СөЖ (реферат) Пәні: Қазақ халық ауыз әдебиеті Тақырыбы: «Отбасы ғұрып фольклорының зерттелу мәселесі»


[17], 1960 жылғы «Қазақ әдебиеті тарихының» «Үй ішілік салт  өлеңдері»  [18]



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата14.01.2023
өлшемі0.67 Mb.
#61299
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
[17],
1960 жылғы «Қазақ әдебиеті тарихының» «Үй ішілік салт 
өлеңдері» 
[18]
бөлімін жазған М.С.Сильченко еңбектерінен сол кезеңдегі 
фольклортанудың даму деңгейіне лайық мағлұмат аламыз. 
Өткен ғасырдың аяғында фольклортану ғылымына қомақты үлес қосқан 
ғалым М Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» деп аталатын 
оқулығында да отбасылық ғұрып фольклорына салиқалы орын берілген. Автор 
бесік жырынан жоқтауға дейінгі жанрлық түрлерді кеңінен қамтып, сол кезеңге 
дейінгі айтылған ғылыми пайымдарды қорыта отырып, мағлұматтарды жоғарғы 
оқу орны студенттеріне лайықтап ұсынады. Бұл оқулық уақыт алдындағы 
міндетін әлдеқашан ақтап, көптеген ұстанымдарын қайта қарауды талап етсе де, 
студенттер үшін әлі күнге бірден-бір оқулық болып табылады. Сөз жоқ, ондағы 
отбасылық ғұрып фольклорына қатысты тарау да қайта қарауды талап етеді. 
Дегенмен, оның сол кезеңдегі ғылым деңгейінің көрінісі ретіндегі маңызы зор. 
Отбасылық ғұрып фольклорын арнайы зерттеу нысанасына 
айналдырмағанмен де, сол кезеңде жалпы фольклор мәселесімен айналысқан 
Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, Б.Абылқасымов, 
С.Негимов 
[19]
еңбектерінде де фольклорды жанрлық түрлерге саралауда оның 
көркемдік әлемін пайымдауда методологиялық тұрғыдан сүйеніш болатын 
бағдарламалық ойлар аз емес. Бұл орайда, С.Қасқабасовтың Қазақ фольклоры 


14 
мен әдебиетінің тарихын қайта жазуға байланысты тұжырымдамалық жобасын, 
Ш.Ыбраевтың «Қазақ фольклористикасы: кеше, бүгін, ертең» атты 
проблемалық мақаласын, Б.Абылқасымовтың толғау жанры жөніндегі 
зерттеуін, «Фольклор», «Ауыз әдебиеті» ұғымдары туралы» мақалаларын, 
«Телқоңыр» атты наным-сенім фольклорына арналған монографиясын атап 
айтқан жөн.
Тәуелсіздік алып, сыртқы мәдени байланыстардың күшеюіне байланысты 
шетелдердегі қазақтардың мәдени мұрасымен танысуға кең жол ашылды. Бұл 
орайда, дәстүрлі мәдениеттің ұйытқысы әлі де бұзыла қоймаған Монғолия мен 
Қытайдағы, Өзбекстандағы елдерде жинақталған материалдардың фольклорлық 
қорға қосар үлесі салмақты. Монғолиядағы қазақтармен Кеңес дәуірі кезінде де 
байланыс үзілмегендіктен, ондағы ғалымдар Қазақстанмен тығыз қарым-
қатынаста болды. Қазақстанда оқыған азаматтар мұндағы белді ғалымдардың 
жетекшілігімен диссертациялар қорғады, ол жақтағы ел мұрасын жинап, 
бастыру ісімен айналысты. Әңгіме, отбасы фольклорына тірелгенде, белгілі 
фольклоршы Қабидаш Қалиасқарұлының, Биқұмар Қамалашұлы сияқты 
фольклоршы-этнографтардың еңбектерін атауға болды. 
Ә.Қалиұлы отбасылық ғұрып фольклорын «тұрмыс-салт жырларының» 
аясында қарастыра отырып, оларды «Некелену салт- жырлары» және «Өлім-
жітім салт жырлары» деп, екі топқа бөліп зерттейді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет