СөЖ №6 «Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілі» пәнін оқыту әдістемесі» бойынша



бет1/3
Дата17.12.2022
өлшемі271,12 Kb.
#57774
  1   2   3

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Педагогика және Психология институты
Бастауыш білім беру кафедрасы
6В01306 – Бастауыш білім беру ағылшын тілінде мамандығы


СӨЖ №6

«Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілі» пәнін оқыту әдістемесі» бойынша 
СӨЖ тапсырмалары 


Студент: Шаймерденова А.
Оқытушы: Уайсова Г.И.


2022-2023 оқу жылы
6 СӨЖ тақырыбы: Бастауыш сыныпта жүргізілетін орфографиялық жаттығулар
1. «Бастауыш сыныпта орфографиялық жаттығуларды жүргізу әдістемесі» тақырыбына реферат жазу.
2. «Түбір мен қосымша» тақырыбына мультимедиялық көрнекіліктер әзірлеу.
3. Г.Уайсованың «Бастауыш класс оқушыларына алғашқы лексикалық ұғымдар беру» атты мақаласын конспектілеу.

1. «Бастауыш сыныпта орфографиялық жаттығуларды жүргізу әдістемесі» тақырыбына реферат жазу.
Бүгінгі ақпарат пен компьютерлік жүйенің ұлт тұрмысына тереңдеп енуі нәтижесінде, ұлт өзінің ғасырлар бойы менталитетіндегі жадында сақтау қабілетінен айырыла бастағандай, бұрынғыдай жадында сақтап, жаттап алудың қажеттілігі енді дәл ауыз әдебиеті үлгілерін жаттаумен бірдей емес. Заман дамыған сайын адамзат өзі танып білген дүние сырларын ақпарат түрінде, жазба түрде баяндауда.
Қазіргі заман – ақпарат ағынының толассыз, дамыған заманы. Ақпараттың тез дамуы оны сақтаудың құралдарын да жетілдіре бастады. Жазба әдебиеттің қарқындап дамуы, кейіннен жадында сақтағыш техникалық құралдардың пайда болуы адамдар санасын бұрынғыдай жадында ғана сақтау сияқты интеллектуалдық ауыртпалықтан босатты.
Қазіргі кезде қазақ әдеби тілі жоғары дәрежеде қалыптасып, жазу арқылы тілдің әдеби тармақтары сараланып, әр стиль нормаларының қалыптасуына айырықша әсер етті. Сөйтіп жазу ауызша тілде елене бермейтін тілдің барлық қалтарыстарының нақтылануын, тілдің сұрыпталып, нормалануын талап етті.
Қоғамның дамуына сай өмірдің әр саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де жетіліп, сөйлейтін сөз немесе жазатын адам ойы айқын да жатық әрі мәнерлі болуы тиіс. Сондықтан оқушыларға тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын дұрыс, еркін айта, жаза алатын етіп меңгерту – бүгінгі заман талабы.
Оқушыларды дұрыс әрі сауатты, көркем жазуға үйрету үшін оның қалыптастыру жолдарын білу керек. Яғни, психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Жазу дағдыларын қалыптастыру және оны дамытып отырудағы негізгі шарттардың бірі әрі бастысы оқушылардың жазба жұмыстарын орындау кездегі психологиялық ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Сынып оқушыларының біреуінде немесе әрбір оқушыда жазба жұмыстарын орындау барысында әр түрлі психологиялық өзгерістер болып отыруы мүмкін. Ондай психологиялық өзгерістерді байқамау салдарынан орындалған жазба жұмыстарының нәтижесі де әр деңгейде болады.
Мектепке алғаш барған бала жазуды қалай меңгереді? Ең бірінші мектеп жасындағы баланың ауызша сөйлеу тілі жеткілікті дәрежеде қалыптасқан болады. Бала қоғам мен табиғат құбылыстарын өзі түсініп, өзгеге түсіндіре алады. Қысқа, жалаң, толымсыз сөйлемдерді еркін пайдаланады. Ауызша тілдің амалдарын, конституация, паралингвистикалық тәсілдерді, интонация, мимиканы жиі пайдаланады.
Ауызша сөйлескенде кейбір пікірлерді қысқартып айтуға яки тіпті айтпай-ақ кетуге болады, өйткені ауызба-ауыз сөйлескенде сөздің олқысын ыммен, қас-қабақпен толтыруға мүмкіндік бар. Ал жазып сөйлескенде мұндай мүмкіндіктің бірі де жоқ. Сондықтан ауызша сөзге психологиялық сипат тән, өйткені әңгімелесуші адамдар бір-бірінің қас-қабағын, бет пішініндегі өзгерісті байқап тұрады. Артикулияциялық код, дыбыстау автоматты түрде жүзеге асады. Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады
Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамытуға келсек, бұл − жоғарыдағы қиындықтардың үстіне өзінің мақсаты мен табиғатына қарай бірқатар ерекшеліктері де бар жұмыс. Ол ерекшеліктер мынадай: бастауыш сынып оқушылары жазу дыбысының белгілі үш кезеңінен: атап айтқанда, біріншіден, элементтік кезеңнен, яғни балалардың дәптер мен қаламды ұстауға үйрену кезеңінен; екіншіден, әріптік кезеңнен, яғни әріптің жеке элементтерін жаза білу кезеңінен; үшіншіден, тез жазу кезеңінен өтіп, сол кезеңдерде қойылатын талаптарды меңгеруге тиіс болады.
Жазуға үйрету кезінде саусақ қазғалысының маңызы зор. Яғни, оқушы қаламсапты ұстай білу керек.Жазу сабағында ми ғана емес, сондай-ақ көптеген бұлшықеттер де жұмыла жұмыс істейді. Сондықтан оған мынадай бірқатар талаптар қойылады: партада дұрыс отыру (бұл − бұлшықеттердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді), жарықтың түсуі, қағаздың сапалы болуы, қарама-қарсы түсті сияны пайдалану, жазу құралдарының баланың жасына сәйкестігі, жетілдірілген жазу техникасы (әріптердің көлбеу немесе түзу кескіні).
Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әртүрлі факторларға негізделеді:
1. Көру, қимыл жасау факторларына негізделетін көшіріп жазу.
2. Есту арқылы қабылдауға сүйенетін мәтінді жазу.
3. Орфографиялық тапсырмалары бар жаттығулар − қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу.
Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылынсыз іске аспайды. Сондықтан жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде мәселенің қайсысы негізгі екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.
Сауатты жазуға төселу грамматикалық ережелерді әр алуан жаттығулар мен жазу жұмыстарында дұрыс қолдана біліп, оларды жүйелі түрде жүргізу нәтижесінде ғана қалыптасып, бара-бара дағдыға айналады. Оқушылардың әрқилы жазу жұмыстарын өздерінің іс-әрекеттері арқылы орындап, оларды дағдыға айналдыруы ой арқылы, сананың қатысымен жүзеге асырады. Оқушылардың сауатты жазу дағдысының қалыптасуына грамматиканың теориясы мен орфография ережелерін меңгерулері негіз болады. Орфография ережелері жеке сөздердің жазылуын қарастырмайды, ол қандай да болса грамматикалық жалпы бірлігі бар сөздер тобының жазылуын бағыттап отырады. Сөйтіп көптеген сөздерді белгіленген орфографиялық норма бойынша жазып үйренуге қолайлы жағдай жасалады. Орфографиялық ережелер сайып келгенде, грамматика, фонетика және сөз түрлендіруші материалдарды білу деңгейіне қарай меңгеріледі. Демек, грамматикалық теория емле ережелеріне негіз болып саналады. Сондықтан бастауыш сыныптарда орфография ережелері грамматикалық не сөз жасау тақырыптарының құрамды бөлігі ретінде солармен бірге өтіледі. Мәселен, бірінші сыныпта «Сөйлем» тақырыбын өткенде оқулықта берілген тапсырмадағы әрбір сөйлемнің не туралы айтылғанын сұрау арқылы сөйлемнің ойды білдіретіні, әр сөйлемде неше сөз бар екені анықталып, сөйлемнің сөздерден құралатыны жөнінде түсінік беру грамматикалық білімге жатса, ал сөйлемнің бірінші сөзінің бас әріппен жазылатынын және сөйлем құрамындағы әр сөздің бөлек-бөлек жазылатынын таныту орфографиялық ережелерді меңгерткендік болады. Үндестік заңының емле ережелері «Сөз құрамы» тақырыбын оқытқанда түбірге қосымшалардың жалғануына байланысты, ал зат есімнің септік жалғауларын өткенде, олардың сөзге жалғануына орай қолданылады. Яғни түбір сөз жуан не жіңішке болып жалғанады деген бір ғана емле пайдаланылады.
Орфографиялық ережені түсіндіруден бұрын балалардың алдына олар шешуге тиісті мәселе қойылуы керек. Мұндай жұмыс балалардың зейінін сабаққа жұмылдырып, бұрын оқығандарын еске түсіруге көмектеседі.
Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынадай:
1) Грамматикалық-орфографиялық талдау («грамматикалық талдауды» қараңыз). Бұл – оқушыларды грамматикалық және орфографиялық құбылыстардың ара қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады
2) Көшіру. 1-сыныпта грамматика мен емле тануға байланысты жүргізілетін жазудың басым көпшілігі – көшіріп жазу. Алғашқы, 1-сыныпта, 2-сыныпта сөзбе-сөз, механикалық көшіру іске асырылады. Тақтада, таблицада жазылған сөйлемдерді көшіру, жазу үлгісінен, баспа әрпінен берілген мәтінді көшіру т.б. Кейін бірте-бірте: деформаланған мәтінді (картинадағы рет бойынша) көшіру, сөз теріп көшіру, қалдырылған сөздерді қойып көшіру, толық көшіру т.с.с. ұйымдастырылады. Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін оқылады, талданады, сонан соң жазылады. Оқушы есінде қалғандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болған соң мұғалім мәтінді ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді. Көшіріп жазудың бұл көрсетілген түрі диктант болғандықтан, мұны көру диктанты деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет