Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне сипаттама беріледі. Хабарламалық эссе



бет1/3
Дата26.11.2022
өлшемі21,55 Kb.
#52764
  1   2   3

Эссе және оның түрлері
Эссе – шағын көлемді прозалық мәтін. Эссе жанр ретінде 16 ғасырда пайда болды және оның атауы Мишель де Монтеньдің шығармасының атауынан шыққан. Essais (1597). Грек-рим ежелгі дәуіріне жататын хаттар, сөздер мен басқа мәтіндер эссенің прекурсорлары болып саналады, оған Сенека, Плутарх немесе Маркус Аврелиус сияқты авторлар кіреді.
Эссеге батыл болжамдар, өткір ұсыныстар, талас тудыратын пікірлер, ойлар, қозғау саларлық байламдар тән. Онда автордың жеке көзқарасы, өзіндік пікірі көрініс табады.
Эссеге мынадай талаптар қойылады:

  • еркін композиция

  • автор ұстанымы

  • баяндау еркіндігі

  • тосын

  • жаңа пікірге бейімділік

Эссенің түрлері:
1. Аргументті эссе. Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе
жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп
отырады. Эссенің мақсаты – мәселеге қатысты түрлі ұстанымның біреуі дұрыс екенін дәлелдеу, сендіру. Мәселені өзіңіз дәлелдейтін ұстаным тұрғысынан ұсынасыз (тезис). Әр дәлеліңіз үшін бір абзац арнап, аргумент келтіресіз. Мәтіннің басым бөлігі ауыспалы осы шақта жазылады. Аргументтерді байланыстыратын «сондай-ақ», «сонымен», «сонымен бірге», «бұған қоса» оралымдары қолданылады.
2. Салыстырмалы эссе. Бірнеше мәселе­­ талқыланып, олардың арақатынасын ажыратып жазу көзделеді. Эссенің мақсаты – екі мәтінді салыстыру және қарсы қою.Мәтіндер бойынша негізгі ұқсас н/е қарсы сипаттарды бересіз. Әрбір ұқсастыққа н/е айырмашылыққа бір параграфтан жазасыз. Қорытындысында жинақталған талдау мен тезисіңізді дәлелдеу жайында жазасыз. Ескерту: Мәтін мазмұнын айтудың қажеті жоқ. Ұқсастығы мен айырмашылығы неде екенін жазасыз және «салыстыра қарағанда», «сияқты», «секілді» т.б. тілдік оралмдар қолданылады.
3. Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне
сипаттама беріледі.
4. Хабарламалық эссе. Адам өз тәжірибесіне сүйене отырып, өз тұрғысынан, өзіндік көзқараспен оқиғаны сипаттап жазады. Бұл эссе өткен шақта немесе осы шақта жазылады.
5. Дискуссивті эссе. Екі жақты пікірді салыстырмалы түрде талдай
отырып, қорытынды шығарып жазады. Эсседе осы көзқарастар бойынша ақпараттар мен пікілерді ұсыну керек.мәселені өзіңіз қолдайтын ұстаным тұрғысынан ұсынасыз (тезис келтіресіз)Аргумент ретінде жекелеген абзацтарда берілген, қолдайтын және қарсы келетін дәлелдерден құралған бірнеше тұжырым ұсынасыз. Бұдан кейін талқылауға қатысты ұсыныстар н/е түйін бересіз.Әдетте, ауыспалы осы шақтағы еістік формалары, қарсы аргументтерді байланыстыратын сөздер (дегенмен, алайда, қалай болғанда да, айырмашылығы, басқа тұрғыдан) қолданылады.Сондай-ақ етістіктердің модаль формасы (салыстыру, зерттеу,қарастыру), көсемше формалары (қарастыра келіп, тұжырым жасай отырып) «әдетте, мүмкін, тән» қыстырма сөздері қолданылуы мүмкін.
6. Анықтамалық эссе.  Нақты дәлелдер арқылы терминнің мағынасын
ашу көзделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет