Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері. Бүйрек қызметтері. Терінің құрылысы мен қызметтері. Жеке бас гигиенасы



бет2/5
Дата27.10.2022
өлшемі27,64 Kb.
#45588
1   2   3   4   5
Несептің түзілуі және қүрамы. Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезенде алғашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағыңда қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде а л ғ а ш қ ы несеп пайда болады. Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында белок пен қан клеткалары болмайды.
Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т. б. организмге қажетті заттар қайтадан қанға кері сіңеді, ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды және тіршілікке қажетсіз заттар Генле иінінен кейінгі екінші деңгейлі иірім каналдарда қалып, нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң үзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.
Қорытып айтқанда, несептің түзілуі күрделі үш қызметтің нәтижесі: 1. Нефронның капилляр шумағындағы сүзілу (фильтрация). 2. Иірімді каналдардағы кері сүзілу (реабсорбция). 3. Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсеңді секрециялық қызметі. Мүнда аммиак, сутегі иондары, креатинин заттар соңғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залал-сыздандырьглады.
Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айдалады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің мөлшері 1,5 л ғана. Мұндай қарқынды сүзілу бүйрек каналшаларының өте үзын болуына байланысты. Олардың жалпы ұзындығы 120 км, ал сүзілуге қатысатын бетінің ауданы 40-50 м2.
Қуыққа айдалатын с о ң ғ ы несеп сарғыш түсті сұйықтық. Оның меншікті салмағы 1,010-1,025, реакциясы сәл қышқыл. Құрамының негізі – су (98-99 %), қалған 1-2 %-ы көптеген (130-140) химиялық заттар, олардың көбі мочевина, несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында белок пен глюкоза қанты болмауы тиіс. Несептің тәуліктік мөлшері 1300-1500 мл.
Бүйрек қызметінің реттелуі. Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері мен ондағы қан құрамындағы өзгерістер орталық жүйке жүйесіне, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына берілеці. Ал эфференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормонын қанға шығарады. Бұл гормон қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдостерон гормонының өнімін арттырады.
Альдостерон адреналинмен бірге бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңу) реттейці. Вазопрессин гиалуроницаза ферментінің белсеңділігін жоғарьшатып, несеп жинағыш түтікшелердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратады. Мұның нәтижесінде жинағыш түтікшелердің қабырғасы суды жақсы өткізеді.
Адреналин артерия қан тамырларын тарылтып, нефрондарда сүзілу қысымын өсіріп, несептің түзілуін жеделдетеді және тұздардың шығуын тездетеді.
Жыныс гормондары бүйрек ішіндегі сүзу, кері сіңу құбылыстарына әсер ету арқылы судың және натрий тұзының мөлшерден тыс сыртқа шығып кетпеуін қадағалайды.
Бүйректің қызметін реттеуге соматотропин, тироксин, инсулин, серотонин, гистамин сияқты гормондардың қатысы бар деген болжамдар да баршылық, бірақ олардың әсер ету тетіктері әлі толық зерттелмеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет