Сынып сағаты «Зиянды заттардың адам ағзасына әсері» Күні



бет1/3
Дата09.05.2023
өлшемі55,66 Kb.
#91194
  1   2   3


Сынып сағаты

«Зиянды заттардың адам ағзасына әсері»

Күні




Практикадан өтуші

Көдек Аян Жаңабайұлы

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жат әдеттен аулақ ұстау. Зиянды заттардың адам ағзасына қалай әсер ететіні туралы түсінік беру. Өз ойларын, көзқарастарын айта білуге үйрету. Балаларын зиянды әдеттерден аулақ жүруге, олардың қандай зиян екеніне тәрбиелеу.



Көрнекіліктер

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар Слайд,презентация, интерактивті тақта.

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)






  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Топ ережесі
Тәртіп
Талап
Тазалық
Тыныштық
Татулық
Оқушылар ережені есімізге түсіріп, тобымыздың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
«Жүректен жүрекке» бір-бірімізге жылы сөздер айту арқылы көңіл күйлерімізді жақсартып алу.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.

Компьютер



Сабақ басы (13 мин)



Ата –аналарға сұрақтар
1 сұрақ . Зиянды әдеттер дегініміз не?
2 сурақ . Адамға тигізер әсері ағзасына, өміріне, қоршаған ортаға әсері.
3- сурақ . Өміріне, қоршаған ортаға әсері.
Мұғалім сөзі:
«Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»
Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері. – деген өлең жолдарымен тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Тәрбие сағатымыздың тақырыбы қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «Нашақорлық, маскүнемдік, темекі шегудің әлеуметтік мәселелері».


Оқушылардың пікірі тыңдалады

Слайд


Ортасы (20 мин)



Ой-толғау
Есірткі туралы не білеміз?
Нашақорлық-адамзатқа берілген ең ауыр жаза.
Темекі — білдіртпей алатын ажал.
Темекі түтінінде 5 мыңға жуық химиялық заттар бар.
Темекінің денсаулыққа зиян екендігіне күмән жоқ: ол шылымдардың өз денсаулығына да, оны қоршаған адамдарға да зиян.
Мұғалім слайд тарқылы мәліметтерді оқып береді. Алкоголь – қосындыларды ашытудан алынатын есірткі. Ол шарапта, сырада болатын масаңдататын элементтен тұрады. Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Алкоголь бойынша соңында оқуышалар өз қорытындыларын ұсынды, және де ұстаздар электрондық түрде қорытындыны көрсетті. Қорытынды. Алкоголизм ол да бір ғасыр індеті. Біз бүгіннен бастап алкоголизмге ЖОҚ деп тойтарыс беріп, күресуіміз қажет.
Темекіге жол жоқ! Дәл осы ұранмен келесі бір нашақордың түріне тақырып ауыстырылды. Темекі жайлы ақпарат ата-аналарға электрондық слайд көрсетілді. Темекі құрамындағы заттар. Темекі түтінінде 400-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар. Шайыр түтін арқылы адам өкепесіне түседі. Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20%. Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Шылым шегу барысында не нәрсе болады? Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді жұтылатын түтіннің құрамында никотин көміртек тотығы синил қышқылының бөліктері және басқада сол сияқты химиялық заттар бар. Оның ішінде ең улысы –никотин оның уы ағзаға еніп әуелі тітіркендіреді одан соң жүйке жүйесінде әсер етеді қан тамырлары тартылып сілекей қабаты зақымданады. Егер де никотин көп мөлшерде ағзаға енсе дене тырысып өліп қалуы мүмкін. Шылым шегуші түтінді ауыз арқылы жұтады сол кезде зиянды заттар шылым түтінімен бірге жоғары тыныс жолына түседі. Ұстаздар оқушылардың ойларын тындай отырып қорытынды жасалды.Қорытынды. Темекі шайыры ми мен жүрек тамырларын бұзады, өкпенің көпіршіктерін зақымдайды. Сондықтан да темекіге жол жоқ! 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет