«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» акционерлік емес қоғам
СӨЖ
Пәні: МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
Тақырыбы: «Жоғарғы оқу орнының құрылымы»
Орындаған: Қулмаханбет О.Қ.
Тексерген: Алдажуманов Ж. К.
Семей 2022
Жоғарғы оқу орнының құрылымы
Жоспар:
Кіріспе: Жоғарғы оқу орнының құрылымы дегеніміз не?
Негізгі бөлім:
1. Жоғары оқу орыны, оның құрылымы мен мiндеттерi
2. Жоғары оқу орындарына қабылдау
3. Жоғары оқу орнының оқытушылары және басқа қызметкерлерi
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе:
Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғылылыми. және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары.
Жоғары оқу орындарына
академиялар,
университеттер,
институттар,
әскери,
діни,
т.б. Жоғары оқу орындары да бар.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі–ЖЖОКБҰ) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орынының оқытушылары Қазақстан Республикасы заңдары белгiлеген тәртiппен 6 сағаттық нормасыз жұмыс күнiн және ұзартылған, ақы төленетiн демалысты пайдалануға құқылы. ЖОО-ы профессор-оқытушылар құрамына, олардың бiлiктiлiгi мен қызмет ерекшелiгiне байланысты, өз бетiмен, оқу жүктемесiн белгiлейдi. Оқу жүктемесiнiң мөлшерi бiр ставка көлемiнде заңда белгiленген өлшемнен аспауы тиiс.
1.Жоғары оқу орыны, оның құрылымы мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм туралы құжат беретiн және бiлiм беру, кәсiптiк ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыратын, заңды құқы бар мекеме жоғары оқу орыны болып табылады. Жоғары оқу орындары өзiнiң iс-әрекетiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Бiлiм туралы", "Жоғары бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасының ғылым мен мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" заңдарына, жоғары бiлiм беру саласын реттейтiн заң актiлерiне, осы Ережеге, сондай-ақ өз құжырына қатысты Жоғары оқу орындарын (ЖОО) басқарудың басқа да нормативтi актiлерiне сай жүзеге асырады. Қазақстан Республикасына мемлекеттiк ЖОО мен қатар мемлекеттiк емес те (жекеменшiк) ЖОО жұмыс iстей алады.
Мемлекеттiк ЖОО үшiн мамандар құрамын және материалдық-техникалық базасын, олардың мәнiн және тағы басқа жағдайларын есепке ала отырып: Жоғарғы, бiрiншi және екiншi - үш дәреже белгiлендi. ЖОО дәрежесi туралы Ереженi Республика Үкiметi бекiтедi.
Құрылтайшы мемлекеттердiң бiрлесiп қаржыландыру келiсiм-шарттары негiзiнде мемлекетаралық органдар мен бiрлесiп басқарылатын халықаралық ЖОО ұйымдастырылуы мүмкiн. Мемлекеттiк ЖОО Жоғары бiлiм беру туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бiлiм беру министрлiгiнiң және тиiстi орталық атқарушы органдарының ұсынуымен Республика Үкiметi құрады, қайта құрады және таратады. Әрбiр жоғары оқу орны (ЖОО) осы Ереже негiзiнде ЖОО қызметiн реттейтiн өз Жарғысы мен Iшкi тәртiп ережелерiн дайындайды және бекiтедi. Жоғары оқу орынының Жарғысы белгiлi тәртiп бойынша ЖОО бағынышты басқару органдарында тiркеледi.
Жаңадан құрылған мемлекеттiк жоғары оқу орындарында Жарғыны 1 жылға дейiнгi мерзiмге ғылыми кеңес қалыптасқанша құрылтайшы бекiтедi.
Халықаралық ЖОО Жарғысы құрылтайшы мемлекеттердiң үкiметтерiмен бекiтiледi.
ЖОО бiлiм беру, ғылым және мәдениеттiң орталығы ретiнде басты мiндеттерi мыналар:
- жеке адамның мәдени және рухани дамуы, жоғары бiлiм мен таңдаған кәсiби қызметiне сай мамандығын алу қажеттiлiгiн қанағаттандыру;
- қоғамның жоғары бiлiмдi мамандарының әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiгiн қамтамасыз ету;
- кәсiби және жоғары бiлiмдi ғылыми-педагогикалық мамандар дайындау;
- iргелi, iзденгiш, қолданбалы ғылыми және тәжiрибе құрастырушылық жұмыстарды, сондай-ақ әдiстемелiк зерттеулердi ұйымдастыру;
- басқарушы қызметкерлермен әртүрлi бағытты мамандардың бiлiмiн жетiлдiру мен көтеру;
- қоғамның iзгiлiк, мәдени және ғылыми құндылықтарын жинау, сақтау және көбейту;
- жұртшылық арасында бiлiм тарату, оның бiлiмдiк және мәдени деңгейiн арттыру;
Өзiнiң Жарғысына сай мемлекеттiк Жоғары оқуының құрамына ЖОО немесе заңды тұлға құрылымдарының бiрлiк статусы бар оқу, ғылыми, өндiрiстiк және басқа да бюджеттiк, шаруа есептiк бөлiмшелер кiруi мүмкiн. ЖОО оқу тәрбие кешендерiн, оқу-ғылыми өндiрiстiк бiрлестiктер, ассоциацияларды республикадағы, сондай-ақ шетелдердегi басқа да бiрлестiктердi құруға немесе соларға енуге құқылы. Жоғары оқу орны барлық құрылымдармен бiрге бiлiм мекемесi - бiртұтас оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешен ретiнде жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк ЖОО (филиалдар, оқу және ғылыми институттардан басқалары) құрылымдық бөлiмшелерiн құру Бiлiм министрлiгiн хабардар ете отырып және қалыпты тәртiп бойынша ЖОО Жарғысына түзетулер енгiзе отырып, сол оқу орынының өзi шешедi.
Мемлекеттiк кәсiпорындар, мекемелер және ұжымдарды (бюджеттiлердi қоса отырып), соның iшiнде заңды тұлға статусы бар мемлекеттiк ЖОО жанында немесе құрамында құруды құрылтайшы қалыпты тәртiп бойынша жүзеге асырады.
ЖОО заңды және қаржылық дербестiгi бар аймақтық жекеленген оқу-ғылыми құрылымдарының бөлiмшелерiн құру жергiлiктi атқарушы үкiмет органдарымен келiсу арқылы, Қазақстан Республикасы Бiлiм Министрлiгiмен немесе оның келiсiмiмен өзi бағынатын ведомстволық басқару органымен келiсу арқылы iске асырылады. Мемлекеттiк ЖОО өзiндегi мемлекеттiк емес ЖОО, сондай-ақ барлық ұйымдық құқылық формалары бар басқа кәсiпорындарға, мекемелер мен ұжымдарға негiзгi де құрылтайшы бола алады.
Жоғары бiлiм алу мақсатымен оқу төмендегi жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады: университет (классикалық, салалық университет), академия, институт (және соларға теңдестiрiлген ЖОО-лар).
Университет (классикалық) - қызметi iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу және жоғары, жоғары оқу орынынан кейiнгi және қосымша бiлiмнiң барлық деңгейiнде ғылымның, техника және мәдениеттiң табиғи-ғылыми, гуманитарлық және басқа бағыттарын кең көлемде оқыту арқылы бiлiмнiң, ғылымның және мәдениеттiң дамуына бағытталған жоғары оқу орыны. Университет, халық арасында мәдени-ағартушылық қызмет атқаратын және ғылыми бiлiмдi таратуға мүмкiндiк туғызатын, бiлiм, ғылым және мәдениеттi дамытудың жетекшi орталығы болып табылады.
Академия (салалық университет) - қызметi ғылыми зерттеулер жүргiзу және жоғары, жоғары мектептен кейiнгi және қосымша бiлiмнiң барлық деңгейiнде ғылым, техника, мәдениет салаларының бiрiн басым оқыту арқылы бiлiмдi, ғылымды және мәдениеттi дамытуға бағытталған университеттiк типтегi жоғарғы оқу орыны. Академия өзiнiң қызмет өрiсiнде жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылады.
Институт - ғылымның, мәдениеттiң, техниканың бiрнеше бағыттарында бiлiми-кәсiптiк бағдарламаларды жүзеге асыратын және ғылыми-зерттеулер жүргiзетiн дербес жоғары оқу орыны немесе университеттiң бөлiгi (құрылымдық бөлiмшесi).
Достарыңызбен бөлісу: |