Сөж фольклор, копия



Pdf көрінісі
Дата27.03.2022
өлшемі2,36 Mb.
#28921


О Р Ы Н Д А Ғ А Н : Б А У Ы Р Ж А Н О В А   Ш Ұ Ғ Ы Л А

Т Е К С Е Р Г Е Н :   Д А У Т О В А   Г У Л Ь Н А З

Шешендік

сөздер




Шешендік сөздер- қазақ ауыз

әдебиетінің бір саласы. Белгілі бір

оқиғаға байланысты тапқырлықпен,

көркем тілмен айтылған және

жұртшылық қабылдап, елге тараған

белгілі ой, тұжырымдар.

Шешендік сөздер


шешендік арнау

шешендік толғау

шешендік дау

01

02

03

Шешендік сөздер мазмұнына қарай




Шешендік арнау

 

Белгілі бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл және



бата сөздерді шешендік арнау дейміз. 

 

Мысал:


Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол,

Боз торғайдай төлшіл бол

Тәңір берген несібең

Тепкілесең кетпесін.




Шешендік толғау 

 

 Толғау – шешеннің ішкі толғанысы. Толғаныс өмір



жайы, дүние, дүние сыры, адамдар қатынасы, анық

мәні, т.б. түйінін шешуі күрделі мәселелерге

арналады.

Мысал:

Өгізге ер салма,

Қанатың талар.

Наданға көзіңді салма,

Сағың сынар.

Досыңа өтірік айтпа,

Сенімің кетер.

Дұшпаныңа шыныңды айтпа,

Түбіңе жетер...


Шешендік дау

 

 



 Шешендік дау — қазақ қауымының материалдық және

рухани даулы мәселелерді, қылмысты істерді шешетін

ежелгі әдет заңы, ережесі есепті.

Бірыңғай мемлекеттегі, қабылданған заңы жоқ елде

барлық дау — талап мәселесі ағайынның қазылығымен,

жол-жоба білетін адамдарға жүгінумен шешілген.

Халықтың осындай қарапайым тәжіриебесінен қазылық

институт, билік-төрелік айту әдеті қалыптасқан.


02

03

Шешендік дау мазмұнына қарай



жер дауы

жесір дауы

құн дауы

мал дауы

ар дауы

05

04

01


Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері

Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері

Төле би

Қазыбек би

Әйтеке би


Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері

Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері

Төле би

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам

қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек,

Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып

сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен"

деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны"

жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы

Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде

Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының

"Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан

тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы"

атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын

құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық

негіз бар. 


Төле бидің шығармашылығы

1740 жылы жоңғар қалмақ билеушісі Қалдан Цереннің қолшоқпарлары Ұлы жүздің ханы Жолбарысты

өлтіреді. Төле би бастаған ел Ташкенттен қуылады. Жау жағы Ташкентке Қоқым манапты әкімдікке

тағайындайды. Бұл кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қоластында қалады. Осы тұста

Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған ел басшылары түгел жиналады. Сонда Қарабек батыр:

 

- Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ, - деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:

 

Атадан ұл туса игі,Өзі біліп тұрса игі.

Ата жолын қуса игі.Жаудан бұққан немені,

Өзіне келер ұятын,Ортасынан қуса игі! -

 

деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Сонан соң айналасындарыларға қарап:

 

Уа, көсіле шабар жерің бар, Арылмайтын сорың бар...

Ту көтерер ерің бар. Құлдық ұрсаң дұшпанға,

Қол боларлық елің бар, Еркек болып туды деп,

Атадан қалған жолың бар, Мына сені кім айтар?

- Құлдық ұрсаң дұшпанға

 

деп толғайды. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктіріпті деседі.


Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері

Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері

Қазыбек би

 Қазыбек Келдібекұлы — қазақ халқының XVII – XVIII

ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және

мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының

қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол

1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары

Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге

белгілі әділ билер болған.

 

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі

туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме,

аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз

заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен

салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол

меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр

адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен

алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі

еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді

мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел

билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі

араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп

отырған.


Қазыбек бидің шығармашылығы

Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық

танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға

шығады да:

 

“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының

қылын таққан елміз.

Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.

Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.

Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл

мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.

Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.

Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.

Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы

келгенбіз.

Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.


Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері

Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері

Әйтеке би

Әйтеке Байбекұлы (1644 -1700 жж.) — қазақ

халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес

қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет

қайраткері. Әлімұлы тайпасының төртқара

руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас

кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы.

Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты

"Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған

Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы.

Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін

ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында

Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың

жақын туысы. Әйтеке бес жасында

молдадан оқып сауатын ашқан.


Әйтеке бидің шығармашылығы

Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:

- Ассалаумағалейкум, ағалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.

       Жолаушының жасы үлкені:

- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?

- Сейітқұл аулы.

- Өзің кімнің баласысың?

- Бөйкектің баласымын

- Атың кім?

- Қосуа бидің «үйі қайсы?

- Анау астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала.

- Даулы болып келеміз, - дейді әлгі қарт жолаушы. - Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір

жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:

- Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін күн, жабықта тепсе - жарты күн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар.

Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын - дейді.

Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада

ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін шыдар - деп, әлгі күн

даулап барғандарды риза етіпті. Сонда әлген баланың әкесі: - Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада

ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.


Назарларыңызға рақмет!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет