Смж оқму е 10-2020 «М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттеріне оқу ақысына жеңілдік беру туралы» Ережеге сәйкес



Дата13.09.2022
өлшемі16,82 Kb.
#38963

СМЖ ОҚМУ Е 6.10-2020
«М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттеріне оқу ақысына жеңілдік беру туралы» Ережеге сәйкес :



  1. Ата-анасыз, мемлекет қамқорлығындағы жетім студенттерге (балалар үйі түлектері), халықаралық сайыстар жеңімпаздарына (универсиада, олимпиада, Әлем, Азия т.б чемпионаттары) 100%;

  2. Халықаралық, республикалық спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық сайыс жеңімпаздарына 90%, 80%, 70%, 50%, 30%, 20%, 10% дейін;

  3. Ата-анасыз, азаматтар қамқорлығындағы жетім студенттерге 50%;

  4. Мүгедек студенттерге және ата-аналары мүгедек студенттерге 30%-10%;

  5. Аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттерге 30%-15%;

  6. М.Әуезов атындағы ОҚУ-да бір мезетте екі немесе одан көп оқитын студенттерге 10%;

  7. Белсенді студенттерге 10%, 20%, 25% жеңілдіктер беріледі.



Құжаттамалар тізімі:



  1. Ректор атына өтініш;

  2. Жеке құжат көшірмесі;

  3. Әлеуметтік тобын растайтын құжат көшірмелері;

  4. Көпбалалы отбасы-алтын алқа, күміс алқа, көпбалалы кітапшасының көшірмесі (нот.заңдастыру);

  5. Отбасы мүшелерінің анықтамасы;

  6. Көпбалалы отбасы кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (студентпен қоса 18-ге толмаған 5 баладан жоғары);

  7. Қайтыс болғаны туралы анықтама (нот.заңдастыру);

  8. Жалғызбасты аналарға форма 4 анықтама;

  9. Аз қамтылған отбасыдан шыққандарға, жұмыссыздарға «Жұмыспен қамту орталығынан» анықтама;

  10. Мүгедектік туралы анықтама (нотариуспен заңдастыру);

  11. Отбасының кірісі туралы анықтама (Жұмыс орнынан, льготаларды ЦОНнан ).

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
«М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттеріне оқу ақысына жеңілдік беру туралы» Ережеге сәйкес жеңілдікке тиесілі әлеуметтік топқа жататын студенттердің құжаттар тізімдемесі:
Тұл жетім студенттер:

  1. Ректор атына өтініш;

  2. Төлқұжат көшірмесі;

  3. Туу туралы куәлік;

  4. Ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік;

  5. Ата-аналарының біреуі болмаған жағдайда оны растайтын анықтама немесе балалар үйіне қабылдау туралы қаулының көшірмесі;

  6. Оқитынын растайтын анықтама.

Азаматтар қамқорлығындағы жетім студенттер:

  1. Ректор атына өтініш;

  2. Төлқұжат көшірмесі;

  3. Туу туралы куәлік;

  4. Ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік;

  5. Қамқорлыққа алу туралы қаулының көшірмесі;

  6. Оқитынын растайтын анықтама.

Халықаралық, республикалық спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық сайыс жеңімпаздары:

  1. Ректор атына өтініш;

  2. Төлқұжат көшірмесі;

  3. Өткен оқу жылы немесе ағымдағы жылы (календарлық күнтізбе бойынша) жеткен жетістіктерін растайтын құжаттар (диплом, марапат қағазы, сертификат т.б);

  4. Оқитынын растайтын анықтама.

Мүгедек студенттер немесе ата-аналары мүгедек студенттер:

  1. Ректор атына өтініш;

  2. Төлқұжат көшірмесі;

  3. Туу туралы куәлік;

  4. Мүгедектігін растайтын анықтама;

  5. Оқитынын растайтын анықтама.

Аз қамтылған, көпбалалы отбасыдан шыққан студенттер:

  1. Ректор атына өтініш;

  2. Төлқұжат көшірмесі;

  3. Туу туралы куәлік;

  4. Ата-аналарының төлқұжат көшірмелері;

  5. Отбасы мүшелері туу туралы құжат көшірмелері;

  6. Ата-аналарының жалақысын растайтын анықтама;

  7. Отбасы кірісін растайтын анықтама (Жұмыс орны, ХҚКО);

  8. Жалғызбасты аналарға форма 4 анықтама;

  9. Жұмыссыздарға «Жұмыспен қамту орталығынан» анықтама;

  10. Оқитынын растайтын анықтама.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет