Сөж пәні:Қазақ тілінің сөзжасамы,морфологиясы және оны оқыту Тақырыбы



Дата17.04.2023
өлшемі17,25 Kb.
#83374
түріРеферат

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті


СӨЖ


Пәні:Қазақ тілінің сөзжасамы,морфологиясы және оны оқыту


Тақырыбы:1.Сөзжасамдық тізбекке мысал жинау.
2.Сан есімдердің сөзжасамы (реферат)


Орындаған:Мұхтар Меруерт
Қабылдаған:ф.ғ.к.Молдасанов Ерсайын
1. Негіз сөздің өзі басқа сөзбен салыстырғанда негізді сөз бола береді. Мысалы, жиын деген сөз жина сөзіне негіз сөз болады, ал жи деген сөзбен салыстырғанда, ол негізді сөз.
Мүндай сөздер сөзжасамдық тізбекте кездеседі. Мысалы: біл —> білім —> білімді —> білімділік, жи —> жиыр —> жирыл —> жирылгыш —> жиырылгыштыц, өн —> өнім —> өнімді —> өнімділік, бос -> боса —> босац —> босацдьщ —> босацдат —» босацдаткыз, ен -> енші —> еншілес —> еншілестік, кіш —> кішір —> кішірей —> кішірейт —> кішірейткіш, сүй —> сүйін —> сүйініш —> сүйінішсіз —> сүйінішсіздік т.т.
Сөзжасамдық тізбектің әр буынынан әрі қарай тағы да басқа тізбектер жасалуы тілде жиі кездеседі. Жоғарыда келтірілген біл етістігінен тараған сөзжасамдық тізбектің екінші буынынан әрі қарай басқа тізбектер өрби береді. Мысалы: біл —> білім —> білімпаз —> білімпаздан, біл —> білім —> білімдар —> білімдарлық. Бұдан сөзжасамдық тізбектің бірнеше тармақты болып келетінін көреміз. Ондай тармақтар екінші, үшінші буындардан басталады.
Сөзжасамдық әр тізбек негіз сөзден басталып, негізді сөзбен аяқталады. Сөзжасамдық тізбекте негізсіз сөз және негіз емес сөз біреу, қалғандары негізді сөздер болады. Тізбектің алғашқы мүшесінен бастап, ең соңғы мүшеге дейінгілердің бәрі өзінен кейінгі сөзге негіз болады. Мысалы, біл —> білім —> білімсіз —> білімсіздік деген сөзжасамдық бір ғана қатарды алсақ, онда біл-білімнің, білім- білімсіздің, білімсіз — білімсіздіктің негізі. Ал осы қатардағы негізді сөздер — білім, білімсіз, білімсіздік. Сөйтіп, келтірілген сөзжасамдық қатарда төрт сөз бар, бірақ негіз сөз де үшеу, негізді сөз де үшеу ғана. Әр қатардың бірінші мүшеден бастап, соңғы мүшеге дейінгі сөздер негіз сөз бо-лады, екінші мүшеден бастап, қалған мүшелердің бэрі негізді сөзге жатады.
Сөзжасамдық бір тізбектегі бірінші жэне соңғы мүшеден басқалардың бэрі эрі негіз, әрі негізді мүше қызметін атқарады. Мүнда бір негізсіз мүше бар, ол — біл, негіз емес бір мүше бар, ол — білімсіздік.
Қазақ тілінде әр сөзжасамдық тізбекте 3 сөзден бастап, бес, кейде алты сөзге жетуі мүмкін. Бірақ тізбекте 6 сөз өте сирек кездеседі, 3 сөзден түратын сөзжасамдық тізбек өте жиі кездеседі. Оның есесіне бір түбірден бірнеше сөзжасамдық тізбектің жасалуы тілдегі өте жиі кездесетін қүбылысқа жатады.
Жоғарыда келтірілген таблицадан бір ғана біл етістігінің өзі 13 сөз-жасамдық тізбек бергенін көріп отырмыз. Әр тізбекте 4-5 сөзден жасалғанын ескерсек, оның қанша сөздің жасалуына негіз болғанын аңғару оңай. Бұл қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздердің сөзжасамдық күшті қабілетін және тіліміздің лексикалық байлығын арттырудағы қызметін көрсете алады. Өйткені мұндай жағдай — негізгі түбір сөздерге ортақ құбылыс. Басқа негізгі түбір сөздер де осындай талай сөздердің жасалуына негіз болған. Оған мысалды көптеп келтіруге болады. Мысалы: ек —> егін егінші —> егіншілік ->
егіншШксіз, бүр —> бүрке —> бүркеме —> бүркемеле —> буркемелет —> бүркемелеттір, ор —> орын —>. дыц —> сыз, өр — ім —> өрімде —> өрімдет —> өрімдеткіз, бір —> бірік —> біріктір —> біріктіргіз, ой —> ойла—> ойлат—> ойлатцыз, бас —> баскар -> баскарма —> баскармагиылыц, бат —> батым —> батымды —> батымдылыц, өн —> өнім —> өнімді -> өнімділік, т.б.
Мұнда бір түбірден тараған бір ғана сөзжасамдық тізбекке мысал келтірілді. Осы түбірлерден тек келтірілген сөзжасамдық тізбек қана жасалып қоймайды, олардан тағы да басқа толып жатқан тізбектер жасалған. Тек бас деген түбірден жасалған сөзжасамдық тізбектердің саны біл сөзінен жасалған тізбектерден көп.
Қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздердің тілге берген сөзжасамдық тізбектеріне қарап, олардың тілді байытудағы қызметі ерекше екенін толық бағалауға болады, Сөйтіп, бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек деп аталады. Бір сөзжасамдық тізбектегі сөздің саны ең кемі үш сөзден түру керек.
2. Сан есім сөзжасам жүйесінде екі тәсіл қызмет етеді. Олар; аналитикалық және синтетикалық тәсілдер. Аналитикалық тәсіл — сан есім сөзжасамының ең негізгі тәсілі. Аналитикалық тәсіл сан есімнің сөзжасамьшда негізгі тәсіл болып сана-латын, себебі — сан есімнің нағыз сан-дық атауларының бәрі дерлік аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Сан есімдегі негізгі түбір сан атауларынан басқа есептік сандардың бәрі аналитикалық тәсілмен жасалған.
Негізгі түбір сан есімдерге көбіне бірлік, ондық атаулары және жүз, мың деген сандар жатады, бірақ олар-дын. бәрі емес. Бірліктердін, ішінен төрт санды бұл топқа қоспауға да болады. Олар туралы кейінірек айтылады. Ал ондық атауларынын, ішінде де тарихи тұрғыда қарағанда аналитикалық тәсілмен жасалған, қазір дара сандарға жататын алпыс, жетпіс, сексен, тоцсан сандарыньщ алғашқы құрамы бірлік пен ондықтың тіркссінен тұрады деген пікір түркологияға кең тараған, оны көпшілік түркологтар жақтайды. Сондықтан мүндағы -пыс/-піс мор-фемасы қазір қосымша деп тануға келгенімен, бұл сан атаулары алғаш аналитикалық тәсіл арқылы бірлік пен ондық атауының тіркесінен жасалған болып шығады. Ал ондық атауларыньщ бірлік пен ондық атауынын, тіркесінен жасалуы — түркі тілдерінде бар құбылыс. Оған алтай, хакас, якут тілдеріндегі ондық атаулары дәлел бола алады. Ондық атауларынын, бірлік-ондық моделімен жасалуы — түркі тілдеріне кен, тараған завдылық. Жоғарыдағы ондық атауларынын, жасалуы осы модельге сай ке-леді.
Тіліміздегі сандық үғымдар тек бірлік, ондық, жүз, мың, миллион, миллиард деген дара сандармен ғана шектеліп қоймайды, ең көп сандық ұғымдар — осы сандар араласып келген, күрделі сандық ұғымдар. Олардын, саны қандай көп болса, түрлері, құрамдары сондай алуан түрлі. Сондықтан тілде күрделі сандық үғымдарды білдіру үшін, аналитикалық тәсілдін, тіркестіру түрі кен, қолданылған. Бұл тәсіл бойынша бір сан атауымен екінші сан атауы тіркесіп, үшінші бір күрделі сандық ұғьшды білдірген. Мысалы: он бес, жүз алпыс, жүз кырык, үш, екі мың алты жүз алпыс төрт т. б. Мұндағы құрамы он және бес деген сандардан тұратын күрделі сандық ұғымды білдіру үшін он және бес саны тіркесіп, он бес деген күрделі есептік сан жасалған. Бұл ондық пен бірлік аралас сандардың тобынан алынды. Ал жүз алпыс деген есептік сан есім жүздік пен алты ондықтан тұратын күрделі сандық үғымды білдіреді. Жүз қырык, үш деген бүдан да гөрі күрделірек, мұнда жүздік, ондықтың үстіне бірлік қосылған. Осы сандық ұғымды білдіру үшін, жүз және қырық үш деген сандар тіркестірілген, мұнда сөзжасамға қырық үш саны дайын қалпында бір компонент ретінде кіріп отыр, сөйтіп олардан жүз қырық, үш саны жасал-зған. Сол сияқты екі мыц алты жүз алпыс төрт деген санда екі күрделі компоненттің тіркесі арқылы жасалған. Осы төрт түрлі мысалға қарап-ақ, күрделі сан атауларының құрамы да, түрлері де, күрделі сандарды жасауға қатысатын компоненттер де алуан турлі екенін көруге болады, ол тәжірибеден де белгілі. Күрделі сан жасаушы жеке компонент қызметінде күрделі сандар өте жиі қолданылады. Олардың өзі де — аналитикалық тәсіл аркылы жасалған сөздер. Бір туынды сөзден екінші туынды сөз жасала беретіні сияқты бір курделі саннан екінші, үшінші, одан да әрі қарай күрделі сандар жасала береді. Бұл күрделі сан атауларының мол жасалуына жол ашады. Кіші сан өзінен улкен санның жасалуына унемі қатысып отырады. Осы жағдай сан атауларын жасаушы компоненттердің молдығын туғызады.
Сейтіп, аналитикалық тәсіл ондық атауларының жасалуынан басталып, тіліміздегі барлық қалған сан атауларының жасалуын қамтамасыз еткен. Әсіресе, курделі сан атауларының жасалуы тек қана аналитикалық тәсілге байланысты. Мысалға ондык, пен бірлік (он бес), жүз-дік пен ондьқ (жуз елу), жүздік, ондық, бірлік (жуз отыз бес), мыңдық, жүздік, ондық, бірлік (бір мың алты жүз тоқсан уш) түрінде араласа келген күрделі сан^арға тіліміз өте бай.
Күрделі сан атаулары дара сан атауларынан бірнеше жүздеген, мыңдаған есе көп деуге болады. Есептік сандарды білдіретін негізгі түбір сан есімдердің саны жиыр-ма шақты сөзден ғана тұрады. Олар бірліктер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз; ондықтар: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан және жүздік пен мыңдық атаулары: жүз, мьщ. Осы жиырма шақты сөздер тілде миллионға дейін 999980 курделі сан атаулары жасалған, миллиард, триллионға дейінгі сирек қолданылатын күрделі сан атаулары тағы бар. Бұл — аз сөз емес. Мұндай көп сан атаулары есептік сандардың бірімен бірінің тіркесуі аркылы ғана, яғни аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Сөйтіп, сан есім сөзжасамында аналитикалық тәсіл ең өнімді, негізгі тәсілге жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет