Сүлейменова Ф. М


Сирақ тізе асты өзегінің қабырғалары



бет25/29
Дата07.09.2022
өлшемі6,07 Mb.
#38612
түріҚұрамы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Сирақ тізе асты өзегінің қабырғалары:
-------------------------------------------------------------------
Алдынан-артқы үлкен жіліншіктік бұлшықеті;
Артынан-камбала тәрізді бұлшықеті;
Сыртынан- 1-ші бармақты бүгетін ұзын бұлшықет;
Ішінен-башпайды бүгетін ұзын бұлшықет;___________________
Өзектің негізгі қабырғалары болып артқы және алдыңғы қабырғалары саналады. Өзектің кірер тесігі болып көлденең орналасқан саңылау болып табылады. Саңылау артынан камбала бұлшықетінің сіңірлі доғасынан (ол кіші жіліншіктік сүйектің басынан үлкен жіліншіктік сүйегі метафизінің артқы беткейіне лақтырылады) және алдынан балтыр бұлшықетінен пайда болған. Осы саңылау арқылы өзекке тізе асты артериясы және үлкен жіліншіктік нервісі кіріп, ал өзектен (проксималді бағытта) үлкен жіліншіктік веналары шығып, осы жерде тізе асты веналары деп аталады. Өзектің шығу тесігі екеу-жоғары (алдыңғы) және төменгі. Сирақ тізе асты өзегінің жоғарғы тесігі артқы үлкен жіліншіктік бұлшықеттің басталар жерінен, сүйек аралық жарғақтың проксималді бөлігінен жоғары орналасады. (Сурет-18). Сол жарғақ арқылы өзектен сирақтың алдыңғы беткейіне алдыңғы үлкен жіліншіктік артериясы (тізе асты артериясының тармағы) шығып, практикалық өзекке соқпайды. Өзектің төменгі шығу тесігі артынан өкшелік сіңірі мен алдынан артқы үлкен жіліншіктік бұлшықеті сіңірінің арасында орналасады. Ол тесік саңылау тәріздес, бағыты вертикалді. Ол тесік арқылы өзекке артқы үлкен жіліншіктік веналары кіреді, ал өзектен артқы үлкен жіліншіктік артериясы мен үлкен жіліншіктік нервісі шығып, тобық өзегіне бағытталады. Өзектің жоғарғы жартысында артқы үлкен жіліншіктік артериядан латералді бағытта кіші жіліншіктік артериясы тарамдалады.
Сурет-18
Сирақ-тізе асты өзегі (оң, схема, жоғарыдан қиғаш көрінісі).
1-fibula; 2-membrana interossea; 3-сирактың алдыңғы топ бұлшықеттері; 4-m. tibialis posterior; 5-m. flexor digitorum longus; 6-tibia; 1-m. soleus; 8-тізе асты қан тамыр-нерв будасы; 9- m. gastrocnemius; 10-ахил сіңірі; 11-n. tibialis; 6 a.et v. tibialis posterior.


19.Жоғарғы бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегі
(canalis musculoperoneus superior)
Өзек сирақтың жоғарғы үштен бір бөлігінің латералді бөлігінде орналасқан. Ұзын кіші жіліншіктік бұлшықеттің құрсағы (m. peroneus longus) сирақтың жоғарғы жартысында кіші жіліншік сүйегінің (fibula) мойыны мен денесінің латералді беткейінде жатады. Ұзын кіші жіліншіктік бұлшықеттің құрсағы мен кіші жіліншіктік сүйектің латералді беткей аралығында вертикалді бағытталган жоғарғы бұлшықет-кіші жіліншіктік өзегі (canalis musculoperoneus superior) жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет