Сөж тақырыбы



Дата23.11.2022
өлшемі15,88 Kb.
#51926

Сөж тақырыбы:
Көркем мәтіндегі стилистикалық эффект. Дәстүрлі әдеп-салттардың көркем мәтіндегі көрінісі


1)Әрбір мәтіннің өзіне тән жазылу стилі болады.Стильдің өзі бірнеше топқа бөлініп қарастырылады.Олар:Ғылыми стиль,публицистикалық стиль,ауыз екі сөйлеу стилі,көркем әдебиет стилі,ресми іс-қағаздар стилі.Көркем әдебиет стилінің ерекшелігі оқырманға образды,эмоционалды,экспрессивті жағдай сыйлайды.Көркем әдебиет стилі көркем әдеби шығармаларда,мәтіндерде қолданысқа енген.Барлық ақын-жазушыларымыздың шығармалары мен өлең жолдарында көркем әдеби стилі ерекшеленіп тұрады.Олар көрермендерге әсерлі болуы үшін көптеген көркемдегіш құралдарды пайдалауымен іске асырады.Мысалы өткен сабақтарда М.Жұмабаевтың “толды толқын қуады” өлең жолдарының стилистік эффектісін ашқан болатынбыз.Яғни бұл жерде ақын толқынды меңзеп тұрған жоқ.Толқынды тұлғалы адамдарға теңеп айтып тұр.Дәл сол секілді мен өзімнің өлең жолдарыма талдау жасағым келеді.Мысалы,” Пайда келсе шығар мүмкін көктемнен...” деген өлең жолдарындағы “көктем” сөзімен мезгілді меңзеп тұрғаным жоқ.Негізі көктем сөзі жайма шуақ қуаныштың белгісі ретінде де қолданысқа енген.Маған жасап жатқан іс-әрекетімнің пайдасы тисе онда қуанышты нәтижемен аяқталатындығын айтып тұрмын.Келесі, “Бірде анау алыс арман шетінде,
Жүріп барады бақ қоржынын сарт қағып.” Бұл жолдарда армандарымызға кейде қол жеткізе алмайтындай көрінеміз.Алайда сол арманға қарай қадам басу арқылы “бақ қоржынынын сарт қағып” яғни бағыт бағдарымыздың оң болуымен,
бақ шаба ма,бап шаба ма” деген мақалға сәйкес армандарымызға жете алатынымызды айтқым келді.


2)Дәстүрлі әдеп-салттардың көркем мәтіндегі көрінісі
Салт-дәстүрлерлің де ішінде көркем әдеби стилі кең аумақты алып жатыр.Мысалы қарапайым ғана батаның өзі көркем әдеби көрінісі.


Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханым мол болсын,
Абыройын зор болсын.
Көре алмаған бағыңды,
Сыңдыра алмаған сағыңды,
Дұшмандарың жер болсын.
Өмірің өрлей берсін,
Жүргенде жолың болсын.
Жолдасың Қыдыр болсын.
Аллаға ісің жақсын,
Есігің қыбылға бақсын.
Дәулетің судай тасысын,
Шаппай қылышың кессін,
Отбасың басқа толсын,
Қазаның асқа толсын,
Өрісің малға толсын.
Ел-жұртың аман болсын,
Бақытты заман болсын,
Үйіңе береке кіре берсін,
Бала-шағаң, туған-туыстарың,
Бақытты өмір сүре берсін.
Әмин, Аллаһу Әкбар!


Бұл ас қайырғанда дастархан басында оқылатын батаның түрі.Ауыз екі сөзбен емес көркемделген көркем әдеби сөздермен көмкеріліп тұр.Одан бөлек қыз ұзатқанда орындалатын дәстүріміз сыңсу да мысал ретінде жатады.


Қаратаудын қиясы бар
Қаратаудын ұясы бар
Жат жұрттыққа жаратылған
Қыздың қандай кінәсі бар
Ай ай керім бұраң белің
Бағыңды ашсын барған жерің
Ай ай құрбым майдай құрбым
Бізді ұмытпай ойлай жүргін
Айдын көлдің құрағы бар
Аққу қаздың сыңары бар
Қыдыр ата жағып кеткен
Қыздың қырық шырағы бар
Арпа мекен бидай мекен
Төкпей шашпай жинай мекен
Туған жерін қыз баланың
Қимайтыны қинайды екен


Осы секілді әдеби тілмен жеткізілген көркем сөздер.Осы тұста қызды сипаттап айдын көлге,аққу қаздарды,бұраң белін көркем сөздермен өрнектеген.Аққу мен қаздың бұл жерге ешқандай қатысы жоқ.Қасындағы құрбы-құрдастарын аққу мен қазға теңеу арқылы сыңары деп сол қыздың күйеуін меңзеу арқылы көркем сөзге әсерлеу беріп тұр.
Келесі жар-жар,шілдехана,бесік той,тұсау кесер,беташар салт-дәстүрлерінде де көркем сөздер айтылады.Мысалы жар-жардан үзінді көрейік:
Осы өмірге лайық отты жағып, жар-жар,
Келеді, әне, екі жас топты жарып, жар-жар.
Үлкені мен ауылдың жасы мұнда, жар-жар,
Жас келінді көруге асығуда, жар-жар.
Құтты болсын тойларың, замандастар, жар-жар,
Жаңалыққа жар болып, қадам бастар, жар-жар.
Бірге аттаған босаға берік болсын, жар-жар,
Үйлеріңе құт-бақыт келіп қонсын, жар-жар.
Күндей күліп көктемгі көңілдерің, жар-жар
Қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің, жар-жар,
Туған айдай толықсып толыңыздар, жар-жар,
Жаңа өмірдің жаршысы болыңыздар, жар-жар.
Қадамдарың, екі жас, құтты болсын, жар-жар,
Ақ отаудың еңсесі мықты болсын, жар-жар.
Ата-ананың үмітін ақтаңыздар, жар-жар,
Махаббатты мәңгілік сақтаңыздар, жар-жар.


Күндей күліп көктемгі көңілдерің,қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің деген теңеулермен көркем әдеби сөздер үстемдік етіп тұр.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет