Сүлейменова Ф. М


Шап өзегінің артқы қабырғасы



бет16/29
Дата07.09.2022
өлшемі6.07 Mb.
#38612
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Шап өзегінің артқы қабырғасы
Шап өзегінің артқы қабырғасы құрсақ қуысы жағынан латералді және медиалді шұңқұршасының бөлігі болып көрінеді (10-сурет).
Ол шап өзегінің құрамын ішперде алды клетчаткасынан бөліп, көлденең шандыр бөлігі болып саналады, ол төменірек мықын-шат жолымен және шат сүйегінің горизонталді бұтағымен байланысып, сол арқылы жамбас астауына түседі. Осы қабықпен көрсетілген, бірақ шұңқыр аралық жалғамамен (interfoveolare) немесе Гессельбах жалғамасымен бекілген. Оның көлденеңі 2-см-ге жуық.
Шап өзегінің медиалді бөлігінде, тұқымдық шылбырдың артында, мықын-шат жолына шап орағы жалғасады (9- сурет). Сонымен қатар, ол шап өзегінің артқы қабырғасын құрауға қатысады, әсіресе, медиалді бөлігін. Шап өзегінің артқы қабырғасына терең шап сақинасы болады.
Терең шап сақинасы,
anulus inguinalis profundus

Ішкі немесе терең шап сақинасы іштің көлденең шандырының тесігі болып саналады. Ол сопақша пішінді, сан доғасының ортасынан 1-1,5 см-ден жоғары орналасады. Ер кісілерде терең шап сақинасының биіктігі-1,0см, көлденеңі 1,5см-ге жуық. Ол сыртынан мықын-шат жолының талшықтарымен, ал ішінен шұңқыр аралық жалғамамен шектелген. Терең шап сақинасы құрсақ қуысы жағынан париеталді ішпердемен қапталған, ол сақинаға жақындай түсіп, осы жерде латералді шап шұңқыршасын түзеді. Өзектің құрамы терең шап сақинасына ішперде алды клетчаткалық кеңістігінен кіреді. Сондықтан ол сақинаның саңылауында медиалді орын алады.


Егер алдыңғы құрсақ қабырғасын құрсақ қуысы жағынан қараса, оның төменгі жартысында бес қатпар көрінеді, оны кіндік қатпарлары деп атайды. Орталық, жұпсыз қатпар (plica

umbilicalis mediana) кіндіктен несеп қуығының ұшына дейін өтеді. Ол орталық жазықтықта орналасып, ішперденің париеталді табағымен қапталып,ұрықтың несеп жолының қалдығы болып саналады.


Орталық қатпардың бүйірінен екі медиалді қатпар (plicae umbilicales mediales) орналасады. Олар кіндіктен төмен қарай жүріп айрылады және несеп қуығнының бүйір беткейіне бағытталады. Ол қатпарлар ішперденің париетальді табағымен қоршалып, кіндік артерияларының бекітілуіне әсер етеді.
Олардан сыртқа қарай тағы да латералді қатпарлар (plicae umbilicales laterales) өтеді, олар ішперденің астында өтетін төменгі артериялардан түзілген. Осы қатпарлардың аралығында әрбір жағынан 3 шұңқырдан, атап айтқанда, шап шұңқырлары түзіледі. Латералді шап шұңқырлары (fossa inguinales laterales) латералдік кіндік қатпарларынан сыртқа орналасқан. Медиалді шап шұңқырлары (fossa inguinalis medialis) латералді және медиалді қатпарлардың аралығында орналасады. Несеп үсті шұңқырлары (fossa inguinalis mediana) медиалді және орталық қатпарлардың аралығында, қуықтың үстінде орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет