Сөйлеу тілінің дамуы


Сөйлеу тілі дамуының дайындық кезеңдегі ерекшеліктері



бет2/6
Дата12.09.2022
өлшемі22.67 Kb.
#38870
1   2   3   4   5   6
2 Сөйлеу тілі дамуының дайындық кезеңдегі ерекшеліктері
Дайындық кезеңінде сөйлеу тілін меңгеруіне дайындық жүреді. Туылу сәттен бастап балада дауыс реакциялары пайда болады: жылау, айқайлау. Осы реакциялар сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің түрлі ұсақ қимыл-қозғалыстарының дамуына себеп болады. Екі аптадан кейін баланың сөйлеген адамның дауысына реакция беруін байқауға болады: жылауын тоқтатуын, тыңдауын.
Кейін ол сөйлеген адамның жағына басын бұрайды, оны көзбен аңдыйды. Одан кейін бала адамның сөйлеу екпініне жауап көрсетеді: ұрысқанға жылайды, мақтауға күледі. 2 айында бала уілдейді, 3 айында-былдырлайды. 5 айынан бастап бала дыбыстарды талдап, қоршаған адамдардың артикуляциялық қозғалыстарына еліктеуге тырысады. 6 айынан бастап кейбір буындарды анық айтады. Бара-бара бала еліктеу негізінде сөйлеу тілінің барлық элементтерін меңгереді: фонемаларын, әуезділігін, сарынын, мәнерлігін, екпінін, жылдамдылығын.
Жылдың екінші жартыжылдығында бала естіген дыбыс тіркестерін белгілі зат немесе қозғалыспен байланыстырады. Әлде де ол кешенді ықпал етуге ғана жауап береді. Дегенмен, уақытша байланыстар қалыптасады (сөздерді есінде қалдырып, оларға белгілі жауап қайтару). 7-8 айында бала ересектің артынан дыбыстардың түрлі-түрлі дыбыс тіркестерін қайталайды және сөз мағынасында түсінеді. 10-11 айында сөздердің өзіне ғана жауап көрсете алады. Бір жасында баланың бірінші сөздері пайда болады.
3 Мектеп жасына дейінгінің алдындағы кезең шамамен үш
жасқа дейін созылады. Бұл кезеңде бала көп сөйлейді, сөйлегенде дыбыстарды шатастырады, бұрмалап айтады, орындарын ауыстырады. Баланың бірінші сөздері жалпы мағыналы болып келеді, бұндай сөйлеуді белгілі жағдаймен байланыстыру арқы-лы ғана түсінуге болады. Бұл кезең барысында баланың сөздік қоры әжептеуір дамиды. 3 жасында баланың сөйлеу тілі граматикалық құрылысы қалыптасады.
Бұл кезеңде баланың айналасындағы сөйлеу ортасы маңызды рөл атқарады. Баламен неғұрлым көбірек сөйлесе, оның сөйлеу тілі соғұрлым тезірек және жақсырырақ дамиды.

  1. Мектеп жасына дейіңгі кезінде сөйлеу тілі өте қарқынды дамиды. Бала

екі жастан бастап енжар және белсенді сөздерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымы қарапайым сөйлемдерді меңгереді. Баланың белсенді сөздігі жыл сайын көбейеді. Бала екі жасының соңында шамамен 300 сөзге дейін, үш жасқа қараған шағында 1000 сөзді, бес - алты жасқа келгенде шамамен 3000 сөзді меңгереді.
Бала ең алдымен айтуға оңай дыбыстарды - дауысты және еріндік, еріндік-тістік дауыссыз дыбыстарды (п, б, м, ф, в, т) меңгереді. Ауыр жолмен пайда болатын ысқырып айтылатын дыбыстарды, сонымен бірге р, л дыбыстарын айтуға қиын болады. Сондықтанда ол оларды кейде нашар ажыратады. Оның себебі, баланың фонематикалық есту қабілеті әлі жеткіліксіз дамыған. Мектепке барғанда баланың сөйлеу тілінде кемістігі болмау керек, өйткені сөйлеу тілінің ауытқуы баланың сауатын ашуға кедергі тигізеді.
Сөйлеу тілінің қалыптасу барысында бала мектепке барар алдында тілдің негізгі грамматикалық заңдылығын да меңгереді. Ол сөйлемді дұрыс құрастырады және өз ойын білгірлікпен жеткізеді. Мектеп жасына дейінгі баланың алғашқы сөйлемдердің грамматикалық үйлесімінің жеңілдігімен көзге түседі. Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тіліне ересектер жағынан ерекше қамқорлық жасайтын сабақ болу керек. Тіл кемістігін дәл уақытында ескерту және жою үшін тіл бұзылуының қандай себептерінен пайда болуы мүмкін екенін мұғалім мен тәрбиеші білуі керек.
Көбінесе сөйлеу тілінің бұзылуы мектеп жасына дейінгі кезеңде пайда болады. Бұл бір жағынан сөйлеу тілінің қарқынды дамуымен байланысты болса, екінші жағынан баланың нерв жүйелерінің және сөйлеу тілінің механизмінің әлдеде нақты қалыптаспауынан болады. Сондықтан сөйлеу тілінің дертке шалдығуына сыртқы күштердің қолайсыз себептерінен осы кезеңде дислалия, тұтықпа, сөйлеу тілі дамуының тежелуі жиі байқалуы мүмкін.
Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын ала ескертуге болады. Ол үшін баланың жалпы тіршілігін және сөйлеу тілінің дамуын әр түрлі сырқаттардың асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын, шамадан тыс салмақ салмауын қадағалау кажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және тіл кемістігінен алдын-ала сақтандыру логопедиялық шараларын ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Мұнда мектептегі және мектеп жасына дейінгі мекемелердегі тәрбиешілер мен педагогтар үлкен рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет