Сөж пән: Психикалық денсаулық және наркологиядағы мейіргерлік күтім Тақырып



бет1/6
Дата01.02.2023
өлшемі25,9 Kb.
#64503
  1   2   3   4   5   6

Сөж пән: Психикалық денсаулық және наркологиядағы мейіргерлік күтім Тақырып

ШЖҚ КМК «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы жоғары мемлекеттік медициналық колледжі»

СӨЖ

Пән: Психикалық денсаулық және наркологиядағы мейіргерлік күтім

Тақырып: Органикалық психикалық бұзылыстар

Тексерген: Айткалиева А.А

Орындаған: Турлубекова Мадина Ринатовна

Топ: Медбикелік іс III

Курс: IV

Семей қаласы 2021-2022 ж.

Жоспар:


  • Кіріспе

  • Органикалық психикалық бұзылыстар

      II. Негізгі бөлім


  • Невроздар

  • Клиникалық көріністері

  • Түрлері(неврастения,жабысқақ невроз,истериялық невроз)

  • Этиологиясы

  • Емі

  • Реактивті психоздар

  • Жіктелуі

  • Емі

Кіріспе

Невроздар

Клиникалық көріністері


  • Невроздың жалпы клиникалық белгілерінен науқастардың мынадай шағымдарын атап өтуге болады: негізсіз үреймен бірге өзін нашар сезіну, жоғары шаршағыштық, тұрақсыз, көп жағдайда жабырқаулы көңіл-күй. өзін сезіну және көңіл-күй таңертеңгі уақытта көңілтоларлық, ал кешке нашарлайды. Мұндай өзгерістерді науқас еңбекке қабілетті жағдайда да сезінеді. Олар физикалық және интеллектуальды жүктемеден тез шаршайды. Бірақ демалғаннан кейін олар жұмыстарын жалғастыра алады. Барлық науқастарға ұйқы бұзылысы тән. Олар жиі денесіндегі жағымсыз сезімге, ішкі мүшелерінің функцияларының бұзылуына шағымдар айтады. Бұл сезімдер мен ауырсынулар сипаты соматикалық аурулардың белгілеріне ұқсауы мүмкін.

  • Вегетативті бұзылыстар қорқыныш, үрей, ипохондриялық және фобиялық бұзылыстармен бірге жүріп отырады. Жиі жүрек қызметінің бұзылуы байқалады: кардиологиялық синдром және жүрек ритмінің өзгіруі, тыныс бұзылыстары: дем тарту толымсыздығы, тыныс алу ритмінің бұзылуы және ларингоспазм; асқазан-ішектік бұзылыстар: өңештің тарылуы, анорексия, аэрофагия (ауаны жұтып, кекіру) құсу, гастралгия (ауырлық, керілу сезімі). Жиі қозғалыстық бұзылыстар байқалады: оғаш позамен өтетін ұстамалар, астазия-абазия (жүріп-тұруы мүмкін емес), гиперкинездер (бүкіл дененің немесе бір бөліктерінің дірілдеуі); бет бұлшық еттерінің тиктары; дауыс байламаларының салы (афония, кейде мутизм); профессиональды дискинезиялар (жоғарғы координациялық қозғалыстың бүзылуы, шиқылды спазм синдромы). Сенсорлы бұзылыстар және сезімталдық бұзылыстары, көру аймағының тарылуы, соқырлық және көрудің басқа да бұзылыстары байқалады (диплопия, фотопсия және т.б.), есту бұзылысы (саңыраулық және сурдомутизм), қатты дыбыстарды көтере алмау; жағымсыз сезімдер (жансыздану, құмырсқалар жорғалағандай, ине шаншығандай және т.б.).

  • Невроздар әртүрлі жас кезеңінде пайда болуы мүмкін, бірақ невроз пайда болуына аса тән жас кезеңі 25-40 жас.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет