СөЖ,СОӨЖ •Театр өнері: жаңа есімдер мен театр мектептері, қазақ театрларын дамыту барысындағы негізгі бағыттар



Дата21.04.2022
өлшемі56,13 Kb.
#31778

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Педагогика және Психология институты

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуеттік педагогика кафедрасы


СӨЖ,СОӨЖ

Театр өнері: жаңа есімдер мен театр мектептері, қазақ театрларын дамыту барысындағы негізгі бағыттар.

Қазақстан халықтық театрларының дамуындағы негізгі тармақтар және т.б. Мемлекеттің мәдениеттік саясатындағы мәдени орталықтардың қызметі.

Тексерген: Джанаев.М

Орындаған: Бейсембек Мөлдір

Мамадық:6В01201-МДОжТ 1топ 3курс

Алматы 2022ж



СӨЖ

Қазақ өнерінің қара шаңырағы,қазақтың тұңғыш кәсіби театры М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында ашылды. Алғашқы қойылымдары Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасы мен М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасынан үзінді болды. Театр шаңырағын көтеруге С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков, тағы да басқа «самородок сары алтын» актерлер ат салыстыТөкпе ақын И.Байзақов, атақты әнші Ә.Қашаубаев, палуан Қ. Мұңайтпасовтар да осы қатардан табылды. Сондай-ақ театр өміріне З.Атабаева, М.Шамова, А.Абдуллина, Ш.Байзақова, О.Қашаубаева, Ж.Шанина, Д.Оңғарбаевалар белсене араласты. Театрдың ең алғашқы режиссерлері С.Қожамқұлов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев еді.

Қоғамдық құрылым өзгеріп, жаңа өмірге біртіндеп бейімделе бастаған бұқараны тәрбиелеуде өнердің ролі үлкен болды. Өткен ғасырдың 20-30-жылдарында үлкен нәубетке ұшыраған қазақ халқы үшін білім мен мәдениет, өнердің аса зор маңызын қазақ зиялылары да қатты түсінді, сондықтан да қазақ театрының ашылып, еңсе тіктеуіне Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ж.Шанин, Қ.Сәтбаев, О.Беков, т.б. көптеген қайраткер ат салысты. Олардың қатарында сол кездегі Қазақстан Халық ағарту комиссариатының бастығы С. Садуақасов, ал, театрдағы шығармашылық-шаруашылық ұйымдастыру жұмыстарында ерекше көзге түскен алғашқы директоры Д. Әділов, тағы басқалар болды.

1926 жылдың 5 қазанынан театр директоры әрі көркемдік жетекшісі болған Ж.Шанин театрдың шығармашылық қалыптасуында ролі өте үлкен. Алғашқы кәсіби режиссер, драматург, сыншы, шебер ұйымдастырушы Ж. Шанин 1927 жылы Мәскеуде өткен Этнографиялық концертке арасында театр актерлері де бар бір топ өнер шеберлерін бастап барып, өте табысты оралды. 1932 жылы Қырғыз драма театрының бас режиссерлігіне ауысқанға дейін онжылдықтарға парапар еңбек жасады.

1928 жылы театр республиканың жаңа астанасы Алматыға қоныс аударып, 1930-жылдар белесінде ұжымға жаңа шығармашылық күш қосылды. Бұл қатарда Қ.Байсейітов, К. Байсейітова, Қ.Бейісов, Ш.Жиенқұлова, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Қ.Қармысов, С.Телғараев, Ә. Хасенов, Қ.Әділшінов, Ж.Өгізбаев, А.Жолымбетов, Р.Есімжанова, Р.Қойшыбаева, Ш.Айманов, С.Майқанова, Г.Сыздықова, т.б. атауға болады.

1932-1938жж. театрда әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген М.Әуезовтің қара шаңырақтың іргесі бекіп, керегесі кеңеюіндегі еңбегі теңдессіз. Көркем пьесалары өз алдына мақалаларында да ұлттық театрдың бағыт-бағдарын айқындауға үлкен үлес қосқан суреткер әлемдік драматургия жауһарларынан аударып, репертуарды байытуда да көп жұмыс жасады.

М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегін» 1933ж. мамыр айында режиссер М.Насонов қайтадан қойды, бұл спектакль қазақтың тұңғыш кәсіби сценографы Қ.Қожықовтың алғашқы жұмысы болды. 1932-1934жж. театрда жемісті еңбек еткен суретші Ленинградтағы Үлкен, қазіргі Мариин театры жанындағы Көркемсурет студиясына жіберіліп, белгілі суретшілер В.М.Ходасевич, А.Г.Тышлер, М.З.Левиннен екі жыл оқыды. Оралған соң «Абай», «Отелло», «Евгения Гранде», «Марабай», «Шаншарлар», т.б. біраз спектакльді көркемдеген, кейін кино саласына ауысқан.

Ұлттық драматургия қалыптасып, дами бастады. М.Әуезов, Қ.Кемеңгеров, Ж.Шаниндермен қатар І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ш.Хұсайынов, Ә.Тәжібаев, Ә.Әбішев, т.б. пьесалары ең алдымен осы театрда сахналанды. Әлем драматургиясынан Шекспир, Мольер, К.Гольдони, А.Островский, Гоголь, М.Горький пьесалары қойылды. 

1933-34 жылдары театрдан музыкалық студия бөлініп, ұжымдағы әншілік таланты басым актерлер сонда ауысты. Бүгінгі таңда республикамыздағы іргелі өнер ордалары болып отырған Абай атындағы опера-балет театры мен Республикалық Жамбыл атындағы филармония, «Қазақконцерт» сол кезде М.Әуезов театры құрамынан бөлініп шыққан музыкалық театр негізінде құрылған өнер ұжымдары.

1936 жылы театр қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде аса табысты өткен онкүндігіне қатысты. «Қыз Жібек» операсында Қ.Қуанышбаев, «Жалбыр» операсында Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, Ш.Аймановтар роль орындаса, біраз актер көпшілік сахналарына қатысты.

1937 жылы театрға академиялық деген атақ берілді 1930-1950жж. театрға арнайы шақыртумен келген орыстың кәсіби режиссерлері М.Н.Соколов, М.Б.Насонов, И.Б.Боров, М.А.Соколовский, М.И.Гольдблат ұжымның кәсіби өсуіне көп еңбек сіңірді.

Қара шаңырақ сахнада қазақ театр режиссурасының екінші буыны деп атауға болатын ГИТИС түлектері А.Тоқпанов пен Н.Бейсеков, сондай-ақ Ә.Ысмайылов, қызмет етті. М.Әуезовтің 1940 жылы режиссер А.Тоқпанов сахналаған «Абай» спектаклі театрдың үлкен көркемдік табысы болды. Қойылымдардың, мысалы, «Хан Кене», «Түнгі сарын», «Біздің жігіттер», т.б. музыкалық көркемдеулеріне негізінен А.В. Затаевичтің «Қазақтың 500 әні» жинағындағы әндер пайдаланылып келсе, «Абай» спектакліне композитор А.Жұбанов арнайы музыка жазды.

Ұлы Отан соғысы басталғанда театрдан бірнеше актер майданға аттанды, театр актерлері өнер бригадаларымен майдан шептеріне барып өнер көрсететін бригадалар құрамында болды. Театрда қалың жұртшылыққа рух беретін қойылымдар сахналанды. Бұл кезде Ал­мат­ыға уақытша қоныс аударылған «Моссовет» театрының, ЦОКС-тың (киностудия) театр шығармашылығына игі әсері болғаны анық. 

40-жылдары көптеген романтикалық бейнелерді Ж.Жалмұхамедова, Х.Бөкеева, Ш.Жандарбекова, Б.Римова сынды актрисалар сомдаса, осы сахнада Ш.Аймановтың актерлік, режиссерлік жан-жақты таланты жарқырай көрінді.

50-жылдар белесінде театр Ташкенттегі Театр институтын бітірген Н.Жантөрин, Мәскеудегі Театр өнері институтында (ГИТИС) білім алған Ы.Ноғайбаев, Т.Жайлыбаев, М.Байзақова, Алматыда Киноактерлердің Жоғарғы мектебін бітірген З.Шәріпова, т.б. талантты буынмен толықты.1954 жылы Мәскеуден оқу бітіріп келгендердің арасында Қарас Кәрімов сынды азамат труппа меңгерушісі болып, өмір бойы театрдың «отымен кіріп, күлімен шықты».

1946 жылы құрылғанына 20 жыл толуына орай театр «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

1952 жылы «Абай» спектакліне (режиссер Ш.Айманов, суретші В.В.Голубович және рольдерді орындаушылар Қ.Қуанышбаев, Қ.Бадыров, Х.Бөкеева, С.Қожамқұлов, Р.Қойшыбаева, Е.Өмірзақов) КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

50-жылдары театр сахнасында тарихи спектакльдермен қатар жасампаз еңбек, бейбіт қоғам, замандастар өмірі, олардың әділетті қоғам құру жолындағы іс-әрекеттерін көркем бейнелейтін қойылымдар алдыңғы қатарға шықты. 1956 жылы С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” пьесасы, 1957 жылы М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек”, С.Мұқановтың “Майрасы” қойылды. Жалпы ұлттық драматургияның қалыптасып, дамуындағы кезең-кезең жетістіктер аз емес. Қазақ сахнасында комедия жанрының бағы жанғаны да осы кезең. Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейтов “Беу, қыздар-ай!”, “Ой, жігіттер-ай!” көрінді.Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті» комедияларымен кеңінен танылды. Бұл кезеңде Т.Ахтанов, Ә.Тарази, Қ.Ысқақ, С.Жүнісов, О.Бодықов, Е.Домбаев, О.Бөкей, Д.Исабеков, т.б. пьесалары сахналанды.

1958 жылы театр қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігінде қатысып, «Еңлік-Кебек» (М.Әуезов), «Шоқан Уәлиханов» (С.Мұқанов), «Ақын трагедиясы» («Ақан сері-Ақтоқты», Ғ.Мүсірепов), «Жалғыз ағаш орман емес» (Ә.Тәжібаев) және «Асауға - тұсау» (Шекспир) спектакльдерін көрсетті.

 

1961 жылы 10 тамызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрына ұлы суреткер М.Әуезовтің есімі берілді. 



Бұл кезеңде «Асауға-тұсаумен» қатар Шекспирден «Отелло», «Ричард-ІІІ», Гогольдің «Үйлену», Лопе де Веганың «Сенек қорыған ит», Пушкиннің «Шағын трагедиялары», М.Каорудың «Шығыстағы бір бейбақ», М.Фриштің «Дон Жуанның думаны», Г.Лорканың «Бернарда Альбаның үйі», Пиранделлоның «Өгей қыз», М.Булгаковтың «Жендеттер», Чеховтың «Ваня ағай», т.б. қойылымдар репертуар сәнін кіргізді, көркемдік көкжиекті кеңейтті. М.Булгаковтың режиссер А.Мажурин қойған «Жендеттер» (ауд. А.Сүлейменов) спектаклінде актер Н.Жантөриннің Мольер, Чеховтың режиссер Ә.Мәмбетов қойған «Сүйікті менің ағатайым» («Ваня ағай», ауд.Ә.Кекілбаев) спектаклінде Ә.Молдабеков кейіптеген Ваня ағай рольдері қазақ сахнасының табысы болды. 

1960-жылдары бас режиссер А.Мадиевский табысты жұмыс істеді. Жалпы 60-жылдардан бастап ұлттық режиссураның өркендеу кезеңі басталды. Бұл ретте де М.Әуезов театрының орны ерекше. Өйткені қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері А.Тоқпанов бастаған режиссерлер шоқжұлдызы Б.Омаров, Ә.Мәмбетов және Құрманғазы консерваториясы театр факультеті режиссура бөлімінің алғашқы түлектері Ж.Омаров, Р.Сейтметов, Қ.Жетпісбаев, А.Пашков, В.Пұсырманов, сондай-ақ Е.Обаев, М.Байсеркенов, Ш.Зұлқаш, С.Асылхановтардың қара шаңырақ театрға түгелдей дерлік қатысы бар.

Осы орайда көрнекті театр режиссері, өнер қайраткері, Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтің есімін ерекше атау керек. Шығармашылық жолы сонау атақты 60-жылдар белесінде басталған, М.Әуезов театрына 40 жылға жуық көркемдік жетекшілік жасаған Мәмбетовтің сол кезеңде қойған атақты «Ана-Жер-ана» (Ш.Айтматов, сахналық нұсқа Б.Львов-Анохин), «Қан мен тер» (Ә.Нұрпейісов), «Қарагөз», «Қара қыпшақ Қобыланды», «Абай» (М.Әуезов), «Қозы Көрпеш-Баня сұлу» (Ғ.Мүсірепов), «Менің сүйікті ағатайым» («Ваня ағай», А.Чехов, ауд.Ә.Кекілбаев), «Көктөбедегі кездесу» (Ш.Айтматов, Қ.Мұхамеджанов), «Біз періште емеспіз» (Қ.Мұхамеджанов), «Кориолан» (Шекспир, ауд.Х.Ерғалиев), «Эдип патша» (Софокл, ауд.Х.Ерғалиев), тағы да басқа спектакльдері ұлттық режиссураға жаңа мазмұн мен форма беріп, ұлттық сахна өнерін жаңа сапалық белеске көтерді.

1966 жылы «Ана-Жер-ана» спектакліне (режиссер Ә.Мәмбетов, суретші А.И.Ненашев, рольдерді орындаушылар С.Майқанова, Ф.Шәріпова, Б.Римова);

1970 жылы «Ленин 18 жылы» спектакліне (режисссер Ә.Мәмбетов, рольдерді орындаушылар М.Сүртібаев пен С.Қожамқұлов)Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1973 жылы Иранның Шираз қаласында «Ана-Жер-ана» спектаклін көрсетті.

1974 жылы «Қан мен тер» спектакліне (автор Ә.Нұрпейісов, режиссер Ә.Мәмбетов, суретші А.С.Кривошеин және рольдерді орындаушылар А.Әшімов, Ф.Шәріпова, Ы.Ноғайбаев)КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Мәдени кеңістігімізде «Мәмбетов театры», «Мәмбетов дәуірі» деген ұғым қалыптасты. Сол кезеңде Әуезов театры Франция, Иран елдерінде фестивальдік сапарларға шығып, Мәскеуде бірнеше рет гастрольде болды. Бішкек, Ташкент, Нүкіс, Уфа, Қазан сияқты ірі қалалар халқы театр өнеріне аса үлкен ырзашылықпен қол соқты. Ал, республикамызда М.Әуезов театрының гастрольде болмаған облысы мен ауданы жоқтың қасы. Тап осы кезеңде К.Қармысов, М.Сүртібаев, С.Майқанова, Б.Римова, Ш.Жандарбекова, Ә.Мұсабекова, С.Телғараев, Н.Жантөрин, Ы.Ноғайбаев, Ф.Шәріпова, Ә.Молдабеков, Е.Жайсаңбаев, Р.Әуезбаева, Ғ.Сүлейменов, Ж.Медетбаев, Ә.Боранбаев, Ә.Кенжеев, Қ.Сұлтанбаев, У.Сұлтанғазиндер; сондай-ақ А.Әшімов, С.Оразбаев, Н.Мышбаева, Т.Тасыбекова, Қ.Тастанбеков, Р.Машурова, Т.Жаманқұлов, Б.Жанғалиева, Ш.Ахметова, М.Өтекешова, бүгінде Астана театрында еңбек етіп жүрген Г.Әспетова, Т.Мейрамов, Ж.Мейрамова, Н.Тәшімова, Қ.Тілеуова, Л.Әбзелбаева, тағы да басқа өнер иелері сан қырынан жарқырай көрінді.

Бұл кезеңде ұлттық сахнаға кәсіби сценографтардың М.Ержанов, Д.Сүлеев, С.Үмекенов, М.Жолтаев, сынды екінші буыны, 70-80-жылдар белесінде үшінші буын Ф.Мұқанов, Е.Тұяқовтар шықты.

Спектакльге арнайы музыканы ұлттық композиторлар жаза бастады. Бұл орайда Ә.Мәмбетов көптеген спектакліне музыка жазған көрнекті композитор Ғ.Жұбанованы және Н.Тілендиев есімдерін атау орынды.

1976 жылы театр «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.

1976 жылы «Құлыным менің» спектакліне (автор О.Бөкей мен басты роль орындаушы Қ.Тастанбеков)Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді, қоюшы-режиссер Қ.Жетпісбаев.

1981 жылы театр жаңа ғимаратқа көшті (Абай даңғылы, 103).



1984 жылы Францияның Нанси қаласында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклін көрсетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет