СөЖ (реферат) Пәні: Қазақ халық ауыз әдебиеті Тақырыбы: «Отбасы ғұрып фольклорының зерттелу мәселесі»



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата14.01.2023
өлшемі0.67 Mb.
#61299
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
[15, Т. 
1, 283-б], 
- деп, өз анасының жоқтауын мысалға келтіре отырып, толғана 
жазады. Шоқан жазып алған Бұхар жыраудың Абылайды жоқтауын осы үлгіге 
қосуға болады. Отбасы жырларының халық әдебиетінен алатын орыны ғалым 
еңбектерінде қадау-қадау айтылып отырады. 
Шоқанның атымен іркес-тіркес аталатын халық мұрасы қамқорының бірі 
– Н.Г.Потанин. Жалпы қазақтың мәдени мұрасын ден қоя жинап, зер сала 
зерттегенмен оның материалдарының ішінде отбасы лирикасы көп орын 
алмайды. Өйткені, ол өз жұмысында компаратистік бағытты ұстанып, мотивтер 
мен сюжеттерді жинауға баса көңіл бөлген. Дегенмен, оның еңбектерінде қазақ 
отбасы этнографиясына қатысты мағлұматтармен қоса, бесік жырының, 
жоқтаудың үлгілері бірен-саран болса да кездеседі. 
1.3. Қазақ фольклортану ғылымындағы зерттеулер 
Қазақ фольклортану ғылымындағы бұдан кейінгі бір белесті еңбек араға 
біраз жылдар салып, 1932 жылы дүниеге келді. Ол - С.Сейфуллиннің «Қазақ 
әдебиеті» 
[16]
атты зерттеуі. 
С.Сейфуллин отбасылық ғұрып жырларын «Салт өлең-жырлары» деп 
атап, оны «Той бастар», «Жар-жар», «Сыңсыма», «Жұбату мен үгіт», «Бет 
ашар», «Айт келін», «Бесік жыры», «Қоштасу мен өсиет өлеңдер», «Естірту, 
көңіл айту, жоқтау» деп жіліктейді. Ғалым «салт өлең-жырларының» жанрлық 
сипатына ұзақ тоқталмайды, оның ішкі жанрлық түрлерін сыйпаттап кете 


12 
береді. Кітаптағы «тойбастарға» берілген сипаттамада тың мағлұматтар көп. 
Оған келтірілген екі мысал да дәстүрлі той бастардың тамаша үлгілері. 
Кітапта Сәкеннің кезінде әлі де дәстүрден кете қоймаған дәстүрлі жар-
жар үлгілерімен қоса, бұл ғұрыптық жырлардың мазмұндық тұрғыдан өзгеріске 
ұшырай бастаған жаңа нұсқаларды да көреміз. Бұрын тек қалыпқа түскен, 
жаттанды мәтінді айтатын жастар бұл кезеңде өз жандарынан өлең шығарып 
«айырылып бара жатқан ғашық жарына махаббат мұңын айтып қалу үшін» де 
жар-жар айтқан көрінеді. Кітапта сондай жырдың да бір үлгісі келтірілген. Жыр 
мәтініне қарағанда, бұл өлең қыз бен жігіттің қайым айтысына ұқсаңқырайды. 
Қалай дегенде де бұдан жар-жар жанрының түрлене өзгерген даму 
эволюциясын көруге болады. 
Кітапта «Сыңсымаға» шағын сипаттама беріледі де, үйлену салт 
жырларының қатарына «Жұбату мен үгіт» деген жаңа жанр қосылады. Бұл 
бұрынғы еңбектерде сыңсудың жалғасы ретінде қарастырылатын, өйткені ол 
қыздың сыңсуына жауап ретінде айтылады. Сәкен оны жеке қарастыруды 
ұсынады. 
Ал беташарға байланысты бөлімде ғалым «беташар мен айт келін» 
терминдерін қатар қолданып, екеуінен де мысал келтіреді. «...бір-бірімен 
байланысқан екі жырдың бір жерде айтылатын нұсқасын түгел келтіруге 
тырыстық» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет