Сөж калменова Р. А. Проверила: Мусатаев С. Ш. Алматы: 2023



Дата10.04.2023
өлшемі78,3 Kb.
#81163

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



СӨЖ


Выполнила: Калменова Р.А.
Проверила: Мусатаев С.Ш.
Алматы: 2023


Қазақстан Республикасындағы жастардың саяси белсенділігін арттыру жолдары
Болашағымыздың айқын болуы елдің ертені ол жастардын, яғни өзіміздің қолымызда. Біз өз болашағымыз үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Әр отбасы болашағы мықты мемлекет құру үшін бала кезінен дұрыс тәрбие беру керек. Балаға өмір құндылықтарынсіндіре біліп, жаман мен жақсыны ажыратарлық денгейге жеткізуі маңызды. Баланың ортасына, сөйлеген сөзіне мән беріп қадағалап отыру болашақта жақсы тұлға болып қалыптасуынын кепілі.
Сондықтан, тұңғыш ел басымыз Н.Ә.Назарбаев жастарды елдің тізгінін ұстайтын буын ретінде қарай отырып, өзінің 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: «Азаматтық қоғам механизмін нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықты қоғамдық үрдістерге кеңінен тартуға жағдай жасайтын болады» дегені және «Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңабағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», «Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер» деп айтқан сөздері тақырып өзектілігін арттыра түседі. Сонымен қатар тұңғыш ел басымыз «Нұр Отан» партиясының XVІ съезінде партияның азаматтық қоғам құрудағы жетекші рөлін ерекше атап өткен. Сонымен қатар Ұлт Көшбасшысы жастар мəселесіне де арнайы тоқталды. Елбасы «Мəңгілік ел» идеясы жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі ретінде көрінуі тиістігі. , мектептерде бүкілқазақстандық «Мəңгілік ел» идеясының құндылықтарын оқыту бағдарламасына енгізу қажеттілігін айтып өтеді .
Осы тұрғыдан Қазақстанда азаматтық қоғамды құратын XXI ғасыр көшбасшылары — жастардың азаматтық тəрбиесіне, азаматтық тəрбиенің негізгі құраушысы — саяси мəдениетті тəрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мəселесі болып табылады. Тəжірибеде жастарымыздың айтарлықтай бөлігі саясатқа немқұрайлықпен қарайды, саяси белсенділік танытпайды, өйткені саясатқа қызықпайды. Қазіргі жастар арасында материалдық құндылықтарға бағдарлану жоғары болғандықтан, рухани, əсіресе саяси құндылықтарға жеткілікті дəрежеде бағытталған деуге де болмайды. Көбінесе карьералық (мансаптық өсу) мақсаттарды алға қойған, қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысатын жастардың жеткілікті деңгейдегі саяси сауаттылықты танытатындығын байқау мүмкін. Оқу орындары, жастардың қоғамдық бірлестіктері жастардың саяси сауаттылығын арттыру бағытында елеулі жұмыстар атқаруда. Тəрбиелеудің индивидуалдық сипаты, ұжымдық тəрбие беру тəжірибесінің ыдырауы да жастардың саяси мəдениетін тəрбиелеуге теріс ықпалын тигізуде. Бірақ жастардың басым көпшілігі саясвтқа қызықпайды, ал түбінде оларға саясаттың, әр түрлі саяси көзқарастардың әсері байқалмауы мүмкін емес. Саяси сауаттылығы дамымаған, саяси құндылықтарға бағдарланбаған жас жігіт-қыздың өмірдегі азаматтық позициясы қандай болуы мүмкін? Саяси мəдениет дегеніміз не? Қазіргі оқушы-жастарда саяси мəдениетті тəрбиелеудің өзектігі қандай? деген сұрақтар туады. Саяси мəдениет қоғамдағы саяси қатынастарды реттейтін əлеуметтік құндылықтардың, салт-дəстүрлері мен нормалардың мазмұны мен сапасы ретінде түсіндірледі. Саяси мəдениет түбегейлі саяси мүдделердің жəне қажеттіліктердің бірлігі (ортақтығы) халықтың əр түрлі əлеуметтік топтарының саяси біліктік тетіктеріне қатынастарының сəйкес келуіне негізделеді.
Қазақстан қоғамының саяси мəдениеті мемлекет, демократия, Конституция, құқықта көрініс табады. Қарапайым түрде айтатын болсақ, саяси мəдениет азаматтардың саяси білімділігі (сауаттылығы), саяси оқиғаларды, үдерістерді қай дəрежеде бағалай білетіндігі жəне саяси белсенділік деңгейімен сипатталады
Қазіргі кезде студент- жастар арасындағы саяси сауаттылық жоғары . Мысалы мен “халықаралық қатынас” мамандығында оқимын және менің салама саясаттын тікелей қатысы бар, сондықтан саясаттану пәнін өтіп, өмірімізге саясаттын қатысын біліп саясатқа араласып өз орнымызды білуге үлесін қосуда. Көптеген ұйым мүшесі болып сысалы “ Мәслихат”, аманат партиясының қанаттары “Жастар рухы” секілді ұйымдарға белсене араласып, болашақта саясатқа тікелей қатысты болуға дайындық десек те болады. Міне осылайынша оқу қабырғасынан бастап балаға әр адамның саясатқа қатысты екендігін және саясаттан хабардар болуы және оған қатыса отыруға міндетті екендігін түсіндіру керек.
Саяси тəрбие еңбек тəрбиесімен байланыста жүзеге асырылған жағдайда саяси білімдерді игеру, жастар бойында қалыптастырылатын саяси сана-сезім жəне саяси белсенділік дағдылары қоғам пайдасына еңбек арқылы жаңа мазмұнға ие болады. Өнімді еңбек саяси санаға өзгеше мəн береді. Жастар саясаттың адамдардың бақытты өмір сүруі үшін қызмет етуге тиісті рухани құрал екендігін терең сезінеді. Əсіресе еңбек салаларымен байланысты мемлекет саясатын ұғынуда еңбек тəрбиесінің рөлі өте жоғары. Мысалы, ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететін жастардың өкіметтің агросаясаты туралы қажетті деңгейде түсініктері болуы керек. Басшылық лауазымындағы жастарға кəсіби қызметте осы саладағы мемлекет саясатын білу ғана емес, оны нақтылы іс-қимылдармен іс жүзінде жүзіге асыру дағдылары өте маңызды.
Саяси мəдениет — жан-жақты дамыған тұлғаны тəрбиелеудің құрамдас бөлігі. Саяси санасы дамымаған адамды жан-жақты кемелденген, бəсекеге қабілетті, дамыған адами капитал деу мүмкін емес. Саяси мəдениеттікке тəрбиелеу — азаматтық тəрбиенің ажрамас бөлігі, құраушысы. Саяси мəдениетті тəрбиелеу азаматтық тəрбиенің қағидасы екі нəрсемен — отансүйгіштік жəне құқықтық тəрбиемен өте тығыз байланысқан.
Саяси сауаттылығы жеткіліксіз тұлғаның азаматтық позициясы, отансүйгіштік сана-сезімі туралы не деу мүмкін? Саясаттан тыс, адам қызметінің басқа да салаларында оқитыны, жұмыс істейтін жастарда кəсіби қызметте, қоғамдық өмірде азаматтық белсенділік танытулары үшін олар мемлекет саясатын, өз саласындағы мемлекет саясатының басымдықтарын жақсы білуі, оларға сүйенуі керек.
Саяси сауатты жастар қоғамдағы саяси үрдістерге ықпал ете алатын, əсіресе мемлекетті басқаруға, басқару органдары ісіне қоғамдық көмек беруге дайын болады. Немесе өз қызмет саласында (білім, ауыл щаруашылығы, өндіріс т.б.) мемлекеттік саясат ұстанымдарын жүзеге асыруға саналы түрде кіріседі.
Саяси сауаттылық жастардың саяси сезімдерін тəрбиелейді. Қоғамдағы саяси оқиғалар мен процестерді дұрыс қабылдауға, өзі іс-əрекетінде басшылыққа алуға, қоғамға теріс саяси- идеологиялық əсерлерге берілмеуге иммунитетті қалыптастырады. Сонда ғана жастарымыз тəуелсіз Қазақстанның саяси құндылықтарын қорғауға даяр болады.
Бүгінгі таңда оқушы жастардың саяси мəдениетін тəрбиелеуге жаңашыл тəсілдерді енгізу қажет. Əсіресе оқушы-жастардың саяси мəдениетін тəрбиелеуде мына тəсілдерді басшылыққа алған мақсатқа сай деп есептейміз:
ақпарат ауқымы кең қазіргі жағдайларда жастардың саяси ақпаратқа, негізінен, Қазақстан мемлекеттік саясаты туралы білімдерге деген қызығушылықтарын, оларды меңгеруден жеке мүдделіліктерін арттыру;оқушы жастардың қоғамдық үрдістерге, қоғамдық басқару, өзін-өзі басқару процестеріне көбірек тарту; жастардың қоғамдағы əлеуметтік үрдістерді саяси ұғынуға деген ұмтылыстарына қолдау көрсету;Тмемлекет органдары мен жастар ұйымдарының серіктестігін күшейту, жастарды мемлекеттік органдар жұмысына көмек көрсету, қоғамдық қадағалауға, қоғамдық-саяси процестерге қатыстыру;Қазақстан қоғамының саяси құндылықтарын жастар бойына сіңіру, оларды қорғауға баулу, теріс саяси əсерлерге қарсы иммунитетті тəрбиелеу; жастарға өз азаматтық сапаларын толық көрсетуге жол ашу; жастардың қоғам дамуына, ел бірлігіне қызмет ететін, мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерде шешуге бағытталған саяси бастамаларына қолдау көрсету;жастардың саяси көңіл-күйін ұдайы қадағалау, дұрыс бағыттау.
Саяси ақпаратқа қызығушылықты оятудың тəсілдері ретінде: студенттердің бұқаралық ақпарат құралдарынан жаңалықтарды көру, қысқаша тезистер құрастыру жəне кішігірім баяндамаларды əзірлеп, кураторлық сағаттарында группаластарына хабарлауы; саяси ақпараттарды студенттердің болашақ мамандығымен байланыстыра пайдалану (мысалы, «Мұнай-газ» мамандығы студенттеріне мұнай саласындағы əлемдік саясат туралы нақты деректерді келтіру, оның мұнай өндірудегі мəселелерге əсерін суреттеу); мамандық саласындағы саяси тақырыптарда пікірталас;мемлекеттік, өңірлік деңгейдегі қайраткерлермен сұхбаттар, кездесулер барысында қалыптасатын саяси мəдениеттілік үлгілеріне еліктеу (қызықты, өміршең саяси ақпарат, шешенділік үлгілері, кең дүниетаным, ой-өрісті таныту);университет көлемінде өтетін саяси-тəрбиелік, ағарту ішараларында белсенді қатысу (мысалы, Елбасы Жолдауларын жастар арасында насихаттау);ақпарат құралдары арқылы қызықты формада ұсынылатын саяси ақпараттарды атап өтуге болады.
Оқушы-жастардың қоғамдық үрдістерге, қоғамдық басқару, өзін-өзі басқару процестеріне көбірек тарту үшін жоғары оқу орындарындағы қоғамдық ұйымдардың студенттер арасындағы беделін арттыру, сондықтан олардың жұмысының студенттер ұжымын, əрбір студенттің дамуы үшін пайдалы нəтижелерін нақтылы нəтижелермен көрсетуге ұмтылу керек. 
Студенттердің басым көпшілігі тіпті университеттегі жастар ұйымдарының атын да білмейді, белсенділерін де танымайды. Жастар ұйымдары студенттердің көпшілігі үшін тартымды деуге болмайды. Жастар ұйымдары жұмысында немқұрайлылық жиі кездеседі.
Жастардың қоғамдағы əлеуметтік үрдістерді саяси ұғынуға деген ұмтылыстарына қолдау көрсету мақсатында жоғары оқу орындарында қоғамдық пəндерді оқытудың сапасын арттыру маңызды. «Қазақстан тарихы» пəнін оқытуда фактологиялық материалдардан аналитикалық материалдар беруге, студенттердің саяси-қоғамдық үрдістерді талдау нəтижесінде өзіндік тарихи, саяси, идеялық көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасау керек. Əрбір оқу пəні маңында студентке мейлінше саяси білімдер беру, ұлттық идеологиямызды оның санасына сіңіру туралы ойлауымыз керек. Мəселе мүлдем жоғары оқу орнында оқытуды саясаттандыру туралы емес. Бірақ саяси тұрғынан сауатсыз маман өз саласын дамытуда патриоттық танытпайды, мемлекет саясатының жүргізушісіне айналмайды, тек тар өндірістік міндеттерді шешуге даярланған болады.
Мемлекет органдары мен жастар ұйымдарының серіктестігін күшейту, жастарды мемлекеттік органдар жұмысына көмек көрсету, қоғамдық қадағалауға, қоғамдық-саяси процестерге қатыстыру студент-жастардың арасынан белсенді, басшылық бейім болашақ басшы кадрларды таңдауға, мемлекеттік қызметкерлер резервін дайындауға жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы əкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлерді дайындау орталығы тарапынан жоғары оқу орындарының белсенді студент-жастары үшін мемлекеттік қызмет туралы бастауыш білімдер беретін курстар ұйымдастыруда. Мемлекетік органдар мен жоғары оқу орындары қоғамдық ұйымдарының серіктестігі студенттер белсенділері жұмысының мазмұнды, сапалы болуына, білім беру ұйымы студенттік қауым арасындағы оның беделін артуына да ықпалын тигізеді.
Қортындылай келе, әр тұлға өмірінің саясатпен байланысты екенін түсіну керек және саясатқа өз үлесін қосуға атсалысу керек. Сайлауларға барып өз дауысын беріп, дұрыс деген кондидатын қолдап өз міндетін орындау керек. Біз қалаған болашақ өзіміздін қолымызда.
Қазақстан жастарының саяси белсендігін арттыруел алдындағы негізгі міндет болып табылады. Болашақ қоғамның тірегі болар- біз жас-ұрпақ білім жағынан озық, қоғам арасында белсенді болуға бағытталуымыз керек. Елбасының жастарға арнаған тамаша мүмкіндіктерін , біз өзімізді дамытуға, қоғам алдында, ел алдында пайда тигізер дүниелер атқаруға жұмсауымыз керек. Білім алу-біздің басты міндетіміз..


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес халықтық реформа// Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ə.Назарбаевтың партияның XVІ съезінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. — 2015. — 12 наурыз. — 1–3-б.
2. Краткий политический словарь. — М.: Политиздат, 1989. — С.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет