Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы (1945-1950 жылдардың соңы). Отарлық жүйенің құлауы жоспар



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі147 Kb.
#126925
  1   2   3   4
Байланысты:
Со ыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы (1945-1950 жылдарды с


Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы (1945-1950 жылдардың соңы). Отарлық жүйенің құлауы


ЖОСПАР

1. Соғыстан кейінгі дүниедегі тәртіп


2. Жаңа тарпаттағы халықаралық қатынастардың орнығуы


3. Бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысы


4. Отарлық жүйенің құлауы


Соғыстан кейінгі дүниедегі тәртіп

Қырым конференциясы. БҰҰ-ның құрылуы, одақтастардың қимылдарының жемістері мен фашистік блоктың күйреуі Германияның жақын арада жеңілісін білдірді. Оның толығымен күйреуін жүзеге асыру жөнінде және босатылған Еуропадағы саясат жөнінде шешімдер шығару үшін, Сталин, Рузвельт және Черчилль 1945 жылы ақпанда Ялтада конференцияда ұйымдастырылды. Алдарына қойған мақсаттарға жету үшін олар Германияны оккупациялауды шешті. Әрбір үш держава (сонымен бірге Франция) үшін оккупациялауға тиесілі территориялар белгіленді. Қырым конференциясы барысында Сталин, Рузвельт және Черчилль құпия келісім жасасты: Кеңестер Одағы Еуропадағы соғыс қимылдардың аяқталасымен 2-3 айдан кейін Жапониямен соғысқа қатысуға уәде берді. Сонымен бірге Моңғол Халық Республикасының сол қалпында қалуын, КСРО-ге Оңтүстік Сахалин және Курил аралдарын беруді және Порт-Артурда кеңестік әскери базаны құру (Қытай) талаптарын орындаған жағдайларда ғана жүзеге асуы мүмкін болды. Қырым конференциясының жұмыс барысында жалпы халықаралық ұйымын құру мәселесіне үлкен көңіл бөлді. Ол ұйым негізінен дүниедегі тыныштық пен бейбітшілік орнатуға қажет болды, кейін ол Біріккен Ұлттар Ұйымы атауын алды. Үш ірі державалардың басшылары БҰҰ-ның қағидаларының жобасына келісті, онда ең қажетті жағдайлар қарастырылды: негізгі мәселелерді шешуді бірауыздылық заңы жұмыс істеді, яғни олардың әрбіреуі вето заңын иеленді. Бұдан кейін 1945 жылы 25 сәуірде, яғни кеңестік және американдық әскерлерінің Германия территориясында біріккен күні, АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында конференция ашылды. Бұл халықаралық тарихтағы бірден-бір ірі конференция болып табылады. Оның негізгі міндеті - бейбітшілікті сақтауға арналған халықаралық ұйым құру болды. Сан-Францискодағы конференцияны Германиямен соғыстың аяқталмас бұрын шақырылуының өзі одақтастардың арасындағы жаңа халықаралық ұйымды құрудағы негізгі мәселелердің шешімін тапқандығын білдірсе керек. Бұл конференцияда 1942 жылдың 1 қаңтарында Біріккен Ұлттар Декларациясына қол қойған мемлекеттердің барлығы қатысты. КСРО, АҚШ, Англия және Қытай атынан конференцияға шақыру жіберілді, олардың арасында 19 мемлекет латынамерикандық, 4 мемлекет британ доминиондары болды. Ал бейтарап саясатын ұстанған елдер (Эйре, Исландия, Португалия, Швеция), сол тұста Германия мен Жапония оккупацияланған елдер, Дания (оккупанттардан босатылғаннан кейін дат басшылығы да конференцияға шақырылды), Австрия және Тан (Сиам) конференцияға қатыспады. Сонымен қатар ағылшын және американ басшылығының арасындағы қарама-қайшылықтардың салдарынан кейбір елдердің басшылықтарын АҚШ және Англияның мойындамағандығынан (Албания, Польша, Моңғол Халық Республика-сы) олар да қатыспады.


Кеңестер делегациясының іс-әрекеттерінің арқасында конференцияға Украина мен Белоруссия өкілдері қатысуына қолдары жетті. Сонымен бірге кезінде Германия мен Жапонияның одақтастары болған, бірак соғыс барысында оларға қарсы шығып, соғыс жариялаған: Италия, Румыния, Болгария, Венгрия және Финляндия да конференцияға шақырылмады. Конференция барысында Аргентинаға қатысуға, мүше болуға мүмкіндік берілді. Барлығы конференцияға 50 ел қатысты. Конференцияның төрағалары ретінде шақырушы төрт делегацияларының басшылары болып тағайындалды: КСРО( В.М.Молотов), АҚШ( Э.Стеттиниус), Англия(А.Иден) және Қытай (Сун Цзывень).


Конференцияның негізгі және де жалғыз қарастыруға тиіс мәселесі -БҰҰ-ның жарғысының құрастырылуы болған еді. Сонымен оның жұмысының барысында 4 комиссия құрылды: бірінші комиссия - жалпы жағдайлар бойынша, ол негізгі «Мақсат және принциптерін», «Мүшелік және негізгі ұйымдарын» қарастырады, екіншісі мәселелерін және төртіншісі (заңдық) - халықаралық сот және басқада заңдық мәселелерді қарастырады. Көптеген мәселелерді қарастырып, 1945 жылы 26 маусымда БҰҰ-ның Жарғысын қабылдаумен конференция өз қызметін аяқтады. Потсдам конференциясы, 1945 жылдың 4 - шілдесінде Берлин маңындағы Цецилиенхоф сарайында үш державалардың (КСРО, АҚШ және ¥лыбритания) үкімет басшыларының жаңа конференциясы ашылды.


Конференцияға КСРО-ның Халкомсовының өкілі И.В.Сталин, АҚШ президенті Г.Трумен, Ұлыбритания премьер-министрі У.Черчилль (оны 28шілде күнінен бас-тап жаңа сайлауда жеңген үкіметінің басшысы К. Этлли ауыстырды), үш елдің сыртқы істер министрлері, штаб басшылары қатысты. Потсдам конференциясы Еу-ропада соғыс қорытындысын, негізінен Германияны толық қарусыздандыру, соғыс қаруларын шығаратын өндіріс орындарын толық жою шараларын белгіледі. Конференцияның қаулылары нацистік мемлекетті жоюға бағытталды. Елдің саяси құрылысын демократиялық жолмен қайта құру. Германия милитаризм мен фашизмін жою, ұлтшыл - социалистер партиясын тарату, Германия монополистік бірлестіктерін жою принциптері белгіленді. Берлин жөнінен халықаралық құқықтық деңгейі қабылданды. Бұл конференцияның шешімдері Германияның бейбіт демократиялық мемлекет болып дамуына жол ашты. Конференция соғыстан кейінгі кейбір территориялық мәселелерді де шешкен еді. Кеңестер Одағына Кенигсберг (қазіргі Калининград) қаласын және оның төңірегіндегі аудан берілді. Бұрын фашистік Германия тартып алган Польша жерлері өзіне қайтарылды. Польша мен Германияның жаңа шекарасы белгіленді. Ол шекара Балтық теңізінен Одер және Нейсе өзендерінін бойымен Чехословакияға дейін жүретін болды. Потсдам конференциясына қатысушы үш мемлекет Финляндия, Румыния, Болгария және Венгрия елдерімен дипломатиялық қатынас орнату мәселесімен шүғылдануға келісті. Конференция осы елдер және Италиямен бейбітшілік бітімін дайындау үшін сыртқы істер министрлерінің кеңесін құрды. Бұл кеңес құрамына КСРО, Ұлыбритания, Франция, Қытай және АҚШ өкілдері кірді. Кейін бұл Кеңеске Германиямен бейбітшілік қатынастарды да шешіп отыру міндеті жүктелді. Конференция Италия, Румыния, Венгрия, Болгария және Финляндиямен бітім шартын жасағаннан кейін ұлы үш мемлекет олардың БҰҰ - ға кіру жөніндегі мәселені куаттайды деп шешті.


Потсдам конференциясы Испания агрессияшыл өкіметінің БҰҰ- ға кіру жөніндегі арызын қолдамайтынын білдірді. Солайша, Потсдам конференциясы соғыстан кейІнгі халықаралық мәселелерді талқылап, маңызды шешімдер шығарып, қабылдады. Олардың барлығын іске асыру тұрақты бейбіт өмір және халықаралық қауіпсіздікті орнатуға жол ашты.


Жапонияның капитуляциясы. Оңтүстік — Шығыс Азия елдерінін босатылуы. 1944 жылдың басынан АҚШ пен Англияның қаруланған күштері Тынық мұхиты мен Азияда жорықтарын бастады. Жапондық соғыс ұшағының көтерілуге мүмкін емес биіктікте ұшуға мүмкіндігі бар «ұшушы бекініс» бомбалаушылары жапондық қалаларды аяусыз қырды. 1944 жылы қазанда соғыстардың тарихындағы ең ірі Лейт (Филиппины) аралы маңыңда төрткүндік теңіз қақтығысы болды. Екі жақтан да шамамен 300 ірі әскери кемелері қатысты. Онда жапондық адаммен - (камикадзе) басқарылатын ұшқыштар кемелерге соғылыстан жарылуы тиіс болған. Бірақ «камикадзелер» де бұл жолы жапондықтарға көмектеспеді. Американдық флот және авиациясы жауды талқандады. Суда да, әуеде де толық билікті иеленген американдық әскер, Филиппин аралдарында түсіп, ондағы партизандардың көмегімен бүл жерді жапондық оккупанттардан тазартты. Ағылшын әскері шапқыншылықты Бирмадан бастады. Ол кезінде жапондық оккупанттық басшылықтың қарауында болған Бирма әскерінін көтерілісшілерінен қолдау тапты. 1945 жылы мамырда жапон әскерлері Бирмадан ығыстырылды.


Енді Үндіқытай мен Индонезияны үстап түруға күші жетпеген Жапония, оларға тәуелсіздікті уәде етті. Филиппины мен Бирмадан айырылдағына қарамастан Жапония, Германияның капитулляциясы тұсында әлі де өз қол астында Кореяны Кытайдың бір бөлігін, Малайяны, Тайлантты, Үндіқытайды, жалпы бүкіл Индонезияны дерлік ұстада деуге болады. Мұны ескере отырып, АҚШ пен Ұлыбританияның ойынша Жапониямен соғыс Кеңестер Одағының кіруіне тырысты. Сонымен қатар, американдық басшылық Жапонияға қарсы жаңадан жасалған атом қаруын қолдануды ұйғарды, мұның өзі басқа елдерге қысым көрсетудің бір амалы еді.


1945 жылы 6 тамызда американ ұшағы атом бомбасын жапондық Хиросима қаласына тастады. Бұл жарылыс үлкен қасіреттерге әклді: Хиросиманың күрылысының 90 пайызы өртелді, лезде 90 мың адам көз жұмды; 10 мыңдай адам кейін жарақаттардан және радиоактивті сәулелерден өлді. Бұл атом бомбасының бірінші жарылысынан кейін, адамзат «атом дәуіріне» аяқ басты. 1945 жылы 8 тамызда Кеңес Одағы өзінің уәдесіне сәйкес, Жапонияға соғыс жариялады. Кеңестік әскер жапондық оккупанттарға қарсы әрекеттерін Солтүстік- Шығыс Қытайда, Солтүстік Кореяда, Оңтүстік Сахалинде жэне Курил аралдарында бастады. Жапонияға соғысты Моңғол Халықтық Республикасы жариялады. 9 тамызда американ авиациясы Жапонияға екінші атом бомбасын түсірді - ол Жапониядағы ірі ірі сауда портты қаласы, Кюсю аралында батысында орналасқан Нагасаки қаласы еді. Бұл жарылыстын салдарынан қаланың 1/3 -і қирап, 75 мыңға жуық адам қаза болып және жараланды. Сонымен 400 мың адам радиоактивтік сәулелер кесірінен өлімге ұшырады. Атом бомбалауы және соғысқа КСРО- ның кіруі Жапонияны өзінің жеңілісін мойындауға тіреді. 1945 жылы жапон басшылығыы капитулляция жалпы келіссөздер жүргізуге бастады.


Осы тұста кеңестік әскерлер ілгері жылжи отырып, Солтүстік- Шығыс Қытай және Солтүстік Кореяны алды, ал американдық әскерлер Оңтүстік Кореяға түсірілді. Жапонияның жеңілісі жалпы хабар жеткен Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінін көбінде көтерілістер басталды. Вьетнам, Индонезия және Макайа өздерін тәуелсіз деп жариялады. Жапонияның оккупанттық жүйесі күйреді. Барлық оккупацияланған елдер босатылды. Жапониямен құрылған отарлық империя талқандалды. 1945 жылы 2 қыркүйекте Токшилик бұғазындағы американ «Миссури» пинкорда одақтық әскерлердің жоғарғы басқарушысының өкілдігімен американдық генерал Макартурдың басшылығымен Жапонияның капитулляциясы туралы актіге қол қойылды. Бұл оқиғаның болуымен екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.


Фашизмнің күйреуі. Демократияның жеңісі. Екінші дүниежүзілік соғыстың барысында фашизм толық түрде күйреді. Фашистік агрессорлар капитуляцияланды, фашистік партияларға тиым салынды, фашистік идеология сынауға алынды.


Демократиялық хартиясында құрастырылған демократиялық принциптердің дәрежесі жоғары көтерілді. Күштердіц орналасуының өзгерістері. Соғыстан кейін халықаралық аренадағы күштердің орналасуы мүлдем өзгерді деуге болады. Жеңілістерінен кейін-ақ Германия, Италия және ¥лыбритания өзі де біршама әлсіреді. Ал АҚШ бұл соғыстан кейін мықты, күшейген мемлекет ретінде орнықты. Өзінің қарсыластарын озып басып, ол капиталистік дүниедегі алдыңғы қатарлы ұлы державаларға айналды.


Екінші ұлы держава қатарына Кеңес Одағын жатқызылды. Соғыстағы көптеген шығындарға қарамастан, оның соғыстан жеңімпаз болып шығуы, ірі экономикалық мүмкіндіктерді, күшті әскердің болуы, КСРО қоластында халық-демократиялық мемлекеттердің блогының құрылуы Кеңес Одағын жоғары дәрежеге көтерді. Бұл екі ірі державалардың, яғни КСРО мен АҚШ-тың қарсыластықтары, осылайша «екі полюсті дүниенің» пайда болуы келесі соғыстан кейінгі тарихқа өзінің зор үлесін, өшпес ізін қалдырды. Жоғарыда атап айтқандай, Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Кеңес Одағының халықарлық беделі бұрын-соңды болмаған болмаған биікке көтеріліп, бүкіл дүниежүзілік дамуда оның ықпалы күшейді. Өзінің сыртқы саясатында КСРО кеңес халқының түбегейлі мүдделерін, туысқан социалистік елдер мен дүниежүзінің барлық еңбекшілері алдындағы интернационалдық революциялық парызын негізге алды.


Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Кеңес Одағы жаңа агрессияның мүмкіндігін жоққа шығатындай жағдайды қамтамасыз ететін әділетті және демократиялық бейбіт реттеу жолындағы күресті кеңінен өрістетті. Соғыс жылдарының өзінде-ақ Ялта мен Потсдам конференцияларында дүниені соғыстан кейінгі қайта құру бағдарламасы жасалған болатын. КСРО келісілген шешімдерді орындауға дәйекті бағыт ұстап, олардан туындаған міндеттемелерді адал сақтап отырды. Өздерінің империалистік мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылған АҚШ-тың, ¥лыбритания мен Францияның билеп -төсеуші топтары соғыс жылдарында қол қойған халықаралық келісімдерді бұзу жолына түсті. Бейбіт реттеу мәселелері жөніндегі күрес Германияның Еуропадағы бұрынғы одақтастары –Болгариямен Италиямен, Румыниямен және Финляндиямен шарттар әзірлеу кезінде шиеленіскен сипат алды. АҚШ пен Ұлыбритания Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа мемлекеттерімен жасалған бітім шарттарын бүл елдің ішкі істеріне қол сұғу жэне демократиялық өзгерістерді болдырмауға пайдалануға тырысты. Өз мақсаттарына жету үшін АҚШ атом жөнінен күштілігін көрсетуге тырысты. Келіссөздер жүргізіліп жатқан шақта олар Бикини (Тынық мұхит алабы)атомы ауданында атом бомбаларына сынақ жүргізумен қатар, АҚШ-тың күш-қуатын дәріптеді. Бірақ КСРО-ны және басқа бейбітшілік мемлекеттерге үрей туғыза алмаған еді. Кеңес Одағы батыс державаларының жеңілген елдер халықтарына әділетсіз, империалистік бітімді күшпен таңбақ болған әрекеттеріне батыл тойтарыс берді.


1946 жылы өткен Париж бітім конференциясы-антигитлерлік коалиция мемлекеттері мен фашистік Германияның бұрынғы одақтастары (Италия, Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия)арасындағы бітім шарттарының жобаларын әзірлеу үшін шақырылған халықаралық конференция. Конференция 21мемлекет өкілдерінің қатысуымен өтті. Кеңес делегациясы барлық халықтардың ұлттық тәуелсіздігін қорғауға арналған бейбітшілік жоспарын ұсынды. Бұл ұсыныстарға батыс державаларының (АҚШ пен Ұлыбритания)өкілдері қарсы болды. АҚШ пен Ұлыбритания және оларды жақтаушылар Германияның бұрынғы одақтастарының (әсіресе, халық -демократиялық кұрылысы орнаған; Болгария, Венгрия, Румынияда) өз биліктері өзінде болуы құқығын шешуде қалайда империалистік өктемдіктерін (бітім шарттары бойынша) сақтап қалуға тырысты. Кеңес делегациясының нақты позициясының нәтижесінде (Сыртқы Істер Министрлері кеңесінде мақұлданған) ұсыныстардың басым көпшілігін конференция қабыл алды. АҚШ пен Ұлыбритания өкілдері кейбір ұсыныстарын (Дунайды интернационализациялау) өткізді. Потсдам конференциясы (1945 )шешіміне сәйкес жасалған бітім шарттары, 1947 жылы ақпанда Парижде қол қойып, оларды КСРО, АҚШ, ¥лыбритания және Франция үкіметтері ратификацияланғаннан кейін 1947 жылы ІЗ қыркүйекте күшіне енді. Шарттардың ішкі жүйесі біркелкі, олар: преамбуладан (кіріспе), территориялық, саяси, соғыс қатарларынан, соғыс шығындарын өтеу, меншік, құқықтар және мүдделер туралы шешімдерден, жалпы экономикалық қатынастардан және даулы істерді шешу жолдары сияқты көптеген мәселелерден құралады. Париж бейбітшілік шартының преамбуласында бұл елдермен соғыс жағдайының тоқтатылып, кейбір бұрынғы жау болып есептелінген мемлекеттердің Германияға қарсы соғысқа қатынасқандығы және одақтас державалар - Италия, Болгария, Венгрия және Финляндияның Б¥¥-ға мүше болу жөніндегі өтініштерін қолдайтындықтары жайында сөз қозғалған еді.Кеңес Одағының қолдауы бойынша кейінгі жылдары аталған елдер БҰҰ-ға мүше болып қабылданды.Территория жөніндегі қалалар фашистік сипаттағы мемлекеттердің Еуропа картасын бөлшектеу жөніндегі жоспарын жойып, еуропалық елдердің өткен соғыстың нэтижесіне байланысты өзгеріс енгізген жаңа шекараларын бекітті.


Фашистік Италия Африкадағы отарларынан айрылды, бұрын итальян отарлары болып есептеліп келген келген Ливия, Эритрея және итальян Сомалинің саяси тағдырын сол елдердің талабына сай шешті. Румыния мен Болгарияның шекаралары 1941 жылы 1 қаңтардағы жағдайында сақталып, Оңтүстік Добруджа Болгарияға 1940 жылдың 7 қыркүйегіндегі румын - болгар келісімі бойынша қалдырылды. Венгрияның шекаралары 1938 жылы 1 қаңтардағы қалпында сақталып, Братислава маңындағы аз көлемді территория Чехословакияға берілді. Финляндияның шекаралары 1941 жылы 1 қаңтарындағы жағдайында белгіленді. Сонымен қатар 1920 жылы 14 қазандағы және де 1940 жылы 12 наурыздағы шарттар бойынша Финляндияга берілген Петсамо (Пиченга) аймағы Кеңестер Одағына қайтарылып, Порккапо - Удд ауданы Кеңес Одағына 50 жылдық мерзімдегі ареналық пайдалануға берілетін болды. Кеңес Үкіметі Порккапо Удд ауданынан өз әскерлерін 1956 жылы алып кетіп, бұл ауданды Финляндияның билігіне мерзімінен бұрын қайтарылып берді.


Бұл мемлекеттердің болашақ дамуына Париж бейбітшілік шартынын саяси қатарларынын маңызы өте зор болды. Шын мәнінде саяси қалалар бұрын фашизмнің қанауында болған мемлекеттердің даму жолдарын белгілеп берді. Өйткені шарттардың саяси жағдайлары Екінші дүние жүзілік соғыстың азаттық, антифашистік сипатымен тығыз байланысты еді. Париж бейбітшілік шарты гитлершілердің шапқыншылығына қатысқандарды жазасыз қалдырмауды шешті. Париж бейбітшілік шарты Еуропаның едәуір жеріндегі халықтар арасындағы қарым -


қатынасы жаңа тарихи дәуірінің бастамасы болды. Еуропаның елеулі бөлігінде социалистік, демократиялық қоғам құруға тарихи мүмкіндіктер негізделіп, халықтар арасындағы достық қарым- қатынастың орнауына және нығаюына жағдай туғызды.


Бұл шарттарының қарулы күштер жөніндегі қатарлары жоғарыда аталып өткен мемлекеттердің қарулы күштері мен қарулауына белгілі шек қойып, соғыс шығындары мөлшерімен оларды өтеу шығындары жолдарын белгіледі: Италия, Румыния, Болгария, Венгрия және Финляндиямен бейбітшілік шарттары әділетті де демократиялық сипаттар жасалды. Ұзаққа созылған саяси күрестің нәтижесі Кеңес Одағының демократиялық бейбітшілікті айнымай жақтаған саясатының толық жеңіп шығу нәтижесі болды. Бұл елдердің саяси тәуелсіздігінде экономикасымен әлеуметтік жағдайында өмір сүруге мүмкіндіктер алды, ал олардың үшеуі - Румыния, Болгария, Венгрия және Финляндиямен бітім шарттарының жасалуы Еуропада бейбітшілікті нығайтуға қосылған зор үлес болды.


Париж бейбіт шартын даярлау мен қабылдау соғыстан кейінгі жағдайда батыс державалардың Кеңес Одағына өздерінің мақсат, мүдделерін күш көрсету арқылы еріксіз қабылдату саясатының іске аспайтындығының, керісінше, даулы мәселелерді өзара ынтымақтаса отырып, келіссөздер жүргізу арқылы ғана шешуге болатындығының дәлелдеп айқын көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет