Сырбай Мәуленов – лингвомәдени тұлға



Дата17.05.2022
өлшемі16,2 Kb.
#34808

Сырбай Мәуленов – лингвомәдени тұлға

Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің жуан ортасында дүр тұлғалы Сырбай ақынның орны өзгеше. Қан майданда қар жастанып, мұз төсендірген соғыстың қайғы-қасіретін, өмір мен өлім айқасын өз көзімен көруі, көңілге түюі – ақын жырларының аясын кеңейтіп, көрген-білгенін ойында терең қорытып, тір­шілік философиясына айналдыруына себепші болғаны анық.

Өлең өлкесіне келген әр ақын Сырбайша оқуға, Сырбайша жазуға, Сырбайша сөйлеуге ұмтылады. Қазіргі әдебиеттегі алпысқа келгендер мен төменгі буынның барлығының болмысында міндетті түрде Сырбайдың рухы, Сырбайдың әсері бар. Сырбай Мәуленов тек өз мектебі бар ақын ғана емес, қазақ поэзиясын жарқыраған жаңа кезеңге көтеріп бере алған кемел құбылыс. Сырбай − қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі. Өлеңдерінің ерекше бір қасиеті: ол ойын лирикалық герой арқылы, көбінесе өз атынан сөйлейді, өз қатынасын, өз көзқарасын, өз сезімін толғайды.

Сырбайдың «Күрең жорға» деген өлеңіне мән берейікші:



Кей кезде еске кіреді

Балалық шақтың кезеңі.

Даланың жасыл кілемі,

Торғайдың мөлдір өзені.

Ағынды күрең жорғамен

Ағызып жазық алаңда,

Жүремін кілең жолда мен,

Кеудемді тосып самалға.

Қалады талай жолда дөң,

Басына шығам биіктің.

Тосамын алдын жорғамен

Жайылған белде киіктің.

Шұбалтып шаңмен жолдарды,

Жаңғыртам бүкіл жазды әнмен.

Жалынан сипап жорғамды,

Жарысам ұшқан қаздармен.

Ол күндер қазір армандай,

Көретін қызық түс түнде.

Балалық кетіп қалғандай

Жорғаның со бір үстінде.

Өлеңнің бірінші шумағынан-ақ қазақтың дала сүйетін дархан пейілі, туған елдің табиғаты, көл-суына ынтық болған бала ақынның ұлттық мінезі көрініп-ақ тұр. Қазақ ауылын сағынғанда, қашан да символикалық түрде, топырақ-құмын, өзен-көлін, бау-бақшасын және ондағы қарапайым, жылы жүзді тұрғындарын да қосып баяндайды, есіне алады. Тіпті десеңіз, ондағы Күн де, Ай да, мезгіл де бөлек! Бұл қазақша сағыныш, қазақша сезім! Ағынды күрең жорғамен, Ағызып жазық алаңда, Жүремін кілең жолда мен, Кеудемді тосып самалға. Бұл жолдарда да қазақты көресіз, көшпенді қазақтың рухын байқайсыз. Шұбалтып шаңмен жолдарды, Жаңғыртам бүкіл жазды әнмен. Жалынан сипап жорғамды, Жарысам ұшқан қаздармен. Осы тұста далалық рухтың табиғатпен, мезгілмен, көк пен жердің арасындағы тұтас дүниемен астасқан картинасын байқайсыз. Жорғаның жалынан сипап тұрған жігіт – бейне бір қазақ пен жылқыны байланыстыра отырып, бүтін бір халықтың көкірегіндегі адалдық, сенімділік, үміт секілді нәзік сезімдерді айқындап беріп тұрғандай.



Қарасайда қараша үйлер,

Қанаттасып тобын жазбай,

Қарасайда қараша үйлер

Отыратын қоңыр қаздай.

Қоңыр қаздай болса-дағы,

Қоңыр сол шақ өмірлері.

Болса ірімшік, болса ағы,

Қараша үйлер көңілді еді.

Аласа үйге сыймайтындай,

Қараша үйлер ұл табатын.

Жырлар тартып сыйға алтындай,

Ән салатын Нұрқан ақын. Бұл Сырбай ақынның Ғафу Қайырбековке арнаған «Қарасайдағы қараша үйлер» атты өлеңінен үзінді. Өлең «ә» дегеннен-ақ, қазақтың қарапайым ауылындағы моп-момақан, мамыражай тіршілігін суреттеп береді. Түске мән беріп көріңіздерші, қандай қазақы түстер! Қоңыр – қазақы тіршіліктің, қазақы әннің, қазақы өмірдің түсі. Ал, қараша сондай бір қарапайым, зәулім-зәулім ғимараты бар қаладан таба алмайтын ерекше түс. Өлеңнің өне бойынан ауылдың иісі, қазақтың иісі шығып тұр. Иә, Сырбай ақынның шеберлігі де осында.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет