8 сынып 35 балл Пириттің жануы. 5 бал. Пириттің белгілі бір массасын жаққанда оның массасы 20% - ке кеміді. Түзілген қоспадағы заттардың массалық үлестерін анықтаңыз.
Жауабы:
Химиялық өзгерістер тізбегі. 6 бал. Келесі химиялық өзгерістерге сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар:
S ZnS H2S SO2 H2SO4 Na2SO4 NaCl.
Қоспа. 7 балл Газ тәрізді қоспадағы сутектің массалық үлесі – 35%, азоттікі – 65%. Газдардың қоспадағы көлемдік үлестерін және газ қоспасының сутек бойынша тығыздығын анықтаңыздар.
Жауабы:
Қоспа. 8 балл Көмір қышқыл газі және күкірт (IV) оксидінен тұратын қоспадағы оттегі атомдарының массалық үлесі – 0,6. Газ қоспасының гелий бойынша тығыздығын табыңыз.
Жауабы:
Қоспа. 9 балл Жалпы массасы 15,5г калций негізі, калций карбонаты және калций сулфаты қоспасын тұз қышқылмен өңдегенде 1,12л (қ.ж.) газ бөлінді және 6,8г ерімейтін қалдық қалды. Қоспадағы калций негізінің массалық үлесін табыңыз.
Жауабы:
9-сынып 35 балл Химиялық өзгерістер тізбегі. 5 балл. Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыздар:
.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін электрондық баланс әдісімен теңестіріңіздер. Иондық реакциялардың молекулалық және қысқаша иондық теңдеулерін жазыңыздар.
Кристаллогидрат. 6 балл. Белгісіз металл сульфатының судағы ерітіндісін суытқанда мөлшері 0,5 моль кристаллогидрат алынды. Кристаллогидраттың құрамындағы сусыз тұздың массалық үлесі 51,351%. Ал кристалдық судың массасы сусыз тұздың массасынан 9 г кем. Кристаллогидраттың формуласын анықтаңыздар және оның молекулалық массасын есептеңіздер.
Қоспа. 7 балл. Белгісіз екі валентті металдың гидриді мен нитридінің қоспасын сумен өңдегенде сутек бойынша тығыздығы 2,658 болатын газдар қоспасы алынды. Қоспаның құрамындағы гидрит пен нитридтің массалық үлестері бірдей екенін ескере отырып, металды анықтаңыздар.