Сыр – Анам, Қаратау – Панам! 2016 жыл №96 (8016 ) 6 желтоқсан сейсенбі



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата24.03.2017
өлшемі9,84 Mb.
#10305
  1   2   3

Сыр – Анам, Қаратау – Панам!

2016 ЖЫЛ

№96 (8016 )

6 ЖЕЛТОҚСАН

СЕЙСЕНБІ

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ

Тəуелсіздік  жылдарындағы  жетістіктерді  көрсету,  сол  арқылы 

ұлттық  рухты  көтеру,  халықтың  бірлігін  нығайту,  ел  дамуының 

басымдықтары  айналасында  қоғамды  топтастыру,  «Мəңгілік  Ел» 

патриоттық  идеясын  насихаттауды  мақсат  тұтқан  Тəуелсіздік  пой-

ызы  35  елді  мекенді  аралап,  Қорқыт  еліне  тоқтады.  Осыдан  43 

күн  бұрын  Арқадан  аттанған  пойыз  Сырға  елдік  пен  ерлікті, 

бірлік  пен  берекені,  жасампаздық  пен  жарасымдылықты  насихат-

тай  келіпті.  Пойыз  құрамында  дəрігерлік,  қоғамдық  қабылдаулар, 

консультациялық кеңестер жəне түрлі қайырымдылық шара өткізуді 

жоспарлапты. Республикалық акцияға қатысушылар арасында Пар-

ламент Мəжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының 

мүшелері  жəне  жеті  министрлік  пен  екі  ұлттық  компания,  қаржы 

институттарының  өкілдері,  дəрігерлер  мен  заңгерлер  жəне 

əлеуметтік сала қызметкерлері бар.  

Акция барысында əлеуметтік, медицина, мемлекеттік қөрсетілетін 

қызметтерді алу, ауыл шаруашылығы жəне ауыл шаруашылығында 

кəсіпкерлікті  дамыту,  білім  саласы,  тұрғындарды  жəне  заңды 

тұлғаларды зейнетақы жəне əлеуметтік қамтамасыз ету мəселелері 

бойынша кеңестер беріліп, кездесулер өткізді.  

Атап  айтқанда,  «Тəуелсіз  Қазақстан»  пойызының  штаб  мүшесі, 

«Нұр  Отан»  партиясы  қоғамдық  қабылдауының  меңгерушісі 

Жұмажан Жүкенов бас партияның Қызылорда облыстық филиалында 

тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға облыстық партия филиалының 

басшылығы, облыстық құқық қорғау жəне мемлекеттік органдардың 

басшылары,  партия  белсенділері  мен  қала  тұрғындары  жəне  БАҚ 

өкілдері  қатысты.  Жалпы  қабылдауға  30-ға  жуық  азаматтар  келіп, 

заң аясында тиісті кеңестер алды. Әділет министрлігінің өкілдерінен 

құралған  бір  топ  Қызылорда  облысының  Халыққа  қызмет  көрсету 

орталығында  болып,  57  азаматқа  түрлі  тақырыпта  заң  кеңестерін 

берді.  Жалпы,  «Қызылорда  қаласы»  35  елді  мекен  ішіндегі  жиыр-

ма сегізінші бекет болып есептеледі. Облыстық жұмыспен қамтуды 

үйлестіру  жəне  əлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының  мəжіліс 

залында тұрғындарға зейнетақы жəне əлеуметтік мəселелер бойын-

ша тұрғындармен кездесу өткізілді. Кездесуде 12 тұрғынға əлеуметтік 

мəселелер бойынша кеңестер берілді. Оның ішінде, жетеуі зейнетақы 

мəселесі, үшеуі əлеуметтік көмек, екеуі жұмыспен қамту мəселелері 

бойынша.  Қызылорда  облысы  тұтынушылардың  құқықтарын 

қорғау департаментінің мəжіліс залында тұтынушылардың құқығын 

қорғау  бойынша  кеңес  берілді.  Тұрғындармен  кездесуге  ҚР  ҰЭМ 

Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  комитетінің  бас  сарапшысы 

Н.Жұматов  қатысты.  Қабылдау  кезінде  кеңес  алу  үшін  27-ге  жуық 

азамат  түрлі  мəселелер  бойынша  жүгінді.  №278  орта  мектебінде 

білім  саласы  бойынша  бағдарламаларды  насихаттайтын  лекция 

ұйымдастырылды.  Оған  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің  өкілдері, 

облыстық білім басқармасы басшысы мен облыстағы білім ошақтары 

басшылары  қатысты.  Кездесуде  мемлекеттік  білім  беру  жинақтау 

жүйесі  мен  мемлекеттік  кредиттеу  жүйесі,  жаңартылған  білім 

беру  мазмұны  бойынша  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқыту  тура-

лы  сөз  қозғалады.  Кəсіпкерлікті  қолдау  орталығында  кездесуге 

Өңірлік  даму  департаментінің  эксперті  Данияр  Сыдықов  қатысып, 

кəсіпкерлер тарапынан 10 сұрақ қойылып, барлық сауалдарға нақты 

жауап  берілді.  Кездесуге  барлығы  70  адам  қатысқан.  Ә.Тəжібаев 

атындағы  облыстық  əмбебап  кітапханасында  облыс  əкімінің  орын-

басары  Руслан  Рүстемов  жəне  пойыз  мүшелерінің  қатысуымен 

жиын  өтті.  Делегация  мүшелері  «Тəуелсіздік  сыйы»  акциясы  ая-

сында  облыстық  кітапханаға  кітаптар  сыйлап,  қайырымдылық  ша-

расын ұйымдастырды. Облысқа келген «Тəуелсіз Қазақстан» пойы-

зында  Астана,  Алматы  қалаларындағы  ғылыми  орталықтың  білікті 

дəрігерлері  облыстық  кеңес  беру  диагностикалық  орталығында 

науқастарды  қабылдап,  пойыз  құрамында  келген  ангиохирург,  га-

строэнтеролог, гематолог, кардиолог, невролог, онколог, травмато-

лог, офтальмолог, пульманолог, ревматолог, уролог, хирург, эндо-

кринолог  маман-дəрігерлері  облыстық  кеңес  беру  диагностикалық 

орталығында  түске  дейін  162  науқасқа  кеңес  берді.  15  науқасқа 

Астана,  Алматы  қалаларындағы  ғылыми  орталықтарға  жолда-

ма  берілді.  А.Тоқмағамбетов  атындағы  қалалық  мəдениет  үйінде 

ҚР  Тəуелсіздігінің  25  жылдығына  арналған  «Тəуелсіз  Қазақстан» 

акциясының гала-концертімен аяқталды.

Тəуелсіз елдің топырағында дүниеге 

келген  Нариман  елмен  бірге  есейіп, 

бой  түзеді.  Күннен  күнге  қарыштап, 

алға  басқан  жас  мемлекетпен  жары-

са өскен ол «Мəңгілік Елді» бағдар ет-

кен  Қазақстанның  дамуына  атсалыса-

мын  деген  айқын  мақсат,  анық  мұрат 

қойды.  Сондықтан  уақытпен  санаспай 

жұмыс  жасап,  уақытты  тиімді  өткізуді 

басшылыққа алыпты.

– 

Тəуелсіз 



елдің 

перзенті 

болғанымды  бақыт  санаймын.  Отанға 

адал қызмет ету – басты парызым. Мен 

туған  елімнің  келешегі  кемел,  ертеңі 

жарқын  екеніне  кəміл  сенемін.  Себебі 

қажыр-қайраты  мықты,  намыс-жігері 

күшті жастарға үнемі  қамқорлық таны-

тып,  қанаттандырып,  қолдау  көрсетіп 

отыратын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 

бар, – дейді тəуелсіздіктің төл перзенті.

Мектеп 


оқып 

жүргенінде-ақ 

қоғамдық 

жұмыстарға 

белсенді 

атсалысқан жас университетке түскенде 

əр  ауданнан  жиналған  жастардың 

көшбасшысына  айналады.  Іске  епті, 

сөзге 

шешен, 


тірлікті 

тиянақты 

атқаратын  белсенді  жастың  артына  өзі 

оқыған университеттің студенттері ғана 

емес,  өзге  оқу  орындарының  жастары 

ілесе  бастайды.  Осы  кезде  облыстық, 

республикалық,  халықаралық  дебатқа 

қатысып 


«Үздік 

спикер», 

«Үздік 

төреші»  номинациясының  иесі  ата-



нады.  Талдықорған  қаласында  өткен 

республикалық  дебат  турнирлеріне  екі 

жыл  қатарынан  қатысып,  бас  жүлдеге 

лайықты деп табылады. 

– 

2009 


жылы 

Қызылорда 

Гуманитарлық  университетіне  оқуға 

түстім.  2009-2011  жылдары  жоғары 

мектептегі 

«Жас 


Отан» 

жастар 


қанатының  атқарушы  хатшысы  жəне 

ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі 

болдым. 

Университет 

əкімшілігінің 

қолдауымен  облыстық,  республикалық 

дебат ойындарына қатысып, ораторлық 

шеберлікті  дамыттым.  Ал,  2011  жылы 

Қорқыт  ата  атындағы  Қызылорда 

мемлекеттік университетіне ауыстым, – 

дейді Нариман Үсенұлы. 

Мемлекеттік  оқу  орнында  оқығанда 

Нариманның 

жастар 


арасында 

танымалдылығы  арта  түсті.  Содан  бо-

лар  2012  жылы  «Нұр  Отан»  партиясы 

облыстық  филиалы  жанынан  ашылған 

«Тұран  Тарландары»  орталығының 

төрағасына 

сайланады. 

Қоғамдық 

жұмыстарда 

əбден 


шыңдалған 

азаматтың  іскерлік  потенциалы  қандай 

ұйымның  болмасын  жұмысын  жандан-

дыра  түсетіні  белгілі  еді.  Осы  себепті 

өздерінің  қатарынан  көргісі  келген 

қоғамдық  ұйымдар  аз  болмады.  Сон-

дай  бірлестіктің  бірі  –  «Ақиқат  айна-

сы»  қоғамдық  бірлестігі.  Онда  2013-

2014  жылдары  төрағаның  орынбаса-

ры ретінде қызмет етті. Университеттің 

соңғы  курсында  оқып  жүргенде  түрлі 

мекемеден жұмысқа шақыртулар алды. 

Алайда,  ата-анасының  «Балам,  үйдің 

кенжесі болғандықтан оқуды бітіргеннен 

кейін ауылға келіп, шаңыраққа ие бол», 

деген сөзі туып-өскен ауылына қайтуға 

итермеледі.  Кім  біледі,  осы  уақытта 

үлкен бір мекемеде басшылық қызметті 

атқарып  отырар  ма  еді?  Дегенмен, 

ата-ананың  аманатын  жерге  тастамай, 

Өзгентке келеді. 

–  Мақсатым  –  ауылдық  округ 

əкімдігінде  жастар  ісі  жөніндегі  мама-

ны  болу  болатын.  Сөйтіп  конкурстан 

өттім.  Бірақ,  жолым  болмады.  Сосын 

жастар тəжірибесі бойынша «Жұмыспен 

қамту  орталығы»  №224  мектепке 

алты  айға  жолдама  берді.  Ұстаздық 

қызметке белсенді кірістім. Бар қабілет-

қарымымен  жұмыс  жасадым.  Үш  ай 

өткенде  мектеп  директоры  шақырып 

«сенен жақсы ұстаз шығады екен» деп 

штаттық  негізге  жұмысқа  алды,  –  деді 

ол.


Қажымай-талмай 

ізденіп, 

тəлімгерлерге  тəлімді  тəрбие,  сана-

лы  білім  беруге  мəн  бергендіктен 

оқушылары  аудандық,  облыстық  білім 

байқауларында жүлдеге ілігіп, мектептің 

ғана  емес,  ауданның  абыройын  асыра 

бастайды. Араға бір жарым жыл салып 

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиа-

лы төрағасының бірінші орынбасарының 

кеңесшісі қызметіне кіріседі. 

–  Партия  штаттық  орындар  бер-

геннен  кейін  жұмысқа  қабілетті, 

жауапкершілігі зор азаматты іздестірдім. 

Есіме  ауылдық  округтерге  жастар  ісі 

жөніндегі  маманына  конкурске  түскен 

Нариман  Жахудаев  түсті.  Комиссия 

мүшесі  ретінде  оның  сөзге  шешендігін 

байқаған болатынмын. Сосын облыспен 

Нариман  жөнінде  ақылдасқанымда, 

олар  лайықты  азамат  деп  қолдады. 

Қазір  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық 

филиалында табысты еңбек етіп жүр, – 

деді Мəжит Балқожаев.



P.S.:  Нариман  Жахудаев  түндігі 

түрулі, туы тігулі, тыныштықты тілейтін 

Қазақстанның  Тəуелсіздігін  тұғырлы 

етуде  аянбай  тірлік  етуде.  Міне, 

Тəуелсіздік  осындай  жігерлі,  жалынды, 

жасампаз жастарды жігерлендіруде. Ен-

деше, «Мəңгілік Ел» тұғырлы болатыны 

ақиқат.


ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 

ТӨЛ ҚҰРДАСЫ

ҚАЗАҚСТАН ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН 10 КҮННЕН КЕЙІН 

МЕРЕКЕЛЕЙДІ. АЛ, НАРИМАН ЖАХУДАЕВ 12 КҮННЕН КЕЙІН 25 

ЖАСҚА ТОЛҒАНЫН АТАП ӨТЕДІ. ЯҒНИ, ОСЫДАН 25 ЖЫЛ БҰРЫН 

ДҮНИЕ ЕСІГІН АШҚАН БҮЛДІРШІН – БҮГІНДЕ БОЛАШАҚТЫҢ 

КІЛТІН ҚОЛЫНА ҰСТАҒАН АЗАТ ЕЛДІҢ ЕРКІН АЗАМАТЫ, 

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨЛ ҚҰРДАСЫ. 



«МӘҢГІЛІК ЕЛДІ»

ТУ ЕТКЕН ПОЙЫЗ

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ 

АРҚЫЛЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ӨНДІРІСКЕ МӘН БЕРІП

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ 

САЛАСЫНЫҢ ҒЫЛЫММЕН 

БАЙЛАНЫСЫН АРТТЫ-

РЫП, ЭКОНОМИКАСЫН 

ӘРТАРАПТАНДЫРЫП ЖАТҚАН 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 

КЕШЕГІСІ МЕН БҮГІНІ ЖЕР 

МЕН КӨКТЕЙ. БҰҒАН МЕМЛЕ-

КЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН 

НАЗАРБАЕВТЫҢ: «ТӘУЕЛСІЗДІК 

ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТІ 

БІР ҒАНА ҚЫЗЫЛОРДА ОБ-

ЛЫСЫНАН КӨРУГЕ БОЛА-

ДЫ», ДЕГЕН СӨЗІ АЙҒАҚ БОЛА-

ДЫ. СОНДЫҚТАН «МӘҢГІЛІК 

ЕЛДІ» ТУ ЕТКЕН ПОЙЫЗ ДЕ-

ЛЕГАТТАРЫ СЫР ӨҢІРІНІҢ 

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ЖЕТ-

КЕН ЖЕТІСТІКТЕРІН КӨЗБЕН 

КӨРУГЕ АСЫҚҚАНЫ АНЫҚ.

Орынбай АБЖАЛЕЛОВ.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

Өңірден  өзімізге  көшсек.  Биыл  ау-

дан  бойынша  7738  гектарға  сыр  салы-

сы  егіліп,  орташа  есеппен  43,4  центнер-

ден  өнім  алып,  қамбаға  33588  тонна  күріш 

жинаған.  Мұндай  мəліметті  бізге  аудандық 

ауылшаруашылығы  бөлімінің  бас  маманы 

Серік Сейдуалиев жеткізді. 

Сарапқа  салар  тақырыпқа  ойыссақ. 

Әрине,  əрбір  шаруа  ала  жаздай  еткен 

еңбегінің  ақталғанын  қалайды.  Шашпай-

төкпей жинап алған сыр маржанын көңілге 

қонымды  бағада  саудалағысы  келеді. 

Өйткені,  қаншама  диқанның  маңдай  тері 

төгілгендіктен  теңгесі  де  тəуір  болғанын 

қалайды.  Осы  орайда,  аудандағы  ірі  ша-

руа  қожалықтарының  еккен  өнімін  қайда, 

қаншадан  пұлдап  жатқанын  бағамдап 

көрдік.  Алғашқы  кезекте,  облыс  жəне  кент 

орталығында  «Алтын  күз»  мерекесінде 

саудаға  түскен  күріштің  тоннасы  мен 

теңгесін  тізсек.  Жаңақорғандық  диқандар 

Қызылорда  шаһарында  өткен  «Қала  күні» 

мен «Алтын күз» жəне «Жəрмеңке» де 100 

тоннаға жуық сыр маржанын қалалықтарға 

пұлдаған.  Күндізгі  уақытта  келісі  160 

теңдеген  басталған  сауданың  соңы,  түсауа  

120-130  теңгеге  дейін  түскен.  Ал,  кент 

орталығында өткен «Алтын күз» мерекесінде 

12  тонна  күріш  120  теңдеген  босатқан. 

Сондай-ақ,  ауданда  күрішпен  айналыса-

тын    шаруа  қожалықтардың  өнімін  қайда 

өткізіп  жатқандығын  білдік.  Бағамдасақ, 

Жаңақорғанның 

ақ 

маржаны 


көбіне 

Түркістан,  Шымкент,  Тараз,  Алматы,  Аты-

рау  қаласына  жөнелтіледі  екен.  Мəселен, 

келінтөбелік  «Ислам»  шаруа  қожалығының 

төрағасы  Мақсат  Жұмаділлаев  биыл  249 

гектарға  күріш  егіп,  орташа  есеппен  40 

центнерден өнім алған. 

КҮРІШ 

ҚАМБАДА,

өнім қайда өткізілуде?

(ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ)

БІЗ ОСЫ СҰРАҚҚА ЖАУАП ІЗДЕП, БІРАЗ 

ЖАЙҒА ҚАНЫҚТЫҚ. ЖАЛПЫ, СОҢҒЫ ЖЫЛДА-

РЫ СЫР ЕЛІНДЕ АГРАРЛЫ САЛАНЫ ДАМЫТУ-

ДА ТЫҢ СЕРПІЛІС БАР. ОНЫҢ ІШІНДЕ, КҮРІШ 

ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӨКЖИЕГІ КҮН СА-

НАП КЕҢЕЮДЕ. АЙҚЫН КӨРІНІСІ, БИЫЛ СЫР 

ДИҚАНДАРЫ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КҮРІШ 

ӨСІРУ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ РЕКОРДТЫҚ 

КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ. ЯҒНИ, 80 МЫҢ ГЕК-

ТАР ЕГІСТІКТІҢ ӘР ГЕКТАРЫНАН АЙМАҚ БОЙЫНША 

54,9 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛЫНЫП, ЕЛ ҚАМБАСЫНА 

440 000 ТОННА КҮРІШ ҚҰЙЫЛҒАН. МҰНДАЙ ТО-

ЛЫМДЫ ТАРТУ, ЕЛ БАЙЛЫҒЫН ЕСЕЛЕЙ ТҮСЕТІНІ 

ХАҚ. АЛ, БЫЛТЫРҒЫ ЖЫЛЫ 360 МЫҢ ТОННА 

КҮРІШ ЖИНАЛЫП, ЕЛ МЕРЕЙІН АСЫРҒАН ЕДІ. 

Тұрмыстың  қамытынан  бір  сəт  мой-

ын  босатып,  жаныңды  жадырататын, 

өнер  құдыретіне  тəнті  етер  өнеге  өрімдері 

қатарына отбасы қызықшылығына арналған 

қуаныш той-жиындарды да жатқызуға бола-

ды.  Оларды  санамалап  айтсақ,  шілдехана, 

тұсау  кесер,  сүндет  той,  қыз  ұзату,  келін 

түсіру,  беташар,  құдалық  той...  Бұлардың 

барлығында да бір бүтін қауым елдің тірлігін 

бір  арнаға  тоғыстыратын,  алыс-жақынды 

жүзбе-жүз  табыстыратын  керемет  бір  күш 

бар. Тіпті біздің ұлттық идеяларымыздың түп 

қазығы да сонда тұнып тұрғандай. Халқымен 

қайта  қауышқан  бұл  ұлық  үрдістеріміздің 

құндылығы да осында. 

Жиырма  жылдан  аса  уақыттан  бері 

бойындағы  бүкіл  талантын  осы  біз  ай-

тып  отырған  бағытқа  талмай  жұмсап  келе 

жатқан  қазақтың  қарапайым  қыздарының 

бірі  Бекахметова  Сара  Оразқожақызы  тура-

лы арнайы тоқталуымыздың жөні жоқ емес. 

Ол  Оңтүстік Қазақстан облысы,  Жетісай 

қаласында  №7  мектепте  орта  білім  алып, 

одан əрі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университетінің  шығыстану  факультетін 

тəмамдады.  Студент  кезінде  талай  айтысқа 

қатысып, тəжірибе байытты.

Әкесі  Оразқожа  Жетісай  өңіріне  белгілі 

ақын  ғана  емес,  əнші,  жыршы,  термеші.

Бірнеше  жыр  жинақтары  жарық  көрген.  

Алты  ұл-қызы  да  өнерге  жақын  болып  ер 

жетті. Солардың ішінде қызы – Сараның келін 

болып босаға аттаған Жаңақорған кентіндегі 

Үсейіновтер əулетінің де өнерден қаражаяу 

еместігі,  тектіні  таныр  шарапаттылығы  биік 

арманға құлаш ұрған асқақ мұратты арудың 

талабына тірек болып, көңіліне қанат бітірді. 

Бойындағы  дарын  ұшқынын  сөндіріп  ал-

май,  көптің  игілігіне  жарқырата  танытуына 

жағдай туғызды.

Сараның жұбайы Мұсахан Абылайұлының 

да  өнердің  өз  өкілі  екенін  айта  кеткеніміз 

жөн.  Бойға  біткен  ерекше  қабілетін  үнемі 

жетілдіріп, ақындығы, асабалығымен көптің 

құрметіне бөленіп келеді. Қос өнерпаз көбіне 

жұп  болып  шығып,  қазақтың  тойларын 

басқарып жүр. Айта кету керек, əмбені аузы-

на қаратып, əлеуметті əдемі əзілге, əсем əн 

мен тəтті күйге таң қылуда табиғи талантпен 

қоса кəсіби шеберлік те қажет. Биік деңгейлі 

қосақтар  отбасында  үлгілі  ата-ана  атанып, 

парасатты ұл-қыз тəрбиелеп отыр.

Біз Сараның өзін əңгімеге тартып, келе-

шек жоспарлары жөнінде ой бөлістік.

Той  да  тəрбие  алаңы.  Оған  үлкен 

дайындықпен  баруға  тырысамыз.  Жапан 

түзден  маржан  сүзген  кеншідей  қазақтың 

бай  ауыз  əдебиетін  зерделеп,  қанатты  сөзі 

мен би шешендердің нақыл-өсиеттерін тер-

мелеп, көненің асылын түгелдеп, халықтың 

рухани мұқтажын түгендеп жүрген жайымыз 

бар. Осылайша жиналған қауымның жүрегіне 

иманның  нұрын  ұялатып,  ұмытылмастай 

əсер қалдырсақ еңбегіміздің құр кетпегені, – 

дейді ағынан жарыла.

Иə, өнер желкенін жұптасып желбіретіп, 

аласартып  алмауды  мақсат  тұтқан  жігерлі 

жандардың  өмір  жолынан  мынадай  ой 

түйдім: Адамның бір парызы – өз халқының 

намысын қолдан бермеу. Әр адам елдің туы 

–  менің  қолымда  деген  пейілде  бола  білсе 

егемен еліміздің бағы жанғаны.

ҰЛТ ДӘСТҮРІН 

ҰЛЫҚТАП

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІМЕН БІРГЕ ҚАЙТА 



ТУЫП, ТАБАНЫНАН ҚАЗ ТҰРҒАН, ӘРБІР 

ШАҢЫРАҚТЫ ШАТТЫҚҚА ТОЛТЫ-

РЫП, ШЫРАЙЫН КЕЛТІРГЕН САЛТ-

ДӘСТҮРЛЕРІМІЗДІҢ АЛАШ ЖҰРТЫНЫҢ 

ТІРЛІГІНЕ МЕРЕКЕ, БІРЛІГІНЕ БЕРЕ-

КЕ ДАРЫТАТЫН ҚАСИЕТІН САНАСЫНДА 

САҢЫЛАУЫ БАР ӘРКІМ-АҚ 

МОЙЫНДАСА КЕРЕК.



Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.

Әбдісамат ӘБДІШ.

(Жалғасы 2-бетте)

СЫР ӨҢІРІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 

КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІ 2001 ЖЫЛМЕН 

САЛЫСТЫРҒАНДА 4596 ТЕҢГЕДЕН 18910 

ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН НЕМЕСЕ 4,1 ЕСЕГЕ ӨСТІ.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

1991 ЖЫЛДАН 2016 ЖЫЛҒЫ 1 

ҚАҢТАРҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ 261 

МЫҢ 104 ОТБАСЫ НЕМЕСЕ 957 

МЫҢ 772 ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТА-

РИХИ ОТАНЫНА ҚАЙТА ОРАЛЫП, 

ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ. 

БҰЛ ЕЛІМІЗДЕГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 

ЖАЛПЫ САНЫНЫҢ 5,5 ПАЙЫЗЫН 

ҚҰРАЙДЫ. АЛ, ЖАҢАҚОРҒАН АУ-

ДАНЫНА ҚАНША ОТАНДАС КЕЛДІ? 

ОЛАР НЕМЕН ШҰҒЫЛДАНУДА? 

ОЛ ЖАЙЛЫ ГАЗЕТТІҢ КЕЛЕСІ 

НӨМІРІНЕН ОҚИ АЛАСЫЗДАР.

АҢДАТПА


2

6 желтоқсан, 2016 жыл

Семинарда  Қазақ  Ұлттық  аграрлық  университеті 

мен Республикалық микробиологи жəне вирусология 

интитутының  ғалымдары,  Ы.Жақаев  атындағы  күріш 

ғылыми зерттеу институты ғылыми қызметкерлері бас 

қосты. Сондай-ақ, Жаңақорған мен Шиелі ауданының 

ауылдық  округ  əкімдері,  ет  бағытында  мал  өсіретін 

шаруа  қожалық  төрағалары  мен  ветеринариялық 

дəрігерлер қатысты. 

Маңызды  шарада  алғы  сөз  алған  аудан  əкімінің 

орынбасары Ғалымжан Сопбеков: 

– Жоба аясында облыста 12 жоба қолға алынып 

жүзеге асырылып жатса, соның 7 жобасы тікелей мал 

шаруашылығына  байланысты.  Қазіргі  таңда  аудан-

да «Бүркітті», «Қарақожа ата» жəне «Заман ата» ша-

руа қожалығында жыл басынан бері жүзеге асыруда, 

– деді.

Одан  кейін  биология  ғылымдарының  канди-



даты  Зүбайра  Қожахметова  «Қызылорда  облы-

сы  ауылшаруашылық  малдары  төлдерінің  індеттік 

ауруларының алдын алу жəне емдеу» атты тақырыпты 

тарқата талдады. 

Ол  төрт  түліктің  жаңадан  туылған  төлінің  ви-

русты  ауруларға  иммунитеті  төмен  болатындықтан 

мал шығынының азаймай отырғанын сөз етті. Сосын 

осы бағытта Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің 

биологиялық  қауіпсіздік  кафедрасының  ғалымдары 

зерттеу жұмыстарын жүргізіп, «ЛАКТОБАКТЕРИН ТК-

2» жəне «ТОРУЛАКТ» пробиотигін жасап шығарыпты. 

Пробиотиктерді  ауылшаруашылық  министрлігіне 

қарасты  зертханаларда  сараптамадан  өтіп,  ғылыми-

техникалық құжаттарын алған екен.

–  Пробиотиктерді  пайдалану  арқылы  жас 

төлбасының  аман  сақталуына,  жоғары  сапалы  мал 

өнімін  алуға  жəне  мал  шаруашылығы  жұмысының 

экономикалық  тиімділігі  арттыруға  болады.  Соны-

мен  қатар,  мал  шаруашылығындағы  індеттік  жəне 

экологиялық  жағдай  жақсарады,  зардапты  микроб-

тардан,  антибиотиктерден,  химия-терапевтикалық 

перепаратттардан  таза  жоғарғы  сапалы  өнімдерді 

алады, – деді ғалым. 

Аталған  тақырыпқа  орай  «Бүркітті»  «Қарақожа 

ата»  шаруа  қожалығының  төрағасы  Е.Ибрагимов 

пен  Қ.Қарақожаев  препаратты  тəжірибе  жүзінде 

қолданғандықтан тиімділігі жөнінде өз пікірін білдірді. 

Келесі 


кезекте 

облыстық 

инновациалық 

бағдарламаларды ұйымдастыру тобының жетекші ма-

маны Пұсырман Айбосынов осы жоба бойынша облы-

ста төрт ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерек-

ше бағасын берді. 

–  Осы  уақытқа  дейін  малды  семірту  мақсатында 

антибиотиктерді  пайдаланып  келдік.  Соңғы  кез-

де  ғалымдар  мал  семіртетін  антибиотиктердің 

адам  ағзасына  кері  əсері  барлығын,  антибиотикпен 

семірген  малдың  етін  жеген  адамдардың  да  семіздік 

ауруына  шалдығатындығын  дəлелдеді.  Ал,  мына 

пробиотиктік  перепараттарында  малды  семіртуге 

болмаса,  адам  ағзасына  зияны  жоқ,  экологиялық 

тұрғыдан қарағанда пайдалы перепарат. Қазақ Ұлттық 

аграрлық университеттің кафедра меңгерішісі Жанар 

Кеңесқызы бастаған ғалымдардың бұл жаңалығы тек 

төлді аман сақтап қалу ғана емес, ет бағытында мал 

өсірушілерге де пайдалы, – деп сөзін қорытты.

Семинар барысында ветеринария ғылымдарының 

кандидаты Р.Мықтыбаева «Ветеринариядағы замана-

уи пробиотиктер» деген тақырыпта хабарлама жаса-

ды. Ол жаңадан жасаған сұйық жəне ұнтақ түріндегі 

пробиотиктерінің  Жаңақорған  ауданындағы  ша-

руа  қожалықтарында  пайдаланудағы  жетістіктеріне 

тоқталды. Сондай-ақ, Ұлттық университеттің коммер-

цияландыру  бөлімінің  жоба  жетекшісі  У.Басығараев, 

ауылшаруашылығы 

ғылымдарының 

кандида-

ты  Г.Есенбаева  малды  семіртуге  құнарлылығымен 

майлылығы  жоғары  «шырғанақ»  бұтасын  өсіруді 

ұсынса,  Ж.Жұмаділова  өз  институтының  өнімерін 

алуға шақырды. 

Семинардың  негізгі  бөлімінен  кейін  сұрақ-

жауапқа  алмасып,  ауылшаруашылық  саласының  ма-

мандары  ғалымдардан  толғандырып  жүрген  сауал-

дарына  тұщымды  жауап  алды.  Сондай-ақ,  шараға 

қатысушылар «Заман ата» шаруа қожалығында жаңа 

туған  бұзауларға  пробиотикалық  сұйытылған  препа-

раттарды беру үрдісімен танысты.



Ерубай ҚАЛДЫБЕК.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫН ДА-

МЫТУ ҮШІН ҒЫЛЫММЕН БАЙЛАНЫ-

СЫН АРТТЫРУ ҚАЖЕТ. ЯҒНИ, ӨНІМДІЛІК 

ҒЫЛЫММЕН ҰШТАСҚАН ЖАҒДАЙДА 

ҒАНА ЕСЕЛЕНЕ ТҮСЕТІНІ АҚИҚАТ. 

МІНЕ, ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБА-

ЕВ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ МА-

МАНДАРЫНА ОСЫНЫ БАСШЫЛЫҚҚА АЛУ 

КЕРЕКТІГІН БАСА АЙТТЫ. БҰЛ БАҒЫТТА 

ОБЛЫСТА ТЫҢДЫРЫМДЫ ТІРЛІК БАР. 

МӘСЕЛЕН, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ 

УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫ-

СЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ 

БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙ БАСТАДЫ. 

СОНДАЙ ШАРАНЫҢ БІРІ – АҚҚОРҒАН 

АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӨТТІ.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет