Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері



Дата24.11.2022
өлшемі1,19 Mb.
#52276

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері

  • - Бұл кісілер қай елдікі?
  • Сабынкөлдікі
  • -Сабынкөлдікі?
  • Кім келді? Неге келді?
  • Тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба?
  • Ол мұндайдан қалған ба?
  • Сол кісіге жолықпадың ба?

БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМ БАЯНДАУЫШЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ

  • Бұйрық мағынаны ешбір қоспасыз жалаң түрде білдіретін негізгі форма – етістіктің жалаң 2-жақ бұйрық рай формасы
  • ( -ғын/-гін ауызекі тілде тек анайы тұлғада келетін өте көне форма)
  • Көп сөзді қайтесің? Одан да тауығыңа ие бол!
  • Сен ертең келгін!
  • 1-жаққа қатысты: -айын, -ейін, -айық , -ейік (құранды қосымша: -ай/-ей – бұйрық мағына беретін жұрнақ, -ын/-ін, -ық/-ік – жақтық көрсеткіштер)
  • -алық/-алы, -елік /-елі - эпостық жырларда, жергілікті қолданыста жұмсалады;
  • 3-жаққа қатысты: -сын, -сін.
  • Мен барайын. Біз барайық/ баралық.
  • Өткен іске өкініп біз кетелі,
  • Біраз айтып мұратқа біз жетелі.
  • (Қозы Көрпеш – Баян сұлу)
  • Ол тез келсін.
  • Шартты рай –са/-се тұлғалы баяндауыш
  • Сен ертерек келсең (келсеңші)!
  • Барсаң (шы), күткізіп қоймай!
  • «2-жақ бұйрық форма – деген соң – 2-жақ бұйрық форма»
  • «-уші формалы есімше – болма»
  • Шық деген соң шық!
  • Айтушы болма анаған!

Эмоциялы баяндауыштар

Реплика ретіндегі лепті сөйлем – құрамындағы сөздерді мүшелік қатынасқа анық даралауға келмейтін, тұрақты бір сөздерді қатыстырып құрылатын, диалогта жауап реплика ретінде жұмсалатын сөйлем.

  • Жасалуы
  • Мысал
  • Алдыңғы репликаның бір сөзін қайталау арқылы
  • - Осыны айтасың ба?
  • - Айтпағанда!
  • «Қайдағы/не қылған – қайталанған сөз (есім/есімше не зат ес./ сын ес)»
  • Ал жүрейік, шешей.
  • Қайдағы шешей!/ не қылған шешей!
  • «Қайталанған сөз (есім/етістік) – не (несі)/қалай»
  • Мұны сонша шимайладың.
  • Шимайладыңың қалай!Бұл әдейі салынған сурет.
  • «Қайдан – бұйрық райлы етістік»
  • Бұрынғы есепші өзі босады ма?
  • Қайдан өзі босасын!
  • «Қайталанған етістік –са/-се тұлғасында – ша/ше »
  • Сонда бір қалжыңдап едім.
  • Қалжыңдасаң ше!
  • «-ғанда тұлғасы – ша/ше//қандай»
  • Соны да әкетесің бе?
  • Әкетпегенде ше! Әкеткенде қандай!

Пайдаланған әдебиеттер

  • Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004.
  • Әмір Р.,Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
  • Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
  • Садирова К.Қ. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі: оқу құралы. -Ақтөбе, 2013


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет