Сұлтанәлі Балғабаев



бет23/41
Дата04.05.2023
өлшемі66,43 Kb.
#89747
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Белая горячка! Пойызды тоқтатамын дейді!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. /Саудагер әйелдің қолынан жұлқынып шығып./ Иә-иә, солай!.. Тоқтат пойызыңды!.. Бас стопкраңды!..
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. /Асай Мүсеевичті қайтадан нұқып отырғызады/. Әй, қоясың ба жоқ па?! Өшір үніңді!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. /Не істерін білмей, әрлі-берлі жүріп/. Ақсақал-ау, сіз атыңыз... атағыңыз бар, әжептеуір ғалым көрінесіз... Сізден бүкіл халық... бүкіл қазақ үлгі-өнеге алады дейміз... ал енді мынауыңызға жол болсын?!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Бұлардың бәрі осы... Тек сайрап сөйлеуді ғана біледі... Ал істейтіндері тек халықты бұзу... Теріс жолға салу... Шетінен алкаш!..
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Иә-иә, пәленің бәрі осылардан шығады... Екі қатын алу керек дегенді де шығарып жүрген – осылар!
Асай Мүсеевичті желкесінен түйіп қалады.
Асай Мүсеевич осы сәтті пайдаланып, Саудагер әйелдің қолынан сытылып шығады.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. /Жылағандай болып./ Ойбай-ау, ағайындар-ау, алдымен дұрыстап тыңдап алсаңдаршы!..
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Анаң қарашы, мас болса да сөзі сап-сау адамның сөзі сияқты.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Қайдағы мас?! Менің айтайын дегенім... Айтайын дегенім – біз басқа пойызға мініп кетіппіз...
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. /түкке түсінбей./ Не?!.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Басқа пойызға деймін... Біз... біз... /Қолын кейінгі жаққа сілтеп./ мүлдем басқа жаққа!.. /Қалтасынан билетті алып Жолсерік келіншекке беріп./ Міне.. міне, көріңіз!..
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. /Билетті қарап./ Үйбай-ау, бетім-ау, шынымен солай екен!.. Бізге емес, сегізінші пойызға... Алматыға!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Иә-иә, соған... Алматыға!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Не дейіт?! Не дейіт?! /Саудагер әйел мен Билетсіз жолаушыға./ Сіздер ана жаққа бара тұрыңыздаршы!.. /Олар кетеді/. Ау, сонда бұл қалай болғаны?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет