу, графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу, аргументативті эссе жазу,бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау;
4) әдеби тіл нормалары:
орфографиялық норма: бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу;
орфоэпиялық норма: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
лексикалық норма: сөздік қор мен сөздік құрам;
грамматикалық норма: сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді және етістікті сөз тіркестері, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері, сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен айқындауыш мүшелері, жай сөйлем,жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі;
пунктуациялық норма: қабаттаса қолданылатын тыныс белгілері.
Оқулық: Авторлары: Б.Қапалбек, А.Омарова, Г.Закиряева, Г.Абнасырова Алматы «Мектеп» 2018 жыл





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет