Сүлейменова Ф. М



бет23/29
Дата07.09.2022
өлшемі6.07 Mb.
#38612
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Санның алдыңғы беткейі
Санның алдыңғы беткейін шартты екі үш бұрышқа бөледі: сан үш бұрышы (скарп үшбұрышы) және латералді үшбұрыш. Үшбұрыштарды бір-бірінен тігіншілік бұлшықет (m.sartorius) бөліп тұрады, ол сонымен қатар сан үшбұрышының латералді шеті болып саналады. Сан үшбұрышы үстінен шап жалғамасымен (үшбұрыштың негізі ), ал медиалді ұзын әкелетін бұлшықетпен шектелген. Сан үшбұрышы тұсында екі бұлшықет мықын-бел және қырлық (m.iliopsoas et m.pectineus) жатады. Мықын-бел бұлшықеті бұл жерге бұлшықет лакунасы арқылы түседі. M.pectineus шат сүйегінің қырынан және жоғарғы бетінен басталады. Осы екі бұлшықеттің аралығында вертикалді орналасқан сала (немссе шұңқыр)-sulcus (fossa) iliopectineus бар. Онда, жалпақ шандырдың беткей табағының астында қан-тамыр микунасынан шыққан қан-тамыр будасы орналасады. Қан- тамыр лакунасында орналасқандай, бұл жерде де вена- медиалді, ал артерия-латералді орналасады. Кейін дисталді (санның ортаңғы 1/3 бөлігінде) sulcus iliopectineus-не жалғасады.
Sulcus femoralis anterior-саңылау, жоғары жағынан жалпақ бұлшықетпен (m.vastus medialis) және ішінен санның ұзын және үлкен бұлшықеттерімен (m. adductor londus et magnus) шектеледі.
Өзек.
Сан тізе асты өзегі санның төменгі бірден үш бөлігінің алдыңғы медиалді жағында орналасады. Сан үшбұрышының төбесінде, sulcus femoralis anterior медиалді жалпақ және үлкен әкелетін бұлшықеттің арасында орналасып, өзекке айналады. Өзек санның әкелетін бұлшықеттер өзегі, (canalis adductorius) немесе сан-тізе асты, немесе Гунтер өзегі деп аталады. Толық өзек жоғары аталған бұлшықеттердің алдыңғы беткейлерінің аралығында (санның ортаңғы және төменгі бөліктерінің шекаралысынан төмен) тартылған көлденең жүретін талшықтардың lamina vastoadductioria әсерінен пайда болады. Талшықты табақ саланы екі бұлшықет аралығында қоршап, өзекті жіңішке кеңістікке айналдырады.
Сонымен, әкелетін өзекке кіреберіс санның ортаңғы және төменгі бөліктерінің аралығында орналасып, схема бойынша былай шектеледі.
-------------------------------------------------------------------------------
Алдынан және медиалді- lamina vastoadductoria;
Алдынан және латералді-vactus medialis;
артынан -m. adductor magnus.;
---------------------------------------------------------------------------------
Өзектің бағыты дерлік вертикалді. Көлденең кесіндіде оның қуысы үшбұрыш тәріздес,
пішінін жояды. өзек алдынан тігіншілік бұлшықеттің дисталді бөлігімен жабылған.
Өзектің шығу тесігі болып талшықты саңылау (hiatus tendineus) саналады. Өзектің ұзындығы 5-6 см. тұсында. Ол саңылаудың орналасуын түсіну үшін, есімізге түсіруіміз керек, үлкен әкелетін бұлшықеттің сіңірі жалпақ екенін және опың сан сүйегінің бұдыршасы сызығының медиалді ерніне бекитіндігін. Бұлшықеттің дисталді будалары жіңішке сіңірге жалғасып, медиалді айдаршыққа бекиді. Hiatus tendineus сан сүйегінің медиалді айдаршығының ішкі-артқы қыры мен үлкен әкелетін бұлшықет сіңірінің бөлігі аралығындағы саңылау болып саналады, ол кейде осы сіңірдің дисталді бөлігінің талшықтарының аралығындағы саңылау болып есептеледі. Қан-тамыр будасы талшықты саңылаудан шыққаннан кейін, тізе асты шұңқырында байқалады. Өзектің ісіру және шығу тесіктерінен басқа, кішкене алдыңғы тесігі болады. Ол саңылау пішіндес болады. Жоғарыда естеріңізге салғандай, өзектің құрамына қан-гамыр нерв будасы, сан венасы, артериясы және аяқтың тері асты нервісі кіреді. Тері асты нервісі бұлшық ет лакунасынан шыққан сан нервісінің тармағы болып саналады.
18.Сирақ-тізе асты өзегі, (canalis cruro-popliteus)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет