Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі138,74 Kb.
#5647

 

Солтүстік Қазақстан облысы 



әкімдігінің 

2013 жылғы «10» сәуірдегі 

№ 121 қаулысына 

қосымша 


 

Солтүстік Қазақстан облысы 

әкімдігінің 

2007 жылғы «06» сәуірдегі 

№ 81 қаулысымен  

бекітілді 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы 



әкімдігінің  жанындағы Қала құрылысы кеңесі туралы  

ереже  

 

 

1. Жалпы ережелер 

 

1. 


Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы Қала құрылысы 

кеңесі  (әрі  қарай  -  Кеңес)  кеңестік-мәжілістік  орган  болып  табылады  және 

Солтүстік  Қазақстан  облысындағы  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс 

қызметінің негізгі бағыттарын үйлестіру үшін құрылды. 

2,  Кеңес  қызметінің  құқықтық  негізін  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясы  мен  заңдарын,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен 

Үкіметінің  актілері,  облыстық  әкімдіктің  қаулылары,  облыс  әкімінің 

шешімдері мен өкімдері және осы Ереже құрайды. 

 

 

2. Кеңестің негізгі міндеттері 



 

 

3. Кеңестің негізгі міндеттері: 



1)  қала  құрылысы  және  сәулет  жобаларын  кәсіби  бағалау,  жобалау 

жұмыстарының техникалық деңгейін көтеру; 

2)  облыстың  бас  сәулетшісімен  келісуге  жататын,  заңды  және  жеке 

тұлғалардың  тапсырмасы  бойынша  әзірленетін  нобайлық  және  жобалау  – 

жоспарлық құжаттаманы, мыналарды қоса: 

облыстың қалалары мен ірі елді мекендердің бас жоспарын; 

сәулет-қала торабы жобаларын; 

егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын

жаңа құрылыс, реконструкциялау және қалпына келтіру объектілерінің 

жобаларын; 

ғимараттар  мен  имараттардың  эксперименттік  және  концепциялы 

жобаларын қарау болып табылады. 

 


 

3. Кеңестің өкілеттігі 

 

4. Кеңес өз құзыреті шегінде: 



1)  облыстың  жергілікті  атқарушылық  және  басқа  да  мемлекеттік 

органдарынан,  жобалау  ұйымдары  мен  тапсырыс  берушілерден  оған 

жүктелген  міндеттерді  орындау  үшін  қажетті  ақпараттарды,  құжаттар  мен 

материалдарды сұратуға және алуға

2)  Кеңес  отырысында  қарастырылатын  мәселелерді  қарау  барысында 

қатысуы  қажетті  тапсырыс  берушілердің,  жобалық  және  басқа  ұйымдардың 

өкілдерін Кеңестің отырысына шақыруға

3) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға 

ұсыныстар енгізуге; 

4)  бұқаралық  ақпарат  құрылдарында  Кеңестің

 

отырысында  қаралған 



материалдарды жариялау үшін дайындауға және тапсыруға

5)  негізгі  міндеттермен  айқындалған  мәселелер  бойынша  мемлекеттік 

және басқа да органдар басшыларының ақпаратын тыңдауға құқылы. 

 

 



4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру 

 

5. Кеңес төрағадан, орынбасардан және оның мүшелерінен тұрады. 



6.  Кеңестің  төрағасы  лауазымы  бойынша  облыс  әкімі,  төрағаның 

орынбасары  лауазымы  бойынша  облыс  әкімінің  орынбасары  болып 

табылады. 

7. Кеңес мүшелерінің құрамын облыс әкімі қалыптастырады. 

8. Кеңестің дербес құрамы облыс әкімінің ұсынысы бойынша облыстық 

мәслихатпен бекітіледі. 

9. Кеңес өз құрамында кіші комиссиялар мен жұмыс топтарын құруға 

құқылы. 


10.  Кеңес  отырысы  төрағамен  бекітілген  отырыс  өткізудің  жылдық 

жоспарына сәйкес тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. 

Кеңес  отырысы  оның  құрамы  жалпы  санының  үштен  екі  бөлігі 

болғанда  ғана  өкілетті.  Кеңес  мүшелері  оның  отырысына  ауысу  құқысыз 

қатысады.  Кезектен  тыс  отырыстар  Кеңестің  төрағасының  бастамасымен 

немесе Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде жартысының бастамасымен 

өткізіледі. 

11.  Кеңес  шешімдері  отырысқа  қатысушылардың  жалпы  санының 

көпшілік  дауысымен  қабылданады.  Дауыстар  тең  болған  жағдайда  төраға 

дауысы шешуші болып табылады. 

12.  Кеңес  өз  өкілеттігі  шегінде  ұсыныстық  сипаты  бар  шешімдерді 

қабылдайды. 

13.  Кеңес  отырысының  нәтижесі  бойынша  төраға  қол  қоятын 

хаттамамен ресімделеді. 

14. Кеңес төрағасы: 


 

1) Кеңес қызметіне басшылық етеді



2) оның отырысында төрағалық етеді

3)  мемлекеттік  және  басқа  да  органдармен  Кеңестің  құзырына  енетін 

мәселелер бойынша өзара әрекеттеседі. 

15. Төраға болмаған жағдайда оның міндетін тапсырма бойынша төраға 

орынбасары атқарады. 

16. Кеңес мүшелері: 

1) мыналарға құқылы: 

Кеңестің құзыретіне енетін мәселелерді қарау кезінде дауысқа; 

Кеңес  қабылдаған  шешіммен  келіспеген  жағдайда,  жазбаша  түрде 

отырыс хаттамасына тіркелетін өзінің ерекше ойын айтуға

төрағаның 

тапсырысы 

бойынша 

мемлекеттік 

органдардың, 

ұйымдардың  және  қоғамдық  бірлестіктердің  Кеңес  құзыретіне  енетін 

мәселелері бойынша мәжілістерге, отырыстарға және жиналыстарға қатысуға 

құқылы. 


2)  Кеңес  төрағасының  оның  құзыретіне  енетін  мәселелері  бойынша 

тапсырмаларын орындауға міндетті. 

17.  Кеңестің  жұмыс  органы  «Солтүстік  Қазақстан  облысының  сәулет 

және қала құрылысы басқармасы» ММ болып табылады. 

 

18. Жұмыс органы: 



 

1)  Кеңестің  мүшелерін  Кеңес  отырысының  уақыты  және  орны  туралы 

хабардар етеді; 

 

2) Кеңес отырысына материалдар дайындауды ұйымдастырады; 



 

3) Кеңес отырысының хаттамасын жүргізеді; 

 

4) Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылайды; 



 

5)  Кеңес  төрағасының  тапсырмасы  бойынша  өзге  де  функцияларды 



жүзеге асырады.  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет