Сөж тақырыбы: Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы Пәні



бет1/3
Дата18.10.2022
өлшемі136,88 Kb.
#43974
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ





СӨЖ


Тақырыбы: Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы
Пәні: Бастауыш мектепте қазақ тілі оқыту әдістемесі
Тексерген: Қарсыбаева Раиса Канабековна


Орындаған: Долдаева Гүлім
Дауленова Аяулым
Айтказиева Перизат
Аяпбергенова Диляра
Абдухаликова Фариза

Алматы 2022


Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы туралы 
Біздің Отанымыз – байтақ та, бай, сәулетті егеменді ел. Елімізде қаншама ұлт өкілдері тұрады. Әр ұлт өкілдерінің өз ана тілі бар. Тіл – халықтың басты қасиетті байлығы. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен еніп, бойға тарайды. Біз өз тілімізді мақтаныш етіп, алақанымызға аялап ұстағанымыз абзал.
Егер мәселенің шындығына келсек, қазіргідей әлемдік бәсеке жағдайында барлық жағынан алғанда күшті ұлттар ғана өз мүддесі үшін күресе алады. Күшті ұлт болу үшін күшті мәдениет жасау қажет, ал өзінің толыққанды мемлекеттік тілі жоқ ел ешқашан өзгенің тілімен күшті мәдениет жасай алмайды. Өйткені ұлттық мәдениет тірегі біреу ғана, ол – тіл
Мемлекеттік тіл ел тұтастығының да ең басты кепілі. Ол еліміздің халқын біріктіретін, ортақ іске жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір құрал. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп сезіне де алмайды. Себебі, бір-бірінің тілін түсінбеген халықтың бір-бірінің ой-ниеттерін, мақсат- мүдделерін түсінуі де қиын. Егер ұлтты ұлт ретінде ұйытатын тіл десек түрлі халықтарды өзара топтастыратын да олар сөйлесетін, бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тілдің ортақтығы.
Қандай да болмасын тілді үйреніп-білу адамның бала кезінен қалыптасады. Олай болса жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінің, яғни балабақша мен мектептің тіл үйретуде алатын орны орасан зор. Өзін тіл жанашырымын деп санайтын кез келген адам да әңгімені дәл осы мәселеден бастауы керек. Ол үшін бірінші кезекте оқулықтар сапасын жақсартып, одан кейін қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер біліктілігіне көңіл бөлу қажет


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет