Слайд тақырыбы: М. Мағауиннің «Бір уыс бидай» дискурстық талдау. Тексерген: Юсуп Айжан Орындаған: Райханова Айдана Тобы: 208-топ



Дата06.01.2022
өлшемі1,68 Mb.
#15939

Слайд тақырыбы:М.Мағауиннің «Бір уыс бидай» дискурстық талдау. Тексерген: Юсуп Айжан Орындаған: Райханова Айдана Тобы:208-топ


Ең алдымен дискурстық талдау тақырыбына тоқталып кетсем .

«Дискурс (лат. Discursus – сөз, баяндау, әңгімелесу, сөйлесу) – сөйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік астарына талдау беретін ұғым-термин» , - деген анықтаманы да ескеріп, көркем дискурста мәтіндегі ойдың әлеуметтік астарына мән бере зерттеуімізге болады.Дискурсқа өзек болатын нәрсе ол, ең алдымен, тілдік қауымға маңызды коммуникативтік жағдаяттар десе болады. Дискурстық формациялар құрамы әрдайым қандай да бір тарихи кезеңмен, сол дискурсты өндіруші мен қолданушының әлеуметтік, мәдени қажеттіліктерімен тығыз байланысты болып келеді немесе шарттасады.Академик ғалым Р.Сыздық белгілі бір дәуірдегі жазушының шығармасын, айтпақ идеясын оқырмандары түгел немесе саралай түсіне алды ма – осыны зерделеу де мәтін лингвистикасының шаруасы.Ғалым мәтін лингвистикасы мен дискурсты қатар алып синоним ретінде қарастырса да, мәтінге дискурстық талдау жасауда нендей мәселерге назар аудару керектігін көрсетеді: оқырман қабылдауы (декодирование), мәтіндегі ұлттың танымы мен тәжірибесі сақталған «мәдени кодты» аша білу, т.б.


М.МағауИн «Бір уыс бидай». Дискурстық талдау


Бір уыс бидай» шығармасы 1932-1933 жылдардағы Ұлы аштық кезінде Қазақстан аумағында қазақ отбасы өмірінің тарихын әңгімелейді. 5 миллион қазақтың өліміне түрткі болған 20 ғасырдың басындағы оқиғаларға арналған. Доскеннің келіні мен немересі азық-түліктің жетіспеушілігі жағдайынан аман қалуға тырысады, ал оның ұлы мен отбасы ашыққандарға ақша тауып, азық-түлік беруге тырысады, дегенмен ұлының тамақ іздеп кеткен ұлынан ешқандай жаңалық болмады.

«Бір уыс бидай» – өмір үшін жанталас…

Алмажан ескі қырманда шіріген сабан арасынан бір-бірлеп теріп, күнұзақ жинаған бір уыс бидайын өзімен бірге о дүниеге ала кетті. Ол жақта да тіршілік болса, балаларына быламық көже пісіріп береді…

Автор осы диалог арқылы сол бір сұрапыл заманның ащЫ шындығын көрсеткен…

  • «Мынау халық жауының қатыны қырманнан астық ұрлап жүр!» – деді атынан секіріп түскен Қағазтай. – Қабың қайда?Көрсет!»Алмажанның тілі күрмеліп қалды.
  • Қабым жоқ деп те айта алмады.
  • «Қара мынаны, – деді Арқатбай – Сабанды қопарып тастапты». Бесатарының ұшымен шашылған сабан арасын ақтара бастады. «Мынаның қолында бірдеңе бар, – деді Қағазтай.
  • – Бидай! Қоғам мүлкін ұрлаған қарабет! Әкел бері!» Зәресі ұшқан Алмажан бір уыс бидайды тарс қылып ұстаған жұмырығын артына жасырды. «Алақанын аш!» –деді ат үстінде тұрған

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Садирова К.Қ. Дискурс талдау теориясы жаңа ғылым саласы ретінде //

«Жұбанов тағылымы» Х халықаралық ғылыми-теориялық конференция

материалдары. –Ақтөбе, 2009. 160 б.

2 Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. докт.

...автореф.: - Алматы, 2007. – 9б.

3 Сыздық Р. Абай тілін танудың жаңа қырлары немесе мәтін теориясы

бойынша зерттеулер // «Абай әлемі:рухани мұра мәселелері және қазіргі

кезең» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның

материалдары. – Ақтөбе, 2005.- 4 б.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет