Сөж тақырыбы: Педагогтің шығармашылық қызметіне жалпы сипаттама. Топ



бет1/6
Дата31.12.2021
өлшемі46,43 Kb.
#21999
  1   2   3   4   5   6


СӨЖ

Тақырыбы: Педагогтің шығармашылық қызметіне жалпы сипаттама. 

Топ: ПМНО 21-37

Оқытушы: Стамкулова Шолпан Ануаровна

Білім алушы: Тұрсынова Айдана Темірбекқызы

Педагогикалық мамандық — қазіргі уақыттағы ең белгілі мамандықтардың бірі, тіпті осы мамандық басқа да мамандықтарды анықтайды деп айтуға болады, себебі еңбектің басқа түрлері арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық қызметтің барысында меңгеріледі. Педагогикалық мамандық – педагогикалық үдерісте тəрбиеленуші тұлғасын тəрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға жəне өзін еркін жəне шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кəсіби қызмет. Педагогикалық мамандықтың негізгі ерекшелігі мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен сəйкестігі; педагогикалық қызметті сəтті жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы игеруімен, оның кəсіби санасынын деңгейімен байланысты.

Жаңа ұрпақтарды өмірге жəне еңбекке дайындау мақсатында қоғамдық тəжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізудің қажеттілігі оқыту мен тəрбиелеу саласының қоғамдағы жеке, дербес функцияға айналуына себепші болды.

«Педагог» термині құл иеленушілік кезеңде Ежелгі Грецияда пайда болды, бұл термин кейін біртұтас ғылымның атауына айналды. Ол кезде бұл термин құл иеленушілердің балаларын мектепке ертіп апаратын құл деген мағынаны білдіретін еді. Мектеп туралы алғашқы мағлұматтар шамамен біздің заманымызға дейінгі 2500 жыл бұрынғы египеттік əдебиетте кездеседі. Онда төрелердің балаларына арналған сарай мектебі туралы айталады. Кейін «мектеп» ұғымы Ежелгі Грецияда белең алды. Бұл терминнің негізгі мағынасы осы уақытқа дейін өзгерген жоқ: мектеп дегеніміз — білім ордасы.

Педагогикалық мамандық қалыптаса бастағаннан-ақ мұғалімдерге, ең алдымен, тəрбиелеушілік, бірегей жəне бөлінбейтін функция тəн болды. Мұғалім дегеніміз — тəрбиеші, тəлімгер. Оның азаматтық, адами маңызы да осы.

Тəрбиелік ықпал етпей оқытуға болмайтыны сияқты, тəрбиеленушілерді білімдердің, икемділіктер мен дағдылардың күрделі жүйесімен қаруландырмастан, тəрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру да мүмкін емес. Барлық замандарда алдыңғы қатарлы ойшылдар оқыту мен тəрбиелеуді ешқашан қарама-қарсы қойған емес, тіпті олар мұғалім деп, ең алдымен, тəрбиешіні атайтын болған.

Қазіргі сөздіктерде «тəрбиеші» дегеніміз — басқа бір адамның дамуы үшін жауаптылықты өз мойнына алған, сол адамды тəрбиелеумен айналысатын адам ретінде анықталады. «Мұғалім»,«оқытушы» сөздері кейінірек пайда болды, өйткені қоғам білімнің өз алдына құндылық екендігін, балаларға білім беретін арнайы ұйым қажет екендігін ұғынды. Мұндай қызмет оқыту деп атала бастады.

Латынның «profiteor» деген сөзінен шығатын «рrofessio» сөзінің түпкі мағынасы — «өз ісім деп жариялаймын» дегенді білдіреді. Яғни, мамандық дегеніміз — арнайы дайындықтың нəтижесінде алынған териялық білімдер мен практикалық икемділіктері бар адамның «еңбек қызметінің түрі»

Мамандық дегеніміздің өзі — тұтас бір əлем, онда адам өмір сүреді, білімін жетілдіреді, осы əлемді ол өзінің бүкіл өмірі бойы біліп, танып өтеді, бұл əлемнің өзінің кəсіби заңдары, адамгершілік нормалары мен құндылықтары бар. Кез келген мамандық адамнан белгілі бір жалпы жəне арнаулы білімділікті, икемділіктер мен дағдыларды, қасиеттерді талап етеді, ал олар жалпы немесе арнаулы білім алу барысында жəне практикалық жұмыс істеу кезінде қалыптасады.

Қазіргі қоғамда еңбектің ондаған мың түрлері бар. Олардың əрқайсысын да адамға қоятын талаптарының жүйесіне қарап кəсіп деп атауға болады. Кəсіп деп адамға белгілі бір талаптар жүйесін қоятын еңбек түрін атауға болады. Сонымен қатар кəсіп дегеніміз — еңбек жолының бір түрі, ол адамнан арнайы дайындықты талап етеді, жəне өмір сүру көзі ретінде де пайдаланылады. Кəсіптің атауы еңбектің сипаты мен мазмұны арқылы, қызметтік функцияларымен, қолданылатын еңбек құралдары мен заттары арқылы анықталады





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет