Сөйлеуге арналған диагностикалық әдістемелер



Дата22.03.2022
өлшемі1,9 Mb.
#28529

3

2

4



Сөйлеуге арналған диагностикалық әдістемелер

Орындаған студенттер

Махмұт Аяжан Мұстафа Айкен

Орынбаев Нұрғиса Отарбек Назерке

Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.Баланың қабілеттілік, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін , танымдық процестерін анықтау нәтижесінде психолог бала мүмкіндігі туралы құнды деректер алады; білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, балалардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды .Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда мектептегі практик –психологтың жұмысы 4 негізгі бағыттан тұрады:

  • психодиагностика-
  • Психокорреция
  • психологиялық кеңес беру
  • - психологиялық ағарту

Белгілі психолог К.М.Гуревичтің көрсетуінше, психодиагностиканың міндеті – баланың өзіне де, онымен жұмыс істейтін ересектерге де түсінікті, әрі пайдалы болатындай, баланың даралық – психикалық ерекшеліктері туралы ақпарат беру болып табылады.

Г.Витцлактың көрсетуінше, мектептегі психодиагностика педагогикалық мәселемен тығыз байланысты болуы шарт; оның негізгі мәні де осы. Сондықтан мектептік білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет жүйесіндегі диагностика психологиялық, педагогикалық диагностика деп аталады.



Білім беру жүйесіндегі психодиагностика – баланың психикалық даму ерекшелігін; жеке басындағы білім, дағды, іскерліктер секілді құрылымдардың жас ерекшелігі мен қоғам талабына сай келуін анықтау болып табылады.Психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың маңыздылығы мынада:біріншіден, тез арада шешімін қажет ететін нақты мәселелер түйінін тарқату;екіншіден, психодиагностика білім беру жүйесінде мектеп психологының барлық жұмыстарының негізі болып табылады; диагнстика мәліметтерінің негізінде түзету, дамыту жұмыстары іске асырылады; психопрофилактикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалау диагностика арқылы өтеді.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет