Солтүстік және Орталық Африка, Шығыс және Оңтүстік Африка. Африканың аймақтары


Тақырыбы: Австралия материгіне жалпы шолу



бет9/13
Дата07.09.2022
өлшемі265 Kb.
#38623
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тақырыбы: Австралия материгіне жалпы шолу
1. Материкпен мұхиттық аралдардың географиялық орнына сипаттама.
2. Жер бедері және пайдалы қазбалары.
3. Климаты, топырағы және өсімдігі.
4. Жануарлар дүниесі
5. Халқы және Физикалық географиялық аудандастырылуы.
Австралия жер бетіндегі ең кіші материк болып табылады. Ол іргелес жатқан аралдарымен қоса оңтүстік жарты шарда орналасқан. Материктің атын латын тілінент аударғанда *оңтүстік дегенді білдіреді.*. Материктің шеткі нүктелері: солтүстігінде Иорк мүйісі (10°4151´о.е.), оңтүстігінде Оңтүстік Шығыс (39°11´о.е) , батысында Принц Уэльский (113 05ш.б), шығысында Байрон мүйісі (153°34´ш.б). Австралия материгі солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200км, батыстан шығысқа қарай 4100 км шамасында созылып жатыр, жалпы жер көлемі – 7631.5 мың шаршы шақырым.
Австралия материгі тынық және Үнді мұхитының суларымен шайылып жатыр.Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Австралиядан солтүстікте және шығыста , Тынық мұхитының оңтүстік батыс бөлігінде материктік және маржандық жанар тау текті аралдар созылып жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын мұхиттық аралдар деп атайды. Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1.3 млн. шаршы шақырым. Мұхиттық аралдарды бірнеше бөліктерге бөледі: Батыстағы ең ірі аралдар тізбегін Меланезия деп атайды. Меланезиядан солтүстікке қарай жатқан аралдар тізбегін Микронезия деп атайды. Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік шығыс бөлігінде жатқан аралдарды Полинезия деп атайды.
Жер бедері. Австралия Гондвана материгінің құрамынан дербес материк ретінде юра кезеңіңде
бөлініп шықты. Оның ең үлкен бөлігінде Австралияплатформасы жатыр. Платформалық құрылымның басым болуы Австралияда көбінесе жазық жер бедерімен үсті тегіс сериялардың төменгі палеозойдан неогенге дейінгі таралуын айтуға болады. Платформа материктің батысында, орталық бөлігімен солтүстігінде жер бетіне шығып жатыр. Материктің батыс шетімен оны орталық бөлігінде жаңа тектоникалық активті аймақтарда жақпарлы эпиплатформалы таулар кездеседі.
Материктің шығыс және оңтүстік шығыс шеті мен Тасмания, сондай-ақМуррей жазығынан батыс пен солтүстік батысқа қараған аудандарында байкалдық, ерте палеозойлық және жоғарғы палеозойлық жас платформаның орташа және аласа қатпарлы және жақпарлы таулар бар.
Пайдалы қазбалары. Австралия платформасында алтынның, уранның, полиметалл рудаларының, бокситтің кендері бар. Протерозой шөгінділерінде темір рудасы, мұнай және газ кездеседі.
Климаты. Австралияның климаттық және көршілес жатқан аралдардың климаттық жағдайлары олардың экватор мен тпропикке жақын біршама жылы су бассейінің қоршауында жатқандығы.а байланысты болады.Өзінің географиялық жағдайымен орографиялық ерекшелігіне байланысты Австралия Африка материгіне ұқсас болып келеді. Қыс айларының орташа температурасы +24+280, шілде айының орташа температурасы+16+180көрсетеді. Жауын-шашынның бүкіл материк бойынша түсуі әркелкі, бірақ материктің орталық бөлігінде жауын-шашын аз түсіп тек материктің солтүстік және солтүстік шығыс бөлігінде жауын-шашын біршама көбірек түседі.
Ішкі сулары. Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея және Жаңа Зеландия өзендерінің аіыс көлемі 1600м3 тең, Австралияның жеке ағыны 350км3. Материктің үлкен бөләгәнде жауын-шашын аз түсуімен сипатталады және оның алабында биік таулар мен мұздықтардың жоқтығына байланысты. Ішкі ағын аймағына Австралияның 60%жатады. Шамамен территорияның 10%-ті Тынық мұхитқа , ал қалғаны Үнді мұхитына құяды. Материктің басты су айрығы – Үлкен суайрық жотасы жатады. Оның баурайынан суы мол, ірі өзендер ағып шығады.
Австралияның ірі өзен жүйесі – Муррей және Дарлинг су жүйесі. Бұл өзендер Үлкен суайрық жотасынан ағып шығып оңтүстік ойпатта қосылады. Муррейдің ұзындығы 2570км, ал Дарлингтің ұзындығы 2800 км. Өзендер бассейінінің ауданы 1072мың шаршы шақырым. Шаруашылықта маңызы зор.
Материктің ең ірі көлі – Эйр. Орталық жазықтықта орналасқан. Оның деңгейі теңіз деңгейінен 16 метр төмен. Көл қазаншұңқыры кен-байтақ аймақтың ағын орталығы болып табылады және уақытша су ағыстарының - риктердің бүтіндей жүйесін қабылдап алады. Эйр көлінің аумағы 15 мың шаршы шақырымға жетеді.
Топырағы және өсімдігі: Австралия флорасының құрлықтың басқа бөліктерінен ерекшелігі соншалық, бұл материк Тасмания бірге Австралияның айрықша флора патшалығына кіреді. Мұхиттық аралдар Неотпромикалық флоралық патшалығының әртүрлі аймақтарына жатады. Жаңа Зеландия аралдары Голарктикалық патшалыққа енеді. Австралия мен оған жақын жатқан аралдардың топырағында топырақтың 19 түрі кездеседі. Даму тарихына және климаттың ерекшелігіне қарай өсімдіктің эндемик түрлеріне өте бай келеді.
Жануарлар дүниесі. Австралия фаунасының байлығымен сипатталады, әсіресе аралдар фаунасы кедей болып табылады. Себебі материкпен аралдар бұрыннан жер шарының басқа бөліктерінен бөлек тұрды және өзінше бөлек дамыды. Екінші жағынан Австралия фаунасының Оңтүстік Америка және Антарктида жануарлар дүниесімен кейбір туыстығы бар екенін байқауға болады. Австралия фаунасына нағыз тән белгі төменгі сатыдағы сұт қоректілердің және орнитофауна, бауырымен жорғалаушылар, насекомдарда ерекшеліктер өте көп.
Халқы. Австралия жердің неғұрлым аз қоныстанған материгі. Оның территориясында 11 миллионнан астам адам, ал Мұхиттық аралдарда 7 миллион адамға жуық мекендейді. Халықтың шығу тегі жағынан тең емес екі топқа бөлуге болады: байырғылар мен келімсектер. Байырғы тұрғындар материкте көп емес. Америка сияқты, Австралияға адамдар тек сырттан келіп қоныстанған. Себебі оның ежелгі және қазіргі фаунасының құрамында барлық приматтар ғана емес, сондай-ақ бүкіл жоғарғы дамыған сүтқоректілер кездеседі.
Материк шегі төмендегідей физикалық географиялық аудандарға бөлінеді. Солтүстік Австралия, Шығыс Австралия, Оңтүстік Австралия, Орталық жазық, Оңтүстік Батыс және тпропиктік таулы үстірттер және Батыс Австралия таулары. Аралдар бірнеше топқа бөлінеді: Тасмания аралы, Жаңа Гвинея мен жанасып жатқан аралдар, Жаңа Каледония, Жаңа Гебридтер, Фиджи аралдары, Жаңа Зеландия және Микронезия, Орталық және Оңтүстік Полинезия, Солтүстік Полинезия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет